Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І



Pdf көрінісі
бет19/21
Дата15.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#9900
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

ЖҰМЫР ЖЕРДІҢ ЖҰМАҒЫ
Дүниенің дөңгелек екенін шыр айналған ұршығымен 
ұғындырып отыратын жарықтық әжеміздің замана, ел, ту­
ған жер тарихы туралы айтатын әңгімелері әсерлі еді. Дала 
мектебінің сол бір салиқалы сабақтары бізді бағзы бабалар 
қадымнан қазық қаққан өскен өңірді қадірлеп­қастерлеу­
ге, кие тұтуға баулыды. Есейе келе ұядай ауылға деген ұл па 
сезім ұлан­байтақ қазақ жеріне деген ұлағатты сезімге ұлас­
ты. Университет қабырғасында табысқан достар арқылы 
бәріміздің бойымызда Сарыарқаның сағымды белдері мен 
Алтайдың айнадай көлдеріне, Каспийдің толқын ұрған шом­
бал тастары мен Түркістанның күн сүйген көне күмбездері­
не деген ерекше махаббат оянды. Мен және менің достарым 
жұмыр жердегі жұмақ мекен дәп осы кең көсілген қазақ жері 
екенін ешбір жасандылықсыз, ешқандай боямасыз сезіндік, 
айрықша ұлағат тұтып келеміз. Қос формацияны қолтықтап, 
егемендіктің елең­алаңын көзімен көрген, көкірегімен сезін­
ген біздің буынның қазақы патриотизмі, міне, осындай саф 
күйінде сақталып қалды.
Жалпы алғанда, патриотизм ұғымы еліне, жеріне, зама­
нына қарай ерекшелене ме? Әлеуметтік психологияның 
клас 
 
 
сикалық ұғымында патриотизм – жекелеген ұлттың 
салт­дәстүрінің, мінез­құлқының, тарихы мен мәдениетінің 
не  гі  зінде құралатын халық бірлігінің ұлттық және мемлекет­
тік идеясы екенін ұғамыз. Ол ғасырлар бойы тарихтың өт  пелі 
әрі сындарлы сәттерінде Отанды қорғаудың қуатты құ ралы, 
идеологиялық қағидаты ретінде бағаланып келді. Яғни патрио­
тизм белгілі бір нысананы көздеп, оған қарсы оқ ату емес, қоғам 
мен адамның өзі қалайтын құндылық тарға қарай қадам басуы, 
адамдарды туған елінің игілігіне құлшындырудың жолы.

285
Ой сарабын одан әрі тереңдете түссек, патриотизм ерек­
шеленіп қана қоймай, бөлшектеніп, салалана түсетінін 
бай 
 
қауға болады. Әлемдік ой­сана алыптарының бірі Лев 
Толстойдың 1896 жылғы «Патриотизм және бейбітшілік» 
деген дүниесіндегі: «Адамдарды мемлекетке біріктіріп кел­
ген нақ сол патриотизмнің өзі бүгінде осы мемлекеттер­
ді күйретуде. Егер патриотизм біреу ғана болса, оны бірік­
тіруші, жарылқаушы деуге болады. Ал бүгінгідей бір­бі ріне 
қарама­қайшы келетін америкалық, ағылшындық, не­
містік, француздық, орыстық патриотизмдер халықтарды бі­
ріктірмейді, керісінше ажыратады», – деген сөзі еске тү седі. 
Олай болса, қазіргі жаһандану дәуіріндегі ақпараттық қо ғам­
ның патриотизмі несімен ерекшеленеді? Қазіргі қазақ пат­
риотизмінің қағидаттары қандай?
Әлбетте, бүгінгі патриотизм күрделі әрі сан қырлы құ­
былысқа айналғаны ақиқат. Бүгінгі заманда Отанды қорғау, 
еліңді сүйетініңді дәлелдеу деген ұғым білтелі мылтық, қайқы 
қылыш асынып, бетпе­бет келген жаумен аяусыз кескілесу 
емес. Бүгінгі патриотизм көзге көрінбейтін, көлеңкесі қолға 
ұстатпайтын мылтықсыз майдан, ақпараттық соғыста өзің нің, 
туған еліңнің бітім­болмысын тұтастай сақтап қалу жолын­
да күрес жүргізудің үлгі­өнегесі. Ол үшін әлемнің асты­үсті­
нен ағылып­төгіліп жатқан сан алуан ақпараттар тасқы ны­
на төтеп берер рухани күш­жігеріңді, ұлттық иммунитетің ді 
шыңдауың керек. Дәлірек айтсақ, еліңнің тарихын білуге, 
даңқты бабаларыңның ерлік шежіресін мақтан тұтуға әрі 
солардай болуға ұмтылуың қажет. Заман соншалықты ақ­
параттанды, жаһандану дәуірі адамзат мінез­құлқының өз­
ге руіне мейлінше ықпал етті десек те, ата­анаңды, туған же­
ріңді, Отаныңды сүю сияқты қасиетті құндылықтарды әлі 
күнге ешбір тылсым күш адамзаттың жан­жүрегінен жұлып 
алып тастай алған жоқ. Ол – Алланың адамзатқа берген ең 
ұлы сыйы, мейір­шапағатының түгесілмес сәулесі. Біздің 
дәуірімізге дейін ежелгі Грекияны мекен еткен Тоқсары (Ток­
сарис) бабамыздың сөзімен айтсақ, «рух өлмейді, рух көшеді». 
Біз тек сол ізгілік ұрығын қуратып алмастан құнарлы 
топыраққа сеуіп, көктете бергенде ғана қазақ патриотизмінің 
шынайы кескін­келбетін сомдай алмақпыз.

286
Ал нақ бүгінгі күн шындығының көзімен қарасақ, біз сол 
ұрықты өндіріп, өсіріп, жапырағы жайқалған алып дараққа 
әлі де жеткізе алмай жатырмыз. Бейнелеп айтсақ, ұлттық па­
триотизм ұрығынан көктеген бүгінгі талдың бұтақтары иқы­
жиқылау, жапырақтарының өңі солғындау. Құдды қазақ 
патриотизмінің асыл тұқымын көне қала, көделі даланың бір 
тұсында түсіріп алғандай әсер қалдырады. Әйтпесе Елбасының 
ерен шешімімен қолға алынған «Болашақ» бағдарламасы 
арқылы шетелдерде бұған дейін оқыған жастардың бірқатар 
легі туған елін, тойған жерімен оңай айырбастап кетер ме еді? 
Немесе зіңгіттей қазақ жігіттері туған елінде егін салып, ел 
несібін еселеудің орнына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын 
Сирияға барып, жихад жариялап, қару асынар ма еді?
Елбасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында «дәстүр мен 
мәдениет – ұлттың генетикалық коды» екенін ерекше атап 
өтті. Стратегияға сәйкес, қазақстандық бірегейлікті, яғни 
идентификацияны нығайту арқылы ұлттың тарихи санасын 
жаңғырту ісі нақты қолға алына бастады. Мемлекеттік хат­
шы Марат Тәжиннің төрағалығымен биылғы жылы ақпан 
айында отандық ақпараттық сала басшыларымен өткен алқа­
лы кеңес пен маусым айында өткен ұлттық тарихты зерде­
леу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтіл­
ген отырысы сеңнің қозғалуына серпін берді. Сол арқылы 
жаһандану тұсында тіл, тарих, дәстүр, құндылық, мәдениет 
сияқты ұлттың генетикалық кодын сақтаудың бағыт­бағдары 
айқындалды.
Енді әңгіме арнасын Мемлекеттік хатшының бастамасы­
мен өткізілген ақпарат және тарих мәселелеріне арналған 
байсалды жиындардың ұлттық идеологияға жаңа бағыт 
нұсқаудағы мән­маңызына бұрып көрсек. Әуелі отандық 
ақпараттық қауіпсіздік мәселесі төңірегінде ой өрбітейік. 
Мына мысалға назар аударып көріңіздер. Ертеде бір тасбақа 
өмір сүріпті­мыс. Ол жолай кездескендерге өзінің зілбатпан тас 
сауытын арқалаудан шаршайтынын, қорғасын көтергендей 
ауыр қозғалысына нала болатынын айтып, ұдайы шағынады 
екен. Мұны құлағы шалған түлкі орманнан заңгерімен бірге 
келіп, оған тас сауытын сатуды ұсынады. Бірақ түлкінің 
түпкі мақсаты тас сауытты пайдалану емес, жалаңаштанған 

287
тасбақаның дәмді етін жеу­тін. Қанша ашықауыз болса да 
тасбақа өзін қорғап, аман алып қалып жүрген осы сауыты 
екені есіне түсіп, айлалы ұсынысқа келісімін бермеді. Уақыт 
өте келе орманда жаңа телекоммуникациялық құралдар 
пайда бола бастады. Бірде тасбақаны орман ағашына ілінген 
телеэкрандағы керемет көріністер есінен тандыра жаздады. 
Экранда аспанда еркін қалықтап, көк жүзінде самғап жүрген 
тасбақаларды көрсетуде. Экран сыртынан әсем әуенмен ілесе: 
«Неткен керемет! Неткен жеңілдік! Неткен бақыт! Қандай 
сұлулық!» деп тамсанғанда таңдайы тақылдап, тұмсығы то­
қыл дайтын тоқылдақ диктордың даусы естіледі. Көз арбаған 
көрініске арбалған тасбақа әлгі нәсілдестері сияқты әуеде 
ұшып жүруге бел буды. Кенет түлкі есіне түсті. Бірақ кеше ғана 
осы экран арқылы берілген орман жаңалықтарында түлкінің 
ендігі жерде ет жеуден бас тартып, вегетариандық өмір салты­
на көшкені айтылған еді. Яғни, қауіп жоқ, жеңіл өмірге жол 
ашық. Ақыры тасбақа тас сауытын шешіп, алға бір­екі қадам 
жасайды. Өкініштісі, бұл оның соңғы қадамдары болатын. 
Ақпараттық соғыста түлкі әуел бастан зымияндықпен жоба­
лап қойған мақсатына осылай қол жеткізеді. 
Қазіргі заманға бейімделген бұл «ертегінің» астарында 
ащы ақиқат жатыр. Жаһандық ақпараттық соғыста өзіңнің 
қорғаныс қабілетіңді күшейтпесең, Абайша айтқанда, «ақы­
рын жүріп, анық баспасаң», ұлттық рухани сауытыңнан бір 
күнде айырылып, кез келген әккі жүйенің жеміне айналасың 
дегенді сездіреді. Сонымен, ақпараттық тасқынға төтеп бе­
руде біз қандай әрекеттер жасаудамыз? Бұл мәселеде ста­
тис тикалық дерекке көз жүгіртейік. Бүгінде елімізде тір­
келген 2111 бұқаралық ақпарат құралының 70%­дан астамы 
мемлекеттік тілде жарық көреді. Шүкір делік. Десек те, 
біз мынадай көкейкесті мәселені естен шығармауымыз ке­
рек. Қазіргі таңда отандық БАҚ нарықтық экономика қағи­
даттарына сәйкес, ашық бәсекелестік ортада дамуда. Бүгінде 
республика аумағында 2600­ден астам шетелдік БАҚ, оның 
ішінде 185 шетелдік телеарна хабар таратады.
Мінеки, осындай аса тартысты бәсекелес ортада бәсі биік 
болу үшін қазақтілді ақпарат құралдарының алдында үлкен 
жауапкершілік тұр. Өйткені қазақтілді БАҚ өнімдерінің са­

288
пасы артпайынша мемлекеттік тіл саясатын ілгерілету, қазақ 
тілінің қолданыс аясын кеңейту, жастарды ұлттық рухта, 
қазақы патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін түпкілікті шешу 
мүмкін емес.
Бүгінгі таңда еліміздің ақпараттық кеңістігіне қатысты 
түйіні тарқатылуы тиіс бірнеше күрделі мәселелер бар екені 
де жасырын емес.
Бірінші кезекте, қазақ тіліндегі ақпарат өнімдері орыс 
тіліндегі өнімдермен толық бәсекелесе алмай отыр. Қазіргі 
нарықтық қатынастар жағдайында өнімнің бәсекеге қабі­
летті болуы демеушілер мен жарнама берушілерді өзіне тар­
тып, ақпарат құралының қаржылық жағын нығайтуға ықпал 
ететіні сөзсіз. Ал қаржы мәселесі ақпарат құралының одан әрі 
өркендеуінің негізгі тетіктері екенін түсінуге тиіспіз. 
Бүгінгі ақпараттық заманда кез келген ел ғаламтордағы, 
яғни интернет жүйесіндегі өзінің орнын нықтап алуға ұмты­
луда. Сол себепті өткен жылы бекітілген «Ақпараттық Қа­
зақстан – 2020» бағдарламасы аясында алдағы кезеңде қа­
зақстандық БАҚ­тардың 95 пайызын интернетте орналастыру 
жөнінде міндеттің қойылуы аталған саланың заман ағымына 
ілесуіне жол ашады. Алайда БАҚ­тың бұл бағытта табысқа 
жетуі интернет аудиториясының сұраныс пен талаптарына 
икемделуіне байланысты екенін ескеруіміз керек. Ол үшін 
кез келген ақпарат құралы ең әуелі сайттың техникалық си­
паттамасын, дизайнын, жедел қосылу мүмкіндіктерін рет­
теуі тиіс. Өкінішке қарай қазақтілді бірқатар БАҚ­тар жо­
ғарыда аталған талаптарға әлі де сай келмей отырғанын 
мо йындағанымыз  абзал.
Елімізде баспа БАҚ­тарының толыққанды интернет ре­
дакцияларын құру жөніндегі жұмыс тиянақталып, биылғы 
жылы мемлекет қаражаты есебінен осындай үлгі бойынша 
400 веб­сайт интернетке көшірілетіні істің тиегі ағытылды 
деген сөз. Қазақстандық БАҚ­тардың тағы бір елеулі проб­
лемаларының бірі білікті мамандардың жеткіліксіздігі екені 
басы ашық әңгіме. Бұл жөнінде республикалық масс­медиа 
өкілдерімен өткізген кеңесте Мемлекеттік хатшы Марат 
Тәжин нақты ашып айтып, шешу жолдарын көрсеткен еді. 
Ұзақ жылдар өзіндік дәстүрі мен сабақтастығы орныққан, 

289
халыққа талай жарқын тұлғаларды танытқан қазақ жур­
налистикасы тарихында мұндай келеңсіз жайттың қалып­
тасуы қолына қалам ұстаған барша ағайынды алаңдатуы 
тиіс. Бұл журналистика мамандығын таңдаған қазіргі 
жас 
тардың уақыт талабына сай ізденіп, заман ағымына 
ілесуге талпынбайтындығын аңғартса керек. Аталған мә­
се лені лайықты шешу мақсатында Астанадағы «Қазмедиа 
орталығы» аясында өңірлік және республикалық БАҚ өкіл­
дері журналистерінің біліктілігін арттыратын арнайы медиа 
мектептің ашылуы осы бағытта жіберілген олқылықтың 
орнын толтырса игі. Осыған орай, мемлекеттік ақпараттық 
саясатты ілгерілетудің бірқатар өлшемдері айқындала 
түскендей. Бірінші кезекте, ол ақпараттық өнімдердің са­
пасын заман талабына сай жақсарту, екіншіден, шетелдік 
озық тәжірбиені енгізе отырып, қазақтілді журналистердің 
қазіргі заманғы отандық мектебін қалыптастыруға ұйытқы 
болады.
Сонымен бірге бүгінде мемлекеттік тілде сөйлейтін халық 
санының артуына байланысты қазақтілді бұқаралық ақпарат 
құралдарына деген сұраныс көлемі де арта түскенін бай қап 
отырмыз. Жалпы халықты алмай­ақ, мектеп жасын 
дағы 
жеткіншектер туралы статистикалық мәліметке ден қо йып 
көрейік. 1990­1991 оқу жылында елімізде 2768 мектеп қазақ 
тілінде білім беріп, олар барлық 8146 мектептің 33,9 %­ын 
ғана құраған еді. Ал 2012­2013 оқу жылындағы есеп бойын­
ша Білім және ғылым министрлігіне бағынысты барлық 7402 
мектептің 3819­ы қазақ тілінде оқытуда. Нәтижесінде, қазақ 
тілінде оқитын жеткіншектер қатары үздіксіз өсу үстінде. 
Биылғы оқу жылында 3819 таза қазақ тіліндегі және 2113 
аралас мектептерде 1 608 337 оқушы қазақ тілінде білім алды, 
бұл барлық оқушылардың 64,8%­на тең.
Өткен жылмен салыстырғанда, қазақ тілінде оқитын ба­
лалар саны бір жылда 26,1 мыңға көбейген. Сонымен бірге, 
биылғы оқу жылында 34 084 басқа ұлт балалары қазақ тілінде 
оқыды. Бұл орайда, мемлекеттік тілде шығатын БАҚ­тар ең 
әуелі халықтың, әсіресе үлкен толқынмен келе жатқан осы 
қазақтілді жеткіншек жастардың сұраныс­талғамына сай 
19­0192

290
болудың барлық мүмкіндіктерін ойластырса нұр үстіне нұр 
болар еді.
Жағымды деректің бірі бүгінде ұлттық «Қазақстан» не­
месе «Балапан» телеарналары өзінің тұрақты аудитория­
сын айқындап, орыстілді ақпарат құралдарымен еркін бәсе­
келестікке түсуде. Кей жағдайда көпшілігінен ілгері озып 
келе жатқаны да жақсы нәтиженің көрінісі. Мысалы, «Гэл­
лоп медиа» зерттеу орталығының мәліметі бойынша, соңғы 
уақытта «Қазақстан» телеарнасы республикамыздағы барлық 
электронды ақпарат құралдары ішінде екінші орында нық 
тұр. Бұл дегеніміз – қазақ тілінде шығатын газеттер, интернет 
ресурстары мен телеарналардың жыл өткен сайын ықпалы ар­
тып, көкжиегі кеңейе түсуде деген сөз.
Өткенге көз салсақ, тәуелсізіктің алғашқы жылда­
ры отандық бұқаралық ақпарат құралдарының шетелден 
ағыл ған ақпараттық тасқынға толық төтеп бере алмағанын 
аңғаруға болады. Ол тұста елімізде небәрі 10 республикалық 
мемлекеттік газет пен журнал және 21 телерадио арна ғана 
бар еді. Алдында айтқанымыздай, қазір бұл көрсеткіш 2 111­
ге жетсе, оның 79%­ы мемлекеттік емес ақпарат құралдары 
болып табылады. Жасыратыны жоқ, өтпелі кезең тұсында 
шетелдік ақпарат өнімдеріне қазақстандық эфирден көп 
орын ұсынылып келді. Әрине бұл жас ұрпақты ұлттық рух­
та, қазақи патриоттыққа тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізгені 
де рас. Алайда жаһандану дәуірінде мұндай күрделі про­
блемалармен әлемнің көптеген мемлекеттері де бетпе­бет 
келіп, әлі де шама­шарқынша күрес жүргізіп жатқанын мо­
йындауымыз керек. Аталған проблеманы бірқатар елдер 
сан түрлі тәсілмен шешуді жолға қойды. Мәселен, Қытай, 
Иран, Солтүстік Корея сияқты мемлекеттер сырттан келетін 
идеологиялық импортқа тосқауыл қою мақсатында халыққа 
жететін ақпаратты қатаң сүзгіден өткізу тәсілін қолданып 
келеді. Бірақ уақыт көрсетіп отырғандай, мұндай тәсілдер 
өміршең емес. Сондықтан да еліміз аталған проблеманы ше­
шуде отандық медиа өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арт­
тыру арқылы ашық тартысқа түсіру жолын таңдауы уақыт 
талабына сай келеді. Мәлімет үшін айтсақ, соңғы деректер 
бойынша Қазақстанда интернет желісін пайдаланушылардың 

291
үлесі халықтың 63 пайызын құрауда. Ал сандық хабар тара­
ту жүйесін қазақстандықтардың 23 пайызы пайдалануда. 
2017 жылы бұл көрсеткіш 100 пайызға жетіп, қазақстандық 
телеарналар әлемнің 110 елінің аумағында қолжетімді бола­
ды. Қазірдің өзінде отандық телеарналардың шетелге тара­
луы бойынша спутниктік «Kazakh TV» телеарнасы 93 елде, 
оның ішінде АҚШ, Еуропа, Азия және Африка құрлығы ның 
солтүстігінде таралады. Аталмыш арна тәулік бойы 50 пай­
ыз – қазақ тілінде, 25 пайыз – орыс және 25 пайыз – ағыл­
шын тілінде таралуда.Қазіргі ақпараттық ғасырда тұтынушы 
талғамын дөп басу өте қиын шаруа, соған қарамастан, БАҚ­
тар хабар таратудың қалыптасқан байырғы нормалары­
нан бас тартып, отандық аудиторияны отандық өнімдерді 
тамашалауға тартудың жаңа жолдарын іздестіріп, өмірге 
енгізгенде ғана өзге қарсыластарымен еркін бәсекелесе алмақ. 
Әйтпесе, қол жеткізген табыстарға тоқмейілсіп қалу отандық 
журналистиканың болашағын бұлыңғыр ететіні сөзсіз.
Түптеп келгенде, жастарды жаһанданудың жалды толқы­
нында есеңгіретпей, бойларына қазақы патриотизмді сіңіру 
деңгейі ең әуелі отандық бұқаралық ақпарат құралдары ат­
қарған қызметтің мазмұнды сапасымен өлшенбек. Өйткені, 
қазіргі заманда ақпараттық қауіпсіздікті қорғау мемлекеттік 
қауіпсіздікті қорғаумен тең екені әмбеге аян.
Әңгіменің әлқиссасын ұлы мәртебелі тарих тақырыбына 
ойыстырсақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Егер біз мем­
ле  кет боп тұрғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ 
уақыт қа меңзеп құрғымыз келсе, онда халықтың руханияты­
ның бастауларын ұмытпауымыз керек», – деген болатын. Әл­
бетте, халықтың руханиятының бастауы – ұлттық тарих.
Бүгіндері еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында ең 
көп талқыланып жатқан тақырыптардың бірі ұлттық тарихты 
зерделеу мәселесі. Соңғы екі ай ішінде республикалық басы­
лымдар беттерінде 250­ге жуық мақала, интернет ресурстарын­
да 500­ден астам осы тақырыптағы материал орна ластырылды. 
Алпыс күнге аз нәтиже емес. Әлбетте, бұл – Мемлекеттік хат­
шы Марат Тәжиннің маусым айында рес пуб  лика тарихшыла­
рымен өткізген келелі кеңесте жасаған мазмұнды баяндамасы­
нан кейін туған тың серпілістің нә тижесі.

292
Жарыққа шығып жатқан материалдарға көңіл аудар­
саңыз, зиялы қауым, әсіресе тарихшы­ғалымдардың қа­
лам сілтесінен өзгеше рухани сілкіністі аңғарасыз. Тіпті, 
мақалалардың мазмұнына ден қойсаңыз, көпшілігі сағы­
нышпен сарыла күткен бауырының аман­есен оралғанына 
сүйінші үлестіріп жатқандай сезінесіз. Орынды­ақ. Алай­
да, мақалалар екі ай бойы байыпты бастамаға қолдау тұрғы­
сында жазыла беру керек пе? Немесе тарихшылар мен жазу­
шылар арасында: «Тарихты кім, қалай жазу керек»? де ген 
сыңайдағы келіспеушіліктермен «кестелене» бергенін қа­
лайсыз ба? Пікірталастың болғаны әбден дұрыс. Бірақ ендігі 
мақалалар Мемлекеттік хатшы ұсынған жоталы жобалар­
ды іс жүзіне асырудың нақты механизмдері төңірегінде, 
мейлінше тарихтың соны әдістемесіне қатысты жазылса 
құба­құп болар еді. Мемлекеттік хатшы сол баяндамасын­
да: «Тарихшының міндеті – ұлттық тарихты қайдағы бір 
әмбебап заңдылықтардың қасаң қалыптарына салып жі­
бермей, ұлттық тарихтың жанды, бөлекше ағзасының қалай 
дамитынын түсіну», екенін айтты. Яғни билік тарапынан 
бағыт белгіленіп берілгеннен кейін тарихшы­ғалымдар ұзақ 
жылдар ой сандығында сары майдай сақтап келген жаңа 
тұжырымдамалары мен әдістемелерін ақтарып жіберіп, «біз­
дің тарих міне осындай тәртіппен өрілу керек» деген ғылыми 
негіздемелерін қалың жұртшылықтың талқысына неге салып 
жібермей отыр? «Ештен кеш жақсы» демекші, ұзаққа созыл­
май бұл тілектің де ернеуі толады деген үміттеміз.
Енді негізгі тақырыпқа оралсақ. Сол алқалы жиында 
Мемлекеттік хатшы: «Тарихқа арқа сүйемесе болашақ бұл­
дыр. Планетада мән­мағына мен құндылықтардың мыл­
тықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі күнде тари­
хи жадыны сақтап қалу – жалпы өзіңді өзің сақтап қалудың 
жалғыз жолы» екенін қадап айтты. Ендеше, әңгіме басында 
айтылған қазақы патриотизмінің басты іргетасы – ұлттық та­
рих болмақ.
Патриотизм көне гректің «patris» Отан деген сөзінен 
шығып, Отанға деген сүйіспеншілікті білдіреді. Ал Отанды 
оның терең тарихын білмей шынайы сүю мүмкін емес екені 
ақиқат. Дәлірек айтсақ, Отан дегеніміз бүгінгі өмір сүріп 

293
жатқан еліңнің нақты көрінісі ғана емес, оның өткені, өрелі 
жолы, ерлік шежіресі екенін ұғынуымыз керек. Бір ғұлама: 
«тарихқа қырын қарау арқылы халық жадынан айырыла­
ды, ал жадынан айырылған халық өмір сүруін тоқтата­
ды», –  деген екен. Сол себепті тарих пен патриотизм егіз 
ұғымдар. Ата­бабаның асыл мұраты мен асқақ арманын біліп, 
сезініп, мақтан тұтып, бойына барынша сіңіріп өскен өреннің 
ертеңгі күні мемлекеттің болашағын баянды етуге перзенттік 
жүрекпен аянбай еңбек ететініне сенімді болуға тиіспіз.
Егер керісінше, өскелең жасқа оның бабаларының оң­
баған, ал өзінің өмірде жолы болмаған сормаңдай екенін 
ұдайы айта берсе, ондай адамның елдің ертеңін ойламақ 
түгілі, өзінің қарақан басын алып жүретін қауқары да қал­
майтыны түсінікті. Оқушы кезіміздегі кейбір сәттер ойға 
ора лады. Кезінде жоғары жақтың нұсқауымен айтылатын 
«қазақ тардың 2 пайызы ғана сауатты болды деген «тарихи 
дерекке» жігеріміз жасып, өзіңді жабайылау сезініп, бала 
жүрекпен еңсеміз езілетін. Сабаққа салғырттау қарайтын 
достарымызда «аталарымыз оқымаса да өліп қалмаған екен 
ғой. Біз де оқымай­ақ қойсақ болады екен» деген жаңсақ 
пікір қалыптасатын. Міне, тарихтың өңін айналдырып санаға 
сіңірудің қарабайыр мысалдарының бірі осы.
Біз кәсіби тарихшы емеспіз. Бірақ жалпы оқырман ретінде 
ой айтсақ, осы байыпты бағдарламаны іске асыру бары сында 
ғалымдарымыз бен зерттеушілеріміз мына бір түйткілді мә­
селеге жете назар аударса деген ойдамыз. Атап айтсақ, айту­
лы тарихи оқиғалар кезеңі мен халықтық тұлғалардың туған 
жылына қатысты даталарды нақтылап, олардың жүйелі хро­
нологиясын түзудің ортақ ғылыми ережесін белгілейтін уақыт 
жетті. Өйткені біраздан бері белгілі бір тарихи оқиғалардың 
датасы әр әдебиетте әрқалай жазылып, сананы сан саққа 
бөліп, елді шатастыра бастады. Мәселен, Қазақ хандығы 
құрылған мерзім 1465 немесе 1466 жылдар деп екі түрлі жа­
зылып келеді. Абылай ханның туған жылының 1711 немесе 
1713 деген екі нұсқасы бар. Сол екіұштылықтың салдарынан 
даңқты тұлғаның 280, 290 жылдық мерейтойлары 1711 жыл­
мен есептеліп атап өтілсе, биылғы 300 жылдығы 1713 жыл­
мен сәйкестендіріліп тойланғалы отыр. Айта берсе, мысал көп. 

294
Сондықтан да тарихи даталар бойынша мамандар мұрағат­
тық деректер мен түрлі археологиялық, антропологиялық 
зерттеулердің нәтижелерін салыстыра, сараптай отырып, 
мемлекеттік деңгейде нақты бір тоқтамға келу қажет деп 
есептейміз.
Қалай десек те, келелі іске кең дария жол ашылды. Біз өз 
кезегімізде білмейтін іске білек сыбанып, елден естіп алған 
теориясымақтарымызды баспасөз бетіне жөнсіз тықпалап, 
артық­ауыс ақыл айтудан аулақпыз. Ұлттық тарихты жа­
ңаша зерделеу ісі тереңнен қауға тартатын қабырғалы ға­
лымдардың үлесіне тиді. Енді мемлекеттің негізін құраушы 
қазақ ұлты этногенезінің мыңдаған жылдық даму шежіресі 
осы тарихшыларымыздың білім­білігі, таным­түйсігі арқылы 
таразыланбақ. Түпкі нәтижесінде, біз дала төсін ат тұяғымен 
дүбірлеткен даңқты бабалардың әлі естімеген ерліктерін 
мақтан тұтып, жұмыр жердің бетіндегі қазақ топырағындай 
жұмақ мекен жоқ екенін жан­жүрегімізбен сезінетін боламыз.

295
Светлана СМАҒҰЛОВА 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет