Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І



Pdf көрінісі
бет9/21
Дата15.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#9900
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

ИОЛЛЫҒТЕГІН
Тұранда түрік ойнаған, ұқсап отқа,
Түріктен басқа от боп жан туып па?
Көп түрік енші алысып таласқанда, 
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па? 
Мағжан Жұмабаев
Ұлттық мәдениетіміздің бастау бұлағының бір арна­
сы «Орхон» ескерткіштерінен (VIII­VII ғғ.) басталады. Бұл 
топта маға «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары жатады. 
Әңгімеге өзек етіп алып отырған Иоллығтегін – осы Күлтегін 
жырының авторы. Әрине, VIII ғасырда дүниеге келген шы­
ғар маның авторын нақтылы анықтау оңай іс емес. Біздің 
сүйенетін дере 
гіміз – Күлтегін (бірінші жыр) жырының 
соңында «Бұл жа зуды жаздырғанның аты Иоллығтегін» де­
ген анықтама. Тасқа басылған дерекке сенбеуге, оны теріске 
шығаруға біздің қарсы дәлеліміз жоқ. Күлтегін жырының 
авторы Иоллығтегін деп санаймыз. 
Бұл пікірден мынадай маңызды қорытындылар жасай­
мыз. VIII­VII ғасырларда өмір сүрген бабаларымыздың жаз­
ба мәдениеті (авторы белгілі) болған. Демек мұндай мәде­
ниеті бар елдің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше 
болса керек. 
Жазба мәдениетінің іргетасы – алфавит. Ал төл алфавиті 
болу деген сөз сол халықтың болмысты (дүниені) эстети ка лық 
және математикалық тұрғыда игерудің, тануының жоғар­
ғы нәтижесі деп білеміз. Математикалық санасы жетілме ген 
халық алфавит құрастыруға дәрменсіз. Болмысты есептеу 
жүйесі арқылы меңгере бастағанда таңбалар деген түсінік 
туады. Әріп таңбасы – ол ойлаудың нақтылығының түрі. 

133
Әлімсақтан, адам – адам болғалы ойлаудың екі­ақ түрі болған, 
олар: образды ойлау және математикалық ойлау. 
Әлемде тарихқа төл алфавитімен енген халықтар санау­
лы. Еуропаның бүгінгі өркениеті атанып отырған бірде­бір 
халқының өзінің төл алфавиті болған емес. «Түркі алфавиті 
қайдан, қалай шықты?» деген талас көп, бірақ бұл түркілердің 
төлтума дүниесі деген пікір дәлдірек секілді. Әрине, біз бұл 
жерде түркілер томаға­тұйық күйде, ешкіммен араласпай, 
мәдени байланысқа түспей, өздері алфавит ойлап тапты деген 
ойдан мүлдем аулақпыз. Мәдениет ешқашан да томаға­тұйық 
күйде дамымайды, ол – синтездік құбылыс. 
Жырды жаздырған Иоллығтегін деп отырмыз, демек VIII­
VII ғасырларда түрік қағанатында авторлық дәстүр болған. 
Авторлық дәстүрдің болуы мәдениетті елге тән. Жеке адамның 
қасиетін құрметтеу сияқты адамгершілікке бастайтын тәрбие 
жүйесінің барлығын растайды. Иоллығтегін өзінің авторлық 
правосын (құқығын) тасқа бастырып, ұрпақтарына мұра етіп 
қалдыруы – соның айғағы. 
Авторлық құқық жайында айтсақ, мынандай екі мәселе 
туралы ойланған жөн. Бірі – обьективті мазмұндағы түсі­
нік, яғни сол заман шындығы (түркі қағанатының тарихы, 
Күл 
тегін туралы жыр, т.б.), екіншісі – автордың өзіндік 
субъективтік түсінігі, яғни Иоллығтегін дүниетанымына 
қатысты сөз. 
Тарихнамада түркі мемлекеті 552 жылы құрылып, 745 
жылы ыдырады деген дерек бар. Аспан астында мәңгілік 
не бар? Түркі қағанатының ыдырауы да заңды еді, бірақ екі 
ғасыр өмір сүрген бұл қағанаттан тасқа басылған сөз қалған. 
Соның елеулісі – «Күлтегін» жыры. 
Жыр Күлтегін батырға арналған. Күлтегін – Білге қағанның 
інісі. Иоллығтегін – Білге қағанның баласы. Бастарынан бақ, 
дәулет тарқамаған бұлар – ұлы әулеттің ұрпақтары. Иоллығ 
есім болса, «тегін» таққа мұрагер, орысша айтқанда «царе­
вич» деген ұғымды береді. Демек, ол тек жыршы, ойшыл ғана 
емес, тақ мұрагері, саяси қайраткер. 
Ертедегі түркі мәдениетін зерттеуші ғалымдардың пікі­
рінде, Иоллығтегін 739 жылы өз ажалынан қайтыс бол ған, 
ал жырды 732 жылы жазған. Бұл Түркі қағанатының кезі 

134
болғанмен, империя болмысына дерттің кіре бастағаны белгілі 
болған еді. Бәлкім осы жай саясаткер Иоллығтегінге Күлте гін 
батыр қазасына арнап сөз жазуға ой салды ма екен? Күлте гін 
батыр 684 жылы туып, 731 жылы 47 жасында дүниеден өткен. 
Інісінің қазасы, әсіресе, Білге қағанға қатты әсер еткен, аза 
тұтқан. Сірә, жырдың Білге қаған атынан жазылуы да содан 
болар? 
Иә, атақты әскери қолбасшы Күлтегіннің ажалы Түрік 
қағанатына ауыр соққы болды. Жырда Күлтегіннің қаға нат 
әміріндегі орны туралы айтылған. Бірақ жыр неге Білге қаған 
атынан жазылған деген сұрақ тууы мүмкін. Сірә, оның себебі, 
біріншіден, Күлтегіннің қазасы ең алдымен Білге қағанға ауыр 
тисе керек. Өзінің таққа отыруына бірден­бір себеп болған 
інісі Күлтегін еді. Ол тек жақын туысы ғана емес, оң қолы, 
әскери қолбасшысы. Екіншіден, Білге қаған Иоллығтегіннің 
әкесі, демек, «әке тұрып ұл сөйлегеннен без» деген әдеп 
сақтау болуы да ықтимал. Үшіншіден, бұл Күлтегіннің жеке 
басына ғана арналған азалы сөз, әншейін жоқтау емес, түрік 
қағанаты туралы ханның, ел басшысының толғауы. Күлтегін 
сияқты батырдан айырылған халықтың халі туралы сөз. 
Қаған әкесі атынан тасқа қашатып сөз жаздырған Иол­
лығтегінге әдеттегідей жылнамашы (летописец) деп қарауға 
болмайды. Ол тарихи оқиғаларды тізе бермей, заман, қоғам 
туралы өз тұжырымдарын жасаған. Оның осылайша іс етуіне 
ортасы, атақ­дәрежесі, алған тәрбие­білімі, көрген­түйгені 
бәрі сай. Жырда баяндалған оқиғалардан ол сырт тұрған бөтен 
көз емес, осы хикаялардың кәдімгі кейіпкерінің бірі. 
Иоллығтегін түркі жұртының зор қағанат (империя) бо­
лып қалыптасуын, оның бір жағдайда әлсіреуін, одан Біл­
ге­Күлтегін тұсында қайта көркеюінің себептеріне әбден 
қанық. Себеп пен салдарды айыра, ажырата білетін ойшыл, 
VIII ғасырдағы оқиғаны жеткізуші. Себеп, жыр 732 жылы 
жазылған деген дерек бар, ал Түрік қағанаты 13 жылдан кейін 
яғни 745 жылы ыдырағалы тұр. Демек, қағанаттың ауруы, 
дерті басталған кез. Ол дертті кім айырмақшы, кім білмекші? 
Қағанатта ондай адамдар бар, оның бірі – Иоллығтегін. Осы 
жырды жазудың да бір мәнісі – ұрпаққа өсиет сөз қалдыру. 
Күндердің күні не болары бір Тәңірге ғана мәлім. Алдағы 

135
қатер туралы Иоллығтегін: «Аштықта тоқтықты түсінбейсің, 
бір тойсаң аштықты түсінбейсің», – деп толғанысқа түскен. 
Иоллығтегіннің дүниетанымы қағанаттық (империялық) 
ойлау жүйесіне құрылған. Оған обьективтік негіз бар. Түрік 
қағанатының бір шеті Керчь (Боспор) жақта болса, екінші ше­
карасы Әмудария Иранға, Румге шектесіп жатқан. Мұншама 
зор мемлекетке тән сана формасы – империялық болуына еш 
таң қалуға болмайды. 
Бұл Еуразиялық мемлекет кезінде саясатта шешуші рөл 
атқарған. Сондықтан да Иоллығтегіннің: 
Тізеліні бүктірдік, 
Бастыны еңкейттік, – деуі орынды.
Қағанаттық (империялық) сана түркі тілдес халықтар­
дың дамуына мықты негіз болды. Менің топшылауым бой­
ынша, кейінгі ХІ­ХІІ ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстан 
өңіріндегі ғылыми, мәдени жетістіктерге бастама болған осы 
түрік қағанатының болмысы. Олай деуге себеп бар. «Орхон» 
ескеркіштерін зерттеуші орыс ғалымдары: «түркілер тарихқа 
темір қорытушылар болып енген», – дейді. Олар Ергене Қон 
деген жерде (Алтай тауының қойнауында) Жужандықтар 
езгісіне қарсы көтеріліс ашып, 552 жылы Бумын өзін қаған 
сайлап, дүниеге түрік мемлекеті келген.

136
Қаржаубай САРТҚОЖА
«ҚАЗАҚ ЗАҢЫНЫҢ» ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ 
МОҢҒОЛ ЖЕРІНЕН ТАБЫЛДЫ
«Мың жылдық көкжиек» бағдарламасы шеңберінде ше­
телге іссапарға барып қайтқан отандық тарихшы ға лым­
дардың бірі, бітік жазуының білгірі, тарих ғылым дарының 
докторы, профессор – Қаржаубай Сартқожа. Ға   лым мен әң­
гімеміз Моңғолиядан қазақ тарихына қатыс ты қан дай қа­
зына әкелінді деген тұрғыда өрбіді.
– Моңғолияға барған сапарыңызда Орталық архивте, 
сол елдің тарих институтында, Баян­Өлгейдегі Аймақтық 
архивте болған екенсіз. Одан басқа Баян­Өлгей, Қобда, Бұл­
ғын, Сұхэбатор аймақтарына экспедиция жасап, бір жаз­
ды түгелдей ғылыми іссапарға арнапсыз. Енді бұл сапардың 
нәтижесі қандай дейтін заңды сауал туындайды? 
– Күнтізбелік жоспар бойынша негізгі жұмысымыз мұ­
рағаттардан қазаққа қатысты құжаттарды алып шығу бо­
латын. Екінші, Моңғолия жері, өздеріңіз білесіздер, Көк тү­
ріктердің атамекені. Сондықтан мұнда Көктүріктерге қа  тысты 
ғылыми дүниелердің бүкілі, оның ішінде жазба мұ 
ралары 
көптеп сақталған. Күлтегін, Тоныкөк сияқты оншақты ұлы 
ескерткіштерден бастап, ұсақ жазулардың өзінен жүзден ас­
тамы сақталған. Көктүріктердің астанасы Ордабалық сол 
жерде. Бүгінде сол дәуірге жататын он шақты қала Моңғолия 
жерінен табылып отыр. Міне, осыған байланысты күнтізбе  дегі 
екінші жоспар – моңғол жеріндегі жазба ескерткіштерді қо сып 
зерттеу, оған қатысты материалдарды жинау, тас дәуірі және 
сақ пен ғұн дәуіріндегі тас бетіне салынған суреттерді түсі ріп 
әкелу. Нәтижесінде бір ай Моңғолияның Орталық архивінде 
отырып, оннан аса қордан 280 бет архив құжаттарын іріктеп 

137
алдым. Бұл құжаттар ұйғуржін­моңғол графикасымен, яғни, 
моңғолдардың көне алфавитімен жазылған. Құжаттардың ең 
көнесі 1757 жылы жазылған екен. Біз бұдан бұрын Абылай хан 
тек жоңғарлармен соғысты деп жүретінбіз. Манжү Чин пат­
шалығы сыртқы Моңғолияда жасақталған, аса мол қол қам­
тылған бүтін бір армияны Абылайға қарсы аттандырыпты. 
Осы армия құрамында көзге түскен сардарлар мен сарбаз дар ­
 ды марапатқа ұсынған отыз бет құжат таптық. Екінші бір ке­
ре  мет дүние – «Қазақ заңы» деген құжат. Кө не моңғол алфа­
витімен жазылған. Шығыс Түркістанда өмір сүрген қазақтар 
1836 жылы заң қабылдаған. Бұл туралы әр түрлі ақпараттар 
Қытайдың Шыңжаң аймағында жа рияланғанымен, заңның 
толық нұсқасы табылмаған еді. Моңғолдар 1911 жылы Қы­
тайдың Чиң империясының қол астынан шығып, автономия 
құрғаны тарихтан мәлім. Моң ғолдар осы заңды сол автономия 
құрған жылы моңғол тіліне аударып сақтапты.
– Сонда моңғолдар «Қазақ заңын» басшылыққа алған ба? 
Бұл заңның тарихи маңыздылығы неде?
– Басшылыққа алды ма, жоқ па, ол жағын білмеймін. 
Мүмкін алған да шығар. Бірақ өз басым моңғолдар өте ұқыпты 
халық екен деген ойға келдім. Олар өз қауіпсіздігін ескеріп, 
бұлар бізге дос бола ма, жау бола ма дегенді анықтау үшін бір 
халықтың заңын аударып алып отыр. Маңыздылығы жағынан 
бұл – қазақ халқының «Жеті жарғыдан» кейін қабылдаған 
екінші заңы. Бұрынырақта Қайрат Исағалиев дейтін ғалымға 
осы заңның бірлі­жарым фрагменттерін аударып бергенмін. 
Осы жолы түпнұсқасы табылып отыр.
– Еліміз тәуелсіздігін алған жылдары Моңғолиядан 150 
мыңдай қазақ көшіп келгенімен, бүгінде сол жақта қал­
ғаны тағы да 150 мыңдай дейтін мәлімет бар. Мұрағат 
құжаттарының арасында Моңғолия қазақтарына қатысты 
мәліметтер бар ма екен? 
– Моңғолиядағы қазақтар әу баста ол жаққа Алтайдың 
оңтүстігінен 1850 жылдары мал отарлатып барып жүріпті. 
Сол жылдары моңғол Алтайында бос жатқан иесіз жер көп бол­
ған. 1860 жылдан бастап қазақтар сонда тұрақтап қалып қой­
ған. Осылайша, қазақтар Алтайдың оңтүстігінен солтүстігіне 
қоныс аударған. Бұл өлке ол кезде Чиң империясының қол 

138
астында болған. Моңғолдар 1911 жылы автономия алады, 
Боғда дейтін дін басшысын хан тағына отырғызады. Сонда 
қазақтың Сүкірбай, Қылаң, Адай есімді басшылары Боғда 
хан үкіметіне қазақтарды қол астына алу туралы арызда­
рын жазған. Боғда хан үкіметі оларды қабылдау туралы 
бұйрықтар шығарады. Осы құжаттарды да біз елге ала келдік. 
Дүниенің түкпір­түкпіріне шашырап кеткен қазақтың тарихи 
тағдырынан мәлімет беретін құжаттардың барлығы да құнды.
– Жоспардың екінші бөлігіне қатысты не айтасыз?
– Мұрағаттағы құжаттарды іріктеп болған соң, бір көлікті 
жалға алып, далалық экспедицияға шықтық. Алтай тауының 
үш үлкен саласында әрқайсысы отыз километрге жалғасқан 
бүтін бір сурет галереясы іспетті аса ауқымды өнер мұрасы 
сақталған. Оның біріншісі Кіші Ойғыр немесе Ақсай деп ата­
лады. Бұл жерден Қатонқарағай ауданының Берел қорымына 
дейін 45 шақырым. Мұнда әрбір тастың бетінде бос орын жоқ. 
Осы өлкедегі петроглифтер Плейстоценнің соңғы кезеңіне 
(б.з.б. ХІV­ХІІ мыңжылдық), Голоцен дәуірінің (б.з.б. VІ­ІV 
мыңжылдық), қола (б.з.б. ІІІ­І мың жыл бұрынғы), темір дәуірі 
(б.з.б. VІІІ­І ғғ.), және б.з. ХІ ғасырына дейінгі дәуірді қамтиды. 
Екін ші, Мұзтаудың моңғол бетінде Мұзтаудан басталатын Мұз­
өзен дейтін өзен бар. Ол жиырма шақырымдай ағып ке ліп Ақсу 
деп аталады. Ақсу өзенінің оңтүстік жағында Ші беті Қайыр­
хан дейтін тау бар. Бұл тау да ежелгі және ертеор та ғасырдың 
өнер қоймасы. Алғашқы таудағы суреттер 100 мыңнан кем емес 
болса, екінші тауда да сол мөлшерде. Біз өзіміз сонда туып, 
өскендіктен білеміз. Енді осылардың ішін 
де Көктүріктердің 
дүниетанымына,  полиэтнографиясына,  ша   руашылығына,  оны 
игеру тәсіліне байланысты мың сурет тү сірдік. Мұнда күресіп 
жатқан балуандардың, түйе мі ніп, садақ атып бара жатқан 
жауынгерлердің, екі ат, үш ат, алты ат жеккен ат арбалар, олар­
ды айдап бара жатқан адам дар дың, үй арбалардың, аңдар мен 
құстардың суреттері дүние 
та 
ны 
мымызға, дінімізге қатысты 
басқа да көптеген суреттер сақ талған. Осы суреттерге қарап ол 
замандағы адамдардың өмір сүру салты мен шаруашылығы, оны 
меңгеру ерекшелігі, сол дәуірдегі экологияның болмыс­бітімі, 
климаты жайлы мол мағлұматтар алуға болады.

139
Алексей Окладников дейтін атақты археолог 1965 жылы 
Қобда аймағының Солтүстік­Сеңгір үңгірінде болған. Сеңгір 
тауындағы үңгірді зерттеп, сол үңгірден 13 топ суретті фотоға 
түсіріп еді. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 30­25 мың жыл 
бұрынғы сурет деп белгілеген. Мұндай сурет Орта Азиядан, 
Қазақстаннан табылған жоқ. Сібірдің өзінен аз табылған. Мы­
нау тіпті ерекше. Алтай тауында адамзат пайда болғаннан бері 
тек біздің ата­бабаларымыз өмір сүргенін айғақтайды. Алтай 
тау жотасы үш мың километрге созылады. Басы Өскеменнен 
бас талады да Гобиге қарай бірақ кетеді. Сол Сеңгір үңгірінде 
осыдан 30­25 мың жыл бұрынғы адамзаттың өнер туындысы­
ның сақталуы қандай ғажап?! Бұл – біздің тарихымызға тікелей 
байланысты дүние. Екінші, осы суреттерге қарап отырып, сол 
дәуірде климаттың қандай болғандығын білуге болады. Мә­
селен, сол суреттердің ішінде мамонттың, түйеқұстың суреті 
бар. Қазір солар бар ма? Жоқ. Бірақ қазба жұмыстарын жүр­
гізгенде бассүйектері шығып жатыр. Бұл – Алтайдың табиғаты 
сол дәуірлерде басқаша болған деген сөз. Бұл аймақ мұз дә­
уірінің соңғы кезеңінде Солтүстік Азияның құрғақ әрі суық 
жерінің бірі болса, Голоцен дәуірінде жұмсарып ылғалданып, 
жылы ағыс пайда болған. Сөйтіп, Голоценнің соңғы кезеңінде 
немесе б.з.б. 4600 жылдың алдында бүгінгі табиғи климатқа 
ауысып үлгергенін ғалымдар ғылыми еңбектерінде көрсеткен. 
Осы ғылыми тұжырымдарды тас бетінде сақталған суреттер 
галереясы қабат дәлелдеп отырғандығына куә болдық. Өнер 
туындылары тек тарихшылар үшін емес, метереологтар, эко­
логтар үшін де маңызы жоғары. Бастысы, А.П. Окладников 
ақсақалдың бұл түсірген суреттерінің калькамен жасалған 
көшірмелері болғанымен, түпнұсқасы елімізде жоқ қой. Осы 
сапарымызда соны түсіріп әкелдік.
– Ежелгі дәуірлерде үңгірлерде сақталған суреттер басқа 
елдерде бар ма?
– Еуропаның Франция, Испания сынды елдердегі Фоп де Гом, 
Ляско, Кастоло, Альтамира, Лю дю Монд, Пеш­Мерль үңгір­
лерінен дәл осы іспеттес суреттер 1909 жылы табылған. Олардың 
да жыл санауы 30­25 мың жылдан кем емес. Сосын Еуропаның 
өнертанушылары «әлем сурет өнерінің атасы Еуропа» деп әлемге 
жар салды. 1965 жылы Окладников әлгі суреттерді тапқан соң, 

140
батысеуропалықтар «өнер әлемнің бір ғана нүктесінен шықпаған 
екен ғой» деген тұжырымға келді. Осылайша, алып Алтай, ұлы 
Алтай әлем мәдениетінің, өнерінің алтын бесігі екенін дәлел деп, 
түркі тектес халықтардың рухын көтерді деп айта аламыз.
– Моңғолия сапарынан басқа қандай олжаларыңыз бар?
– Ғылымда сақтар мен ғұндардың жазуы болды ма, жоқ па 
деген мәселе талас тудырып жүрген. Қытай, Еуропа деректері 
арқылы «бұларда жазу болды» деген болжам жасалғанымен, 
қандай жазу екені белгісіз еді. Осы жолы біз сурет галереясы 
тұрған екі тау саласынан сақ, ғұн дәуірінің үш мәтінін тауып 
әкелдік. Мәтін бітік (руна) жазуының көне түрімен жазылған. 
Мұндағы таңбалар, графикалардың белгіленуі өте көне. Ор­
хон жазуының жүйесімен оқуға келмейді. Енді осының мето­
дологиясын жасауымыз керек. Содан кейін барып ежелгі сақ, 
ғұндарды сөйлете аламыз.
– Оны кім жасайды?
– Ешкім сырттан келіп жасап бермейді. Тапқан иесінің өзі жа­
сайды да. Оның сыртында екі көне түркі жазуын тауып әкелдік. 
Моңғолия – жерасты қазба байлықтарын пайдалануды қолға 
алып жатқан ел. Осы жылы мамыр айында кен іздеушілер Шы­
ғыс Моңғолия аймағынан алты үлкен бағана тас көрген. Біреуін 
көтеріп қараса, көне түркі жазуымен жазылған мәтін екен. 
Моңғол ғалымдары «көне түркі ескерткіштері табылды» деп ин­
тернетте жариялады. Біз сол жерге де бардық. Расында да тастар 
жатыр. Біреуінің ұзын дығы алты­жеті метр. Ұстын орналасқан 
кешенге толық қазба жұмысын жүргізіп, жерге жартылай сіңіп 
кеткен алып бағаналарды кранмен көтеріп тұрғызу керек. Зерт­
теу жұ мысына кемінде бір жыл уақыт кетеді екен. Бұл жылы 
айналысуымызға Моңғолия тарапы келісім бермеді. Фотоға 
түсіріп алдық. Түбегейлі зерттеу – келешектің ісі. Тағы бір дү ние. 
Бұрын табылған, ашылған, бірақ жазуына күдік келтіріп жүрген 
он екі ескерткіш бар болатын. Бұл жолы соларға да қайта барып, 
суретке түсіріп, жаңа көшірмесін жасап әкелдік.
– Әлгінде мұрағаттан табылған құжаттар уйғуржін­
моңғол тілінде екен деп айтып қалдыңыз? Осындай ескі жа­
зуларды білудің ғылымда маңызды екенінен хабарымыз бар. 
Өзіңіз сол жазуларды қаншалықты меңгергенсіз? Қазіргі за­
манның неше тілін білесіз?

141
– Қазіргі қарым­қатынаста моңғол, орыс, түрік тілдерін 
білемін. Байырғы түрік бітіг, көне ұйғуржін­моңғол графика­
сын әбден меңгердік. Ал біздің ғылыми тіліміз – ғылымның 
кілті. Ғылым тілін білмеген ғалымға ғылымның есігі жабық. 
Мен өзім өмір бойы Көктүріктердің бітіг (руна) жазуын зерт­
теген адаммын. Бірақ Көктүріктердің мұралары тек қана бітіг 
жазуымен ғана шектелген емес, одан бөлек ұйғуржін, соғды, 
манихей жазуларымен, араб графикасымен сақталған. Осы 
жазу жүйелерін меңгердік.
– «Халық тарих толқынында» бағдарламасы шеңберінде 
Еуразия университетінде өткен бір басқосуда бағдарламаға 
тарихшы ғалымдар өз ұсыныстарын енгізе алатындығы ай­
тылып еді. Сіз не ұсынар едіңіз?
– Тарих және этнология институтына Хангелді Әбжанов 
дейтін білімді азамат келді. Ол қазақ тарихының он томдығын 
жазу туралы бастама көтеріп, соның ішінде Хунну (Ғұн) және 
Көктүріктер империясының тарихын жазуды маған тапсыр­
ды. Соны жазып жатырмын. Бізге Кеңес өкіметі тұсындағы ме­
тодологиямен жұмыс істеуге болмайды дегенді айтар едім. Қазір 
ешкімнен кем емеспіз. Қытай, парсы, моңғол, соғды тілдерін 
білетін ғалымдарымыз бар. Солардың әлеуетін пайдалану ке­
рек. Кеңес өкіметі тұсында тарихымызды басқалар жазатын. 
Солардың ықпалынан әлі де шыға алмай отырған жағдайы­
мыз бар. Менің тілегім – өз тарихымызды өзіміз жазайық. 
Бұл – бір. Екінші – кадр мәселесі. Әсіресе түрко логия саласын­
да кадр дайындап жатқан әл­Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
университетіндегі оқу жүйесіне көңілім толмайды. Толғанды 
қойып, бұлардың бағдарламаларын кө 
ріп, қарным ашады. 
Аяймын. Айтсақ, көрсетсек кафедрада отырған меңгерушілер 
мән бермейді. Еліміздегі Өнер академиялары, университет­
тер пәленбайдың класы, түгенбайдың сыныбы дегенді ашып 
беріп, өнер майталмандарының мекте бін қалыптастырып жа­
тыр ғой. Дәл сол сияқты тарих мамандарын даярлайтын кафе­
драларда мықты тарихшылар дың шеберлік сыныптарын ашу 
жөн сияқты. Сонда ғана біз көне тарихымызды шемішкеше 
шағатын жас мамандарды даярлай аламыз.
– Әңгімеңізге рақмет!

142
Сейіт ҚАСҚАБАСОВ
ТУ ҰСТАП ЖАУҒА ШАПҚАНДАР
Ондаған ғасырларды қамтитын қазақ халқының тари­
хы – өте бай әрі күрделі. Бүгінгі қазақтың арғы ата­бабалары 
сақтар мен ғұндардан бастау алған бұл тарихтың ұзақ жолы 
небір ғаламат оқиғаларға, жеңістер мен жеңілістерге толы. 
Осы бір сонар тарихтың әр кезеңінде жердің тұтастығы мен 
елдің еркіндігі үшін, жалпақ жұрттың тыныш та бейбіт өмір 
сүруі үшін жанын да, қанын да аямай, күндіз де, түнде де 
дамыл көрмей күрескен ел басылары мен қолбасы­батырлар­
дың есімдері ел жадында сақталып, атадан балаға, ұрпақтан­
ұрпаққа тарап, біздің заманымызға жетіп отыр.
Сонау сақ пен ғұн заманындағы Алып Ер Тоңға, Шу, Еділ 
(Аттила), көне түркілер тұсындағы Білге қаған, Күлтегін 
сияқты баһадүрлердің ерліктері, олар туралы туған жыр­
аңыздар, өлеңдер – ойымызды дәлелдейтіні сөзсіз. Осындай 
елін, жерін қорғаған батырлар бергі дәуірлерде де өмір сүрген, 
олар жөнінде де шығарылған жыр­дастандар аз емес. Оғыз­
қыпшақ пен Алтын Орда заманының батырлары Тарғын, 
Қобыланды, Шора, Едіге, т.б. жайында көлемді­көлемді эпо­
стар, аңыздар көпшілікке белгілі. Ал Қазақ хандығы тұсында 
ғұмыр кешіп, қазақтың мемлекеттігін сақтап қалу жолын­
да қажырлы қайрат көрсеткен қаһармандарымыз тағы бар. 
Әсіресе Абылай хан кезіндегі қазақ халқының өз тәуелсіздігі 
мен мемлекетін қорғау үшін шайқасқан Қабанбай, Бөген бай, 
Наурызбай, Жәнібек, Райымбек секілді ондаған батырдың 
ерлігі мен жаужүректігі халық аңыздарында, жыраулар 
толғауларында айшықты жырланған. Осы орайда аса мән 
беріп айтатын мәселе: қазақтың Ресейге бодан болғанға 
дейінгі күресі мен Ресейге қараған шақтағы күресінің айыр­
масы бар. Біріншісі – қазақтар өз мемлекетін қорғады, 

143
сыртқы шапқыншылармен соғысты. Екіншісі – қазақтар 
өзінің мемлекетін жоғалтып, отарлыққа түсті, міне, енді 
осы отарлықтан құтылу үшін күресті. Әрине, екі күрес те ел 
тәуелсіздігі үшін болды.
Қазақтар оңайлықпен отарлыққа түсе қойған жоқ. Егер 
Қазақ хандығы тұсындағы күрес 3­4 ғасыр бойы жүрсе, 
отарлыққа қарсы күрес 1,5 жарым ғасырға созылды. Осы 
бір жарым ғасырда қазақ жұрты әскері де, қаруы да ба­
сым отаршылдарға қарсы ондаған көтеріліс жасап, жойқын 
шайқастар жүргізді. Мәселен, ХVІІІ ғасырдағы Сырым ба­
тыр бастаған ұлт­азаттық көтерілісі, ХІХ ғасырдағы Қайып­
қали, Исатай­Махамбет көтерілістері, сондай­ақ Жанқожа, 
Досан жетекшілік еткен көтеріліс, Саржан мен Кенесары 
бастаған ұлт­азаттық соғыстар, міне, бұл қозғалыстар қазақ 
халқының біреуге бодан болуға көнбейтінін, еркіндік үшін 
жанпидалыққа баратынын көрсетті. Осындай отарлыққа 
қарсы қарумен шығып, өзінің туған жерін, елін азат етуге 
бар күш­жігерін жұмсап, сол жолда мерт болған Сұраншы 
мен Саурық батыр басқарған шайқастар ХІХ ғасырдағы ең 
соңғы әрі нәтижелі күрес болды деуге болады. Соңғы дейтін 
себебіміз – Сұраншы мен Саурықтар қатысқан қарулы 
күрес – Жетісу мен Оңтүстік өлкесін Қоқан хандығының 
езгісінен құтқарғаннан кейін, яғни 1864 жылы Ресейдің 
қарауына енген соң қазақ халқының Ресей отарлығына қарсы 
күресі ондай мөлшерде, ондай деңгейде болған жоқ. Бұдан 
кейінгі Ресейге қарсы ең ірі көтеріліс ХХ ғасырда 1916 жылы 
орын алды. Ал 1920­1940 жылдар арасындағы көтерілістер, 
негізінен, әлеуметтік­экономикалық сипатта болды. Сұраншы 
мен Саурықтар бастаған қарулы күрес үш жақты отарлық­
қа қарсы еді. Олардың уақытында Жетісу мен Оңтүстік 
өлкені, бір жағынан, Қоқан хандығы, екінші жағынан, Ресей 
патшалығы, үшінші жағынан, қырғыз манаптары қыспаққа 
алып, біраз жерді жаулап, өздерінің билігін жүргізіп те 
үлгерген еді. Әсіресе қоқандықтардың зорлық­зомбылығы 
тым асқынып тұрған болатын. Орыстардың да іс­әрекеті одан 
кем емес­ті. Әйткенмен, орыс әскері өте сақтықпен қимылдап, 
аңысын аңду саясатын қолдануға мәжбүр еді. Жетісу бұл кез­
де Қоқан мен Ресейдің отарлық мүддесі түйіскен жер болды 

144
да, қайсымыз бұрын үлгереміз деп олар жанталасқа түскен­
ді. Ресей әскері Қапалға, Қараталға бекініп, Іле бойында 
жатқанын естіген Қоқан ханы Құдияр Меркіге, Пішпекке, 
Тоқмаққа әскер жіберіп, бекініс салдырған еді және бұрынғы 
Верныйға (Алматыға) қарай жылжи бастаған болатын. Осы 
тұста екі ортада қалған қазақ ауылдары екі жақты талауға 
түскен­ді және өзара бірін­бірі түсінбей, біразы қоқан жағын, 
біразы орыс жағын қолдаумен болды. Осындай жағдайда Ре­
сей әскерінің күшімен қоқандықтардың езгісінен құтылуды 
ойлаған қазақ жігіттері Саурық пен Сұраншыны қолдап, 
қоқандықтарға қарсы қарулы қарсылық білдіруге кіріседі. 
Сөйтіп, 1840 жылдардан бастап Сұраншы бастаған сарбаздар 
орыс әскерімен бірлесіп, Жетісу жерін қоқандықтардан тазар­
тып, азат ету үшін белсенді қимылдарға көшеді. Мұны тарихи 
құжаттардан көруге болады. Басқа қайраткерлерге қарағанда 
Сұраншы батыр туралы деректер архив құжаттарында 
молырақ кездеседі. Енді сол деректердің ізімен Сұраншының 
нақты іс­әрекеттерін шолып өтейік.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет