Мақал-мәтелдер тағылымы



Pdf көрінісі
бет1/63
Дата07.01.2022
өлшемі313,07 Kb.
#20106
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63


                           

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

                 

ГҮЛТАС САЙЫНҚЫЗЫ ҚҰРМАНБАЙ 

 

 

 

 

 

 

                    

 

                    



СӨЗТӘРБИЕ 

 

                         



(МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР ТАҒЫЛЫМЫ) 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

АСТАНА, 2011 


 



 

Халқымыздың  асыл  мұрасы  мақал-мәтелдерді  сақтау,  кейінгі  ұрпаққа 

аманаттау  –  ұстаздың  ғана  емес,  барша  қауымның  ата-бабалар  алдындағы 

парызы.  Автор бұл еңбегінде  өзі дәріс беретін  студенттерге,  атап  айтқанда, 

қазақ тілінен практикалық сабақта қолданып жүрген мақал-мәтелдерін және 

ол  мақал-мәтелдерді  өмірде  қолдануға  септігін  тигізетін  сұрақ-

тапсырмаларды ұсынған.  

Еңбек  мектеп  оқушыларына,  студенттерге,  ұстаздар  мен  ата-аналарға, 

жалпы оқырман қауымға арналады.  



 

 

 

 

Ұрпақ тәрбиесi –  ұлттың тағдыры. Өз ұрпағының тәрбиесiн өз 

жолына қоя алған ұлт қана өз тағдырын өзi ойдағыдай қамдай алмақ. 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

Автордан  



 

 

 



Бүгінгі  Қазақстан  –  адамдардың  халықаралық  қарым-қатынасы  мен 

ақпарат  алмасуына  шекарасы  ашық,  дүниежүзілік  саяси-әлеуметтік, 

экономикалық ықпалдастық шараларына белсене араласатын демократиялық 

және  зайырлы  мемлекет.  Еуразия  құрлығының  дәл  ортасында  орналасқан 

біздің  еліміз  қазірдің  өзінде  Батыс  пен  Шығыс  мәдениеттерінің,  ірі  діни 

конфессиялар мен әр түрлі саяси көзқарастар арасындағы бейбіт сұхбаттың 

алтын  көпіріне  айналып,  жаһандану  мен  бүкіләлемдік  рухани  жақындасу 

үдерісінің  асау  иіріміне  тартыла  бастады.  Қазақстанның  жер  қойнауының 

табиғи  шикізаттарға  байлығы,  әлемдік  ірі  державалардың  геосаяси  және 

геоэкономикалық  мүдделерінің  дәл  осы  аймаққа  тоғыса  шоғырлануы 

болашақта  біздің  елімізді  жаһандану  үдерісінің  қазанында  қайнатып, 

дүниежүзілік ақпарат және тасымал жүйесінің маңызды буыны жасауы әбден 

ықтимал.  Әрине,  біз,  қазақстандықтар,  әр  түрлі  саяси,  діни,  мәдени, 

экономикалық  көзқарастар  мен  мүдделер  арасында  бейбіт  сұхбаттың,  өзара 

келісім орнағанын қалаймыз. Алайда, еліміздің барлық мүдделер қақтығысын 

бейбіт  жолмен  шешуді  жақтайтын  гуманистік  саясаты  мен  халқымыздың 

бойындағы қонақжайлық біздің өз ұлттық мүддеміз жоқ дегенді білдірмейді. 

Қазақстанның  мемлекеттік  және  аймақтық  қауіпсіздігі,  ішкі  рухани 

келісімнің бұзылмауы – көздің қарашығындай қорғайтын құндылықтарымыз. 

Білімі  мен  білігі  жағынан  шетелдердегі  замандастарымен  бәсекеде 

жеңілмейтін,  сонымен  қатар,  бойында  ұлттық  ділі  сақталған,  отаншылдық 

рухы  кемел  қазақстандықтардың  жаңа  ұрпағын  тәрбиелеу  қажеттігі 

туындауда.  Тек  осындай  ұрпақ  қана  еліміз  мерейін  бүгінгі  жеткен  биігінен 

аласартпай,  жаһандану  деп  аталатын  үдерістің  теріс  ықпалын  бойына 

дарытпай,  әлемдік  даму  көшіне  ілеспек.  Жас  ұрпақ  Отанын  жанындай 

сүйетін,  ұлттық  тарихы  мен  мәдениетін  қастерлейтін,  рухани  кемелденген 

болып өсіп жетілуі қажет. Жастардың бойында ұлттық дүниетаным мен діл 

мәйегін сіңіріп, оларды нағыз отаншылдық рухта тәрбиелеп өсіруге қажетті 

қазіргі  заманғы  оқу  құралдары  мен  технологиялары  жасалуға  тиіс.  Теңіз 

тамшыдан  құралатыны  сияқты  жас  ұрпақтың  елжандылық  сезімінің 

қалыптасуына осы бір дидактикалық құралдың пайдасы болар деп ойлаймыз.   

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет