Мақал-мәтелдің жалғасын тап



бет1/5
Дата26.09.2022
өлшемі5,49 Mb.
#40315
  1   2   3   4   5

Мақал-мәтелдің жалғасын тап.
https://learningapps.org/display?v=p2ogznq1n22
ЕҢБЕК ТҮБІ – БЕРЕКЕ
Сенің білетінің:
  • перифраз түрінде берілген сұрақтар;
  • ой тұжырым.

  • Сенің меңгеретінің:
  • перифраздалған сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу;
  • көтерілген мәселе бойынша ой қорыту.

Перифраз
Перифраз немесе перифраза – «безендіру өнері» деген мағынаны білдіретін грек сөзі, ол заттың, құбылыстың тура атын атамай, суреттеп көрсету, өзгеше атау дегенді білдіреді.
1. Сөйлемдегі сөз формасын басқа сөз табына алмастыру. Мысалы: зат есім → етістік, зат есім → сын есім, т.б.Түпнұсқа: Ауа райы өзгерісі адам денсаулығының нашарлануына әкеп соқты.
Перифраз: Ауа райы өзгергендіктен, адам денсаулығы нашарлады. 2. Синонимдерді қолдану.
Түпнұсқа: Менің апам- ажарлы адам.
Перифраз: Менің апам - әдемі жан. 3. Сандар мен пайыздық көрсеткішті өзге формаға ауыстыру.
Түпнұсқа: Оқушылардың үштен бір бөлігі жақсы деген бағаға ие болды.
Перифраз: Оқушылардың 30% жақсы деген бағаға ие болды. 4. Бірінші жақтан үшінші жаққа немесе үшінші жақтан бірінші жаққа алмастыру (ырықсыз етіске алмастыру).
Түпнұсқа: «Алаш» газеті Абай өлеңдерін жариялады.
Перифраз: «Алаш» газетінде Абай өлеңдері жарияланды.

5. Анықтама берудің әртүрлі құрылымдарын пайдалану.
Түпнұсқа: Зат есім - заттың, құбылыстың атын блдіріп, кім? не? - деген сұраққа жауап беретін сөз табы.
Перифраз: Зат есім – бір заттың, нәрсенің, құбылыстың , оқиғаның атын білдіретін сөз табы. Кім? Кімдер? Не? Нелер?- деген сұрақтарға жауап береді. 6. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі формаларын түрлендіріп қолдану.
Түпнұсқа: «Өмірді өмірдің бағасынан артық сүю қажет» - деді Ф. Достоевский
Перифраз: Ф. Достоевский өмірді өмірдің бағасынан артық сүю қажеттігін атап өтті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет