Мақала терминінің әдетте екі түрлі ұғымы бар. Біріншісі, көбіне баспасөз бетінде жарияланған материалдың аты ретінде қолданылып жүр



бет1/2
Дата08.11.2022
өлшемі63,94 Kb.
#48502
  1   2
Байланысты:
мақалаға сын пікір жазу


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

МӨЖ-5
Тақырыбы: Белгілі бір мақалаға сын пікір жазу



Орындағандар: 7M01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының
1-курс, 101-топ магистранттары:
Махкамова А.
Тортай Ү.
Ізбас А.
Исатай А.
Қайназарова Ж
Айғали Д.


АЛМАТЫ, 2021
Белгілі бір мақалаға сын пікір жазу
Мақала терминінің әдетте екі түрлі ұғымы бар. Біріншісі, көбіне баспасөз бетінде жарияланған материалдың аты ретінде қолданылып жүр. «Газетке мақала шығыпты» дегенде, ол рецензия да, хабар да, шолу да, фельотан да болуы мүмкін. Екіншісі, нақтылы баспасөз жанрының атауы. Газеттің хабар, аннотация, репортаж, очерк, рецензия сияқты жанрлары бар десек, мақала да сол секілді осы қатардан орын алады. Мақаланың баспасөз жанрларының ішіндегі ең көп қолданылатын және кеңінен қамтып, тереңірек талдайтын мүмкіндігі молырақ. Біз мақаланы осы жанрлық тұрғыдан қарастырамыз. Мақаланың мақсаты – әдеби өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап-бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру. Сондықтан да мақалада әдеби сынның ғылыми публицистикада сипаты айқын көрінеді.Мақаланың қай сипатының (ғылыми, публицистикалық) басым екендігін көп жағдайда ажыратудың өзі қиын.Әдетте, ғылыми публицистикалық біртұтастыққа айналып, сыншылық талдау мен пайымның биік өресі көрініс тауып жатады.Мақаланың осы басты екі сипатының бірі кемшін жатса, онда жанрдың екі аяғын тең баса алмай, бірдеңенің жетіспей жатқандығы. Құрғақ ғылыми талдаулардың оқырман қауымға түсінікті бола бермейтіндігі сияқты, нақтылы фактілерге, талдауларға негізделмеген жалпылама сөздердіңде жалықтырып жіберетіндігі анық. Сондықтанда баспасөз бетіндегі мақала жанры көбіне әдебиеттану ғылымымен көршілес қонып, аралас-құралас жатады. Мақала әдетте белгілі бір идеяның «әлеуметтік ой-пікірдің негізінде жазылып», сол мәселені-талдауға, түсіндіруге, осыған қатысты өз пікірлерін білдіруге құрылады. Білім беру саласындағы әрбір мақала міндетті түрде рецензиялауға жіберіледі.

  • Мақала редакциялық алқа құрамына кірмейтін, зерттеу саласы сәйкес келетін кемінде екі тәуелсіз ғалыммен рецензияланады.

  • Журналдың жауапты редакторы мақаланың журнал профиліне, рәсімдеу талаптарына сәйкестігін анықтайды және оны тиісті тақырып бойынша мамандарға рецензиялауға жібереді.

  • Әрбір жеке жағдайда рецензиялау мерзімдерін журналдың жауапты редакторы мақаланы жедел жариялау үшін жағдай жасауды ескере отырып анықтайды.

  • Рецензияда келесі мәселелер баяндалады:

а) мақала мазмұнының мақала атауына сәйкес келуін
б) тіл стилистикасының қол жетімділігі, кестелер, диаграммалар, суреттер мен формулалар;
в) бұрын жарияланған материалдарды оқу мақаласын жариялаудың орындылығы
г) мақаланың оң жақтары және (немесе ) кемшіліктері , егер бар болса, авторға мақаланы түзету (немесе ) пысықтау бойынша ұсыныстар. Рецензент белгіленген кемшіліктердің түзетілуін ескере отырып мақаланы ұсынады немесе жариялауға ұсынбайды.

  • Рецензияларға рецензенттің ұйымының, жоғары оқу орнының, мекеменің немесе кәсіпорынының мөрі басылады.

  • Рецензиялау құпия түрде жүргізіледі. Рецензияланатын мақаланың авторына рецензиялардың мәтінімен танысуға мүмкіндік беріледі.

  • Құпиялықты бұзу тек рецензент сенімсіздік немесе бапта баяндалған материалдарды бұрмалау туралы мәлімдеген жағдайда ғана мүмкін болады.

  • Егер рецензияда мақаланы түзету және жетілдіру бойынша ұсыныстар болса, журналдың жауапты редакторы авторға рецензияның мәтінін мақаланың жаңа нұсқасын дайындау кезінде ескеруді немесе оларды дәлелді түрде (ішінара немесе толық) теріске шығаруды ұсынады.

  • Автормен қайта өңделген мақала рецензиялауға қайта жіберіледі.

  • Рецензент жариялауға ұсынылмаған мақала қайта қарауға қабылданбайды. Теріс пікір мәтіні авторға танысу үшін беріледі.

  • Рецензиялардың түпнұсқалары 3 жыл бойы журнал редакциясында сақталады.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педегогикалық университеті


Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс, 101-топ магистранты А.А.Махкамованың «Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының атасы» атты мақаласына


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет