Мақалалар, баяндамалар жинағы


Біз сиам егіздері сияқты орыстармен басымызбен



Pdf көрінісі
бет22/45
Дата22.12.2016
өлшемі3,09 Mb.
#25
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45

Біз сиам егіздері сияқты орыстармен басымызбен 

жабысып қалдық. Бір адым ілгері жүріс бар

– «Қазақ ұлтты депутаттар қазақ тілінен емтихан тапсырсын» 

деген бір топ тіл жанашырларының ұсынысы өтпей қалды. Сіз осы 

жаңалықты  қалай  қабылдадыңыз?  Жалпы,  билік  қазақ  тіліне  қашан 

түбегейлі бет бұрады деп ойласыз?

–  Бұл    ұсыныс  дәл  қазір  қабылданбайды.  Бұдан  6-7  жыл  бұрын 

Астанаға  барып,  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлынан  емтихан  алғанбыз. 

Сол кезде де ел басқаратын азаматтардың бәрінен емтихан алу керектігі 

жөнінде  әңгіме  көтерілді.  Бұл  ұсыныс  сол  кезде  қабылданбады. 

Сондықтан  дәл  қазір  қабылдануы  мүмкін  емес.  Себебі,  тіл  біздің 

халқымыздың бойына бұрыннан жабысқан көне дерт. «Мұсылман болу 

әсте-әсте,  кәпір  болу  бір  пәсте»  деп  айтады.  Бойымызға  сіңіп  кеткен 

дерт қазір төрт буынға тарады. Ең үлкені менен бастап, менен кейінгі 

жастардың  бойына  дейін  тарады.  «Дерт  батпандап  кіріп,  мысқалдап 

шығады»  дейді  қазақ.  Қанша  айғайласақ  та,  қанша  комитет  құрып 

қозғалыс жасасақ та, тіл бірден жөнге келе қоймайды. Мұхтар Шаханов, 

Амангелді  Айталы  бастаған  депутаттардың  бастамалары  дұрыс.  Тіл 

үшін күресті бір сәт бәсеңсітпеу керек. Егер бәсеңдетіп алсақ, ол тағы 

да шегініп кетеді. Қазір бір адым ілгері жүріс бар.

– Мемлекеттік тілдің басы-қасында жүрген адамсыз. Тәуелсіздік 

алмай тұрғанда жағдай қалай еді? Басшылар тарапынан тілге деген 

жылы қабақ байқалып па еді?

–  Үкімет  басына  келген  Колбин  келе  сала  тіл  мәселесін  көтергені 

есімде. Ол қазақ жеріндегі көп проблеманың бірі – тіл екенін бірден сезді. 16-

17 желтоқсан күндері оқиға неге байланысты, қалай шықты деген мәселені 

анықтамақ  болып,  Мәскеуден  Соломенцев  бастаған  бір  топ  эмиссарлар 

келді.  20  желтоқсанда  ең  бірінші  жиналысын  академияда  Колбиннің  өзі 

өткізді. Жиналыста көзбен көріп, құлақпен естіген жайтты айтқым келіп 

отыр.


«Мен,  –  деді  Колбин,  –  алаңда  айқайлап  жатқан  жастардың  бір 

тобын  шақырып  алдырдым.  Қазақтың  бес-алты  жігіті,  арасында  бір  қыз 

бала  алдыма  келді.  Бастықтарың  кім?  Менімен  кім  сөйлеседі  дегенде, 

арасынан бір жігіт шығып: «Мен сөйлесем» – деп айтты. Өзін Тимурмын 



232

деп  таныстырды.  Сол  Тимурдан:  «Неге  айқайлап  жатырсыңдар?  Мен 

жаңадан  келген  адаммын.  Менің  сырымды  білмейсіңдер?  Маған  неге 

қарсы  боласыңдар?»  дегенде,  Тимур:  «Сіз  бұрын  Қазақстанда  қызмет 

еткен  жоқсыз.  Қазақ  халқының  кім  екенін,  оның  мінезін,  салт-дәстүрін, 

тілін,  дінін,  жер  жағдайын,  экономикасын  білмейсіз.  Сіз  қалай  бастық 

болуға  келісіміңізді  бердіңіз?»  деген  сұрақ  қойды.  Колбин:  «Біріншіден, 

мені бұл жерге партия жіберді. Мен – партия солдатымын. Ал екіншіден, 

салт-дәстүр,  экономи ка  тәрізді  білмейтін  салаларды  білуге  болады.  Тіл 

мәселесіне келгенде мен бұдан 1,5 жылдай бұрын Грузияда қызмет еттім. 

Сол кезде грузин тілін жетік үйреніп алдым. Мен қазақ тілін де солай жетік 

үйреніп алып, ке рек болса сендерге үйретемін» — деп жауап берді. Тимур 

грузин тілін білсе керек, екеуі 5 минуттай грузин тілінде сөйлесіпті. Содан 

әлгі бала: «Мен сіздің пікіріңізді түсіндім. Дұрыс», – деді. «Олай болатын 

бол са, жолдастарыңа тарқасын деп айт,» – деп әлгілерді шығарып салды. 

5-10 минуттан соң терезеден қараса, 500-дей жігіт алаңнан кетіп қалды деді 

бізге.

Колбин қазақ тілін неге үйренді?

– Колбиннің қазақ тілін үйренуге деген ниеті болды демексіз гой?

– Колбин «Қайткен күнде де қазақ тілін үйренемін» дегеннен кейін, 

шынында да неге жәрдемдеспеске, осыған бір оқулық жазу керек шығар деп 

ойланып қалдым. Тілші ретінде Колбиннің қазақ тілін үйрену, әдіс-тәсілі 

қалай екен деп сұрастырдым. Жиналыстарда: «Міне, үйренейін деп едім, 

ешқандай  оқулық  жоқ.  Қазақ  тілінде  1954  жылы  шыққан  Мұсабаевтың 

сөздігі бар. Осы сөздіктен басқа сөздік жоқ екен» деген сөзді талай рет айтты. 

Содан кейін қазақ тілінен ол кісіге сабақ беретін әйел кісімен хабарласып, 

қалай  үйреніп  жүр  деп  сұрадық.  «Үйренгісі  келетін  ойы  бар,  бірақ  оған 

уақыты жоқ. Анда-санда шақыртып бір сабақ алады», – деді ұстазы. Содан 

үйренгені: «Сәлеметсіздер ме?» деген сөз болды. Бірақ, кетерінде марқұм 

«Қош, сау болыңдар!» деген сөзді айтпай кетті ғой. Мұны айтып отырған 

себебім,  Қазақстанға  келген  жаңа  бастық  біздің  топырақтағы  үлкен 

проблемалардың ең бастысы тіл екендігін білді. Сөйтіп, келе салысымен ол 

тіл саясатымен шұғылданды. Ол қазақ тілі мен орыс тілін мемлекеттік тіл 

болу ын ұсынды. Осыған келген кезде біздің қазақ зиялыларының пікірі бір 

жерден шыққан жоқ. Мен тілші ретінде шығып: «Қазақ тілі мен орыс тілін 

қатар қою арғымақ пен мәстек атты парлап жегумен бірдей. Біреуі ілгері 

тартады, біреуі кейін тартады. Өйткені, біреуі дамыған тіл, екіншісі кеудем 

басты болған дамымай қалған тіл. Екеуін қатар қоюға болмайды. Егер біз 

дамыған  ел  боламыз  десек,  бір-ақ  тіл  болуы  керек.  Ол  –  қазақ  тілі.  Бұл 


233

заңды талап». Қазақ тілінің дәрежесін көтеру жекелеген адамдардың, 

ат төбеліндей азаматтардың қолынан келмейтін іс еді. Не істеу керек 

де ген сұрақты шешу үшін осы институтта тіл үшін күресетін «Қазақ 

тілі»  қоғамын  құру  керек  деген  шешімге  келдік.  Сол  қоғамның 

бағдарламасын, ережесін, жарғысын, Әнұранын жаздық.



–  «Қазақ  тілі»    қоғамын  ашуға    сол  кездері  Сіздерге  кімдер 

көмектесті?

–  «Қазақ  тілі»  қоғамы  ашылғанда,  тұрақты  кеңсеміз  болмай 

қиналдық.  Ел  ішінде  жақсы  ісімен  танылған  Балташ  Тұрсымбаев 

ол  кезде  министр  болып  тұрған  кезі.  Ол  кезде  «Ана  тілі»  газеті  де 

ашылып  қойған.  Бірақ,  20  адамға  жуық  қызметкерлер  отыратын 

бөлме  таппадық.  Балташ  Тұрсымбаевқа  ба рып,  жағдайды  айттық. 

Ол кісі дереу тапсырма берді. Тапсырма орындалмағаннан кейін өзі 

барып, бізге тиесілі бөлмені ұстап отырғандарды қуып шықты. Қазақ 

тілі  қоғамына  кезінде  осылай  үлкен  жәрдем  істеген.  Сол  үшін  бұл 

кісіге көп рахмет. Біз оның жәрдемін ылғи айтып жүреміз. Өзбекәлі 

Жәнібеков те «Қазақ тілі» қоғамына көп тер төкті.

Өзгелер ақымақ, біз ақылды болғанымыз ба?

–  «Егер  ғалымдар  латын  қарпіне  көшу  дұрыс  деп  шешсе,  мен 

қарсы емеспін» деп еді Елбасы осыдан бірнеше ай бұрын. Соңғы сөз 

сіздерде, сіздер не дейсіздер?

– Президент: «Егер халық қалап жатса, ғалымдар латын тілінің 

кажет екенін дәлелдеп жатса, мен қарсы емеспін» деген. Ол кісі осы 

пікірінде  жүр.  Енді  қалың  жұртшылықпен  ақылдасу  керек.  Мәселе 

осыған келді де тоқтап қалды. 1993 жылы Анкарада «Егемендік алған 

түрік  елдерінің  жиналысы»  болды.  Түркия,  Қазақстан,  Әзірбайжан, 

Түркменстан,  Қырғызстан  елдерінің  өкілдері  қатысты.  Сол  жылы: 

«Біз  латын  жазуын  қабылдауымыз  керек.  Бұл  қазақтар  үшін 

ғана  емес,  бүкіл  түркі  әлемі  бірігуі  үшін  қажет.  Кеңес  үкіметі 

кезінде Қытайдағы қазақ бауырларымыз біресе латиницаға, біресе 

арабшаға  көшті.  Бұл  қазақтарды  бір-біріне  қоспаудың  тәсілі 

ғой. Біз сиам егіздері сияқты орыстармен басымызбен жабысып 

қалдық. Солардан ажыраудың бір тәсілі осы – латын жазуы деп 

ойлаймын»,  –  деп  Президенттің  атына  ашық  хат  жаздым.  Бізден 

басқа  Әзірбайжан,  Өзбекстан,  Түркменстан,  Татарстан,  гагауыз 

түріктері,  қырым  татарлары,  қысқасы,  Түркияны  қоса  есептегенде 

түркі халықтарының жартысынан көбі латын жазуына көшті. Ал біз 

әлі бір тоқтамға келген жоқпыз. Мәселе ресми түрде жоғарғы жаққа 


234

қойылған жоқ. Қазір кітап жазып жатырмын. Сол аяқталған соң, осы 

мәселені алға қоямын ғой деймін.

–  Қазір  көнетүркі  жазуын  көтеріп  жүрген  бастамашыл  топ 

белсенді  жұмыс  істеуде.  Тіпті,  Рунология  институтын  ашуды  да 

ойлап жүргендер бар. Сіз осы мәселеге қалай қарайсыз ?

– Мен түгелдей қарсымын. Оны айтып жүрген Аманқос Мектептегі 

деген  жігіт  осында  Тіл  білімі  институтында  істеген.  Орхон-Енесей-

Талас өзені бойынан табылған тастар жазуындағы жалпы белгілердің 

саны 100-ге жақын. Ал енді қай тілде 100 таңбасы бар алфавит бар? 

Орхон-Енесей  жазуы  практикалық  жазу  емес.  Ол  ескерткіш  ретінде 

қабылданған жазу. Бұл жазуды қазір кім оқи алады? Екінші бір мәселе, 

бір  дыбыстың  жуан-жіңішке  варианттары  болады.  Әрбір  дыбыстың 

жеке дара таңбасы болуы керек. Ал көне жазуда бір ғана «а» дыбысының 

бірнеше таңбасы бар... Патриоттың да, патриоты бар. Ұлтжанды азамат 

адамның, халықтың өміріне жақын болғаны жөн.

– «Латын қарпіне көшу көп ретте шетте жүрген бауырларымызға 

жақсы болар еді» деген пікірді естиміз. Бұл қаншалықты рас?

–  «Қазақпарат»  қазір  латын  тілінде  интернетте  жаңалықтар 

таратып отыр. Шеттегі қандастарымыз осыны оқып: «Ел жаңалықтарын 

түсініп, оқи алатын болдық. Рахмет!» – деп алғыстарын айтуда. Біздің 

Қытайдағы  қандастарымыз  арабша  жазады,  Қазақстанда  кириллица, 

Өзбекстан  келесі  жылы  түгелдей  латынға  көшеді.  Ол  жердегі  қазақ 

жастары ЖОО-ға түсуі үшін латынша оқуға көшуі керек. Латын жазуы 

жер  жүзінде  халықаралық  фонетикалық  транскрипция  негізінде 

қабылданды.  Қытайдың  өздері  латын  алфавитін  қабылдағысы  келді. 

Бірақ тілдерінің ерекшелігіне байланысты қабылдамай, тек транскрипция 

ретінде қалдырды. Латын тілі – өркениетке бір қадам ілгері жүру ғой 

деп ойлаймын. Бізден басқа мемлекеттер не істеп жатыр? Әзірбайжан 

түгелдей өтіп болды. Көшелерінде қазір кириллицамен жазылған бір де 

бір жазуды байқай алмайсың. Сонда олар бізден ақымақ та, біз ақылды 

болғанымыз ба? Олар ақымақ емес, олар да бір нәрсені біледі.

– Сіздің бүгінгі жасап жатқан еңбегіңіздің барлығы болашақ үшін 

ғой.  Бүгінгі  жастар  Сіздің  идеяңызды  қолдап  жүр  ме?  Жастарға  не 

айтасыз?

– Өткенде латын жазуы жөнінде теледидарда келелі әңгіме болды. 

Сонда мен жастарға қатты риза болдым. Кейбір ағалары түсінбей жүрген 

жерлерін жастар жете түсініпті. Болашаққа деген көзқарастары дұрыс 

екен  деп  қатты  таңырқадым.  Жастар  түсінгенді  ағалары  түсіну  керек 


235

қой. Өткенді көксеу, ностальгия күшті ғой бізде. Болмаса кей ағаларың тура 

жолды табу кезінде, ылги да ши шығарып отырады.

– Әңгімеңізге рахмет. Ши шықпасын деп тілейік!

 «Azamat », 2005.  № 6 (6), 14 сәуір – 21 сәуір 5-б.

(Сұхбаттасқан А. Еркімбай)

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының 

төрағасы Өмірбек Байгелді мырзаға

АШЫҚ ХАТ


«Бірде-бір халық жер бетіңде уақытша өмір сүргісі келмейді – бәрі де 

мәңгілікті қалайды» (бұл – Шыңғыс Айтматов пікірі). «Мәңгіліктің мәңгілігі 

–  әр  халықтың  ана  тілі»  (бұл  Ғабит  Мүсірепов  пікірі).  «Мың  өліп,  мың 

тіріліп» (Жұбан Молдағалиев), егемендік пен тәуелсіздікке енді ғана қолы 

жеткен қазақ халқы да мәңгілікті қалайды және оның ең басты шарты ана 

тілінің мәңгіліктігі деп санайды.

Сондықтан  да,  тағдырдың  тәлкегімен  қоғам  өмірінен  тәрк  етіле 

бастаған қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріп, оны заң арқылы қорғау, 

іргесін бекітіп, қабырғасын қатайту әрбір азаматтың ана тілі алдындағы 

перзенттік  парызындай,  арына  сын  болып  отыр.  Осы  орайда,  Тіл 

саясатының  тұжырымдамасы  жарияланып,  «бір  шоқып,  екі  қарататын» 

кешегі тоталитарлық тәртіптің ауанымен жасалған «Тіл туралы заңның» 

қайта  қаралып,  жаңа  жобасының  Парламентте  талқылануының  өзі-ақ 

рухани-мәдени өміріміздегі елеулі оқиға болып саналады.

Сонымен  қатар,  егеменді  ел  болғанымызға  бес  жыл  толса  да, 

бұрынғы  «Тіл  туралы  заңның»  қағаз  жүзінде,  декларация  күйіңде 

қалып қойғанын өз көзімен көріп отырған қалың жұртшылықтың жаңа 

заңға деген үміті мен күдігі аралас, оған қояр талабы да зор. Соның ең 

бастысы – мемлекеттік тілміздің, басқа өркениетті елдердегідей, өзіне 

қойылатын міндетін еркін атқара алатын толыққанды тіл болуында. 

Ол үшін ең қажетті шарттардың бірі – заңның республикадағы басқа 

тілдердің  бәріне  жақсылық  пен  қамқорлық  жасай  отыра,  мәселен 

жаңа  ғана  қаз  тұра  бастаған  қазақ  тілімен  олардың  бірде-біреуін 

бәсекеге  түсірмей,  текетіреске  салмай  шешу.  Қазақ  тілі  мен  орыс 

тілін  бәсекелестірудің  түбі  неге  апаратыны  баршаға  мәлім.  Ол  – 

«Жапалақты  таспен  ұрсаң  да,  тасты  жапалақпен  ұрсаң  да  жапалақ 

өлетініндей» шындық.


236

Бұрынғы заңымыздың   орындалмай,  тұралап  тұрып  қалуының 

басқа себептері де жоқ емес. Ол үкімет тарапынан қаржыландырылмады, 

сондықтан  да  жетім  баланың  күйін  кешті;  ол  өзін  дүниеге  келтірген 

мәртебелі  мекеме  тарапынан  іздеу  салып,  заң  арқылы  қорғаған 

қамқорлықты  көрмеді;  ол  мемлекеттік  саясат  ретінде  тұрақты  түрде 

идеологиялық қолдау таппады. Сондықтан да мемлекеттік тілді қалың 

жұрт кезінде қуана қарсы алғанымен, оны орыстілділер мойындамады, 

лауазымдылар менсінбеді, іскерлер қажет деп таппады, оған мемлекет 

мән  бере  қоймады.  Соның  салдарынан  мемлекеттік  тілге  деген 

қажеттілік  туған  жоқ,  тілдік  орта  қалыптаспады.  Басқаша  айтқанда, 

мемлекеттік тіл Қазақстан азаматтары үшін өмір-тіршілік құралы болу 

түгіл, қатынас құралы дәрежесіне де көтеріле алмай келеді.

Қолға  бұғау,  аяққа  тұсау  болып  келген  осы  бір  себептер 

қабылданатын Тіл туралы жаңа заңымызда ескерілмесе, оны реттеудің 

нақты шаралары белгіленбесе, оның да бұрынғы заңдай, қағаз жүзінде 

қалғаны қалған.

«Тіл туралы заңның» жаңа жобасының Парламент мәжілісінде дау-

дамай тудырған мәселесінің бірі – қазағы бар, орысы бар, лауазымды 

адамдардың мемлекеттік тілді меңгеру мерзіміне байланысты шешім: 

қазақтар үшін – 5 жылдың, орыстілділер үшін – 10 жылдың белгіленуі 

(22-бап).

Осыған  орай,  біздің  мәртебелі  Сенаттан  өтінетініміз:  аталмыш 

заңның  Мәжіліс  мақұлдаған  жобасын  қарағанда,  жоғарыда  айтылған 

жалпы ескертпелерімізбен қатар, мемлекеттік тілді меңгеру мерзіміне 

де ерекше көңіл бөлсеңіздер екен! Бұл мәселеге байланысты Парламент 

тарапынан жасалып отырған кейбір компромисстің мән-жайы біз үшін 

түсінікті болса да, мұндайда сезімді логикалық пайымға бойсұндырып, 

парасаттылықпен шешкен абзал болар еді.

Бұл  туралы  өз  пікірімізді  дәлелдеп  көрейік.  Біріншіден,  өзін 

«қазақпын» деп санайтын, Қазақстанда туып-өскен, тегі, заты қазақтар 

үшін өз тілін үйренуге табаны күректей 5 жыл, ал, орыстілділер үшін 

(олар  тек  орыстар  ғана  емес,  орыс  тілінде  еркін  сөйлейтін  басқа  ұлт 

өкілдері де болар) 10 жыл қажет пе?

Бұл  шешімнен  біз  өмір  деп  бір  заңдылықты,  не  өркениетті 

елдердің тәжірибесінен алынған үлгі-өнегені көріп отырғанымыз жоқ. 

Тіл  үйренуге  табиғи  қабілеті  ерекше  жандарды  есептемегенде,  орта 

қол азаматтың кез келгені ана тілін де, ана тілінен басқа екінші тілді 

де  қатынас  құралы  ретінде  (оқу,  жазу,  сөйлеу,  түсіну  дәрежесінде) 


237

үйрену үшін арнайы шұғылданса, көп болса екі жыл, әйтпесе, бір жыл 

толық  жетіп  жатыр.  Бұл  әлемдік  тәжірибеден  белгілі.  Үшінші  және 

төртінші тілдерді үйрену мерзімі олар үшін қысқара бермекші Ал ұзақ 

жылдардан бері мемлекеттік тілді үйренуін талап етіп отырған мемлекет 

құрылымындағы  шенеуніктер,  лауазымды  басшылар,  логикалық 

пайым бойынша, қабілетті, сауатты, тепсе темір үзетін жастар мен орта 

жастағылар ғой, олардың арасында миғұла адамдардың болуы мүмкін 

емес.

Сондықтан,  бойында  күш-жігері,  қабілеті,  ұлттық  намысы  бар, 



мемлекеттік тілге деген құрметі, ниет-ықыласы және талпынысы бар 

орыс,  қазақ  азаматтарына,  өмірдің  анау-мынау  жағдайларын  ескеріп, 

уақытты кең-молынан «пішкеннің» өзінде де қазақтар үшін 2-2,5 жыл, 

орыстілділер үшін 5 жыл толығымен жетіп жатыр деп ойлаймыз.

Екіншіден, «5 және 10 жылдан кейін мемлекеттік тілді білу кімге 

қажет және не үшін қажет?» деген заңды сұрақ туады. Шынында да, 

заңымыз  соншама  көлгірсіп,  жалпақшешейлікке  салынғанда,  кімнің 

жағдайын  ойлап,  кімнің  мүддесін  көздемекші:  мемлекеттік  тіліміздің 

бе, жоқ, әлде жеке лауазымды адамдар мен шенеуніктердің бе?

Егер біз бұл мәселені тек жеке адамдар тұрғысынан шешетін болсақ, 

онда  олардың  ұпайы  түгел  болмақ,  өйткені  мазалайтын  уақыттың 

ауылы алыста жатыр да, ал, мемлекеттік тіл болса, өз қажеттігін таба 

алмай өмір сүрер тілдік ортасын жасай алмай, баяғы таз қалпында қала 

бермекші.

Олай  дейтін  себебіміз:  1)  алдында  5  және  10  жыл  «запасы»  бар 

лауазымды  азаматтар,  пендеуи  психология  бойынша,  бергісі  4  жыл, 

арғысы 8-9 жыл өтпейінше, «е, несіне асығамыз, әлі-ақ үлгереміз!» деп, 

өзін бейғам ұстайтын болады; әлі де креслода отыра беретіндер үшін 

«тіл  үйрену  қарбаласы»  бір  жыл  қалғанда  ғана  басталуы  мүмкін;  2) 

осыған  орай,  лауазымды  қазақ  азаматтардың  55-ке  келгендерінде,  ал 

орыстілділердің 50-ге келгендерінде тіл үйренуден гөрі, зейнеткерлік 

көбірек түсіне кіретін болады.

Қысқасы,  айта  берсе,  тіл  үйренбеудің  мұндай  себептері  көп-ақ. 

Мемлекеттік тілді мемлекет өміріне араластыруды әртүрлі себептермен 

соза түссек, ол соғұрлым әлсірей түседі.

Еліміздің  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  таяуда 

теледидар  арқылы  қалың  жұртшылықпен  сұхбаттасу  барысында: 

«мемлекеттік  тілімізді  Қазақстан  азаматтары  түгел  құрметтеуге  тиіс, 

мемлекеттік шенеуніктер оны үйренуге міндетті» деген пікір айтты. Тіл 


238

саясатының тұжырымдамасы жарияланып, Тіл туралы жаңа заң жобасы 

талқылану қарсаңында айтылған бұл пікір барша тіл жанашырларының 

тіл  болашағына  деген  үміт-сенімін  арттыра  түсті,  жүрегін  қуанышқа 

бөледі.

Сонымен  қатар,  Елбасымыз  «Батпандап  кірген  ауру  мысқалдап 



шығады» деген халық даналығын тілге тиек ете отырып, ұзақ жылдардан 

бері ауыр дертке шалдыққан тіл проблемасын бір сәтте, тіпті бір жылда 

шешіп тастау қиын екенін де ескертті.

Шынында  да  солай.  Дей  тұрғанмен,  асқынған  дерттің  бетін 

қайтарып, тоқтату үшін медицина тәжірибесінде шұғыл шара ретінде 

интенсивті  терапия  қолданатыны  да  бар  емес  пе?  Тіліміздің  дерті 

де  осыңдай  бір  шұғыл  әрекетті  талап  ететін  сияқты.  Осы  тұрғыдан 

алғанда, 5 жыл мен 10 жыл мемлекеттік тіліміз үшін тиімді «ем» бола 

қояр ма екен? 

Мәртебелі  Сенаттан,  міне,  осы  мәселе  жайында  ерекше  ойлана 

түсуді өтінемін!

 

«Ана тілі», 05.12.1996

«Тіл туралы заңның» мемлекеттік дәрежеде 

орындалуы қалай жүргізілуде?

–  Қазақ  тілін  оқытудың  тиімділігін  арттырып,  тиісті 

нәтижелерге қол жеткізу үшін не істеу қажет?

–  Бұл  –  көкейкесті  үлкен  проблема.  Әрбір  мәселенің  мақсаты, 

міндеті болады десек, алдымен қазақ тілін кімге, қашан үйрету керек 

деген сұрақ төңірегінде ойлануымыз қажет. 

Жас  ерекшелігіне  орай  өз  арна-ағымымен  жүре  келген  әр 

түрлі  процестер  негізінде  бала  14-15  жасында  тілінің  тиісті,  негізгі 

нормаларын толық меңгеріп шығады деуге болады. Осындай жағдайда 

–  ана  сүтімен  ауызданып,  ана  әлдиімен  тербеліп  өскен,  ана  тілінде 

алғаш сөз айтқан балаға бір түрлі талаптар қойылып, бір түрлі оқыту 

әдістері қолданылса керек. Осыдан шығатын қорытынды – төрт түлікті 

тек кітап, теледидар беттерінен қызықтап, ауыз әдебиеті мұраларының 

әңгімеленіп,  шертілуін,  мақам-мәнерін,  бар  сұлулық  ерекшелігіне 

қанбай, асық ойнап, ат мінбей, ата алдын көрмей өскен, ойлауы, түсінуі, 

ұғымы өзгеше қала баласына басқа түрлі әдістер қолданылғаны тиімді 

болары анық. 

Бүгінгі таңда (майдалап айтқанда): қазақтардың 15%-і өз ана тілін 

мүлде білмейді, 25%-і шала біледі, 60%-і біледі (біледі деуге жетеғабыл). 


239

Мен кейінгі кезде жиі естіліп жүрген «ағылшын тілі мектептерде 

2 сыныптан бастап оқытылса» деген пікірге үзілді-кесілді қарсымын. 

Рас, бұл жаста бала айтқаныңды тез қағып алып, оңай үйреніп кетер, 

алайда бұның ана тілін толық меңгеріп, біліп шығуына залалы тиеді. 

2-3  тілдерді  5  сыныптан  ары  қарай  оқыту  керек  (орыс  тілін,  мүмкін, 

3  сыныптан  ары  қарай  енгізуге  болар,  өйткені  бұл  тіл  қолданыста 

болғандықтан бала оны азды-көпті игере бастайды). Оған дейін қазақ 

тілі жан-жақты, толық оқытылып, үйретілуі тиіс.

– Тіл туралы Заңның шын мәнінде жүзеге асуы қандай мәселелерге 

байланысты деп ойлайсыз?

Кез келген заңның орындалуы, онда қарастырылған мәселелердің 

жүзеге асырылуы талап етілуі тиіс. Сондықтан 1) Заң шығарушы орган 

(парламент) сол заңның орындалуын ең бірінші кезекте өзі талап етіп 

отыруы керек; 2) оның орындалуы көбіне (немесе, негізінен) қаржыға 

байланысты болғандықтан (айталық, үлкен жиындарда, т.б. өзге тілді 

қатысушыларды ілеспе аудармамен қамтамасыз ету үшін соған сәйкес 

аппараттардың  болуы  т.с.с.),  сол  заңды  орындаушы  өкімет  көп  көңіл 

бөліп,  әсіресе,  мемлекет  бюджетінен  қаржы  бөлу  жағы  қарастырылып, 

өкімет  деңгейіндегі  назарда  болуы  қажет;  3)  Мемлекетке  аты  берілген 

ұлт тілінің дамуы қажет. Сондықтан бұл іс (яғни заңның орындалуы, іске 

қосылуы)  сол  мемлекеттік  «Тіл  туралы  заңның»  өмірде  қолданыс  табу 

формалары,  әдістері  және  принциптері  қарастырылған  бағдарламалар 

арқылы жүзеге асырылуы тиіс, әрі бұл процесте тіл мамандары өздерінің 

қомақты үлесін қосуға міндетті; 4) тіл қажеттігін, оны білудің міндеттілігін 

ұйымдастыру, қолданылу аясын кеңейту. Мысалы, жалпақ тілмен айтсақ, 

белгілі бір мекеме, кәсіпорындарда т.б., тіл білмесең (мемлекеттік тіл – Ә.Қ), 

бұнда жұмыс істемейсің делінсе, жағдай басқа болар ма еді?!. Әрине, саясатқа 

байланысты, экономикалық, нарықтық т.б. қатынастар тенденциясына орай 

мемлекеттік тіл қажеттігінің талап етілуі осылай болған болса деген пікір 

негізсіз  емес.  Президенттің  басшы  орган  қызметкерлерінің  мемлекеттік 

тілді  білу  міндеттілігін  Конституцияда  қарастыруы  және  соның  ізімен 

жүруі, ұстануы (мысалы, жақында президенттікке кандидат 7 адам қазақ 

тілінен емтихан тапсырған болатын) – маңызды қадам; 5) қажетті, тиісті 

тілдік ортаны қалыптастыру, яғни, қазақ тілінде сөйлесіп, ұғысу, әсіресе, 

қазақ  пен  қазақ  қазақша  сөйлесу  керек,  сонда  осыны  көрген  өзге  ұлт 

өкілдері де осы бағытта «бет бұрары» анық; 6) Мемлекеттік тілді оқып-

үйрену  әдіс-тәсілдері  мен  құралдарын  бұрынғыға  қарағанда  барынша 

тиімді оқыту әдістерін жасау: қазақ оқушысы үшін (ана тілін білу деңгейіне 


240

орай)  нюанстар  ескерілген  бағдарламалардың  болуы;  компьютерлік  әдіс, 

жеделдетілген курс т.б. жасалуы қажет. Әрине, бұл мәселелердің де қаржы 

шешетінін естен шығармау керек; сонымен бірге, бұл мәселеде демографиялық 

фактордың алар орны ерекше. Өзге мемлекеттердегідей (Өзбекстан, Балтық 

жағалауы елдері) емес, республикадағы негізгі ұлт – қазақтардың саны осы 

республикада  тұратын  басқа  ұлттармен  салыстырғанда  50%-тен  енді-енді 

ауа бастаған жайы бар. Осыны ескерсек, қазақтың тіпті қазіргі жағдайда әр 

түрлі жиындарда алқалы топ алдында «ойымды қазақша жеткізуге рұқсат 

етіңіздер»  деп  жалтақтап  тұруы  заңды  құбылыс  еді.  Олай  болмасы  үшін 

ілеспе аудармамен қамтамасыз ету қажет.

«Өрлеу», 1999. №1.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет