Мақалалар, баяндамалар жинағы



Pdf көрінісі
бет38/45
Дата22.12.2016
өлшемі3,09 Mb.
#25
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45

шөре болуы сөзсіз. Міне, бұл тәуелсіз мемлекетіміздің болашағына сын, 

өркенитетті  ел  болуына  нұқсан  келтіргені  келтірген.  Егер  Қазақстан 

Республикасы  латын  әліппесіне  көшу  туралы  шешіп  қабылдап,  үш 

миллионнан  астам  қазақ  диаспорасын  рухани,  мәдени  ынтымаққа 

шақырып  жтса,  ал  ондағы  бауырларымыз  бұл  игілікті  іске  ықылас 

білдірсе,  күндердің  күнінде  бір  жазулы  ұлтқа  айналуымыз  да  ғажап 



431

емес.  Құзырындағы  халықтардың  жазуын  өзгерту  әрбір  мемлекеттің 

ішкі ісі екендігі де бізге белгілі. Ол сол елдің заңына, ұлттық дәстүріне 

байланысты.  Мәселен,  Қытай  Халық  Республикасының  «Негізгі 

заңының» 4-тармағында: «Ұлттардың барлығына да өздерінің тіл-жазуын 

қолдану және дамыту еркіндігі беріледі» деп көрсетілген екен. Демек, 20 

жылдай пайдаланып келген латын жазуына қайта оралу, оралмау ҚХР 

құзырындағы миллионнан астам қазақ туыстарымыздың өздеріне ғана 

байланысты ма деп ойлаймыз. 

8. Жер жүзі өркениетті елдердің барлығы өздерінің жазу мәдениетін 

компьютер техникасы арқылы дамытып отырған бүгінгі таңда мұндай 

болашағы зор мүмкіншіліктен біздің де толық пайдалануымыз керек. Ал 



бұл техниканың тетігі латын жазуында екені айдый әлемге белгілі. 

Сондықтан да латынды қабылдау деген сөз – болашақпен санасу. 

  9.  Латын  әліппесіне  көшудің  нақты  жолдары  мен  әліппенің  өзі 

туралы да жұрт білгісі келеді. 

 Біріншіден, бұл мәселе үкімет тарапынан ресми шешілуі қажет және 

жаңа  әліппеге  көшу  жан-жақты  дайындықтан  соң,  біртіндеп  (этаппен) 

және  бірнеше  жылдың  ішінде  арнайы  бағдарлама  бойынша  жүзеге 

асырылуы тиіс. 

  Екіншіден,  қазақтар  да,  басқа  түрк  туыстарымыз  сияқты,  ұлттық 

жазуын  –  «Қазақ  әліппесін»  –  Анкара  конференциясында  қабылданып, 

Англиядағы  жер  жүзі  түркі  халықтарының  Құрылтайында  бірауыздан 

бекітілген  жобадағы  34  әріптен  тұратын  латын  әліппесінің  негізінде  өз 

тілінің ерекшеліктеріне сай етіп түзуге тиісті. Негізінен, «бір дыбысқа – бір 

таңба» деген принцип бойынша қазақ тілі үшін алынатын әріп-таңбалардың 

саны мамандар тарапынан айқындалуға тиіс. Бірақ әріптердің жалпы саны 

34-тен  аспауы  керек  те,  түр-тұлғасы  өзгермеуі  керек.  Қазақ  тілінің  өзіне 

ғана  тән  фонемаларды  таңбалайтын  әріптерден  басқа  шетел  сөздерінде 

кездесетін  графемаларды  Қазақ  әліппесінде  алу,  алмау  немесе  оларды 

қосарлы таңбалар арқылы беру мәселесі де арнайы комиссияда шешілгені 

жөн. 


Латын  әліппесінің  осы  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  біз  жоғарыда 

келтірілген  түрк  тілдеріне  ортақ  34  әріптен  тұратын  әліппеден  қазақ  тілі 

үшін мына төмендегі 28 таңбаны ұсынамыз:

 Aa, Bb, Dd, Ee, Әә, Gg, Ii, Jj,Kk,Qq, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Rr, Ss, Tt, Uu, 

Ww, Yy, Zz

Бұл әріптердің ішінен екеуін – (Әә) мен taw, jaw, suw, buw, puw, juwan, 

duwman  сияқты  сөздерде  кездесетін  дауыссыз  (Ww)-ның  қазақ  тілі  үшін 


432

қажеттігін дәлелдеп, әліппе жобасына енгізсек те, дәл осы принцип бойынша 

(Оо)-ні,  (Өө)  түрінде  қабыладата  алмаған  едік.  Бұл  тәрізді  мәселелерді, 

сондай-ақ  алфавит  тәртібін  анықтай  түсуге  комиссияның  мүмкіншілігі 

болар деп ойлаймыз. 

Ортақ латын әліппесі жобасының толық кестесі мен болашақ «Қазақ 

әліппесімен» жазылған хат үлгісі ретінде ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың 

екі шумақ өлеңі хат соңында келтірілді.

10.  Кез-келген  әліппенің  тағдыры,  тілде  атқаратын  қызметі,  сайып 

келгенде,  жазу  емлесіне  тікелей  қатысты.  Сондықтан  да  қазақ  тілі  үшін 

латын  әліппесін  қабылдаумен  қатар,  бұл  мезгілде  оның  емле  ережелерін 

де  дайындау  қажет.  Өйткені,  әліппенің  жаны,  өмірі,  барлық  мүмкіншілігі 

тек емле арқылы ғана айқындалады. Латын әліппесінің басты бір қасиеті 

емленің дыбыстық (фонетикалық) принципіне сай және сөйлеу тіліміздің 

өзіндік ерекшеліктерін толығырақ бере алуында. Бұл да ескерілетін маңызды 

мәселе. 


Құрметті президент мырза! 

Қорыта келгенде айтарымыз – бірнеше ұсыныс:

 1. Терезесі тең тәуелсіз мемлекеттер қатарында, қоғамдағы прогрессивті 

үрдісті,  замана  талабын  және  тілдің  өз  қажеттігін  ескере  отырып,  қазақ 

мемлекеттік ұлттық жазуына негіз етіп латын әліппесін қабылдауға ұйғарым 

шығарсаңыз. 

  2.  Мемлекеттік,  саяси-әлеуметтік,  ғылыми-практикалық  маңызы  зор 

бұл мәселені өз дәрежесінде және дұрыс шешу үшін бұл істің мәніне терең 

түсінетін тәжірибелі мамандар мен парасатты зиялылардан (25-27 адамнан 

тұратын) Мемлекеттік комиссия түзіп, ол белгілі мерзім ішінде ҚР Жоғарғы 

Кеңесіне өз ұсыныстарын тапсыратын болса. 

 3. Латын әліппесі негізіндегі қазақ жазуының жобасымен қатар 

оның  емле  ережелерінің  жобасы  да  жасалып,  олар  бойынша  кең 

түрде  пікір  алысу  үшін  Мемлекеттік  комиссия  тарапынан  баспа 

беттерінде жарияланса.

  4.  Латын  әліппесі  негізіндегі  қабылданатын  жазу  мен  емлені 

біртіндеп,  жоспарлы  түрде  жүзеге  асыру  мақсатымен  көп  жылдық 

бағдарлама жасалынатын болса.

 Magjan Jumabayuli

Qazaq tili

 Erlik, eldik, birlik, qayrat, bag, ardin,

Jawiz taqdir joidi bәrin ne bardin.

 Altin kunnen bagasiz bir belgi bop,


433

 Nurli juldiz, BABAM TILI, sen qaldin.

Jariq hөrmey jatsan da uzaq, ken-tilim,

Taza, teren, өtkir kusti ken tilim;

Tarap ketken balalarindi bauirina 

Aq qolinmen tarta alarsin sen tilim!



 «Ана тілі», 30 желтоқсан 1993 ж.

Түркілер алфавитінде – қазақтың «ә» әріпі

  Наурыздың  8-10-ында  Түркияның  Анкара  қаласында  6  түркі 

мемлекетінің    бірлесіп    өткізген    түркі  халықтарына  ортақ  әліппе 

және  емле  мәселелері  туралы  конференция  болды.  Оған  Қазақстан 

Республикасы  Сыртқы  істер  министрінің  орынбасары  Сайлау 

Батырашұлы,  Қазақстан  ұлттық  ғылым  академиясы  Тіл  білімі 

институтының  директоры  Әбдуәли  Қайдаров  пен  осы  академия 

жанындағы  шығыстану  орталығының  директоры  Ерден  Қажыбеков 

қатысты. 

 - Конференцияны Түркия Сыртқы істер министрлігі құзырындағы 

түркі  қарым-қатынас  және  жаңғыру  агенттігі  ұйымдастырды,  -  деді 

конференциядан  оралған  академик  Ә.  Қайдаров  ҚазТАГ  тілшісімен 

әңгімесінде.  –  Оған  Түркияның  өзінен  Зейнеп  Қорқпас,  Әбдірахман 

Гузел,  Мәкмет  Сарай,  Әзірбайжаннан  –  профессорлар  Афат  Курбанов 

пен Кемал Абдуллаев, Өбекстаннан – профессор Жаппар Гөкленов, Анна 

Гулс, Қырғыстаннан – Қырғызстан Республикасы премьер-министрінің 

орынбасары Әбдіғани Еркебаев пен мемлекеттік кеңесші Сағжан Жігітов 

сияқты мемлекет қайраткерлері мен тіл мамандары қатысты. 

 - Мұндай конференция алғаш рет өткізілмеген болар, оның қандай 

да бір тарихи негізі бар шығар?

 - Жалпы түркілердің о баста тұтас бір халық болып, кейін әртүрлі 

себептерге байланысты ұсақ ұлыстарға бөлініп кеткендігін дәлелдейтін 

негіз  мол.  Тұрмыс-салты  да,  тілі  де  ұсақ  туысқан  халықтардың  басын 

біріктіруді көптеген қайраткерлер арман етті. Соның бір көрінісі – 1926 

жылы Бакуде өткен Түркологтардың дүниежүзілік тұңғыш құрылтайы. 

Онда  түркілердің  басын  біріктіріп,  ортақ  алфавит  қабылдау  мәселесі 

қаралды.  Алайда  қазақ  елінің  делегациясын  бастап  барған  Ахмет 

Байтұрсыновтың араб алфавитіне көшу туралы ұсынысы өтпей қалып, 

түркі  мемлекеттерінң  жазуын  латын  тіліне  көшіру  туралы  шешім 

қабылданды.  Сөйтіп,  латын  әрпіне  бірінші  болып  әзірбайжандар, 

қырғыздар және ұйғырлар өтті, ал қазақтар оны 1929 жылы қабылдады. 


434

Ізгі ниет жолында түрік көсемі Кемал Ататүрік көп еңбек сіңірді. Араб 

мәдениеті  мен  сөздерін  бойына  неғұрлым  тереңірек  сіңірген  түрік  елі, 

қанша  болса  да,  бұл  іске  барды.  Сөйтіп,  1978  жылы  Ататүрік  өз  елін 

латын алфавитіне көшіру туралы шешімге қол қойды. 

 Жоғарыда аталып өткен алты мемлекеттің әрқайсысы конференцияға 

латын  тіліндегі  алфавиттерімен  келді.  Сол  6  алфавиттен  жалпы  түркі 

халықтарына  ортақ  34  әріптен  тұратын  бір  алфавит  жасадық.  Оны  үш 

күн  бойы  талқыладық.  Барлық  тілдердің  ерекшелігі,  ұлт  өкідерінің 

ұсыныстары  мұқият  қаралды.  Ортақ  алфавитке  34-інші  әріп  менің 

ұсынысыммен  қосылды.  Ол  –  «ә»  әрпі.  Өйткені,  кейбір  түркі  тілдес 

халықтардың тілінде «ә» әрпі жоқ болып шықты. 



  -  Түркілердің  ортақ  алфавиті  қабылданды,  ал  енді  оған  көшу 

барысы қалай?

 - Оны Әзірбайжан мемлекетінің ресми түрде қабылдағанына 2 жыл 

өтті. Түрікмен алфавитін латын әрпіне көшіруді 1994 жылға дейін аяқтау 

туралы республика президенті С.Ниязовтың қаулысы шықты. Бұл мәселе 

жөнінде  Қырғызстан  мен  Өзбекстанда  тіл  мамандарынан  құрылған 

арнайы  комиссия  тек  республика  Жоғарғы  Кеңестерінің  шешімін  ғана 

күтіп отыр. 

  Бұл  жерде  біз  «ала  қойды  бөлек  қырықпау»  керек  екенін,  латын 

алфавитіне  көшудің  өмірлік  қажеттіліктен  туып  отырғанын  түсінуіміз 

қерек. Жаңа жазу қабылдап отырмағанымызды, халқымыздың өзі бұрын 

пайдаланған алфавитті қайта жаңғыртпақ ниетімізді қазақстандықтарға 

баса айтқанымыз жөн. Бүкілтүркіні былай қойғанда, қазақтардың өзінің 

әлі күнге дейін ортақ алфавиті жоқ. Мәселен, қытай мемлекетінде тұратын 

1,5 миллиондай қазақ араб әрпін пайдаланады. Ол жақтың филологтары 

қазір Қазақстаннан шыққан 10 томдық фразеологоялық сөздікті аудару 

үстінде.  Былай  қарасаң,  қаншама  шығын.  Ал  егер  алфавит  тұтастығы 

болса,  мұндай  шығынға  батпас  еді.  Енді  осы  бір  кішкене  мысалды 

ортақ алфавиті жоқ бүкіл түркі тілді халықтарының сарп етіп отырған 

шығынымен салыстырып көріңізші – ол теңіздің бір тамшысындай ғана 

емес пе? Тағы бір назар аударатын мәселе, латын әрпіне көшу процесінің 

бірден жүзеге асыра салатын оңай шаруа еместігі. 



 - Қазақстан латын әрпіне көшкен жағдайда республикада тұратын 

басқа халықтың өкілдері де осы алфавитті пайдалана ма?

 - Конференция соңынан бізді Түркия мемлекетінң Премьер-министрі 

Сүлеймен Демирел қабылдап, сұхбаттасты. Түркі халықтарының басынан 

өткен  тарихты  саралай  келіп,  ол,  латын  әрпіне  көшу  әр  мемлекеттің 


435

өзінің ішкі саясаты, бұл орайда түріктер гегемондық рөл атқармайтынын, 

бірақ ізгі ниет жолында баспахана, компьютер сияқты қажетті бұйымдар 

жағынан мемлекет тарапынан туысқан республикаларға көмектесу ниеті 

барын  білдірді.  Латын  алфавитінің  дүниежүзінде  кең  таралғандығы, 

оның  мәдениеті  мен  экономикасын  біліп,  үйренуге  қолайлы  жағдай 

туғызғандығы айтылды.

«Жас алаш», 19 наурыз 1993ж. 

(Сұхбаттасқан М. Қайыңбаев)

Жаңа қазақ әліпбиі Латын графикасының қай қарпін 

таңдаймыз? Бұл ойланып шешетін ортақ іс

Латын графикасы негізінде қазақтың ұлттық жазуын қалыптастыру 

мәселесінің сөз болып жүргеніне де жеті жылдан астам уақыт өтіпті. 

Бұл  мәселе  жөніндегі  айтылатын  ой-пікірлер  мен  ортаға  салатын 

ұсыныстардың  бәрі  болмаса  да,  біразы  айтылып  болған  сияқты. 

Қазақтың ұлтжанды азаматтары мен зиялы қауымы дәл бүгінге дейін әліпби 

жөнінде жиырмадан астам жоба-үлгілерін ұсынып, баспа бетінде жариялап 

та үлгерді. Мұның бәрі осынау бір игілікті істің қазақ топырағында да жүзеге 

асырылуына қалың жұрттың белсене атсалысуын көрсетеді. 

Алайда,  бізге  латын  жазуын  қабылдаған  жағдайда  қазақ  тілі  үшін 

ойланып-толғанып  жасалған,  мақсат-мүддемізге  сай,  тіліміздің  өзіндік 

табиғатына  сәйкес  және  бүгінде  бүкіл  әлемде  қарқындап  дамып  отырған 

компьютерлік жүйеге оңтайлы бір-ақ жоба қажет. Ал, ондай төрт аяғынан 

тік  тұрған  әліпби  жобасы  дүниеге  бірден  келмейтіні  баршамызға  белгілі. 

Дегенмен, латын мәселесіне байланысты адам өміріндегі кейінгі бір серпіліс, 

“жатқан тастың астына су бармайды” дегендей, зиялы қауым тарапынан да 

бір пәрменді әрекеттің қажет екенін көрсетіп отыр. Кейде мәселені бастау 

қиын. Ал, бір басталған істі аяусыз тастау одан да қиын. Қазақстанда латын 

мәселесінің ресми түрде сөз болғанына да біраз жыл өтті. Елбасымыздың 

тапсыруымен үкімет тарапынан да біраз шаралардың істелгені рас. Бірақ олар, 

өкінішке орай, әлі нәтижесіз. Бұл туралы біз өз пікірімізді газет бетінде де 

айтқан едік (Қар. Жеті жыл жыр болған жазу жайында...// Егемен Қазақстан, 

16 маусым, 2000ж.).

Енді,  міне,  осы  бас  газетіміздің  ұсынысы  бойынша  кейінгі  жылдары 

дүниеге  келген  көптеген  жоба-үлгілердің  бірі  ретінде  мен  өз  тарапымнан 

кезінде  (1993ж.)  газет  бетінде  жарияланған  Латын  әліпбиінің  қазақ  тіліне 

ыңғайланған  жобасын  (кейбір  өзгерістермен)  қайта  жариялап,  тағы  да 

жұртшылықтың назарына ұсынуды жөн көрдім.



436

Алайда, мен “бұл жоба басқа жобалардың ішіндегі ең жақсысы!”  деген 

пікірден  мүлдем  аулақпын.  Бұл  жоба  туралы  да  сын-пікірлердің  айтылуы 

сөзсіз. Бірақ пікір таластырып, сын айту үшін де, нақтылы ұсыныс беру үшін 

де тілге тиек етер жұртшылық қолында бір “үлгі” болу керек сияқты.

Осы  мақсатпен  ұсынылып  отырған  жобаның  өзі  туралы  елге  айтып, 

алдын ала ескертетін біздің де бірер пікіріміз бар. Олар мыналар:

1. Бұл жоба 1993ж. ірі алты түркі мемлекетінің (Түркия, Әзербайжан, 

Өзбекстан,  Қазақстан,  Қырғызстан,  Түркіменстан)  өкілдері  бас  қосқан 

Анкара қаласында өткен құрылтайда қабылданған 34 әріптен тұратын ортақ 

әліпбиге сәйкес алынып отыр. Бұл - барлық түркі тілдеріне бірдей қойылатын 

талап. Одан ауытқуға болмайды.

2. Жоба, көріп отырғаныңыздай, 9 дауысты, 19 дауыссыз дыбысты 

белгілейтін  барлығы  28  латын  әрпінің  таңбасынан  тұрады.  Бұл 

әріптердің  бәрі  “бір  дыбысқа  -  бір  әріп”  принципін  қатал  сақтауға 

байланысты алынған компьютер жүйесіндегі негізгі 21 (a, b, d, e, g, i, j, 

k, q, l, m, n, o, p, r, s, t, u, w, y, z) таңбадан және сол компьютер кодында 

бар диакритикалық белгілерді  пайдалану  арқылы  алынған қосымша 

7 (a

Латин әліпбиі



Баспа түрі

Латын әліпбиі

Жазба түрі

Кирилл 


әліпбиі

Әріптердің аталуы



1

А  а

А  а 

а

2

A

Ә ә

ә

3

B  b

В  в

бы

4

D  d

Д  д

ды

5

Е  е

Е  е

е

6

G  g

Г  г

гі

7

Ğ  ğ

Ғ  ғ

ғы

8

Ї ї

Ы  ы

ы

9

İ і

І і

і

10

Ј j

Ж  ж

жы

11

К  к

К  к

кі

12

Q  q

Қ  қ

қы

13

L  l

Л  л

лы

14

M  m

М  м

мы

15

N  n

H  н

ны

16

Ň  n

Ң ң

ың

17

О  о

О  о

о

18

O

Ө ө

ө

19

Р  р

П  п

пы

20

R  r

P  p

ры

21

S  s

C  c

сы

437

22

S

Ш  ш

шы

23

T  t 

Т  т

ты

24

U  u

Ұ ұ

ұ

25

U

Ү ү

ү

26

W  w

У  у

у

27

Ү y

Й  й

ій

28

Z  z

З  з

зы

«Егемен Қазақстан», 2000. 26 шілде

Латын әліпбиі ауызбірлікті күшейтеді

Мемлекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халқына  арнаған 

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 

бағыты»  Жолдауында  қазақ  әліпбиін  латынға  ауыстыру  мәселесіне 

тоқтала  келіп:  «Біз  2025  жылдан  бастап  әліпбиімізді  латын  қарпіне, 

латын  әліпбиіне  көшіруге  кірісуіміз  керек.  Бұл  –  ұлт  болып  шешуге 

тиіс  принципті  мәселе»  деген  болатын.  Ал,  жаңа  жыл  қарсаңында 

отандық  жетекші  телеарналар  өкілдерімен  кездесу  кезінде:  «Латын 

қарпі бізге дүние жүзінің халқымен, әлемнің ғылыми-білімімен қарым-

қатынас үшін керек. Егер латын әліпбиін енгізуге ақылмен келе алсақ, 

біз компьютер тіліне көшеміз, балаларымызға және бізге экономикалық 

және ғылыми кеңістікке енуге оңайырақ болады. Бұдан қашып құтыла 

алмаймыз, бұл – келешектің талабы. Сондықтан біз осыған ұмтылуға 

тиіспіз. Бірақ, бұл мақсатқа біз үлкен сарабдалдықпен, байыптылықпен 

келуіміз керек», - деп атап көрсетті.

Бірден  айтып  өтейін,  Қазақ  елі  жарты  ғасыр  уақыт  бойында 

мәжбүрлі  түрде  қолданылып  келген  кириллицаны  қазақ  тіліне 

икемдірек  латын  әліпбиіне  ауыстыруға  байланысты  Елбасының 

шешімін естігенде, өз басым оны аса зор қуаныш үстінде қарсы алдым. 

Өйткені, барлық саналы ғұмырын қазақ тілінің өркендеуі мен дамуына 

арнаған тілтанушы ғалым, ғылым саласының қайраткері ретінде мұндай 

шешімге  келудің  жауапкершілігі  мен  қиындығын  басымнан  өткердім 

және бұл мәселені бір адамдай жақсы білемін. Сондай-ақ, осы мәселені 

елімізде  тұңғыш  (1992  ж.)  көтеруші  тіл  маманы  ретінде  де,  әліпби 

проблемасына  арналып  өткен  өзіміздегі  және  өзге  елдердегі  көптеген 

конференцияларға қатысып, соның ішінде, әсіресе, 1993 жылы Түркия 

мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі ұйытқы болып, ең ірі алты түркі 

мемлекетінің (Түркия, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан 

және  Түрікменстан)  басын  қосқан  Анкарадағы  әйгілі  конференцияға 


438

қазақ делегациясын бастап барып, барша түркі халықтарына ортақ бола 

алатын латын әліпбиінің жобасына қол қоюшылардың бірі ретінде де, 

бұл - мен үшін өте маңызды оқиға болып есептеледі.

Еске сала кетсек, бұрынғы КСРО кеңістігінде жасайтын 30-ға жуык 

түркі  халықтары  үшін  жазу,  әліппе  мәселесі  1926  жылдан  бері  дұрыс 

шешімін таба алмай келе жатқан күрделі де жауапты проблемалардың бірі 

еді. Әр кезде қолданыста болған (орхон, араб, латын, кирилл) жазулардың 

ішінен  бүгінгі  заман  талабына  сай,  әрі  қолайлы,  әрі  ортақ  жазу  сайлап 

алуға байланысты түркі халықтары арасында кейінгі кезде қайта өріс ала 

бастаған  қоғамдық  үрдістің  барысын  бағамдап  қарасақ,  жұртшылықтың 

ықылас-ниеті көбіне-көп латын әліпбиіне ауып отырғанын айқын көреміз. 

Мәселен, ТМД кеңістігін мекендейтін түркі халықтары ішінде әзірбайжан, 

өзбек, түрікмен, қырым татарлары мен гагауыздар латын жазуын қабылдап, 

қолданысқа енгізіп үлгерді. Ал, қырғыз, татар, башқұрт, қарашай, балқар, 

сақалар  арасында  бұл  мәселе  әлі  де  қызу  талқылану  үстінде  екені  бізге 

жақсы мәлім. Тек Қазақстан ғана барлық түркі елдерінде басталып кеткен 

осы бір қоғамдық үрдіске аса жауапкершілікпен, сарабдал салмақпен қарап, 

соңын күткендей сыңай танытып келген еді.

Шындығында,  жазу-сызуға  реформа  жасау  әр  елде,  әр  заманда 

да  болған.  Әсіресе,  қоғамның  әлемдік  өркениетке,  бүкіл  дүниежүзілік 

қауымдастыққа байыпты бетбұрыс жасаған өтпелі кезеңінде бұл мәселенің 

бірінші  кезекке  шығатыны  тарихтан  белгілі.  Сондықтан,  басқа  түркі 

елдерінде  басталып  кеткен  бұл  қоғамдық  үрдістен  қазақтардың  да  сырт 

қалуы  мүмкін  емес  болатын,  өзге  түркі  халықтарының  соңында  болса 

да, ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір әліпби мәселесін шешетініміз сөзсіз еді. 

Өйткені, жазу-сызуға реформа жасау – еріккеннің ермегі емес, өмір талабы, 

болашағы  жарқын  өркениетті  ел  болудың  алғышарттарының  бірі.  Ал, 

Елбасының 1991 жылы зиялы қауым көтерген бұл мәселені сол уақытта 

емес,  дәл  осы  кезде  назарға  алуының  себебі  қоғамдық-саяси  факторға 

байланысты  болса  керек.  Қазақстанның  тұрақты  даму  жолына  түсіп, 

«ғалымдар  не  дейді,  жұртшылық  қалай  қарайды?»  деп  зиялы  қауымның 

асықпай  бір  шешімге  келуіне,  өзара  пікір  таластыруға  мүмкіндік  берген 

сыңайлы.  Қалай  дегенде  де  «қазақ  әліпбиін  латынға  көшіруді  көп  уақыт 

ұмыт қалдырып, оған әлдеқандай себептермен аяқ астынан қайта оралды» 

деп  үстірт  болжам  жасауға  болмайды.  Бұл  жайт  Елбасын  үнемі  мазалап 

жүргені байқалады.

Осы орайда айта кететін бір нәрсе – қазақ әліпбиін латын жазуына 

ауыстыру  туралы  әңгіме  бүгін  басталмағаны  айқын.  Өйткені,  бұл 


439

мәселе  Тәуелсіздік  таңы  атысымен-ақ,  тіпті  одан  да  бұрын  айтыла 

бастаған. Алғашқы дайындық кезеңі де осы уақытқа тиесілі. Өкінішке 

орай, менің кейбір әріптестерім оны білмеген, елемеген сыңай танытады. 

Жақында  бір  баспасөзден  Түркі  кеңесі  Стамбулда  жиын  өткізіп,  онда 

түркі  халықтарының  латын  әліпбиіне  көшу  мәселесін  талқылағаны 

жайлы  хабар  оқыдым.  Барлық  түркі  халықтарының  өкілдері  қатысқан 

осы  жиынға  Қазақстан  атынан  Түркі  академиясының  перзиденті 

Шәкір  Ыбыраев  пен  Тіл  комитеті  төрағасының  орынбасары  Шерубай 

Құрманбайұлы  барыпты.  Мені  қайран  қалдырғаны  бұл  есімдер  емес, 

әрине. Мені таңырқатқан нәрсе «Олар түркі жұртына ортақ 34 таңбаның 

үлгісін алып келді» деген жолдар еді. Шын мәнінде, бұл мәселе тұңғыш 

рет 1993 жылы наурыздың 8-10 аралығында Анкарада өткен жоғарыда 

біз атаған конференцияда қаралып, бірнеше күнге созылған осы жиында 

мамандар ғылыми негізде жасалған, 34 әріптен тұратын латын әліпбиін 

қабылдаған-ды.  Және  «осы  әліпби  түркі  халықтарының  бәріне  ортақ, 

оны әр ұлт өзінің тілдік ерекшеліктеріне орай қажетінше өзгерте алады» 

деген келісімге келгенбіз. Оған Қазақстан атынан өзім қол қойған едім. 

Естеріңізде болса, ол кезде түркі жұрттарының ішінде тек Түркия ғана 

латын жазуын қолданатын. Айтайын дегенім, Анкара конференциясында 

мақұлданып,  қабылданған  барлық  түркі  жұртына  ортақ  34  әріптен 

тұратын латын әліпбиінің үлгісін сол 1993 жылы-ақ елге өзімізбен бірге 

әкеліп,  газетке  жариялаған  болатынбыз.  Артынша,  ғылыми  негіздерге 

сүйене отырып, әрі түркі халықтарына ортақ келісілген латын әліпбиінің 

жобасын  басшылыққа  алып,  қазақ  әліпбиінің  үлгісін  жасап,  ғылыми 

ортаға  ұсынған  едік.  Содан  бері  білуімізше,  әліпбиге  қатысты  100-ге 

тарта жобаның үлгісі әзірленіпті деп естиміз. Расында, қайран қаларлық 

жағдай. Тіпті, ерінбегеннің бәрі жоба жасағыш болып, «өнертапқыштық 

шығармашылықпен  айналысып  кеткен  бе»,  деп  ойлайсың.  Айтпақшы, 

ескермеуге болмайтын тағы бір нәрсе бар. Сол жолы, яғни 1993 жылғы 

Анкара  конференциясынан  елге  орала  салысымен  «Кемел  елге  кемел 

әліпби керек» деген тақырыппен Қазақстан Республикасының Президенті 

Н.Назарбаевтың  атына  ашық  хат  жазып,  ол  «Ана  тілі»  газетінің  1993 

жылғы  30  желтоқсанындағы  (№52)  санында  басылымның  үш  бетіне 

жарияланған еді. Бұл бүкіл жұртшылыққа мәлім. Ашық хаттың соңында 

түркі  жұртына  ортақ  әліпбидің  34  таңбадан  тұратын  жобасы  қоса 

берілген. Бұдан шығатыны түркі жұртына ортақ әліпбидің үлгісі бұдан 

20 жыл бұрын әкелініп, қалың жұртшылыққа белгілі болған. Ол қазір 

аяқастынан белгілі болып отырған жайт емес. Бұл – бір.


440

Екіншіден,  қазақ  әліпбиіне  байланысты  біз  әзірлеген  үлгі  сол 

Анкарадағы  басқосуда  қабылданған  34  таңбаның  негізінде  жасалған 

27 әріптен тұрады. Онда қазақ тіліндегі 9 дауысты және 18 дауыссыз 

дыбыстың  өрнегі  бар.  Мұнда  ана  тіліміздегі  барлық  ерекшеліктерді 

ескере  отырып,  осы  27  таңбалық  дыбысқа  сыйдыруға  тырыстық. 

Мәселен, бір-біріне ұқсас «а» және «э» дауысты дыбыстарын алайық. 

Түркі  тілінде  бұл  дыбыстардың  айырмашылығы  аса  байқалмайды. 

Қазақ  тілінде  әріптердің  өзгешелігі  бар  және  екеуі  де  дербес  мағына 

беретін дыбыстар. Жобада «а» кәдімгі кириллицадағыдай «а» әрпінің 

өрнегінде  берілсе,  үстіне  екі  нүкте  қойылған  «а»  әрпі  «ә»  болып 

оқылады. Бұл тәсіл Еуропа елдері қолданып жүрген латын әліпбиінің 

көпшілігінде бар. Сол сияқты «о» мен «ө», «и (ұ)» мен «и» (ү)» дыбыстары 

туралы да осыны айтуға болады. Ал, «ы» және «і» дыбыстарына келсек, 

қазақ тілінде бұл дыбыстар өзгеше, мұндай ерекшелік қайсыбір түркі 

тілдерінде байқалмайды. Жобада «і» кириллицадағыдай төбесіне нүкте 

қойылу арқылы берілсе, «ы» әрпі де «і» сияқты жасалады, бірақ төбесіне 

нүкте  қойылмайды.  Енді  «қ»  мен  «к»  дауыссыз  дыбыстарын  алайық. 

Кейбір ғалымдар бұл дыбыстарды бір фонеманың екі варианты ретінде 

қарастырады. Өйткені, «қ»-ны айтуға келгенде қазақ тілінде дыбысты 

жеткізу барысында тіл арты, тіл ортасы тіл алды айтылуы қолданылады. 

Түркілерде тіл арты айту варианты жоқ. Яки, олар «қ» дыбысын айта 

алмайды. Қырғыздар болса, «қ»-ны айтқанымен, жазғанда оның орнына 

«к»-ні  қолданады.  Сөйтіп,  өкінішке  орай  «қ»-дан  айырылып  қалды. 

Мысалы,  «қырғыз»  деп  ауызша  айтқанмен,  жазғанда  «кыргыз»  деп 

таңбалайды. Ал, біздің жобада «қ» әрпі «к» әрпіне ұқсайды, бірақ үстіне 

диакритика  қою  арқылы  беріледі.  Ендігі  бір  атап  өтетін  мәселе  «ң» 

дыбысына байланысты. Түркі халықтарының көпшілігінде бұл дыбыс 

мүлде жоқ. Мысалы, әзірбайжандар «таң»-ды «тан» деп дыбыстайды. 

Ал, қазақ тілінде бұл дыбыс дұрыс айтылып, дұрыс жазылмаса, сөздің 

де, сөйлемнің де мағынасы мүлдем өзгеріп кетеді. Осы әріптің латын 

жазуында  қолданылуының  бірнеше  варианты  ұсынылып  жүр.  Біздің 

ұсынған жобада «ң» әрпі төбесіне ирек сызық қою арқылы жазылған. 

Мұнда  ерекше  назар  аударатын  бір  нәрсе,  Қазақстанда  жұртшылық 

назарына  біз  жасаған  жоба  өзге  үлгілерге  қарағанда  бұрынырақ 

ұсынылған.  Оның  үстіне  көп  уақыт  талқылаулардан  өтіп,  бірқатар 

түзетулер  де  енгізілген.  Осыдан  біраз  жыл  бұрын  «Қазақ  ақпарат 

агенттігі»  ұлттық  компаниясы  (агенттіктік  қазақ  бөлімі  басшысы, 

қарымды қаламгер Жарылқап Бейсенбайұлы мырзаның бастамасымен) 


441

мемлекеттік  тілде  дайындаған  өз  ақпараттарын  шет  елдерде  тұратын 

(мәлімет  бойынша,  қазақтар  әлемнің  48  елінде  тұрады)  қазақ 

жұртшылығына арнап латын жазуымен таратуды қолға алған болатын. 

Бұл латын жазуының негізіне осы біз жасаған нұсқаның қалап алынуы 

да көп жайтты аңғартса керек.

Әрине,  бүгінде  латын  әліпбиіне  көшудегі  әріптерді  таңбалау 

мәселесі  жөнінде  республика  жұртшылығының  пікірі  біркелкі  емес. 

Тіпті, ақыры әліпби ауыстырады екенбіз, төл жазуымыз Орхон әліпбиіне 

көшейік, төте жазуға (А.Байтұрсынұлы жасаған) қайта оралайық, немесе 

латыншаға  көшпей-ақ  кириллицаның  өзін  неге  реформалап,  өзімізге 

ыңғайлы етіп жасап алмасқа, деген ұсыныстардың да болғандығынан 

хабардармыз. Бұған менің уәжім мынадай: кириллицаның славян жазуы 

екені белгілі. Дегенмен, кириллицаны әлемдегі славян халықтарының 

бәрі бірдей қолдана бермейді. Бүгінгі күнде Еуропадағы көптеген славян 

мемлекеттері іс-қағаздарын латын жазуымен жүргізеді. Осы тұста бір 

мәселе,  славян  текті  халықтардың  арасында  рухани  тұтастықтың  да 

шамалы  екенін  естен  шығармау  керек.  Қысқасы,  кириллицаның  да 

белгілі бір дәрежеде кемшілігі шаш-етектен. Бұл - мәселенің бір жағы.

Екіншіден, жоғарыда атаған жайттарға қоса кириллица жыл алға 

озған сайын өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде атқара алмауда. 

Қазіргі кезде Ресей ғалымдары арасында да жаһанданумен байланысты 

бір кездері орыс әліпбиінің де латын қарпіне көшу ықтималдығы туралы 

сөз бола бастады.

Үшіншіден,  бүгінгі  түркі  халықтары  қолданып  жүрген  кирилл 

жазуында  айырмашылықтар  өте  көп.  Себебі,  кезінде  бұл  жазудың 

біздерге  тек  қаріптік  белгілері,  таңбалануы  ғана  ұсынылды.  Ал, 

әр  халық  өзінің  тілдік  ерекшеліктеріне  сәйкес  кейбір  әріптердің 

варианттарын  өздері  жасап  алды.  Соның  нәтижесінде  дүние  жүзі 

түркі  қауымдастығын  былай  қойғанда,  бұрынғы  КСРО-да  жасайтын 

отыз  шақты  түркі  халықтары  мен  ұлыстарының  өзі  басын  біріктіре 

алмады.  Керісінше,  олар  бірінің  жазғанын  екіншісі  еркін  оқып  түсіне 

алмайтындай жағдайға келіп, жазу арқылы өзара жақындасудың орнына, 

жырақтай түсті. Сөйтіп, сыртқы күштердің о баста көздеген түркілердің 

бастарын  біріктірмеу  жоспары  өз  миссиясын  толығымен  орындап 

шықты. Енді, орхонға немесе төте жазуға неге көшпейміз деген мәселеге 

келсек,  тек  қаріп  ауыстыру,  былайша  айтқанда  бір  таңбаның  орнына 

екінші бір таңбаны алуда емес, қазақ жазуының әліпбиін өзгерту арқылы 

туған тіліміздің табиғи ерекшеліктерін (мәселен, дыбыс құрамын, буын 


442

жүйесін,  риторикасын,  орфография  және  орфоэпия  жүйесін  сақтау) 

қажеттілігінде  болып  отыр.  Сонымен  бірге  жазу  алмастыру  тек  тіл 

саясатымен байланысты шаруа ғана емес, экономика мен демографиялық 

жағдайға да, қоғамдық-әлеуметтік, рухани-мәдени мәселелерге де, тіпті 

еліміздің демократиялық үрдісіне де қажеті зор мәселе. Айталық, басқа 

туыстас түркі халықтары латын жазуына көшіп жатқанда, қазақтардың 

олардан бөлектеніп орхон немесе төте жазумен жалғыз қалып қоюы – 

бүкіл түркі қауымдастығынан, олардың рухани-мәдени өмірінен қол үзіп, 

оқшаланумен бірдей болып шығады. Сондықтан, бізге орхонға көшейік, 

төте жазуға оралайық деген ешкімге қажеті жоқ ұсыныстар төңірегінде 

пікірталасты қайта қоздатып, өрбіткеннен гөрі, Елбасы айтқан латыншаға 

көшудің барлық мүмкіндіктерін қарастырып, кешеуілдетпей бір тоқтамға 

келетін уақыт болды деп есептейміз. Қазақ елі таңдаудан да, талғаудан да 

өткен сияқты. Енді тек латын әліпбиіне уақыт ұттырмай көшу жөнінде, 

яғни латыншаға қалай өтеміз, қандай үлгі-жобаларға басымдық берілуі 

керек  деген  мәселелерді  ауыз  бірлікте  жүзеге  асырсақ  үлкен  абырой 

болар еді.



«Егемен Қазақстан», 2013. 14 ақпан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет