Мадина Бұршақтар түқымдасы- ньщ 120 мындай түрі бар 490 туысы бар, олардың



бет1/5
Дата04.11.2022
өлшемі21,37 Kb.
#47584
  1   2   3   4   5

Мадина


Бұршақтар түқымдасы-
ньщ 120 мындай түрі бар
(490 туысы бар, олардың
көпшілігі өзгергіш поли-
морфты). Бұлардың өкілде-
рінің көпшілігінің бұрынғы
БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық, сонымен бірге солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер жабынының қалыптасуында маңызы аса зор.
Негізгі өмірлік формалары: ағаштар, бұталар, көп жыл- дық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай, тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан, ал ағаштары мен бүталарының көп- шілігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар тұқымдасы- ньщ биологиялық ерекшеліктерінің маңызы аса зор. Мы- салы, олар түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп, ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндік алады. Бұршақтар тұқымдасының жапырақтары көп жағдайда күрделі болып келеді, олардың қосалқы жапырақтары (жапырақ серігі) бар, жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді. Гүлі бұршақтың гүлі типтес (207-суретті қара). Тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, 5-тісті, дүрыс немесе зигоморфты (екі ерінді). Күлтесі зигоморфты, 5-күлте жапырақшадан тұрады: олар- дың үшеуі бос орналасқан (желкенше, немесе жалауша, және екі ескекше, немесе қа- натша) және жоғарғы жағы- нан біріккен екеуі қайықша түзеді. Кейбір туыстарында күлте жапырақшаларының бір-бірімен бірігіп кетуі тән. Мысалы, жоңышқа туысында, ескекшелері мен қайықшасы- ның, кейде тіптен желкеннің бірігіп кетуі байқалады.
Аңдроцейі 10 аталықтың жиынтығынан түрады. Бір түрлерінде аталықтарының 10-ы да бос болады, екінші біреулерінде аталықтары жіпшелері арқылы бірігіп (бір ағайынды андроцей) түтік түзеді, оның ішіңде аналық (пестик) орналасады, алайда көптеген туыстарының аталықтарыньщ 9-ы жіпшелері арқылы түтікке бірігеді де, бір аталығы бос орналасады (екі ағайынды андроцей). Тек екі ағайынды аталығы бар гүлдер ғана шырынды затгар (нектарниктер) бөліп шығарады. Аталық- тардың бірігуінен пайда болған түтіктер бір жағдайда тігінен, ал екінші жағдайда қиғаш кесілген болады (206-сурет). Гинецейі бірмүшелі апокарпты, гүлтүйіні жоғарғы. Көптеген түрлерінің гүлінің формуласы мынадай:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет