Маңғыстау жеріндегі экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары Қабылдаған: Нурбаева. Ф. И дайындағандар: 1-3 тарих топ



Дата22.09.2022
өлшемі6,03 Mb.
#39875

Маңғыстау жеріндегі экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары

Қабылдаған:Нурбаева.Ф.И

Дайындағандар: 21-3 тарих 3 топ


«Экология және геология»кафедрасы
Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігін қорғау аясындағы атқарылған жұмыстар.Түрікменстан шекарасынан Атырау облысының шекарасына дейін орналастырылған су қорғау аймақтары мен белдеулері.Теңізде мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі өңірлік жоспар.
•Экологиялық зерттеу зертханасы Маңғыстау облысының теңіз портының және мұнай кен орындарының Каспий теңіз жағалауларына техногенді әсерлерін кешенді зерттеу жұмыстары.
Каспий теңізі төрт құбыласы түгелдей құрлықпен шектесетін Жер бе­тін­дегі ең үлкен көл болып табылады. Еуропа мен Азия құрлықтарының қилы­сында қоныс тепкен бұл су қоймасы өте үлкен көлеміне қарай теңіз деп аталады.. Каспий шартты түрде үш бөлікке – Солтүстік Каспий, Орта Каспий және Оңтүстік Каспий болып бөлінеді. Каспий теңізінің жағалауы бүгінде тәуелсіз 5 мемлекеттің шекараларымен шек­тесіп жатыр. , Каспий теңізі жағалауының үштен бір бөлігінен артық аумағы Қазақ­стан иелігінде. Осы­ның өзі-ақ қарт теңіздің қазынасы мен тағдырының егемен еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін қаншалықты көкейкесті екендігін көрсетсе керек.
Теңіз деңгейі 2005 жылдан бастап төмендеп келеді. 2005 жыл мен 2020 жылға дейінгі талдау бойынша төмендеу деңгейі 133 см болған. 2021 жылға арналған болжамға сәйкес қазірдің өзінде теңіз деңгейінің төмендеуі 140 см-ден асқан.
Ең алдымен, таязданудың себебі Каспий теңізінің де, оның бассейнінің де су балансының сипаттамаларының өзгеруімен байланысты. Бассейндегі климаттың өзгеруі ағынның азаюына әкеледі, ал тағы бір себебі – антропогендік әсер. Каспийге құятын Еділ, Жайық (Орал), Кавказ өзендерінің барлығы жол-жөнекей тоқтаусыз тұтынылуда. Оның айналасында көптеген ірі су қоймалары салынған, қарқынды шаруашылық қызмет те жүргізілуде.
Қазақстанның Экология министрлігі аталған мәселе бойынша Ресей тарапымен үлкен жұмыс жүргізді. Бірнеше рет өткізілген кездесулердің қорытындысы бойынша кешенді шаралар әзірленді:
- Бірыңғай Жол картасы бекітіліп, іске асырылуда, оған сәйкес Жайық өзені бассейнінің қазақстандық бөлігі бойынша қажетті материалдар жиналды;
- 2021-2024 жылдарға арналған Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының бағдарламасы қабылданып, іске асырылуда.
1399,5 қашықтықты құрайтын Түрікменстан шекарысынан Атырау облысының шекарасына дейін су қорғау аймақтары мен белдеулері орналастырылды.
"Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына өзерістер енгізілген.
1) Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауында су қорғау
аймақтары мен белдеулерінің ені, бөліктері бойынша:Ақтау,Форт– Шевченко,Құрық,Кендерлі кіреді.
2) су қорғау аймақтарын ұйымдастыру, сумен жабдықтау, курорттық,
сауықтыру және халықтың өзгеде мұқтажы үшін пайдаланылатын су көздерінің
санитарлық қорғау аймақтарын құруды жоққа шығармайды, осылардың шекарасы
мен көлемі халықтың, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.
.
3) су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жер учаскелерін беруді,
жергілікті атқарушы органдар, су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкілетті органдардың және өздерiнiң құзыретi шегiнде жер
ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның келісімі бойынша
жүргізеді.
Қазіргі таңда Каспий теңізінің экологиясы өте күрделі жағдайды бастан өткеруде. Кәрі теңізді қауіпті кесел буып тұр. Қойнауына тұнған қара алтын қарт Каспийдің қасіретін күннен-күнге қалыңдатып барады. Мамандардың айтуынша, теңіздің мұнай шельфтері бар тұстарында өлі аймақтар қалыптаса бастаған. Бұл аймақтағы теңіз суын ластаушы заттар нормадан 10-20 есе асып кеткен. Бүгінгі күні ең басты экологиялық апат теңіз суының жоғарғы қарқынмен ластануы болып отыр.
Каспий теңізінің экологиялық апат аймағына айналып келе жатқанының тағы бір дәлелі өткен жылдан бері Маңғыстау түбегіне жақын аймақтардағы итбалық­тардың жаппай қырылу оқиғасы болып отыр. Тек биылғы жылдың өзінде ғана бұл өңірдегі теңіз жағалауынан белгісіз ке­селден қырылған 1800-ден астам итба­лықтың өлексесі табылды. Бұл жануар­ларға жаудай тиген кеселдің себебі әлі күнге анықталған жоқ.
Жыл сайын Экологиялық зерттеу зертханасы Маңғыстау облысының теңіз портының және де мұнай кен орындарының Каспий теңізінің жағалауларына техногенді әсерлерін кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Осы жыл аясында Экологиялық зерттеу зертханасы Гидробиология бөлімімен толысып Каспий теңізінің гидрофлора және гидрофауна жағдайын зерттеуге мүмкіндік алды. Зерттеу жұмыстарының қорытынды есебі экология департаменті, геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясы және де мамандырылған табиғатты қорғау прокуратурасына анықталған экологиялық бұзушылықтарды жоюға шара қолдануға жіберіліп отырады.
Жылда халықаралық Каспий күні қарсаңына облыста мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады, сонымен қатар Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің өкілдерімен және де халықаралық беделді ұйымдармен Каспий теңізінің биоресурстарын қорғау мәселесінің аясында түрлі шаралар өткізіліп келеді.
Әрине, экологиялық ахуалды жақсартуға құзырлы органдар барын салуда. Десе де, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жергілікті немесе республикалық бюджеттен қыруар қаржыны жұмсау арқылы шешіле бермейтіні айдан анық. Өкініштісі сол, қоршаған ортаны қорғаудың орнына, қазір қорлайтындар көбейген заман болып тұр.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет