Магистр, аға оқытушы Уразова П. Б. Мектеп оқушыларына арналған тестілеу тапсырмаларының



Pdf көрінісі
Дата24.03.2017
өлшемі129,21 Kb.
#10367

УДК 378.146:004.42:004.87 

Магистр, аға оқытушы Уразова П. Б.

Мектеп   оқушыларына   арналған   тестілеу   тапсырмаларының 

мәселесін  шешудің моделі мен әдістері

Аннотация:

 

Мектеп оқушыларына арналған тестілеу тапсырмаларының      мәселесін 

шешудің   моделі   мен   әдістері,

  тестілеу   арқылы   –   өзіндік   және   педагогикалық   білім 

модельдерінің сәйкестігін бағалау процесі, оқу үрдісінде тестілеудің тек бір формасын 

ғана   емес,   оның   әртүрлі   формаларын   және   типтерін   пайдаланудың   дұрыстығы 

қарастырылады.

Түйін сөз:  Тестілеу бүгінгі таңда сапалы білім берудің   ең қолайлы көрсеткіші болып 

саналады.

Білім мен техника дамыған бүгінгі заманда оқу орындарында оқушылардың алған 

білімдерін сараптау тұрғысында тестілеу тәсілі күннен күнге кең етек алып келеді.          

Бұл тәсіл оқушының білім денгейін тексеруде бүгінгі күнде ең қолайлы әдіс болып отыр. 

Өйткені тестілеу қортындысы мұғалімге  оқушының оқу материалын қалай меңгергенін, 

қаншалықты түсінгенін аңғаруға мүмкіндік береді. Екінші жағынан сапалы білім берудің 

көрсеткіші болып саналады. Бір сөзбен айтқанда, тестілеу әдісі оқушының материалды 

қалай меңгергені мен мұғалімнің білім беру  денгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Сөйте тұра бүгінгі күнге дейін тесті дайындау мен оның нәтижесін талдау жөнінде 

белгілі бір заңдылыққа негізделген тұжырым жоқ. Бұл өз кезеңінде оқушылардың 

білімін тексеру барысында тестілеу әдісін әлі де болса сенімділігі мен дәлдігі туралы 

тұжырымның берік қалыптаспағанын көрсетіп отыр.  Дей тұрғанымен ақпараттық 

оқыту технологияларының  және модульдік оқыту әдісінің үрдісіне кеңінен ене 

бастауына байланысты оқу мен білім сапасын бақылап, бағалаудың негізгі тармағы 

ретінде тестілеу кең қолданыс табуда. Әсіресе жоғарғы оқу орындарында бақылау 

жұмыстарын түгелдей тест әдісімен өткізіліп жүр, онда да тестілеудің жабық 

формасына көбірек мән берілуде. Дегенмен әр нәрсенің екі жағы болатыны секілді, бұл 

әдістің де күмәнді тұстары ара-тұра  бой көрсетіп жүр. 

Тестілеу – педагогикалық білім модульдерінің  сәйкестігін анықтау әдісі.

Тестілеу әдісінің мақсаты – сынақ тапсырушы мен тексерушінің арасында қатынас 

орнату. Әрине бұл өте қиын процесс. 

Мектеп оқушыларына арналған тестілеу тапсырмаларының мәселесін шешудің моделі 

мен   әдістерін   жасауда   жоспарланған   бағыт   бағдары   анықталған   іс-шаралар 

қарастырылуда.  

Тестік   тапсырмалар   жинағынан   тұратын   арнайы   тестер   көмегімен 

жүргізіледі.   Тестік   тапсырма   деп   нақты   пән   облысынан   анық   және   түсінікті   етіп 


берілетін сұраққа бір мәнді жауапты немесе нақты алгоритмді орындауды талап ететін 

тасырманы айтады. 

 Тест дегеніміз - оқушының білімі мен эксперттік білім моделі сәйкестігін нақты - дәл 

бағалауға тест арқылы мүмкіндік беретін өзара байланысқан тапсырмалар блып 

табылады.

Тестілеу – өзіндік және педагогикалық білім модельдерінің сәйкестігін бағалау процесі. 

Тестілеудің негізгі мақсаты – оқушының білім денгейінің модельдерінің бір-бірімен 

сәйкес келу - келмеуінің деңгейін бағалау.

Сабақ кезіңде мұғалімнің оқушыларды тестке дұрыстап ұйымдастыра білуі көптеген 

жағдайда оқу- тәрбие процесінде  атқаратын ролі үлкен және соған байланысты 

сауаттылығын арттыруда оқыту үрдісін жеңілдетеді. Мұғалім сондықтан оқушының 

оқыған білім сапасының деңгейін анықтап, үнемі қадағалап отыруы қажет. Білімнің 

сапасын осы бағытта оқушылардың дәрісті жүйелі білім мен біліктілікті қалыптастыру 

арқылы  дағдыларын есепке алу, бақылау мен бағалаудың тиімділігі ерекше болып 

келеді. Тестілеудің көмегімен теориялық алған білімдерінің меңгеру сапасы және 

біліктілік пен дағдының қалыптасу деңгейі белгіленеді. Сонымен қатар тестік 

тапсырмаларды дұрыстап, қойылатын мақсатқа сай деңгейлеп дайындайтын болсақ, 

онда тестілеуді негізгі тексеру және бақылау қызметімен қатар оқушыны оқыту, үйрету, 

оның алған білімін бекіту және жүйелеудің тиімді құралы ретінде де пайдалануға 

болады. Сол үшін оқу үрдісінде тестілеудің тек бір формасын ғана емес, оның әртүрлі 

формаларын және типтерін пайдаланған жөн. 

Тест оқушының білімін, жан-жақтылығын біліктілігі мен дағдысын анықтаудың немесе 

оқушы білімінің бір сапалық қасиеті бар- жоғын тексерудің ерекше түрі болып 

табылады.  Жалпы «Тест» (ағылшынша Test – байқау, зерттеу, сынау)- психология мен 

педагогикада сыналушының білімін, біліктілігін және дағдысын, сонымен қатар 

психофизиологиялық және өзіндік мінездемелерін стандартталған тапсырмалардың 

орындалу қорытындысы бойынша өлшеу дегенді білдіреді.

Психологиялық – педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде тестілеуді және тест 

түріндегі тапсырманы оқушының білімін және біліктілігін бақылау құралы ретінде 

қолдануға талдау жасалынуы тегін емес, өйткені тестік тапсырмалардың бірқатар 

жағымды, ұтымды жақтары бар.

Тестілеу оқушының тақырыпты меңгеру деңгейін айқындауға, сонымен қатар оқыту 

қорытындысының қойылған мақсатқа сәйкестігін көруге мүмкіндік береді. Егер 

оқушылардың көпшілігі бірдей бір тапсырманы орындамаса, онда мұғалімге оқытқанда 

кеткен кемшіліктері бар деген белгі береді. Тестік тапсырмалар оқу қорытындысын 

бақылауда оқушылардың жекеше ерекшеліктерін және тақырыпты бүтіндей сыныптың 

және жекеше әрбір оқушының меңгеру деңгейіне көңіл қоюға мүмкіндік береді, сабақ 


уақытын үнемдейді. Тестік тапсырмалар бүкіл сынып оқушыларының сабаққа белгілі 

бір уақыт өткеннен кейін емес, жүйелі түрде, үнемі дайындалуға мәжбүр етеді.

Тестік тапсырмалардың осындай жақсы жағымен қатар олардың кейбір кемшіліктері де 

бар. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде атап көрсетілгендей, тестің және 

тестік тапсырмалардың мынадай кемшіліктерін айтуға болады:

- оқушылар дұрыс емес, қате жауаптардың көп санын оқып және талдап оларды есте 

сақтап қалып, біраз уақыт өткеннен кейін оны дұрыс сияқты еске түсіруі мүмкін.

оқушылар дайын тұжырымдармен жұмыс істеп үйреніп алып, алған білімін сауатты 

және қисынды жауаптармен толық құрай алмай, айтып бере алмауы мүмкін.

оқушылар дұрыс жауапты болжаммен табуы мүмкін.

оқушылар дұрыс жауапты сұрақтың мәнімен байланыспай, ұқсастығы, жауаптағы 

сөздер саны және т.б. дұрыс емес жауаптан шартты белгілері арқылы айыра алуы 

мүмкін.

В.В. Хубулашвили, тестің кемшіліктерін қарастыра отырып, оларды екіге бөлді: Біріншісі 



тестік тапсырманың жауабын таңдап алуына, екіншісі тестің сапасына байланысты. 

Кездейсоқ алынған тапсырмалар жиынтығын тест деп қарастыруға болмайды, тест 

оқушы білімін нақты өлшеу құралы ретінде қолданып, қатал және нақты әдістемелік 

талаптарды анықтау өзекті мәселелердің бірі екені даусыз. Информатика курсы 

бойынша оқушылардың білімін бақылау барысында тестің жабық түрімен қатар басқа 

да түрлерін араластыра қолдану оқушылардың білімін сапасын жан- жақты және толық 

тексеруге мүмкіндік береді, сонымен қатар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын 

арттыра түседі.

Ғылыми негізделіп, дұрыс құрастырылған тестік тапсырмаларды жүйелі пайдалану 

оқыту сапасын жақсартуға, оқушының бойында уақытты үнемдей білу, тез ойлау, 

жинақты болу және ұтымды шешім қабылдау, ойын дұрыс тиянақтау, өз бетінше жұмыс 

істей білу қасиеттерін жетілдіруге көмектеседі.

 Қазіргі кезде еліміздің сапалы білім беру мәселесіне үлкен мән беріліп отыр. Оған 

білім саласына бөлініп жатқан қаржының жыл  сайын артып отырғаны дәлел бола 

алады. Сондықтан да заман талаптарына сай оқушылардың білім сапасын бақылау 

және бақылауды жетілдіріп отыру іргелі мәселелердің бірі болып табылады. Оқыту 

үрдісінің міндетті компоненттерінің бірі оқыту нәтижелерін тексеру мен бақылау болып 

табылады. Информатика пәні бойынша білім беру стандартын енгізуде оқыту сапасын 

көтеруге бағытталған оқушылардың білімін, біліктілігін бағалау және тексеру 

әдістемесіне бірқатар өзгерістер енгізілгенін айта кету керек.

Осыларды ескере келе, білім беру стандартына сәйкес «білімділіктің қажетті ең аз 

деңгейін мөлшерлеу, атап айтқанда, онсыз тұлғаның дамуы, білім алуды 



жалғастырудың мүмкін еместігі», мұнда оқушылар білуі тиіс оқытудың нәтижесіне 

біртіндеп жақындайтын төрт деңгей іске асырылады:

білім беру аймағы немесе оқу пәнінің жалпы сипаттамасы;

оқушыға оқу материалын ұсыну деңгейінде курстың мазмұнын сипаттау;

оқушылардың оқу даярлығына қажетті ең төменгі деңгейіне қойылатын 

талаптарды сипаттау;

оқушылардың міндетті дайындықтары «өлшеуіш» деңгейін, яғни олардың 

орындаған тексеру жұмыстары және жекеше тапсырмалар арқылы қажетті 

талаптар деңгейінің жетістіктерін байқап көру.

Сонымен қатар, информатика пәнінің бір ерекшелігі пәнді оқыту әдістемесінің 

маңызды элементінде оқушылардың білімін бақылау мен бағалау тікелей көрініп тұруы 

керек. Оқу ақпаратын қабылдау мен түсіну және оны меңгеру процесінде меңгерілген 

білім сапасының бағасын бақылау, таным процесінің жалпы құрылымының 

өзгермейтініне қарай заңды болып табылады. Осы мақсатта информатиканы оқыту 

процесінде білім бақылауды ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін анықтап алу қажет 

және осыған байланысты мынадай мәселелерді шешу керек:

- информатика курсы мазмұнының ерекшелігіне сәйкес бақылау түрі мен 

әдістемесін бөліп алу;

- информатикадан білім бақылауды тиімді іске асыру үшін бақылау түрінің 

ерекшелігін есепке алу және анықтау;

- білім бақылауда нормативті- технологиялық және жеке тұлғаға бағдарланған 

әдістің бірдейлігін қамтамасыз ету;

Инфоматикадан оқыту нәтижелерін бағалау үшін тест тапсырмаларын жасау және 

қорытынды тестерді құру мәселелері туындайды.

Қорыта айтқанда, тестілеу әдісінің бүгінгі білім беру саласында алар орны ерекше. 

Пайдаланған әдебиет: 

Аванесов В.С. Копозиция тестовых задании М., 2002г



 

 

www.45minut.kz — ҰСТАЗДАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАСЫЛЫМЫ  



  

  .  .


Мақсұтқанова Ә М

 

Оқытуда тестілеудің 



тиімділігін арттырудың формалары  2013ж.

 Анастази А., Урина С Психологические тестирование. СПб., 2002



Резюме

 На этом статье предоставлены применение методов и модулей тестирования для 

решения задач учеников школы.

Resume

Thereon given the article аpplication of methods and modules of testing for the decision 

of tasks of students of school.

Document Outline

  • Пайдаланған әдебиет: Аванесов В.С. Копозиция тестовых задании М., 2002г
  • www.45minut.kz — ҰСТАЗДАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАСЫЛЫМЫ Мақсұтқанова Ә. М. Оқытуда тестілеудің тиімділігін арттырудың формалары 2013ж.
  • Анастази А., Урина С Психологические тестирование. СПб., 2002
  • Резюме
  • Thereon given the article аpplication of methods and modules of testing for the decision of tasks of students of school.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет