Магистратура 1 курс математика мамандығы ммок-223 Маханбет Назерке Тапсырма №4



бет1/2
Дата09.05.2023
өлшемі112,41 Kb.
#91345
  1   2

Магистратура 1 курс математика мамандығы ММОК-223
Маханбет Назерке
Тапсырма №4

  1. Судың бойымен қозғалысқа арналған есептер. Денелердің ағынмен, ағынға қарсы және тоспа сумен қозғалыстары. Мысалдар келтіру.

Қайық, катер, теплоход, пароход көлде немесе өзенде жүзеді. Көл ағынсыз су болғандықтан, қайық көлде жүзгенде өзінің меншікті жылдамдығымен жүзеді. Ал сал өзенде жүзгенде ағыс жылдамдығына тең жылдамдықпен жүзеді.
Егер дене ағыспен жүзсе, оның жылдамдығы ағыс жылдамдығына артады. Дененің ағыспен жылдамдығы оның меншікті жылдамдығы мен ағыс жылдамдығының қосындысына тең.

Мұндағы,
дененің ағыспен жылдамдығы;
дененің меншікті жылдамдығы;
ағыс жылдамдығы.
Егер дене ағысқа қарсы жүзсе, оның жылдамдығы ағыс жылдамдығынан кемиді. Дененің ағысқы қарсы жылдамдығы оның меншікті жылдамдығы мен ағыс жылдамдығының айырмасына тең.

Мұндағы,
дененің ағысқа қарсы жылдамдығы.




Дененің ағыспен жылдамдығы және ағысқа қарсы жылдамдығы арқылы өзендегі қозғалысты есептеу үшін қажет болатын ағыс жылдамдығы мен меншікті жылдамдықты табу.

  1. Ағыс жылдамдығы ағыспен жылдамдық пен ағысқа қарсы жылдамдықтың айырмасының жартысына тең.





  1. Меншікті жылдамдық ағыспен жылдамдық пен ағысқа қарсы жылдамдықтың қосындысының жартысына тең.




Мысалдар:

  1. Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы 17,6 км/сағ. Өзен ағысының жылдамдығы 2,8 км/сағ. Қайықтың өзен ағысына қарсы жылдамдығын табыңыз.



  1. Теплоходтың меншікті жылдамдығы 32,8 км/сағ. Өзен ағысының жылдамдығы 3,3 км/сағ. Теплоходтың өзен ағысына қарсы 6 сағат жүзгендегі жолын табыңыз.




  1. Катердің ағыс бойымен жүргендегі жылдамдығы 18,2 км/сағ, ал ағысқа қарсы жүзгенде – 12,4 км/сағ. Осы өзен бойымен жіберілген сал 4 сағатта қандай қашықтықты өтеді?

Сал өзенде жүзгенде ағыс жылдамдығына тең жылдамдықпен жүзеді. Сондықтан ағыс жылдамдығын табамыз:




  1. Инспектор катермен көл бетімен 5 сағ, одан кейін тағы 2 сағ осы көлге құятын өзенге қарсы жүзді. Катердің жылдамдығы 18,7 км/сағ, ал ағыс жылдамдығы 3,2 км/сағ. Инспектор барлығы қандай жол өтті?

Катер көлде жүзгенде өзінің меншікті жылдамдығымен жүзеді.

Одан кейін өзенге қарсы


Барлығы:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет