Махамбет аудандық білім бөліміне Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінен Хабарлама



Дата13.04.2022
өлшемі14,86 Kb.
#30926

Махамбет аудандық білім бөліміне

Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінен

Хабарлама

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінде 22.10-26.10 аралығында «Экологялық мәдениет» атты апталықтың іс-шара жоспары құрылып,бекітілді.Апталықтың мақсаты: қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту; экологиялық білімді насихаттау.



Апталық барысында бейнелеу пәнінің мұғалімі Мактымкулова А 5-7 сынып арасында «Табиғатты қорғайық» тақырыбында сурет байқауын өткізді.Сурет байқауына оқушылар өте жоғары деңгейде қызығушылықпен қатынасты.

11 сынып жетекшісі Сабырғалиева Гүлсімнің ұйымдастыруымен «Табиғат-тіршілік көзі» атты ашық сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты:оқушыларға қазіргі таңдағы адамзат баласының алдында тұрған экологялық проблемалар туралы түсініктерін қалыптастыра отырып,экологяның астарында отанға сүйіспеншілік,қазақи ұлт-дәстүрлік және экологиялық тәрбие беру.

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сол кезде-ақ қазақ «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш», - деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғауға тәрбиелеген. Сол тәрбие, бабалар салған игі дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып жатыр. Дегенмен, табиғат Анаға бүгінгі күннің көзімен қарайын болсақ, қоршаған ортамыздың шынымен де жетімдік тартып отырған тұстары бар. Оған,әрине, бүгінгі заман қажеттілігі, өмір талабы себеп болып отыр. Елдің өрлеп, шарықтағаны қаншалықты маңызды болса, табиғаттың тазалығы да соншалықты маңызды- деп мұғалім оқушыларға түсінік беріп кетті. Сынып сағаты барысында оқушылар топқа бөлініп, шығармашылық жұмыстарын жасап, өз ойларын ортаға шығып ашық айтып берді.

Биология пәні мұғалімі Тауова Н 7 «а» сыныбына «Таза болса табиғат,аман болар адамзат» тақырыбында конференция өткізді. Конференция мақсаты: оқушылардың бойына экологялық мәдениетті қалыптастыру,өз атамекенінің табиғатын қорғауға ,сүюге тәрбиелей отырып, жанашырлық және жуапкершілік сезімдерін қалыптастыру. Конференция төрт сала мамандарының басын біріктіре отырып өткізілді. Яғни конференцияға экологтар, биологтар, тарихшылар,мәдениет танушы мамандары қатынасып, «Ғылым мен мәдениет өркендеген сайын экологияға әсері болды ма?» деген сұраққа өз салаларымен байланыстыра отырып жауап берді.

4 «а» сынып жетекшісі Мақтымқұлова Жамал «Табиғат және біз» тақырыбында танымдық бағдарламасы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың табиғатқа, туған жерге ,қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Мұғалім танымдық бағдарламасын «Табиғат-адамзатқа аманат» атты видеоролигімен ашты.Оқушылар видеороликтен кейін өз ойларын ортаға салды. Бірінші оқушы мен бейнебаяннан бұлақтан ағып жатқан таза суды көрдім. Су-тіршілік көзі.Су-адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын табиғат сыйы. Екінші оқушы мен көл жағалауынан әсем шөптерді , хош иісті гүлдерді көрдім. Өсімдік-бұл жасыл желек, көк майса құрақ , қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік-таза ауа, табиғаттың сұлу көркі,адамдарға тамаша сезім сыйлайды. Үшінші оқушы ал, мен бейнебаяннан әр түрлі жануарларды көрдім. Жүгірген аң, ұшқан әдемі құстар – олар жануарлар әлемі, табиғатымыздың сәні-деп жауап берді.

«Жас эколог» тобының белсенді мүшесі Салаватқызы Айзере «Құстар әлемі» тақырыбындағы өзінің ізденген қызықты деректерімен таныстырып, оқушы өз жұмысын қорғады. Танымдық бағдарлама барысында ойындар ойнатылып , әсем билер биленді.


Дайындаған:Сапарова Д

87013792080



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет