Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


  Компоненттерді араластыруға дайындау



Pdf көрінісі
бет23/150
Дата30.04.2022
өлшемі3.7 Mb.
#32911
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   150
1.2.2.  Компоненттерді араластыруға дайындау  
және араластыру  
 
Компоненттерді 
араластыруға 
дайындауға 
талшықтардың 
сызықтық тығыздығы, ұзындығы және түсі бойынша компоненттерді бояу 
және  таңдау  қоқымдардан  тазалау,  қарқынды  қопсыту  жатады.  Жүнді 
қопсыту,  оны  шаңнан  және  әртүрлі  қоспалардан  тазалау  оқтынды 


28 
 
қозғалыстағы  түту  машиналарында  немесе  үзіліссіз  қозғалатын  екі 
барабанды машиналарда жүзеге асырылады. 
Өндірістерге  келіп  түсетін  жүн  көбінесе  өсімдік  қоспасы  – 
ошағанмен  ластанған  болып  келеді.  Түту  машиналарында  қиын 
тазаланатын мұндай қоспалардың болуы, иірімжіптердің және маталардың 
сапасын  елеулі  түрде  төмендетеді.  Жүнді  өсімдіктердің  қоқымдарынан 
тазалау  үзіліссіз  қозғалатын  карбонизациялы  қондырғыларда  жүзеге 
асырылады. 
Карбонизациялаудың  мәні  –  күкірт  қышқылының  4-5% 
ерітіндісімен  сіңдірілген  жүнді  105-110
0
С  температурасында  кептіру 
болып  табылады.  Қышқыл  концентрацияланады  және  өсімдік 
қоспасындағы  целлюлозаны  бұзады.  Целлюлоза  жұмыс  бөлшектерінің 
механикалық  әсерімен  жеңіл  жойылатын  жіңішке  өнім  түрінде  болатын 
гидроцеллюлозаға айналады. 
Карбонизациялауға қоспаларда қолданылатын тарақты тарамдар да 
түседі. 
Кәсіпорындарға  киптерде    келіп  түсетін  жіңішке  және  жартылай 
жіңішке  жүндерді  түту  және  қопсыту  АРТ-120-Ш  қопсытып-түту 
агрегатында жүргізіледі (3-сурет). 
Ажыратылған  кип  1  тиеу  қондырғысына  24  беріледі.  Белгі  беруі 
бойынша тиеу қондырғысы айналады және кип қоректендіргіш тор көзіне 
2  салынады.  Ал  тор  көз  2  оны  қалқаншалы  білікке  3  жеткізеді. 
Қалқаншалы  білік  төменгі  бункерге  жүннің  қабаттарын  лақтырады. 
Төменгі бункерден жүннің түйдектері инелі тор көзбен 4 қармалады және 
теңестірілетін  тарақшаға  5  жеткізіледі.  Ол  тербеліс  жасайды  және 
талшықтың артық мөлшерін төменгі бункерге лақтырады. Талшықтардың 
қалған  бөлігі  инелі  тор  көзбен  жоғарғы  теңестіргіш  тарақшаға  6 
жеткізіледі. Инелі тор көз және теңестіретін тарақшалар арасындағы ара-
қашықтық  реттелінеді.  Тор  көз  және  жоғарғы  тарақша  арасындағы  ара-
қашықтық,  тор  көз  және  төменгі  тарақша  арасындағы  ара-қашықтықтан 
төмен,  осының  нәтижесінде  инелі  тор  көзбен  талшықтың  тегіс  төселуі 
қамтамасыз етіледі. 
Тор  көздің  ары  қарай  қозғалысында  жүннің  қабаты  жылдам 
айналатын түсіруші білікке 7 түседі. Бөлінетін  қоқымдар колосникті  тор 
көзі  23  арқылы  қабылдау  камерасына  21  және  пневможүйеге  22  түседі. 
Конденсер  8  талшықты  екі  барабанды  түту  машинасының  резервті 
бункеріне  беріледі.  Бункерден  талшық  қабаты  қоректендіргіш тор  көзіне 
түседі. 
Бункерден  шығатын  талшық  қабатының  жеткілікті  дәрежеде  тегіс 
болуын  қамтамасыз  ету  үшін,  екі  фотоэлемент  10  және  11  орнатылған. 
Бункерді  жоғарғы  фотоэлементтен  асырып  талшық  толтырылса,  онда 


29 
 
кипті  қоректендіргіш  автоматты  түрде  тоқтайды.  Талшық  екінші 
фотоэлементтің  11  деңгейінен  төмен  түскенде,  кипті  қоректендіргіш 
қайтадан жұмысқа қосылады. 
Екі  барабанды  түту  машиналарында  жүнді  қопсыту  және 
шаңсыздандыру  жүзеге  асырылады.  Қопсыту  бірінші  барабан  13  және 
машинаға  талшық  қабатын  беретін  қоректендіргіш  біліктің  12  өзара 
байланысу  аймағында  жүзеге  асырылады.  Талшықтың  қабаты, 
қоректендіргіш үстелше 20 және қоректендіргіш 12 білік арасында тығыз 
қысылған.  Қоректендіргіш  білік  12  және  бірінші  барабан  13  арасындағы 
ара-қашықтықты реттеу қарастырылған. 
Ары  қарай  қопсыту,  талшықты  бір  мезетте  соққылайтын  екі 
барабанның  13  және  15  өзара  әсерлесу  аймағында  жүзеге  асырылады. 
Бірінші  барабанның  8  планкасы,  ал  екінші  барабанның  12  планкасы  бар 
және  оның  жылдамдығы  бірінші  барабанның  жылдамдығынан  жоғары 
болады.  Талшықтарды  қопсыту  және  тазалау,  колосникті  тор  19  және  
барабандардың өзара әсерлесу аймағында да жүзеге асырылады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   150




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет