Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


  Иіру – аппаратты иірімжіптің  қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет29/150
Дата30.04.2022
өлшемі3.7 Mb.
#32911
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   150
 
1.2.5.  Иіру – аппаратты иірімжіптің  қалыптасуы 
 
Аппаратты  иіру    жүйесі  бойынша  иірімжіпті  сақиналы  иіру 
машиналарында,  камералы  пневмомеханикалық  немесе  роторлы  иіру 
машиналарында өндіруге болады. 
Сақиналы иіру машинасы 
Жүнді  иірудің  аппаратты  жүйесінде  қолданылатын  сақиналы  иіру 
машиналары, өндірілетін иірімжіптің сызықтық тығыздығына байланысты 
ұршықтарының қадамдары әртүрлі болатын түрде шығарылады. 
П-88-Ш машинасы 31-100 текс, ПБ-114-Ш 16,7-63 текс,  ПБ-132-Ш 
125-1000 текс аралығындағы иірімжіп өндіруге  арналған. 


35 
 
ПБ-114-Ш  және  ПБ-132-Ш  машиналарының  басқа  машиналардан 
айырмашылығы бар. Бұл машиналар баллонсыз машиналар деп аталады. 
Созбасы  бар  1  тікиіршіктер  (7-сурет)  барабаншалармен  2 
тарқатылады.  Созба  жіптері  машинаның  бір  және  екінші  жағына  қарай 
бағытталады,  жіпжүргізгішке  сабақталынады  және  бұдырлы  цилиндрден 
және өзі тиейтін біліктен тұратын созу аспабының қоректендіру жұбына 4 
келіп түседі.  
Қоректендіргіштен 4 және созу 6 жұптарының арасына цилиндрлі 
инелі тарақша 5 орналастырылған. Тарақшаның жылдамдығын өңделетін 
қоспаға байланысты реттеуге болады. Созу жұбы 6 екі цилиндрден және 
жылтыр  беті  бар  біліктен  тұрады.  Шығару  жұбының  жылдамдығы 
қоректендіргіш жұбының жылдамдығынан үлкен. Созу жұбы бір аймақты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   150




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет