Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н



Pdf көрінісі
бет35/150
Дата30.04.2022
өлшемі3.7 Mb.
#32911
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   150
1.4.  Зығырды  иіру жүйелері 
 
Зығыр өнеркәсібі  де текстиль өнеркәсібінің маңызды салаларының 
бірі болып табылады. Оның мәні – зығыр иірімжібінен және басқа зығыр 
талшықтарынан  өндірілетін  иірімжіптерден  жасалатын  матаның  жоғарғы 
тұтыну  қасиеті  арқылы  анықталынады.  Бұл  маталар  үлкен  тығыздықты, 
гигроскопиялығы  жоғары,  жуу  және  үтіктеу  кезінде  жоғарғы 
температураға  шыдамды  болып  келеді.  Ыстық  күнде  зығырдан  жасалған 
киімді салқындау болады.  
Зығырлы  маталар  тұрмыста  техникада  және  медицинада 
салаларында кеңінен қолданылады. 
Зығыр  өнеркәсібінде  шикізат  ретінде  өсімдік  тектес  табиғи 
талшықтарды  және  химиялық  талшықтарды  қолданады.  Зығырлы 
талшықтарға: зығыр, джут, манилла, сизаль, рами, кенеп, пенька, канатник 
жатады. Зығырлы талшықтармен қатар келесі химиялық талшықтарды да  
өңдейді: вискозалы, лавсанды, нитронды, капронды және т.б. 
Барлық  зығырлы  талшықтардың  ішінде,  зығыр  талшығының 
жоғарғы  иіру  қабілеттілігі  болады.Одан  иірудің  құрғақ  және  ылғалды 
ә
дістерімен өте жіңішке иірімжіптер өндіріледі.  
Түтілген  зығырды  оның  сапасына  байланысты  19  сортқа  бөледі: 
6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,18,20,22,24,26,28,30,32. 
Қысқа 
 
зығыр 
талшықтарын  7  сортқа  бөледі:  2,3,4,6,8,10,12.  Түсі  бойынша  зығыр 
талшықтарын  төрт  топқа  бөледі:  ашық-сұр  және  ашық-насыбай  түстес, 
қара және насыбай түстес, сары, жасыл және ашық қоңыр. 


40 
 
Зығыр  талшығынан  өндірілетін  иірімжіп,  үлкен  үзілу  салмағымен 
және төмен ұзаруымен сипатталады. 
Алғашқы  өңдеу  зауытынан    иіру  фабрикасына  келіп  түсетін 
түтілген зығыр, біртексіз талшық түрінде болады. Сондықтан зығыр иіру 
фабрикаларында  зығырды  сызықтық  тығыздығы  және  талшықтардың 
ұзындығы  және  түсі  бойынша  сорттайды.  Талшықтарды  сызықтық 
тығыздығы  бойынша  сорттау,  иірімжіпке  оны  дұрыс  және  тиімді 
пайдалану үшін қажет. Ұзындығы бойынша талшықтарды сорттау зығыр 
тарау  және  кейінгі  машиналарды  сабақтаудың  технологиялық 
параметрлерін дұрыс орналастыру үшін қажет. Ұзындығы бойынша зығыр 
талшықтарын 5 топқа бөледі: 1-ші топқа – 450 мм-ден қысқа талшықтар; 
2-ші топқа – 450-ден 550 мм-ге дейінгі талшықтар; 3-ші топқа – 550-ден 
650  мм-ге  дейінгі  талшықтар;  4-ші  топқа  –  650-ден  750  мм-ге  дейінгі 
талшықтар; 5-ші топқа – 750мм-ден ұзын талшықтар жатады. 
Түтілген зығыр және қысқа зығыр талшықтары иірудің үш жүйесі 
арқылы өндіріледі: кардты тараусыз тарақты (зығырлы); кардты (тарамды) 
және кардты тараумен тарақты иіру жүйесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   150




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет