Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


 Тоқымашылық – матаның қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет71/150
Дата30.04.2022
өлшемі3.7 Mb.
#32911
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   150
 
2.3. Тоқымашылық – матаның қалыптасуы 
 
Тоқымашылық,  яғни  матаның  қалыптасуы  үш  негізгі  кезеңнен 
тұрады:  негіз  жіптерді  дайындау,  арқау  жіптерді  дайындау, 
тоқымашылық.  Иіру  машинасынан  алынатын  иірімжіпті  қайта  өңдеу 
кезіндегі  тоқыма  өндірісінің  процесстері  сақиналы  иіру  машинасында 
және пневмомеханикалық иіру машинасында жүзеге асырылады.  
Матаның  тоқылуына  байланысты  тоқу  станоктарын  екі    топқа  
бөлуге болады: 
1.  Матаны  мезгілді және біраймақты  қалыптастыратын станоктар; 
бұл  станокта  жеке  технологиялық  операциялар  бірінен  кейін  бірі  жүйелі 
түрде орындалады. Арқау жіп жалпы күзуге енгізіледі, ал матаның шетіне 
арқау жібін қосу, күзуде болатын жіптің барлық ұзындығы бойынша бір 


81 
 
мезетте жүзеге асырылады. Бұл топқа заман талабына сәйкес шығарылған 
тоқу  станоктарының  көбі  жатады.  Бұл  станоктардағы  матаның 
тоқылуының  негізгі  кемшілігі  болып,  процестердің  мезгілді  орындалуы 
жатады. Станоктың негізгі білігінің бір айналымына кететін уақытта, тек 
дайындық  операциялары  және  матаның  шетіне  арқау  жібін  қосу  ғана 
жүзеге асырылады. 
2.  Матаны  үзіліссіз  және  көп  аймақтап  қалыптастыратын  станок, 
бұл  станокты  көп  күзулері  бар  тоқыма  машиналары  деп  те  атайды. 
Мұндай технологиялық операциялар үзіліссіз жүзеге асырылады. Мұндай 
машиналарда  күзулер  жүйесіне  бірнеше  арқау  жіптерін  үзіліссіз  енгізіп, 
матаның шетіне оларды үзілссіз қосу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   150




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет