Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


 Негіздеп тоқылған өрімді трикотаждың құрылымы



Pdf көрінісі
бет83/150
Дата30.04.2022
өлшемі3.7 Mb.
#32911
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   150
3.4. Негіздеп тоқылған өрімді трикотаждың құрылымы  
және қасиеттері. Трикотажды автоматты жобалау  
туралы түсінік 
 
Негізгі  өрімді  трикотаж  шамасы  және  формасы  бойынша  бірдей 
ілмектерден  тұрады.    Негіздеп  тоқу  өрімдері    класына  тізбекше,  трико 
және атлас өрімдері жатады. 
Тізбекше өрімі – бір инеге жіптердің төселуімен жасалатын немесе 
тоқылатын  өрім  болып  табылады  (29,а-сурет).    Ілмекті  бағаналары  бір-
біріне  тәуелсіз  болып  келеді  және  ашық  немесе  жабық  ілмектерден 
тоқылады. Көбінесе  тізбекше  өрімі,  жайманың  немесе  жайманың  құрама 
бөлігі  ретінде  және  басқа  өрімдер  үйлесімінде  көптеген  бұйымдарда 
қолданылады.  
Трико  өрімінде  ілмектер  екі  көрші  ілмекті  бағаналарда  кезектесіп 
орналасады (29,б-сурет). Трико өрімі тізбекше өрімі сияқты ашық немесе 
жабық  ілмектерден  тұрады.  Трико  өрімін  қосқанда  негіздептоқу 
өрімдерінің  сипатты  ерекшеліктері  –  зигзаг  тәрізді  құрылымы  болып 
табылады. Ілмектер, созылмалардың кері орналасу бағытына қарай иілген. 
Трико  өріміндегі  барлық  созылмалар  бір  жақты  болып  табылады. 
Жіптердің  ілмекке  иілу  деформациясының  қуаты,  трикотаждағы  ілмек 
бағытын  анықтайды.  Ілмектердің  иілу  немесе  бүгілу  шамасы,  көбінесе 
иілу  кезіндегі  жіптің  қаттылығына  және  трикотаждың  тығыздығына 
байланысты болып келеді.  
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   150




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет