Майерс-Бриггс тесті: 4 сұраққа жауап беріп, кім екеніңді анықта



бет1/3
Дата18.08.2022
өлшемі32,11 Kb.
#38183
  1   2   3

Майерс-Бриггс тесті: 4 сұраққа жауап беріп, кім екеніңді анықта
Майерс-Бриггс тесті Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әйелдерге өзіне лайық жұмыс түрін таңдауға көмектесу үшін жасалған. Қазіргі таңда әлемдегі көптеген компаниялар жұмыс орнына қызметкер таңдау кезінде осы әдісті пайдаланады. Сізге қандай мамандық сәйкес келеді деп ойлайсыз? Небәрі 4 сұраққа жауап беріп, өзіңізге лайықты қызмет түрін тауып көріңіз.
1. Жұмыс аптасы қиын болды. Сіз қатты шаршадыңыз. Демалысты қалай өткізуді жоспарлайсыз?
©Adme.ru

  • Достарымнан қандай жоспарлары бар екенін сұраймын. Ауыр жұмыс аптасынан соң көңіл көтеріп қайтамын. Менің таңдауым – жаңадан ашылған мейрамхана немесе осы аптада прокатқа шыққан фильм, тіпті, жылқымен серуендеуге де қарсы емеспін – E.

  • Телефонымды “Авиарежимге” қойып, үйімде демаламын. Демалыс ұйқыны қандыру үшін керек. Бөлмеде сериал көріп, пазл жинап, кітап оқығанды жақсы көремін – I.

2. Аталған екі анықтаманың қайсысы сізге жақын?


  • Мен үшін ең маңыздысы – дәл қазіргі сәт. Бүгінгі күнмен өмір сүремін. Болашақта не боларын уақыт өзі көрсете жатады – S.

  • Фактілер адамды жалықтырады. Мен өз қиялымдағы әлем туралы жиі ойланамын. Өз өмірімнің сценарийін ойластырумен боламын. Шешім қабылдау керек болғанда көбінесе интуицияның көмегіне жүгінемін — N.

3. Сіз қызмет етіп жатқан компанияның қарсыласы сізді жұмысқа шақырды. Олар жақсы жалақы беруге уәде еткенімен, қазіргі жұмысыңыздағы ұжымды, әріптестеріңізді жақсы көресіз, басшылық қызметтен де үмітіңіз бар. Сіздің әрекетіңіз?


  • Мені жұмысқа шақырып отырған қарсылас компания туралы барлық ақпараттарды зерттеп, таныс менеджермен ақылдасамын. Мұндай жағдайда ұзақ ойланып, дұрыс шешім қабылдауға тырысу керек – T. 

  • Жүрегім мен сезіміме бағынамын. Маған материалдық байлықтан қарағанда жанымның тыныштығы қымбат — F.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет