Мамандықты еңбек нарығына сай таңдау тиімді ме?



Дата15.02.2022
өлшемі15,95 Kb.
#25595

Мамандықты еңбек нарығына сай таңдау тиімді ме?

Қазіргі таңда жастардың мамандықтарын дұрыс таңдай алмауының өзі өміріндегі мәселелердің бірден-бір себебі болады. Яғни мамандық ойыншық емес. Бұл сенің болашағың.



Мамандық таңдау деген- жақсы көретін іспен айналысу ғана емес, яғни әркім өзінің ортасын таңдай білуі. Мамандық арқылы қандай да бір дайындықты,жауапкершілікті талап етеді. Әркім өз саласының хас шебері болуы қажет. Мысалы менің таңдап отырған мамандығым жураналистика факультеті. Яғни мен қандай жұмыс атқарамын?! Мен қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептелемін. Мен жаңалықты халыққа таратушы ретінде саналамын. Сол сияқты әрқайсымыз өз саламыздың қандай қызмет атқаратын нақты біліп , және сол саланы мен 100% жасай аламын ба? Бұл мамандық мені аша алады ма? Деп өзімізге сұрақ қоя отыра мамандықты таңдай білуіміз керек. Келешегімізді бүгіннен де әдемілеп нұрландыра түсуіміз қажет.

Елбасымыз ''Білімді жастардың қолында'' демекші, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Және де мамандық пен талант екеуі екі түрлі ағым. Яғни бір мамандық иесі бола тұра өзіңнің басқада қырларыңды танытсаң болады. Сол себепті де мамандықты еңбек нарығына сай таңдау керек. Неге десеңіз, қазіргі таңда нан тауып жеудің өзі оңай емес. Сондықтан еңбек нарығына, яғни бүгінде қандай мамандықтар сұранысқа ие, ал мен сол мамандықтың қайсысына жақынмын мен өзімді қай салада көре аламын дей отыра ата-анамен ақылдасып отырып шешілуі қажет деп ойлаймын.

Ата-ана демекші қазіргі жастардың көбінде мамандықтарын ата -анасы таңдайды. Яғни ата-ана көбінде өзінің орындай алмаған, өзі қалап тұрған мамандыққа түсе алмай қалған жағдайда, баласына сілтейді.Нақтырақ айтатын болсам ата-ана мен көрмеген дүниені менің балам көрсінші деген ниетпен солай жасайды. Иә,әрине бұл ойлары дұрыс. Бірақта баланың ойымен ақылдасқанда жөн.Себебі сізге дарыған қасиет, сіздің балаңызға да даруы міндетті емес. Бала өзін қай салада жақсы сезінеді сол мамандықта өмір бойы жүреді. Ешқандай жалығусыз …

Мамандық кейбіреулер үшін бала күндегі арманның орындалуы, келесі біреу үшін әйтеуір бір мамандықтың иесі болсам болды емес пе?! деп жүреді.

Қорытындылай келе, болашақ мамандық бұл сенің өмірің, әрі қарай сен осы іспен күн көресің. Сол себепті мамандықты дұрыс таңдай білуіміз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет