М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет11/131
Дата06.09.2022
өлшемі2.23 Mb.
#38512
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   131
Стильдік белгі ұғымын тілімізде стилистикалық сапа, 
қолданыс тілінің белгісі, стильдік сипаты деп жұмсау фактілері 
жиі кездеседі. Солай бола тұра белгілі бір стильдің басқа стиль-
дерден өзгешелік-айырмашылықтарын танытатын ерекшеліктері 
болатындығы даусыз. Стильдік белгі қандай да бір тұлға-бір-
ліктердің, тілдік тәсілдердің жиынтығымен, сол стильдің қолда-
ныстағы өзіндік тіл жүйелілігімен айқындалады. Демек, стиль-
дік белгі – белгілі бір функционалды стильдің даралығын, өзге 
стильдерден өзгешелік сипатын, сөз-қолданыстағы мәнерін та-
нытатын қасиеті. Әр стильдің таза лингвистикалық және экстра-
лингвистикалық жағдаяттарына қарай өзіне ғана тән белгілері 
болатыны табиғи құбылыс. Мәселен, сөз бедерінің бейнелілігі, 
көрнекілігі көркем әдебиет стиліне тән белгі болса, дәлдік пен 
нақтылық, жүйелілік ғылыми стильдің белгісі болып табылады, 
ал эмоционалдық бояуы басым бірліктердің, бағалауыштық мән-
дегі сөздердің жиі қолданылуы ауызекі сөйлеу стилінен бірден 
аңғарылады. Олай болса, әр функционалды стильдің белгілері 
нақты қолданыс аясында, тілдік қатынастың белгілі бір түрінде 
айқындала түседі. Айталық, ауызекі сөйлеу стилі тікелей ауыз-
ша тілдік қарым-қатынас жасауда көрінеді. Әңгімелесу, тілдесу 
емін-еркін бейресми жағдайда өтеді. Сондықтан бұл стильге тән 
белгілер: әдеби тіл нормасы қатаң сақталынбайды, ой жүйелі 
берілмейді, нормадан тыс тілдік элементтер қолданыла береді. 
Ал жазба стильдер қатынастың жазбаша формасында жиі жұм-
салатындықтан, тілдік құралдар екшеліп, сұрыпталып қолда-
нылады. Ортақ белгілері: логикалық жүйелілік сақталады, жал-


пыхалықтық тілдің қолданысы әдеби нормаға сай болуы керек, 
ой нақты, дәл, түсінікті берілуі қажет.
Әр функционалды стильдің түрлері, ең бастысы, бір-
бірінен таза лингвистикалық белгілерімен ерекшеленеді. Бұл 
жерде әр функционалды стильге тән белгілерді анықтауда олар-
ға қатысты тілдік нормалармен бірде байланыстыра, бірде ажы-
рата қарау керек сияқты. Мысалы, біріншіден, екіншіден, әрине, 
сонымен, біздіңше, пәленшенің айтуынша, ал сияқты қыстырма 
сөздер басқа стильдерге қарағанда ғылыми стильде, публицис-
тикада жиі қолданылатыны – осы стильдерге тән белгілер. Бірақ 
өзге стильдерде қолданылмайды деуге болмайды, әсіресе, көр-
кем әдебиет стилінде көрсетілген қыстырмалар орын алуы мүм-
кін. Немесе заң, сот материалдарында, ресми құжаттар тілінде 
сөздер негізінен тура мағынасында жұмсалады, бұл үлгілерде 
сөздердің көріктеуші, сипаттаушы қатарлары қолданылмауға 
тиіс. 
Ғылыми стильде ғылыми терминдердің мол қолданыла-
тындығы, сөйлемдердің анық, түсінікті болуы ғылыми жазба-
лардың стильдік белгілері әрі нормалары болып келеді. 
Ал көркем әдебиет стилінде нормадан тыс бірқатар лек-
сикалық, грамматикалық тұлға-бірліктер эстетикалық мәнде 
жұмсалып, көркемдік қызмет атқарады. Мәселен, диалектизмдер 
мен көнерген сөздерді, қарапайым бірліктер мен жаргондарды, 
сирек қолданыстағы элементтерді, өзге стильдің элементтерін 
еркін жұмсай алады, өйткені көркем әдебиет тек коммуни-
кативтік емес, эстетикалық функцияны да қоса атқаратын-
дықтан, өзге стильдерден оқшау тұрады. Осы ерекшеліктерінен 
болар, кейбір зерттеушілер көркем әдебиетті функционалды 
стильдер қатарына қоспайтын-ды. 
Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен айы-
рым белгілері көрсетіліп, ғылымда біршама айқындалып келеді. 
Ол белгілерді қазақ тілін зерттеушілер орыс тіл білімінің таным-
түсініктеріне сүйене отырып атап көрсетеді. Бұған, біріншіден, 
тіл-тілдегі функционалды стильдер табиғатының, қызметінің 
ұқсас, ортақ құбылыс екендігі негіз болса, екіншіден, ресми іс 
қағаздарының, ресми ақпарат материалдарының, ғылыми әде-
биеттердің, көптеген мектеп оқулықтарының күні кешеге дейін 


көбінесе орыс тілінен аударылып, ұсынылып келгені себепкер 
болды. 
Кеңсе іс қағаздарының стильдік белгілері өзгелерден мүл-
дем ажыратылып көрінеді, мұнда шаблон құрылымдар мен стан-
дарт тілдік бірліктер орын алады, лексикалық норма қатаң сақ-
талады, көріктеу тәсілдерінің жұмсалуына, сөздің ауыс мағы-
нада келуіне жол берілмейді. Әсіресе заң-қаулы, ереже сияқты 
ресми құжаттардың тілдік белгілері берік әрі тұрақты болуы 
шарт. Әрине, бұл айтылғандардың барлығы – функционалды 
стильдердің әрқайсысының тілдік белгілері және соларға орай 
қалыптасатын стилистикалық нормалары туралы қысқаша 
түсінікті білдіреді. Ал әрбір стильдің өз ішінен мазмұндық-
жанрлық бөліністеріне қарай және функционалдық сипатына 
орай түрлерін саралап, әрбіреуіне тән шағын белгілерін көрсету 
– алдағы ғылыми ізденістердің нысаны болмақ. 
Тілдің стилистикалық бояуы, стилистикалық мағына, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   131




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет