М.Қанабекова


 Функционалды стильдерді жіктеудегі



Pdf көрінісі
бет16/131
Дата06.09.2022
өлшемі2.23 Mb.
#38512
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   131
 
2.2. Функционалды стильдерді жіктеудегі
ғылыми көзқарастар 
Әдеби тілдегі стильдер жүйесіне арналған еңбектерде 
функционалды стильдерді топтастыру әртүрлі принциптер не-
гізінде болып келгенімен, оларда көбінесе жанрлық принцип
тілдің жанрлық ерекшеліктері негізге алынады. Сондықтан бұл 
еңбектерде стильдердің саны бірдей емес, бірақ ұқсас болып 
келеді. Мысалы, А.Н.Гвоздев
2
алдымен кітаби (жазба) және сөй-
леу стильдері деп бөліп, кітаби стильдің өзін: ресми іс стилі
көркем әдебиет стилі, публицистикалық стиль, ғылыми-көпші-
лік әдебиет стилі деп жіктейді. А.И.Ефимов
3
мынадай стиль-
дерді саралап көрсетеді: көркем-беллетристикалық стиль, қоғам-
дық-публицистикалық стиль, ғылыми стиль, профессионалды-
2
Гвоздев А.Н. Очерки по стилистике русского языка. М., 1965, с. 18-25 
3
Ефимов А.И. История русского литературного языка. М., 1954, с. 21-27 


техникалық стиль, ресми іс қағаздар стилі, эпистолярлық стиль. 
Ал Р.А.Будагов
4
стильді бұл жағынан екі түрге ғана бөледі: көр-
кем стиль және ғылыми баяндау стилі. Д.Э.Розенталь
5
еңбек-
терінде де осы стильдердің көбі қайталанып көрсетіледі. Демек, 
«Прага мектебі» ғалымдары мен француз стилистикасындағы 
Л.В.Баллиден бастау алатын бұл жіктелістің орыс тіл біліміндегі 
көптеген зерттеушілердің еңбектерінде қолдау тауып, орнық-
қаны белгілі.
Жалпы көптеген әдебиет жанрларының пайда болып 
дамуы стиль түрлерін қалыптастыруда айрықша рөл атқарады. 
Мысалы, ХХ ғ. басында публицистика жанрының өркендеуі, 
ғылыми әдебиеттердің жазылуы, ресми іс қағаздарының жүйелі 
түрде жазылуы т.б. қазақ тілінің әр түрлі стиль түрлерінің қа-
лыптасып, орнығуына әсер етті. Бірақ қанша жанрлар болса, 
сонша стильдердің болуы шарт емес. Міне, осы жағынан кел-
генде, әдеби тіл тарихына қатысты зерттеулерінде белгілі ғалым 
С.Исаев
6
қазақ әдеби тілінде қалыптасқан, өзіндік белгілері бар 
басты үш түрлі стильді атап көрсетеді: көркем стиль, ресми 
стиль және бейтарап (нейтралды) стиль. Дегенмен, орыс тіл білі-
міндегі теориялық таным-түсініктердің негізінде қазақ зерттеу-
шілерінің де жіктелісінде функционалды стильдердің дәстүрлі 
түрлері айқындалып қалыптасқандығы белгілі: ауызекі сөйлеу 
стилі, ресми іс қағаздар стилі, ғылыми стиль, публицистикалық 
және көркем әдебиет стильдері.
Қазақ әдеби тіліндегі функционалды стильдер жүйесі не-
гізінен қоғамдық сананың формаларына сәйкес келеді, олардың 
қалыптасуы қоғамдық сананың: тұрмыстық сана, эстетикалық 
сана, ғылыми сана, саяси сана, діни сана тәрізді түрлерімен ты-
ғыз байланысты жүзеге асады. Қоғамдық сана түрлерінде тілдік 
ұйымдасу, ең алдымен, әдеби тілдің функционалдық стильдік 
тармақтарына тән негізгі белгілерді ажырата білумен айқында-
лады. Өйткені функционалдық стильдердің айырым белгілерін 
білген автор қарым-қатынастың міндетіне, сипатына сәйкес бел-
гілі бір функционалдық стильге тән тілдік бірліктерді, амал-
4
Будагов Р.А. Литературные языки и языковые стили. М., 1968, с.131-165 
5
Розенталь Д.Э. Практическая стилистика русского языка. М., 1965, с. 12-13 
6
Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1996, 16-22-б. 


тәсілдерді, стильдік нышанды (маркерлі) сөздерді талғап, сара-
лай алады. Бұл мәселенің тілдік жағы болса, ендігі тұста тілдік 
емес жағына да, яғни экстралингвистикалық факторларға мән 
берілуге тиіс. Экстралингвистикалық факторлардан функцио-
налдық стильдердің жіктелуінде әлеуметтік қызмет түрлері, қо-
ғамдық сана түрлері маңызды рөл атқарады. 
Функционалды стильдерді қалыптастыруда, ең алдымен, 
тілдің әлеуметтік қызмет түрлері негізге алынатындығы дәлел-
деніп келді. Академик В.Виноградов әдеби тілдің стильдерін 
ажыратуда, жоғарыда айтқандай, тілдің басты үш түрлі әлеу-
меттік қызметі маңызды рөл атқаратындығын атап көрсетеді. 
Олар: 
- қатынас жасау, тілдесу (функция общения); 
- хабарлау не ақпарат беру қызметі (функция сообщения); 
- әсер ету қызметі (функция воздействия). 
Тілді осындай түрліше қызметте жұмсау нәтижесінде әр
түрлі стильдер қалыптасады. Осы қызметтеріне сәйкес тіл 
стильдерінің: тұрмыстық сөйлеу (қатынас жасау), ғылыми, рес-
ми (хабарлау) және публицистикалық, көркем әдебиет стильдері 
(әсер ету) сияқты түрлері сараланып, бір-бірінен өзіндік белгі-
лері арқылы ажыратылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   131




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет