М.Қанабекова


Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды



Pdf көрінісі
бет18/131
Дата06.09.2022
өлшемі2.23 Mb.
#38512
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   131
2.3. Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды
стильдері 
 
2.3.1. Ауызекі сөйлеу стилі 
Ауызекі сөйлеу стилі – функционалды стильдің бір түрі. 
Ол күнделікті қарым-қатынас барысында, оның барлық сала-
сында (тұрмыста, өндірісте, таныс ортада, т. б.) ауызша қолда-
нылатын сөйлеу үлгісі, бұл – әдеби тілдің қарама-қарсысында 
танылатын құбылыс, өзіндік нормасы мен тілдік-стильдік бел-
гілері бар. Негізгі қолданылу формасы – диалог, монолог. 
Қазіргі қазақ тіл білімінде ауызекі сөйлеу стилі, оның лек-
сикалық, синтаксистік, прагматикалық ерекшеліктері арнайы 
зерттеу нысанына алынды. Зерттеушілерден
8
Р.Әміров, 
М.Серғалиев, Ш.Нұрғожина, З.Ерназарова т.б. ғалымдар ауызекі 
сөйлеу тілін стилистикалық та, коммуникативтік-функционал-
дық жүйе тұрғысынан да тани отырып, тілдік-амал тәсілдердің 
прагматикасын коммуникативтік жағдаятпен (ситуациямен) бай-
ланысты қарастыратын еңбектерінің, сонымен қатар тілдік ком-
муникация құрылымының жүзеге асуын, коммуникацияға қаты-
сушылар (коммуникативтік тұлға) коммуникацияның вербалды / 
бейвербалды түрінің ерекшеліктерін теориялық әрі әдістемелік 
тұрғыдан қарастырған Ф.Оразбаеваның
9
да зерттеулерінің сти-
листика, сөз мәдениетінің коммуникативтік-нормативтік аспек-
тісіне қатысты жайттарды айқындауда маңызы зор.
8
Әміров Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. А., 1971; 
Серғалиев М., Нұрғожина Ш. Қазақтың сөйлеу тілінің эмоционалды-
экспрессивті лексикасы. А., 1995; Ерназарова З. Қазақ сөйлеу тілі синтаксистік 
бірліктерінің прагматикалық негіздері. Фил. ғыл. док...дисс. А., 2002 т.б. 
9
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі. А., 2000. 


Ауызекі сөйлеу стилінің басқа стильдерден біршама өзге-
шеліктері бар. Мұнда екеу немесе үшеуара сөйлесу барысында 
тілдің сөз мәдениеті тұрғысынан талап қою дұрыс бола бер-
мейді. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу 
болғандықтан, ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөз-
дер мен сөз тіркестерінің – варваризмдер, кәсіби сөздер, жар-
гондар, диалектілердің, т.б. жиі кездесетіндігі түсінікті. Бұл 
ауызекі тілі стилінің заңдылығын бұзу деп есептелінбейді. 
Ауызекі сөйлеу стилінің тағы бір ерекшелігі – әңгіме та-
қырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа-райы тура-
лы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі 
мүмкін). Тілдегі экспрессивтілік, эмоционалдық қасиеттер көп 
жағдайда ауызекі сөйлеуде байқалады. 
Ауызекі сөйлеу стилінде лингвистикалық факторлармен 
қоса, бейвербалды факторлардың (паралингвистикалық) да қа-
тар пайдаланылуы осы стильдің өзіндік ерекшелігі болып табы-
лады (сөз болып отырған оқиға тыңдаушысына түсінікті болса 
да, бет пішінінің, қолының қимыл-қозғалыстары, дауыс ырғағы-
ның (интонацияның) құбылуы т.б.), бұл – фонетикалық ерекше-
ліктері, сөздерге әр түрлі екпін түрлерін түсіру арқылы да ойға 
түрлі экспрессивтік реңк, бояу беріп айтылуы да жатады. 
Ауызекі тілді жалпыхалықтық тілдің бір түрі ретіндегі 
әдеби сөйлеу тілінен ажырата білудің елеулі мәні бар. Сөйлеу-
дің ауызша түрі, яғни әдеби формасы функционалды стильдер-
дің барлығында кездеседі. Мұндай түрін стильдердің ауызша 
түрі деп қараған жөн (радио-теледидар хабарлары, ондағы сөй-
ленетін сөздер, сахнада көркем шығарманың оқылуы, дәріс, 
баяндамалардың жасалуы, мұғалімнің сабақ түсіндіруі т.б.). 
Ауызекі сөйлеуде ойдың қысқа, тұжырымды болуы грам-
матикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты (толымсыз, жа-
лаң сөйлемдер, эмоциялы жай-күйді жеткізуде лепті, сұраулы 
сөйлемдер жиі қолданылады. Сөз қайталау тәсілі бар, сөйлем 
мүшелері инверсияланып жұмсалады, кейбір морфологиялық 
тұлғалар ықшамдалып беріледі (кеп, боп, келгесін…). 
Ойдың әсерлі жұмсалуының да шарттары ауызекі тілде 
жүзеге асады: эмоциональды-экспрессивті реңдегі сөздер, сөй-
леу сипатындағы фразеологизмдер, қарапайым сөздер де жұм-
салады. 


Ауызекі сөйлеу стилінің элементтері басқа стиль түрле-
рінде мақсатқа сай қолданыла береді. Әсіресе, көркем әдебиет 
стилінде кейіпкерлер тілінде, шығарманың жанрлық сипатына, 
мақсатына орай авторлық баяндауда да қолданыла береді. 
Мысалы: Қ.Ысқақов «Ақсу – жер жаннаты» деген романында 
кейіпкерлерінің аузына әкри, шорту сияқты одағай іспеттес 
ауызекі элементтерден бастап, бет-мордасы (бет-әлпеті деген-
нің орнына), түйекөтен (помидор), қотқа жүрмейді, ассалау 
деген әдеби нормадан тыс элементтерді, сондай-ақ қарапайым 
мәндегі фразеологизмдерді (ит жанды, ит жоқта шошқа үреді), 
дөрекі сөздерді (малғұн, жемтік, тыраштанып) салады. Бұл 
сөздердің бірқатары тұлғасын өзгертіп, кекесінмен, мысқылмен 
қолданылған, өйткені шығарма юмормен жазылған дүние, сон-
дықтан стильдік мақсатта жұмсалған әрі эмоционалдық-экспрес-
сивтік бояуы қалың тілдік ерекшеліктер болып саналады. 
Төмендегі үзінділерден ауызекі сөйлеу стиліне тән ерек-
шеліктерді анық аңғаруға болады: 
Дәт ақсақал: 
– Бөтен жақтың аты-жөніңді білмес, ажарыңды та-
нымас адамымен кәйтіп саудаласып, қол соғысып жүресін, 
Мағаш шырақ. Жасың кіші інім екен екенсің, Абайдың баласына 
базардан ат іздетіп жүрмей-ақ қоялық. Бұ яқтағы ел де 
Абайдың елі. Жатың емес, жақының. Аттың орайын Әбсәмет-
тің үйіне барып табамыз. Жүрелі! – деп Мағаштар жатқан 
Әбсәметтің үйіне әкелген.
Жамбыл Мағаш бәйгіге қосқан Торжорғаға сүйсініп: 
– Табанынан жарылған жануар-ай! – деп екі қолын жұ-
дырығын түйе созып көрсетіп. – Айызыңды қандырды-ау! 
Алматының төресі мен қарасы, шоқы мен шорасы сүйсінгеннен 
таңдай қақты. Шұлғып қалды ғой мүлдем. Атама, әкем тегі. 
Әмісе жолың боғай-ақ та. Жақсы ағаның баласы екесің. Атаң 
да жақсы, атың да жақсы босын десем, десемдей екесің, 
Мағаш мырза! (М.Әуезов). Осы үзінділерде жазушы жергілікті 
сөйлеу тілінің ерекшеліктерін Дәт, Жамбыл сияқты кейіпкер-
лердің тілінде стильдік мақсатпен орынды пайдаланған. 
Ауызекі сөйлеу стилінің қысқаша талдау үлгісі: 
1.Қарым-қатынас аясы – адамдармен еркін әңгімелесу 
жағдайында, таныс ортада. 


2.Қарым-қатынас мақсаты: өзара тілдесу, жедел ақпарат 
беру. 
3.Стильдік сипаты: бейресмилігі, сөйлеу еркіндігі, ойдың 
автоматты түрде берілуі, айтушы эмоциясының басымдығы. 
4.Тілдік құралдары: 
- бейтарап және эмоционалды сөздер, диалектизмдер, 
дөрекі сөздер, қарапайым, тұрмыстық сөздер, варваризмдер, 
сөйлеу тілінің фразеологизмдері; 
- көріктеу тәсілдері (метонимия, синекдоха, табу, эвфе-
мизмдер) қолданылады; 
- дауыс ырғағына қарай сөйлеуші қаратпа сөз, қыстырма 
сөз, одағай сөздерді қолданады; 
- сөздердің орын тәртібі еркін болады; 
- әдеби тілдің қалыпты нормалары толық сақталынбайды; 
5.Тілдік емес (бейвербалды) белгілері, паралингвистика-
лық амал-тәсілдерді пайдалану ерекшелігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   131




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет