М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет20/131
Дата06.09.2022
өлшемі2.23 Mb.
#38512
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131
Анықтама 
Осы анықтама Камалова Ғазиза Еркінқызының Қазақ 
мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті қазақ фило-
логиясы және әлем тілдері факультеті күндізгі бөлімінің 4-кур-
сында оқитынын растайды. 
Анықтама Алматы қаласы Әуезов аудандық паспорт бө-
ліміне тапсыру үшін берілді. 
Анықтама 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін 
жарамды. 
Қазақ филологиясы факультетінің деканы_____ А.А.Сатбекова 
(қолы) 
 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 
Қазақ тіл білімі кафедрасы 
мәжілісінің №3 хаттамасынан 
көшірме
Алматы қаласы 2012 жыл, 12 қараша
Күн тәртібі:
1.Кафедраның аға оқытушысы, филология ғылымдары-
ның кандидаты Б.Қ. Қошпанованың жоғары және арнаулы оқу 
орындарына арнап жазған «Іскерлік қазақ тілі» атты оқу құ-
ралын баспаға ұсыну туралы. 
Қаулы: 
1.Кафедраның аға оқытушысы, филология ғылымдары-
ның кандидаты Б.Қ.Қошпанованың жоғары және арнаулы оқу 


орындарына арнап жазған «Іскерлік қазақ тілі» атты оқу 
құралы баспаға ұсынылсын. 
Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, 
ф.,ғ.,д., профессор Т.Ермекова 
Хатшы С.Самархан 
Ресми іскери стильдің қысқаша талдау үлгісі: 
1.Қарым-қатынас аясы (қолданылатын орны): іскери хат-
тар мен кеңсе құжаттарында, іс қағаздарында (жазбаша түрі), 
мемлекет, мекеме қызметкерлерінің іскерлік қарым-қатынасын-
да, елшілік кездесулерде, сот үрдісінде (ауызша түрі). 
2.Қарым-қатынас мақсаты: хабарлау, нақты мәліметтер 
беру, т.т. 
3.Стильдік сипаты: ресмилік, нақтылық, дәлдік. 
4.Тілдік ерекшеліктері: 
а) лексика-фразеологиялық: кітаби сөздер мен даяр тір-
кестер, экономикалық-құқықтық терминдер мен стандарт бірлік-
тер: шарт, контракт, міндет, жақ (тарап), жауапкершілік, 
заң, арбитраж, шығын, төлем,т.т. 
ә) морфологиялық: күрделі зат есімдер, есімшелер, сын 
есімдер (көрсетілген, берілген, келтірілген, жоғарыда аталған, 
осы, келесі, орынбасар, тапсырыс беруші, орындаушы, төлем 
иесі т.с.); қыстырма сөздер (байланысты, соған сәйкес, бірін-
шіден, екіншіден, бір жағынан, екінші жағынан т.с.); сілтеу 
есімдіктері (бұл, сол, осы сонда т.б.); етістіктер (тапсыру, 
жеткізу, көрсету, айырбастау т.б.); қысқарған сөздер (ААҚ, 
ЖШС, ЖАҚ, БК, БАҚ, ТК,т.б. 
б) синтаксистік: хабарлы сөйлемдер, сабақтас құрмалас-
тар, бірыңғай мүшелі сөйлемдер, т.т.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет