М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет23/131
Дата06.09.2022
өлшемі2.23 Mb.
#38512
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   131
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады. 
Психология ғылымы зерттейтін объектіні (пәнді) бірден түсіну 
қиын, әрі ол – күрделі мәселе. Өйткені психикалық құбылыстар 
зерттеуші адамның дүниетанымдық көзқарасына байланысты. 
Психология, психика деген түсініктер гректің «псюхэ» – жан 
деген 
сөзінен шығады, «логия» – ілім.
 Бұл ғылымның өзіндік таң-
басы – псю деп аталатын грек сөзі. Сонымен, психология – жан 
туралы ілім. Ол құбылыстарды жүйелі түрде топтастырып, 
болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді. Қа-
былдау, ес, ойлау, ерік, сезім деп аталатын тағы басқа пси-
хикалық процестер адамның ішкі дүниесі мен бейнелеу қасие-
тінің, күллі жан дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп 
аталады. Осы орайда, біз психологияның жантану жайындағы 
ғылым екеніне көз жеткіземіз. 
 Логиканың зерттейтін пәні – дұрыс ойлаудың заңды-
лығы мен формасы. Ойлау – адам миының жемісі. Ой тіл арқы-
лы жүзеге асырылады. Тіл – ойдың құралы. Тілсіз ой болмайды, 
ойсыз тіл болмайды. Тілдің атқаратын қызметі көп. Тіл ар-
қасында адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Ғылым 
мен практикада, жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда 
тілдің рөлі өте зор (Оқулықтардан). Мұнда берілген ой айқын, 
оқырман қабылдауына түсінікті, сөз қолдануда дәлдік сақталған. 
Психология, логика ғылымдарына тән ұғымдар мен терминдер 
сол ғылымдардың мазмұнын айқындауда тура мағынада жұмса-
лып, тиісті үғым мен атауларға анықтама беріліп отырады, ой-
дың дәлдігі осы тұстардан бірден аңғарылады. 
Ғылыми стильдің шағын үш түрі айқындалып қалыптас-
қан:
- таза ғылыми шағын стилі (белгілі бір ғылым саласының 
мамандарына арналған);
- ғылыми-көпшілік шағын стилі (қалың көпшілікті ғылым 
саласындағы жаңалықтар мен жетістіктер туралы хабардар ету); 


- ғылыми-оқулық шағын стилі (нақты бір ғылымның тео-
риялық негіздерін игерту, ғылыми түсінік қалыптастыру). 
Зерттеушілер
15
ғылыми стильдің қазіргі жанрлық түрлерін 
төмендегіше саралап көрсетеді:
- академиялық (таза ғылыми) мәтіндер: монография, ма-
қала, диссертация, тезис, ғылыми есеп, баяндама, хабарлама, жа-
рыссөз; 
-ақпараттық-ресми мәтіндер: реферат, түйін (резюме), 
түйіндеме (аннотация) т.т.; 
-анықтамалық-энциклопедиялық ғылыми мәтіндер: эн-
циклопедия, анықтамалық, сөздіктер т.т.; 
-ғылыми-бағалауыштық мәтіндер: рецензия, пікір, са-
раптама қорытындысы т.т.; 
-ғылыми-оқу мәтіндері: оқулық, оқу құралдары, дәріс т.т.; 
-ғылыми-нұсқаулық мәтіндер: нұсқаулық, әдістемелік 
құралдар, бағдарлама, ұсыныстар т.т.; 
-ғылыми-іскерлік мәтіндер: а) ғылыми және техникалық 
құжаттар; авторлық куәлік; стандарт, техникалық талаптар, 
т.т.; ә) басқару мәтіндері: акт, ұсыным, келісім, жоба, қаулы, 
шешім, жоспарлық құжат, есеп, т.т.
Жоғарыда берілген жанрлық түрлері көбінесе ғылыми 
стильдің жазбаша түрлерін көрсетеді: монография, диссертация, 
оқулық, оқу құралдары, мақала, пікір, сыни пікірлер, мақала не 
баяндама тезистері, ғылыми есеп, т.б. Ал ғылыми стильдің 
ауызша түрлеріне: дәріс, баяндама, жиын, ғылыми конферен-
циялардағы жарыссөздер, ғылыми сұхбат, т.б. жатады. 
Орыс тілі стилистикасының авторы М.Н.Кожина ғылыми 
стильдің ауызша түрінде диалог пен монолог формалары бола-
тындығын айтады. Монологтің баяндау, сипаттау, толғам және 
сыни түрлері бар деп есептейді. Ал диалогке пікірталас (дис-
куссия) не ғылыми айтыс, интеллектуалдық әңгіме, пікір алма-
сулар, т.б. енеді. Монолог – бір жақтан ғана берілетін ой болса, 
диалог – екі немесе бірнеше адамның арасында өзара ой бөлісу, 
пікір айту болып табылады.
15
Жанры и жанровые разновидности научного стиля. М.,1989, с. 22-23


Функционалды стильдерді бір-бірінен ерекшелендіріп 
көрсететін қыры – таза тілдік белгілері (лингвистикалық ерек-
шеліктері) екендігі белгілі. Демек, ғылыми стильдің лингвис-
тикалық сипаты дегенде, тілдің қандай құрылымдық түрлерінде 
болмасын, әдеби тіл норма талаптары қатаң сақталынуы тиіс. 
Мәселен, фонетикалық ерекшеліктері кез келген автордың, 
ғалымның дәрісті дұрыс оқи білу, сөйлей білу шеберлігі тұр-
ғысынан байқалады. Ғалым ғылыми ойын баяндауда не сөй-
леуде назар аударарлық белгілі бір ұғымға, жаңа ақпарат, түсі-
нікке айрықша екпін беріп, тілдік талдамаларын дауыс қарқыны, 
интонация арқылы саралап, мәнді белгілерін көрсетуге ұмты-
лады. Лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін сипаттағанда, ең 
басты көрсеткіші – терминологиялық жүйемен байланыстылы-
ғы, терминдерге қатыстылығы айқындалады. Яғни, терминдік 
лексиканы, халықаралық, салалық терминдерді әр ғылым саласы 
ерекшелігіне қарай жүйелі де жиі пайдаланады. Семантикада – 
мағыналық дәлдіктің болғаны шарт. Сөздер негізінен тура ма-
ғынада жұмсалады, ауыспалы мәндегі сөздер болмайды. Лек-
сикада – атау сөздер мен жаңа бірліктер, морфологияда зат есім 
тұлғалы сөз таптары, сондай-ақ сын есім, етістік, оның шақтық 
категориясы, есімдік, шылаулар, қыстырмалар,т.б. түрлері, син-
таксис саласы бойынша сөз тіркестерінің көптеген түрлері, күр-
деленген сөйлемдер, жай (толымды, жайылма, жақсыз) сөйлем 
түрлері, құрмалас сөйлемнің құрылымдық түрлері қолданылады. 
Мәселен, күрделі ойдың логикалық жүйесін бұзбай, бірізді 
баяндалуы үшін жиі жұмсалатын сөйлемнің түрі – сабақтас 
құрмаластар. Күрделі ойдың жүйелі, қисынды берілуін ғылыми 
мәтіннен келтірілген төмендегі сөйлемдерден аңғаруға болады: 
Бүгінгі таңдағы жеке тұлғаны тануға бағытталған ұмтылыс 
ғылыми көзқарастардың жаңаруының негізгі мақсаты болып, 
көптеген ғылымдардың нысанасына айналып отырғанына ғы-
лыми әдебиеттерді саралау барысында көз жеткіземіз. Тіл 
білімі нысанына «тілдік тұлға» категориясының енгізілуі жал-
пы тұлға ұғымының жаңа мазмұнмен толығуына мүмкіндік 
жасап, тілді зерттеудің құрылымдық-функционалдық аспек-
тісі аясынан шығып, адамның санасы, ойы мен рухани қыз-
метімен тығыз байланыстағы антропологиялық тіл біліміне 
айналуына негіз жасалды. Антропоөзектік парадигмада «тіл-


дік тұлға» түсінігінің, анықтамасының пайда болуы, оны зерт-
теу қағидасы мен теориясы орыс тіл білімінде жасалғанымен, 
«тіл және тұлға» мәселесі, тілдің қызметі мен өмір сүруін оны 
тұтынушы тұлғамен байланыста зерттеу идеясы тіл білі-
мінде барлық кезеңдерде де болды (Ж.Ермекова. Мағжан 
Жұмабаевтың тілдік тұлғасы). 
Ғылыми стильдің қысқаша талдау үлгісі: 
1.Қарым-қатынас аясы (қолданылатын орны): ғылыми 
еңбектер мен зерттеулерде, ғылыми баяндамаларда, дәрістерде, 
ғылыми кеңес, мәжілістер, пікір алысуларда, т.б. 
2.Қарым-қатынас мақсаты: заттар мен құбылыстардың 
себеп-салдарын, жалпы ерекшелігін ашып, теориялық мәлімет 
беру; мәнді белгісін көрсету; шындықты ұғым түрінде логика-
лық жүйемен пайымдау. 
3.Стильдік сипаты: негізгі айтылатын ой дәлелді, логика-
лылық, дәлдік, қисындылық, т.б. 
4.Тілдік ерекшеліктері:
а) лексика-фразеологиялық: тура мағыналы атау сөздер, 
ғылыми терминдер,... 
ә) морфологиялық: осы шақ және ауыспалы келер шақ 
тұлғалы етістіктер,... 
б) синтаксистік: хабарлы, толымды, жайылма, сабақтас 
сөйлем түрлері, күрделі синтаксистік тұтастық, ... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   131




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет