М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет26/131
Дата06.09.2022
өлшемі2.23 Mb.
#38512
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   131
меуде…, юристік заңды білетін адамдар, орыс тіліндегі көрім-
дерді көріңіздер) т. б. 
Сондай-ақ публицистикалық стильдің ауызша түріне 
бұрыннан қалыптасқан шешендік сөз жатқызылады. 
«Шешендік сөз (ораторство) – Ежелгі Грекия мен Рим 
заманынан бері қарай көптеген халықтардың мәдени-рухани 
өміріндегі өнердің бір түрі. Шешендік өнер мен шешендік сөз 
өзара тығыз байланысты болғанымен, екеуі екі басқа түсінік 
атаулары: шешендік өнер актінің, яғни іс-әрекеттің атауы, ол 
әлеуметтік қызмет атқарады. Шешендік өнер (риторика)— өзі-
нің нысанасы, теориясы, категориялары, тарихы бар жеке сала 
болып табылады. Ал шешендік сөз шешендік өнер иелерінің 
шаршы топ алдында сөйлейтін сөзі. Бірақ көпшілік алдында 
айтылатын сөздің бәрі шешендік емес. Шешендік сөз мынадай 
талаптарға жауап беру керек: 
1) белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын 
және шаршы топ алдында айтылатын сөз болуы керек; 
2) әңгіме өзегінің дәлелі (аргументі) болуы тиіс, соның 
арқасында тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан 
соң ойлантып, ақырында бір харекетке ұмтылдыруды көздеуі 
қажет; 
3) тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, сүйсіндіретін эсте-
тикалық қасиеті болуы тиіс. 
Қазіргі шешендік сөздердің түрлері былайша ажыра-
тылады:
1) әлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік сөздер – ми-
тинг, конференция, съезд, сессиялардағы сөздер, баяндамалар, 
хабарламалар, радио-теледидардан берілетін саяси, әлеуметтік 
шолулар т.б.;
2) академиялық шешендік – жоғары оқу орындарындағы 
дәрістер, ғылыми баяндама, хабарлама т.б.;


3) сот ісіндегі шешендікке прокурордың айыптау сөзі, 
адвокат-қорғаушының сөзі, айыпкердің сөзі;
4) әлеуметтік тұрмыстағы шешендік;
5) діни қызметте қолданылатын шешендік (құран оқу, 
қазақша иман сөздері). Барлығына қойылатын басты талап – 
оның көркем, әсерлі болуы...» (Р.Сыздық). 
Демек, публицистикалық стиль – саясат пен идеология-
ның құралы ретінде қызмет етеді, әртүрлі саяси ақпараттар ағы-
ны мен жаңалықтарды дер кезінде жеткізіп, оған баға беріп, бұ-
қараға ықпал ету тәрізді маңызды міндеттер атқарады. Қоғам-
дық мәні бар мәселеге көпшілік назарын аударту мақсатында ой 
мен сезімге қатар әсер етерліктей экспрессивті-эмоционалды 
мәндегі тіл бірліктері жиі қолданылады. Мұндай ерекшелікті 
төмендегі үзінділерден аңғаруға болады: 
Абайы жоқ, Жамбылы жоқ, Мұхтары жоқ ел шын 
бақытсыз болар еді. Не деген әділетсіздік: тұлпарды тұсап 
қояды да, «ал, шап!» дейді. Депутаттар орысшаға жүйрік 
дейді, қазақшаға күйбіктейді. Мемлекет басшыларынан бас-
тап, жергілікті әкімтайға дейін қазақша сөйлемесе, бұл тілде 
ресми құжаттар жүргізілмесе - оның несі мемлекеттік 
тіл?! («Егемен Қазақстан»). Адамзат баласының жан дү-
ниесін тебірентерлік өткір мәселелердің көтеріліп отырғандығы 
анық байқалады. Ол мәселе – бүгінгі ана тіліміздің тағдыры. 
Депутаттар орысшаға жүйрік дейді, қазақшаға күйбіктейді 
деген сөйлемдегі қарама-қарсы мағынадағы екі баяндауыш 
(жүйрік дейді, күйбіктейді) арқылы автор мемлекет орган-
дарындағы азаматтардың сол мемлекеттік заңға бағынбай отыр-
ғандығын, заң тізгінінде отырып-ақ оны мойындамайтынын 
ащы мысқылдайды, адам характеріндегі қарама-қайшылықты 
антонимдік сөздермен орынды көрсетеді.
Оқырман көңіліне жылы сезім ұялататын жағымды мәндегі 
эмоционалды сөздер де, риторикалы сұраулы сөйлемдер де пуб-
лицистикалық стиль үлгілерінде жиі жұмсалады: Өз халқын 
әлемге танытатын, ұлттық өнер иелері аз ба бізде? Сонау 
Әміре салған жол жалғасып барады. Танылған тарлан 
шеберлердің аттарын қайталамай-ақ, соңғы кезде суырылып 
шығып, басқа дүниеге белгілі болған бірегей дарындарымыз 
баршылық (К.Смайлов). 


Публицистикалық стильдегі туындыларда автордың (пуб-
лицистің) басты нысанасы – идеялық көзқарасы мен саяси
адамгершілік бағытының айқындығын таныту, әлеуметтік жүгі 
бар мәселені көтеруге және оны шешуге ат салысуға қатынасын 
көрсету. Газеттен алынған төмендегі тағы бір үзіндіге назар 
аударалық:
Қазақстан жеріне қашаннан да көз алартушылар аз 
емес еді ғой. Қазақтың дүркін-дүркін қырылып, өспей қалға-
нының бір қырсығы – осыншама жерге өзгелердің өзеурей 
қарағандығынан емес пе еді ( Ш.Мұртаза). 
Бұл үзіндіде экспрессивті, бағалауыштық сөздер арқылы 
автордың қоғамдық-саяси жағдайға қатысы, оған баға беруі, 
өзіндік көзқарасының әлеуметтік сипаты анық көрінеді. 
Автордың «көз аларту» деп отырғаны жай көз аларту ғана емес, 
өзгеге үстемдік жасап, қоқан-лоққы көрсету деген сөздің «сы-
пайы» қолданысы болса, «қырылып, өспей қалу» – шындықты 
жалпылай жеткізіп тұрған тура мағыналы сөз. Ал «өзеурей 
қарау» – суық қолын салғысы келіп, қомағайлана, құныға қарау 
деген мағынада қолданылған деп түсінуге болады.
Публицистикалық стильдің басты ерекшелігі: ол ұлттық 
әдеби тілдің жетілуіне, сөздік қазынасының толығуына зор ық-
пал етеді, сол арқылы әдеби тілдің лексикалық-грамматикалық 
жүйесіндегі даму сипатын, жаңа бірліктердің нормалану үдерісін 
көрсете алады.
Публицистикалық стильдің қысқаша талдау үлгісі: 
1.Қарым-қатынас аясы (қолданылатын орны): газетте, 
саяси-қоғамдық журналдарда (жазбаша түрі), ал жиналыстар 
мен митингілерде
, радио-теледидар хабарларында (ауызша түрі). 
2.Қарым-қатынас мақсаты: заттар мен құбылыстардың 
мәнін ашу, оған көпшіліктің назарын аудару; жұртшылықты 
белгілі іске жұмылдыру, белгілі бір мақсатқа үндеу, иландыру; 
сондай-ақ белгілі бір құбылысқа оң не теріс баға беріп, қо-
ғамдық пікір туғызу. 
3.Стильдік сипаты: сөз үндеу, жұршылықты иландыру
үгіттік-насихаттық мәнінде жұмсалады. Сөз ой мен сезімге 
қатар әсер етерліктей болып келеді. 
4.Тілдік ерекшеліктері: 


а) лексика-фразеологиялық: зат пен құбылысқа оқырман 
назарын аудару үшін экспрессивті-эмоционалды реңктегі сөздер 
және бағалауыш лексика (ХХI ғасыр көшбасшысы, ұлтжанды-
лық, жарыс жүлдегері, еңбек майданы, ерлік мектебі, бәсекеге 
қабілетті, жасампаз ел, тұлға, перзент, сыбайлас жемқорлық, 
ұрпақтар сабақтастығы, егемендік, Тәуелсіздік, бостандық 
т.б); , 
– жалпы саяси лексика, халықаралық терминдер, күрделі 
тіркестер (егемендік, өркениет, бағдарлама, демеуші, халықара-
лық олимпиада, ұлттық театр, қаржы дағдарысы, Ата заң, 
тәуелсіздік туы, саяси тұрақтылық, теңге бағамы, ақылы оқу, 
қолжетімді баспана, т.б); 
– тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, афоризмдер мен 
перифразалар (Жауапкершілігі ұлан-асыр істе заңғар шыңнан 
көріну – баршамызға парыз. Алдыңғы кезекте саналы болашақ-
қа ұмтылу керек. «Жалғыз ағаш орман болмайтындай» алған 
білімің де өз басыңнан артылмаса несі пайда? Үш бәйтерек. 
Сәкен, Бейімбет, Ілияс! Үшеуінің де жөргегі  ұланғайыр бір да-
ланың топырағы. Үшеуінің туысы қандай бір болса, тұрысы 
қандай әр бөлек... (Газеттен) 
ә) морфологиялық: көптік тұлғалы зат есімдер, күрделі, 
қысқарған, жалқы, деректі, дерексіз зат атаулары, сан есім, сын 
есім, етістік тұлғалары, үстеулер (оқиғаның, т.б. қайда, қашан 
өткені жайлы...) шетелдік жұлдыздар, ең басты бәсекелестер, 
жиырма бірінші ғасыр, жоғары палата – сенат, т.б. 
б) синтаксистік: бұйрықты, лепті, риторикалық сұраулы 
сөйлемдер, сөз қайталаулар (Мен – тәуелсіз елдің ұрпағы! Бізге 
қандай қаламгер қажет? т.б.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   131




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет