М.Қанабекова


Сөздің мәнмәтіндік (контекстік) мағынасы



Pdf көрінісі
бет35/131
Дата06.09.2022
өлшемі2.23 Mb.
#38512
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   131
Сөздің мәнмәтіндік (контекстік) мағынасы 
Сөздің мәнмәтіндік мағынасы да көркем әдебиет стилінен 
туады. Белгілі мәнмәтінде ғана ұшырасатын сөздің келтірінді 
мағынасы қашанда әр автордың стильдік мақсатынан, дүниені 
бейнелі қабылдауынан туындайды. Жеке авторлық қолданыс-
тағы сөздердің мәнмәтіндік мағынасы сол тілдік тұлғаның 
ерекше поэтикалық ойлау қабілетін көрсетеді. Философиялық 
ойлау мен көркем шығармашылық адамның айналасындағы 
дүниені тануымен тығыз байланысты. Мысалы: 


 «Қазақтың бағы жүрсе – кәукілдеген мақтан әңгімесі, 
гулеген өсегі, кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кердең жүрісі 
көбейіп, қараптан-қарап іші жарылып, бұтқа толы болады» 
(Ә.Кекілбаев). Бұл сөйлемдегі кеңірдегін күнге, кіндігін айға 
ілген кердең жүріс мәнмәтіндік мағынасы адамның мінез-құл-
қына байланысты пайда болып, оның жүріс-тұрысын бейнелеуге 
қызмет етіп тұр. Жазушы «шалқайып, шіреніп жүру» мағына-
сындағы жүрісті суреттеу мақсатында мәнмәтінде бір-бірімен 
үйлеспейтін сөздерді өзара байланыстырып, тың қолданыстар 
жасауға мәжбүр болған.
Қай ақын-жазушы болмасын тіркесуде келетін сөздердің 
мағыналық қыр-сырын өзінің сөз саптауына қарай аша түседі. 
Мысалы: Осындай қоңыр кештің қоңыр күйі бейуағына 
жеткен әженің өмірлік гөй-гөйі (Абай). 
Сөз мәнмәтінде жазушының шеберлігіне байланысты әр 
түрлі стильдік бояу, өң алып отырады. Мәселен, мал емшегін 
емізу, жер емшегін емізу; Іргемді ешкімге шұқытпай – тәрізді 
сөз оралымдарының қолданысына назар аударалық: 
І.Есенберлин «Көшпенділер» романында Абылайдың 
Бұқармен диалогі келтіріледі: «Өкінішім – үш жүздің басын 
қоса алмадым: аз елге хан болдым, қазаққа мал емшегін емізген-
мен, жер емшегін емізе алмадым. Өзге жаудан қазақтың жерін 
қорғаймын деп жүргенімде, дүние құрғыр өтіпті ғой». Қазіргі 
тілде жалпы ұғына алатын «мал бақтырғанмен, егін салдыра 
алмадым» деп жай баяндай айтудан гөрі, автор суреттеп отыр-
ған дәуірге тән сөздерді, сөз тіркестерін, арнайы тілдік реалий-
лерді пайдаланбаса да, «мал емшегін емізу, жер емшегін емізу» 
тәрізді фразеологизмдер арқылы да мәнмәтінде Абылай дәуіріне 
тән әлеуметтік мәселенің (егіншілікке отырғызу) мәні ашылып 
тұр. Бұл – көне заманның мазмұнын берудегі автордың өзіндік 
контекстік мағына тудырудағы тәсілі. Немесе «Үркерде» 
(Ә.Кекілбаев) Әбілқайыр ойы былайша беріледі: «Кім көрінгенге 
көз түрткі болып жүрген көшпенді жұрт пен ормандағы орыс 
одақтас боп, жоңғарға қарсы жорыққа қол қосады деп жүр-
генде қазақ, міне, алғидың ала шөлінде қаңғырып қалды. Ендігі 
жалғыз амалы «әйтеуір мынау башқұрттар мен қалмақтар 
құсатып, іргемді ешкімге шұқытпай, бейбіт отырғызсаң бол-
ғаны» деу – Әбілқайыр әрі ойланып, бері ойланып, осыған бел 


буды». Мұнда «малын айдап кету, елін шабу, жерін талау» мә-
нінде жұмсалған іргемді шұқытпай деген де контекстік мағы-
надан туған сөз орамдары болып танылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   131




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет