М.Қанабекова


Синоним, антоним, омонимдердің



Pdf көрінісі
бет37/131
Дата06.09.2022
өлшемі2.23 Mb.
#38512
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   131
 
3.2.2. Синоним, антоним, омонимдердің
стильдік қолданысы 
Синоним – гректің synonymos – «мағыналас, мәндес» сөз-
дерінен алынған термин, яғни мағыналас, мазмұндас сөздер. 
Олар – ойды әрі көрікті, әрі әсерлі жеткізудің стильдік құралы. 


Оларды талғай да таңдай да, білу керек. Өйткені, мағыналас 
сөздердің бәрі үнемі бірінің орнына бірі жұмсала бермейді. 
Әрқайсысында әр түрлі стильдік бояу, стильдік сапа болады. 
Контексте қолдануына қарай әр түрлі мағыналық реңк 
туғызады. Олардың стильдік бояулары сол сөздерді салыстырып 
қолданғанда айқын көрінеді. Синонимдерді тіліміздегі стиль 
түрлеріне қарай саралап қолдану қажет. Мыс.: «күш, әл, қуат». 
Төмендегі сөйлемнен «күш» сөзінің орнына «әл» сөзін 
алмастырып айтуға болмайды. Өйткені, мағына дәлдігі бұзы-
лады: Қолыңдағы бар күшті жинай білсең, ұлы хандықты құ-
руға болады (І. Есенберлин). 
Бұл мәселе орыс тіл білімінде бірқатар зерттеу нысанына 
алынды. Синоним сөздердің стильдік қолданылуы туралы қазақ 
тіл білімінде көлемді зерттеу еңбектер көп емес. 
Көптеген ғалымдар «Бір тілдің лексикасында мүлде бір 
мағынада айтылатын екі немесе бірнеше сөз жоқ, сондықтан бұл 
сөздің ұқсастығын абсолюттік ұқсастық деуге болмайды. Себебі 
синонимдер айтушының ойына сай болып, логикалық пікірдің 
нәзік екенін қамтитын болады» деп таниды. 
А.И.Ефимов
5
: «За каждым синонимом стоит смысловое и 
стилистическое своеобразие, специфические смысловые оценки, 
изучаемые стилистикой … тождественных по значению слов в 
языке не бывает». 
Ноғайлыны шаппаққа 
Қалмақтар ішті қасамды (ант-су). 
Ерте заманда анттасқан адамдар серт беріп, бір ыдыстан 
су ішкен – ант су деп аталады. Бұл жерде қасам сөзінің жұм-
салуы – көне заманның мазмұнын берудегі ұтымды тәсіл. 
Шығарма тіліндегі экспрессивтілік пен баяндау дәлдігі
ой айқындығы синонимдер арқылы жүзеге асады. Көркем шы-
ғармаларда кейіпкерлердің ой-сезімдерін, мақсат-бағытын шы-
найы бейнелеуде, өмірлік көріністерді толыққанды етіп сурет-
теуде синонимдердің нәзік мағыналық айырмашылықтарын
тап басып, сөз байлығынан керектісін ғана таңдап ала білу 
талабы қойылады.
5
Ефимов А.И. Стилистика художественной речи. М., 1961, с. 252 


Синонимдердің бірнешеуін қайталау айтайын деген ойды 
анықтай түсіп, ойдың мағынасы мен экспрессиясын күшейте 
түседі. Абайдың қолынан келсе, сол Сармолла айтып жүрген 
сөзді өз тарапынан да жұртқа жеткізу борыш, қарыз тәрізді. 
Қағаз деген абырой, атақ, беделге қарай ма? Абайдың көз 
алдына Байтастың былтыр жаздағы әншіл, сауықшыл жол-
дастары толық елестеді (М.Әуезов). Өзара амандық-саулық 
сұрасып болған соң, сол қолым сұп-суық, тырбиған қабыр-
ғаларды түгендей өтіп жүрек тұсына барды; Үнсіз далада
жинала берген ойлар, әсіресе өз тірліктеріне байланысты
туып, өсіп-өрбіп жататын ойлар айтылуды керек ететін
сияқты; Манағы ұрыс-керістің у-шуы басылған соң, ше-
шесінің іргесіне келіп жата қойып еді, таң атқанша ұйық-
тай алмады; Ашу, азап, қайғы, мұң, қорқу-қобалжу, мою
дегендер есіме де келген емес (Ғ.Мүсірепов). Бұл үзінділерден 
түрліше стильдік мақсатта жұмсалған қолданыстарды аңғаруға 
болады. Мәселен, ашу, азап, қайғы, мұң; қорқу-қобалжу, мою 
синонимдері кейіпкердің қажырлылығын, шыдамдылығы мен
төзімділігін ерекшелеп, айқынырақ көрсетуде жұмсалған
стильдік құралдар ретінде танылады. 
Кейбір синоним сөздер мәнмәтінде жансыз заттармен 
тіркесіп келіп, бейнелілік (образдылық) мағына беріп тұрады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   131




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет