М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет38/131
Дата06.09.2022
өлшемі2.23 Mb.
#38512
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   131
былжыр күз, сылбыр күз; көріксіз, ажарсыз тұман (І.Жансүгіров). 
Демек, синонимдер көркем шығармада белгілі бір ойды
ұғымды бейнелеу тәсілдерін түрлендіріп, шығарма тілінің тар-
тымдылығына қызмет ететіні белгілі. Синонимдер стилистика-
лық сапасы жағынан бірдей болмайтындықтан, олардың көркем 
мәтінде қолданылу мақсаты әлдеқайда күрделірек және автор 
идеясына, автор көзқарасына тікелей тәуелді болады. Мәселен, 
қорқу мағынасын беру үшін көбінесе «үрейлену, үрку» сөздерін 
жиі қолданып отырамыз. Жазушылар шығарма мақсатына сай 
мағыналық реңкі бар синонимдерді орынды пайдаланады: келесі 
бағанаға жете бергенде, аузы күйген үрлеп ішеді, ротмистр 
аттың тізгінін қысқарта ұстап, ер үстінде сақ отырды. Баған 
түбінде етпетінен жатқан адамды көргенде ротмистрдің 
аты тағы да оқшаң ете қалды. Бірақ, солдаттар үркуге ша-
масын келтірмей жан-жақтан тізгін тұтысты (Ш.Мұртаза). 
Осы мәтіндегі «үрку» сөзі қандай мағыналық реңкте қолда-


нылып тұр? Әдетте, «үрку» сөзі малға, жан-жануарларға байла-
нысты қолданылатыны белгілі. Автор адамға қатысты «үрку» 
сөзін пайдаланып, белгілі бір экспрессивті реңк беру үшін жұм-
саған: елді үркіту үшін жасалған өлімнен әуелі ротмистрдің ас-
тындағы ат шошып еді. Офицердің үсті-басын қанша қаққы-
ласа да, мундирдің бір жауырыны қара дақтанып қалды. Мә-
тінде елді қорқыту мағынасы «елді үркіту» түрінде беріледі. 
«Үркіту» сөзін қолдану автордың стильдік мақсатынан туып 
отырған қолданыс. Себебі, автордың ойында елді жай ғана қор-
қытып қою емес, «үріккен, үркіп қашқан, үдере қашқан» деген 
мағыналардағы «кенет үрку» әрекеті бар. Осы сияқты Өлік енді 
бір қырындап, бір қолы астына қайырылып, бір қолымен жерді 
құшақтап жатты. Тірілер оның аспанға айтатын арызын да 
аяқтатпай, жүзін төмен қаратып тастады. Енді таңғы самал 
оның мұртын сипалай алмас. Осыдан бұл бишара көмілусіз көп 
күн жатады. Үлпілдек мұрты жидіп түскенше жатады. Елді 
үркіту, үрейлендіру үшін жатады (Ш.Мұртаза). Бұл мәтінде 
автор қорқыту мағынасын «үркіту, үрейлендіру» сөздерін қатар 
қолдану арқылы ойдың әсерлілігін арттыра түскен.
Тіл-тілде сараланған, қалыптасып орныққан бірнеше 
стильдік тармақ бар екендігі белгілі. Оның лексикасындағы көп-
теген сөздер сараланып, белгілі бір стильге телініп, әр топқа 
бөліне бастайды. Мұны белгілі бір синонимдік қатардың құра-
мындағы сөздердің қолдануынан аңғаруға болады: 
аспан – көк, әуе, 
жер шары – жер жүзі, 
теңіз – дария. 
Халық, жұрт, әлеумет, халайық – поэтикалық тілде қол-
данылып, көтеріңкі стильде беріледі, әуесқұмар — құштар 
— іңкәр — ынтық — ынтызарауызекі сөйлеуде, көркем 
стильде сараланып жұмсалады. 
Көркемдік дәлдікке, шынайылыққа жету үшін көркем 
шығарма тілінде белгілі бір стильдік қызметте жұмсалатын 
лексикалық бірліктердің бірі – антонимдер.
1.Ойды ықшамды, әсерлі ету үшін жұмсалады: Күні-түні 
тынбай; бірде көл, бірде шөл болады. 
2.Ойды жинақтау үшін қолданылады: Көңілім қалды 
достан да, дұшпаннан да…; жақсылық пен жамандықтың 


бағасын ұғар кезі болды ғой; Қызыл гүлің суалып, Ақ көңілің 
анық қарайды (Абай). 
3.Өмірдегі құбылыстарды дәл суреттеп, әсерлі жеткізуде 
антонимдер жиі пайдаланылады: Алшақ жайласып, араласпай 
араз отырған екі бай уәделесіп қойғандай, Майқұдық басына 
бүгін кешке жақын қатар келіп құлады (Ғ.Мүсірепов). Мұндағы 
«алшақ» және «қатар» антонимдері бұдан былайғы уақиға өрі-
сіне түрткі болып, ойдың мазмұнын аша түсуде стильдік қыз-
метте жұмсалып тұрған тәрізді. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» 
романында автор басты кейіпкері Жұман мен оның бәйбішесі 
Көпеймен арақатынасын, «екеуі екі дүниенің адамдары» екенін 
суреттеуде стильдік амал ретінде антонимдерді ұтымды таң-
дайды. Сол бейне, көріністі мынадай тілдік амалдар арқылы 
жеткізеді: Жұман оны жынды күшік десе, Көпей бәйбішесі  
сері жігіт атапты. Жабайды бершілге кім жеткізгенін енді 
Көпей де түсінді, Жұман да түсінді. Бірі сүйініп, бірі күйініп... 
Көп адам қасында келеді, бірақ жалғыз келе жатқандай сезі-
леді. 
4.Антонимдер көркем мәтінге ерекше экспрессивтік-
эмоциялық бояу, ырғақтылық, интонациялық сипат бере оты-
рып, табиғаттың көркем бейнесін суреттеуде де стильдік қыз-
мет атқарады: Кедейлігі де көп, байлығы да көп, қысы да көп, 
жазы да көп Арқаның жан алары да көп, жан сақтары да көп. 
Артында екі аттам жерде қалың шілікті қоңыр өзектің ішінде 
жүз қаралы жылқы қадалып жатыр екен... (Ғ.Мүсірепов).
5.Антонимдер кейде қосарланып келіп кейіпкер портретін, 
мінезін, ішкі сезімін ашып көрсетуде жұмсалады: Ауасы жетіп 
жатқан, ыстық-суық желі одан да көп далада осындай аласа 
мұрынның өзі жақсы... Жалғыз сұлулығы қаз-қатар меруерт-
тей тізіліп тегіс біткен тістерінде ғана; Соғыс кезінде бір 
тілекті адамдар бір ғана түн бірге түнеп шықса да, бірінің 
қуаныш-қайғысына бірі оп-оңай ортақ болып қала береді; 
Баламның жастығын көздеріне көрсетіп, бар тілегімді 
де айтайын, алғыс-қарғысымды да аямайын деп келдім 
(Ғ.Мүсірепов).
6.Антонимдер мысқыл, әжуа тудырудың тәсілі ретінде 
де қолданылады: Сонымен Боздақ биекең үмітпен ұйықтап, қа-


уіппен оянып келіп еді; Игілік алдында бүрсең қағатын 
Қожекең, мына топта маймандатып барады (Ғ.Мүсірепов).
Антонимдер қосарланып көбінесе мақал-мәтелдерде жұм-
салады: 
Отырсаң опақ, тұрсаң сопақ. 
Алаған қолым береген. 
Басы қатты, аяғы тәтті. 
Мақал-мәтелдердегі антонимдердің стилистикалық қыз-
меті зор, әсіресе қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, 
оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде немесе ойды 
айқындай түсуде антонимдік тәсілдер айрықша қызмет 
атқарады: 
Көз – қорқақ, қол – батыр; 
Алыс пен жақынды жортқан білер; 
Өтірік – қаңбақ, шын – салмақ. 
Омонимдер – дыбысталуы мен жазылуы бірдей, мағынасы 
әр басқа сөздер мен сөз тіркестері. Омонимдерге негізделген сөз 
әзілі, яғни омонимдерді жұмсаудағы стильдік тәсіл – каламбур 
деп аталады (фр. шендестіру тәсілі). Бұл стилистикалық сөз 
құбылту тәсілі негізінен поэзиялық туындыларда эмоциялық 
әсер тудыру үшін, өлең ұйқасының мәнерлілігін арттыруда жиі 
жұмсалады. Каламбур амалы сатиралық шығармаларда тиімді 
қолданылады. Ол суреткерден тіл заңдылықтарын терең игеруді, 
тапқырлықты, сөз жұмсаудағы шеберлікті талап етеді. 
Қалқам, жаным, қарағым, 
Бетіңе келмес қарағым. (С. Торайғыров) 
Тағы сынды жан едік, 
Тағы келдік тар жерге (Махамбет). 
Махаббаттың соңғы жыры – үйлену
Күйеу болып, келін болып үйге ену (Қ.Мырза Әли). 
Аяғыңа қарамай, басып алдың қара май (М.Әлімбаев). 
Елді қан жылатумен шынжыр балақ шұбар төс қанды ауыз 
атанған бір ауыз еді (С. Торайғыров). Қысқасы, омонимдер көбі-
несе көркем әдебиет стилінде, ауызекі сөйлеу тілімізде әр түрлі 
стилистикалық қызмет атқарады әрі каламбур тудырудың көр-
кемдік тәсілі ретінде танылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   131




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет