М.Қанабекова


Бейәдеби тілдік бірліктердің



Pdf көрінісі
бет39/131
Дата06.09.2022
өлшемі2.23 Mb.
#38512
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   131
3.2.3. Бейәдеби тілдік бірліктердің
стилистикалық сипаты 
Бірқатар зерттеулерде көркем стильде стилистикалық 
«жүктемесі» бар элементтер оқырман назарының белсенділігін 
арттырудың тәсілі ретінде қарастырылды. Мұнда да оқырман 
әлгіндей «жүктемелер» арқылы мәтінді үстірт қабылдамай, 
ерекше назар аударып, ден қоя қабылдайтындай болуы қажет 
деп танылды. 
Көркем әдебиет тілінде стилистикалық «жүктемесі» бар 
элементтерден көнерген сөздер мен сирек қолданылатын сөздер, 
терминдер, кәсіби сөздер мен диалектизмдер, қарапайым сөздер, 
өзге де бейәдеби тілдік бірліктер эстетикалық тұрғыдан стильдік 
мақсатпен қолданылады. Бұлар көркем әдебиет тіліне жат бол-
ғанымен, уәжді қолданыстар деп танылып, стилистикалық нор-
маны құрайды. Өйткені, көркем шығарма стилінің басты қыз-
меті, В.В.Виноградов айтқандай, эстетикалық ықпал ету. Осын-
дай «басты» қызметтің үдесінен шыға алса, ондай стильдің ком-
муникативтік сапасы жоғары деп танылады.
 
Көнерген сөздер мен тарихи сөздердің стильдік қолданысы 
Тарихи жанрға жазылған шығармаларда негізгі инфор-
мативтік және көркемдік (стильдік) қызмет атқаратын тілдік 
құралдардың бірі көнерген және тарихи сөздер болып табылады. 
Олар тарихи шындықты дәлірек беруде түрлі сипаттамалық 
(характерелогический) қызмет атқарады. Мұндай жағдайда көне 
сөздердің, әсіресе көркем образ тудырудағы, кейіпкерлерге 
тілдік мінездеме берудегі т.б. көркемдік қызметтері жүзеге 
асырылады. Сонда ғана өткен дәуірде өмір сүрген ата-бабала-
рымыздың тыныс-тіршілігі, ой ағымы, сөйлеуі, тілі айқын көрі-
неді. Өйткені, тарихи шығарма өңін келтірер стильдік құралдар 
– көнерген сөздер.
Көне сөздердің көркем шығармаларда қолданылу ерекше-
ліктері жайлы зерттеулер, мақалалар, пікірлер баршылық. Орыс 
ғалымдары, зерттеушілері тарихи жанрдағы шығармалардың 
тіліне стилистикалық талдау жасаудың мақсатын айқындап 
береді: «Анализ стилистического использования писателями 
комплексных средств архаизации с целью воплощения идейно-


тематической направленности изучаемых произведений, про-
цесс становления художественной нормы, наполнение ее но-
выми семантика-стилистическими оттенками, а также сфера 
распространения ее в языке произведения жанра, а затем воз-
можность трансформации нормы в арсенал выразительных 
средств литературного языка – все это в значительной мере 
проясняется на основании лингво-стилистического анализа луч-
ших произведений исторического жанра … и является главной 
задачей данной работы»
6
.
Көнерген сөздер – тілдің пассив қабатындағы сөз бай-
лығы. Қазіргі әдеби тіл құрамынан шығып қалған, бүгінде 
мағынасы көмескіленген сөздер көркем шығармалар тілінде 
қайта қолданылады. Әр суреткер осындай тілдік құбылыстарды 
тауып, өз орнымен дәл жұмсай білсе, әр кейіпкерін өз «дәуірін-
ше», өз «үнімен» сөйлете білсе, тарихи жанрдағы шығармаларға 
стильдік тұрғыдан қойылатын талаптың жоғары деңгейден 
шыққандығы деп ұғамыз. Көнерген сөздерді стильдік мақсатта 
орынды жұмсай білген жазушы М. Әуезов «Абай жолы» ро-
манында өткеннің тұрмыс-салтын, ел өмірін шынайы суреттеу 
үшін шеберлік танытқан. Дуаны бұл болыстардан бөлек болса 
да, жері көршілес керей де бар: жандарал, ояз, старшын, мың-
басы, жүзбасы, би, хан, сұлтан т.б. Немесе М.Мағауин
«Аласапыран» романында сол дәуірдің өзіндік көрінісі мен 
тіршілігін оқырманның көз алдына көне қалпында жеткізуде 
көне сөздерді орынды пайдаланады: «…Шығыс Дешті қыпшақ-
тың падишахы Тәуекелдің сауын айтып, шұғыл шақырумен киіз 
туырлықты қазақ ұлына хүкім жүргізуші қасқа жайсаң атаулы 
Қаратаудың терістігіндегі Созақ қаласына құрылтайға жиналды. 
Бұл – Хақ-Назар хан шахид болғалы өткізілмек ең үлкен кеңес 
еді, ұлыстарды ұстап отырған ақсүйек атаулы – сұлтан мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   131




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет