М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет49/131
Дата06.09.2022
өлшемі2.23 Mb.
#38512
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   131
ГРАММАТИКАЛЫҚ СТИЛИСТИКА 
Стилистика тіл жүйесіндегі фонемалар мен суперсегмент-
тік бірліктердің, лексика-фразеологиялық амал-тәсілдердің қыз-
метін анықтаумен қатар, грамматикалық тұлға-категориялардың 
да стильдік сипат-белгілерін ашып көрсетеді. Грамматикалық 
стилистика грамматикалық категориялар мен синтаксистік құ-
рылымдардың қолданылу жүйесін қарастырады және олардың 
көркемдегіш-мәнерлегіштік қасиеттерін, стилистикалық мүмкін-
діктері мен қызметін айқындайды. Грамматикалық стилистика-
ның морфологиялық және синтаксистік деп саралануына қарай 
әр саланың өзіндік зерттеу нысаны, қарастыратын мәселелері 
болады. 
Морфологиялық стилистика морфологиялық категориялар 
мен олардың тұлғаларының мәндестігін, әдеби тілдің функцио-
налды стильдеріне қатысын да қарастырады. 
Морфемалардың қызметіндегі, мағыналарындағы түрлі 
ерекшеліктері нақты қолданыста ғана ашылады. Кейде дұрыс 
сөйлемнің өзін бұзып айтып, ондағы сөздерге жалғанып тұрған 
морфемалардың қызметіне мән бермеушілік кездеседі. Мысалы, 
Жартасқа бардым, күнге айғай салдым немесе «Қараша, жел-
тоқсанда сол бір он екі ай» деген жолдардағы «күнде» сөзінің 
мағынасын түсінбей, оны барыс септікке, «желтоқсанмен-ді» 
жатыс септікке қойып жазудан немесе «сол бір екі ай» деудің 
орнына «сол бір он екі ай» деп қолдану салдарынан ой айқын-
дылығына нұқсан келіп, сөз мағыналары бұлыңғыр тартып, 
морфологиялық нормадан уәжсіз ауытқулар пайда болады. 
Әрбір сөз табының өзіндік түрленім жүйесі, сөз тудыру 
амал-тәсілдері бар. Ол – морфологиялық, синтаксистік және 
морфологиялық-синтаксистік тәсілдер. Солардың ең өнімдісі – 
морфологиялық тәсіл, бұл тәсіл арқылы жасалатын сөздердің 
сөйлемде қолданылуының алуан түрлі стильдік бедері болады. 
Бір форманың өзі әр түрлі стилистикалық мағына-бояуға ие бола 
отырып, бірнеше қызмет атқарады. 
Адам ойын жеткізудің негізгі формасы – сөйлем. Жеке 
сөйлем арқылы біршама аяқталған ойды білдіретін, мақсатты 
ойға құрылған мазмұнды жеткізіп айтуға тиіспіз. Мұндайда әр 
сөйлемді қалай құру, қандай-қандай сөздерді пайдалану, ол 


сөздерді қай тұлғада жұмсау, қай сөзді қай сөзбен тіркестіру
қалай байланыстыру керек деген сауалдар туындайды. 
Кезінде жазушы З.Шашкин «Роман және дәуір тынысы» 
деген мақаласында («Қазақ әдебиеті»,1964) «жатыр», «отыр» 
етістіктерінің қолданысына байланысты өз ой-пікірін білдірген 
болатын: «...мұндай етістіктер тілімізді онша көркейтіп тұрған 
жоқ. Біз осыдан құтылу әдісін іздеуіміз керек» – деген екен. Бұл 
ойға қатысты өз пікірін профессор М.Балақаев
1
былайша тұжы-
рымдайды: «Бұл – қазақ тіліндегі күрделі етістіктер құрамының 
кейде шұбалаңқы болатынын ұнатпағандық болар, бірақ бұл, 
біздіңше, ұшқары пікір. Егер шақтық, модальдік, тағы басқа 
грамматикалық қызмет атқаратын жатыр, отыр, тұр, еді, дейді 
тәрізді көмекші етістіктерден «құтылатын» болсақ, тіліміз күр-
меліп қалмай ма? Жазушы роман жазып жатыр, жазушы бір 
жылда екі роман жазып тастады сияқты сөйлемдердің ма-
ғыналық айырмашылығын «көркейтіп» тұрған сол көмекші етіс-
тіктер емес пе?». 
Тілдің грамматикалық құрылысы (морфологиялық тұлға-
тәсілдері, сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібі, сөйлемдердің 
құрылымдық жүйесі) ғасырлар бойы жасалып, әбден орнығып 
қалыптасқан, тілімізде әдеби нормаға айналып тұрақталған 
деуге болады. Сөздердің жіктелу, тәуелдену, септелу парадигма-
лары, етістіктің етіс, жақ, шақ категориясы, сын есімнің шырай 
түрлері, тұйық етістік тұлғалары тілімізде бір тұлғада орнығып 
қалыптасты, ондай бірліктерді уәжсіз өзгерте салу мүмкін бол-
майды. Дегенмен де тілде бар мүмкіншіліктерді дұрыс, орынды 
пайдаланбау салдарынан тілдік қолданыста стильдік қателер жиі 
орын алады. Мысалы, әр жанрдағы мәтіннен алынған мына сөй-
лемдерге назар аударалық: 
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша комму-
налдық үйлерге де ерекше маңыз берілуде, дұрысы: Мемлекет-
тік тұрғын үй бағдарламасы коммуналдық үйлерге де ерекше 
маңыз беріліп отыр; Қаланың ұйымдарына тұрақты жұмысқа 
қажет, дұрысы: Қаланың ұйымдарына тұрақты жұмысқа 
1
Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А., 1971, 76-б. 


қамту орталығы қажет; Жергілікті әкім өз ісіне жауапсыз-
дықпен қарауда, дұрысы: Жергілікті әкім өз ісіне жауапсыз 
қарады. Кәсібилігі жоғары мамандар дайындау қажет, дұ-
рысы: Кәсіби біліктілігі жоғары мамандар дайындау қажет. 
Демек, грамматикалық нормадан уәжсіз ауытқулардың 
дені – морфологиялық тұлғалардың қолданысында ғана емес, 
көбіне синтаксистік саласында да жиі байқалады: жүз мың 
гектар жерге дән сіңірді, дұрысы: дән септі, дәнді екті; наша-
қорлықтың арқасында, дұрысы: нашақорлықтың салдарынын; 
маскүнемдік қанат жаюда, дұрысы: маскүнемдік етек алды, 
т.б. Сондықтан тілдің грамматикалық құрылысын, оның қа-
лыпты заңдылықтарын бұзбай, тілде барды дұрыс қолданып, ке-
регінде жаңа сөз, жаңа орам, тың тіркестер жасау мүмкіншілік-
терін қарастыруымыз тиіс
.
Тіліміздің мол грамматикалық мүмкіншіліктерін дұрыс 
пайдалана білу – жақсы стилист болу деген сөз. Сөйтіп, сти-
листика грамматикалық категориялар мен ұғымдардың, син-
таксистік құрылымдардың қолданылу заңдылықтарын қарас-
тыра отырып, оларды тиімді пайдалана білуді үйретеді. Қазақ 
тілінің грамматика жүйесінің де стильдік мүмкіншіліктері мол. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   131




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет