М.Қанабекова


 Стилистиканың теориялық ұғым-категориялары



Pdf көрінісі
бет8/131
Дата06.09.2022
өлшемі2.23 Mb.
#38512
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   131
1.4. Стилистиканың теориялық ұғым-категориялары 
Стилистика ғылымының мазмұнын құрайтын, өзіндік 
ерекшілігін айқындайтын басты ұғымдары мен категориялары 
болады. Мысалы, стиль, функционалды стиль, стильдік белгі, 
стилистикалық бояу, стилистикалық құралдар, стиль жүйе-
11
Стилистика руского языка. Л., 1989, c 38 


лілігі, стилистикалық мағына, стилистикалық коннотация, 
стилистикалық норма, стилистикалық қате, стиль құраушы 
факторлар (лингвистикалық және экстралингвистикалық) т.б. 
Бұлардың ішінде стилистикалық бояу, стилистикалық құралдар, 
стилистикалық мағына бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. 
Стиль – стилистиканың негізгі категориясы. Стиль – 
латынша stylos – жазу құралы. Ертеде Римде, Грекияда стиль 
осы жазу құралының атауы ретінде танылған. Одан бергіде 
Еуропа елдерінде шешендік өнер ұғымының синонимі ретінде 
жұмсалған. 
Шешендік өнердің атауы қызметінде риторика сөзі қол-
данысқа түскеннен кейін, стиль басқа мағыналарға ие болған. 
Дәлірек айтқанда, стиль сөзі даралықты, өзіндік ерекшелікті 
танытады. «Стиль – тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметіне бай-
ланысты жіктелетін әдеби тілдің функционалдық түрі»
12
. Таза 
лингвистикалық мағынасындағы стиль дегеніміз – белгілі бір 
қарым-қатынас аясына, мақсатына орай, ойдың мазмұнына бай-
ланысты іріктелетін, тарихи жағынан қалыптасқан тілдік құрал-
дардың жиынтығы. 
Бүгінгі таңда стилистика ғылымының теориялық әрі прак-
тикалық маңыздылығы артып, функционалды стильдерінің қо-
ғамдық қызметінің сан салалы екендігі белгілі, сондықтан тілдің 
стильдік табиғатын жан-жақты тану, тереңнен зерттеу міндеті 
қойылып отыр. Ғалым М.Серғалиев стильдің төмендегідей ерек-
шеліктерін көрсетіп, былайша тұжырымдайды: 
1) Әдеби тілдің бір түрі; демек сол тілде сөйлейтін бар-
шаға түсінікті сөздер мен конструкциялар;
2) Стиль – тарихи категория; 
3) Стиль – қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады; 
4) Тілдік кұралдардың қалай болса солай тіркескен тобы 
емес, шартты тұйықталған тобы.
Бұл тұжырым стиль жөнінде айтылған «белгілі бір тілдегі 
лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қол-
дану принциптері» деген анықтамалардың кеңейген, қазіргі 
12
Серғалиев М. Cтилистикалық ұғымдар мен категориялар // ҚазМУ 
хабаршысы. Филология сериясы. 1977. № 8 


стиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі қасиетін танудан туған 
түсінік деп ұғынуға болады. 
Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп 
келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шы-
ғармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилис-
тикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағына-
сында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданы-
лады. 
Барлық жағдайда да «стиль» термині тілдің белгілі бір 
қарым-қатынас аясына байланысты жұмсалады. Стильді тілдің 
стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде тану 
тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар 
аударудан туған түсінік деп ойлаймыз. 
Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары қатар 
жұмсалып, қолданыста жиі көрінеді. Тіл стильдері мен сөйлеу 
стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне 
сәйкес келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске 
асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу 
стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс 
жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр 
уақытта жанрлармен байланысты болып келеді. 
Лингвистикалық ұғым ретінде стильдің көп мағыналы-
лығын байқауға болады. Айталық, жеке тілдік құралдардың қол-
данысы да стильдік ерекшелікті танытады, сол сияқты, белгілі 
бір мәтін немесе мәтін үзіндісі де стиль туралы сөз етуге ма-
териал болады. Мәселен, біріншіден, екіншіден … тәрізді сөз-
дердің тұлғаларына қарап, ғылыми стильдегі санамалау түрін 
ұғынуға болады, ал деп аталады, біздің ойымызша, жүргізілген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   131




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет