М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет9/131
Дата06.09.2022
өлшемі2.23 Mb.
#38512
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   131
тәжірибенің нәтижесінде … дегендей тіркестер ғылыми стиль-
ді тіпті айқындай түседі. Ал жанр тұрғысынан келгенде, айта-
лық, қаулы-қарардың үзіндісі болса, ресми стиль екендігі, ша-
ғын өлең не прозалық шығармалардың үзіндісі болса, көркем 
әдебиет стилі болатындығы, баспасөз материалы немесе саяси 
әдебиеттен алынған дәйексөз (цитата) болса, публицистикалық 
стиль ретінде танылатындығы белгілі. Сөйтіп, қызмет ету ба-
рысында қоғамдық қатынастың белгілі бір саласында тұрақты 
қолданылған тілдік құралдар белгілі бір стильдік бояуларға ие 
бола бастайды. Басқаша айтқанда, тілдік құралдар жүйесінен 


табиғаты жағынан белгілі салада қатынас жасауға икемділері 
таңдалып алынады. Сөйтіп, функционалды стильдердің әрқай-
сысы мағынасы мен реңі жағынан сол стильдерге тән тілдік құ-
ралдарды қолдану негізінде қалыптасады. Бұл тілдің қоғамдық 
қатынастың белгілі бір саласында қызмет ету әрекеті нәти-
жесінде жүзеге асады. Сондықтан функционалды стильдерді 
жүйелеудің негізіне экстралингвистикалық ұстаным жатады. 
Орыс тіл білімі стилистикасын зерттеуші А.Ефимов
13
стильдің төмендегідей ерекшеліктерін атап көрсетеді:
а) тілдік құралдардың қолданылу нормасына сай таңдап 
құралуы;
ә) шектелген және арнаулы лексикалық құрамы;
б) өзіне тән сөздердің мағыналық реңктері мен сөзжасам 
элементтері;
в) өзіне тән фразеологиясы;
г) өзіндік синтаксистік конструкциялары; 
ғ) әр стильге тән мәнерлегіш құралдардың құрамы мен 
қызметі жатады. 
Функционалды стильдерді ажыратудың (бөлудің) негізі 
тілдік (лингвистикалық) және тілдік емес (экстралингвистика-
лық) жағдаяттарға (факторларға) байланысты қаралады. Бұлар 
– стилистиканың негізгі ұғымдарының бірі. Функционалды 
стильдерді сипаттауда, олардың өзіндік белгілерін айқындап 
көрсетуде екі фактор да ескеріледі. 
Лингвистикалық факторлардың негізін тілдік құрал-
дардың мәтін ішіндегі көрінісі, тілдік-стилистикалық белгілер 
құрайды. Яғни интонация, жеке дыбыстардан бастап, лексика-
лық бірліктер (сөздер) мен грамматикалық тұлғалардың, көрік-
теуіш құралдары мен түрлі синтаксистік конструкциялардың 
қолданыстағы ерекшеліктері негізге алынады.
Тілден тысқары стиль құраушы факторларға қарым-қаты-
нас аясы, қоғамдық қызмет түрлері (тілдесу, хабарлау, ықпал 
ету), қоғамдық сана формасы, сөздің ауызша не жазбаша көрі-
нісі, сөздің жанрлық ерекшелігі, баяндау түрі (әңгімелеу, сурет-
теу, ойталқы), жағдаяттық-қоғамдық факторлар (сөздің тоны, 
13
Ефимов А.И. Стилистика русского языка, М., 1969. с.62 


сөйлеу актісінің түрі, тыңдаушы ерекшелігі) т.б. жатады. Бұлар 
объективті факторларды құраса, автор ұстанымы, оның дара-
лығы сияқты субъективті факторлар да болады. Бұл фактор-
лардың барлығы да сөз сипатына тікелей әсер етеді, бірақ олар-
дың стиль құраушылық дәрежелері бірдей емес. 
Функционалды стильдерді таптастыру тілдің табиғатынан 
туындайды, яғни таза тілдік факторлар негіз болады. Алайда, 
соңғы кездегі зерттеулерде стильдік құбылыстарды, әдеби тілдің 
стильдік тармақтарға бөлінуін қарым-қатынастың мақсаты мен 
міндетіне, тілдесудің қандай салада жүзеге асатындығына, яғни 
тілдік емес (экстралингвистикалық) факторларға тәуелді екені 
айқындала түсті. Тілдің өзге деңгейлеріне қарағанда, әсіресе, 
лексика-фразеологиялық қабаты экстралингвистикалық фактор-
лармен тығыз байланысты. Стиль сыртқы жағдаяттармен мей-
лінше тығыз, тереңірек байланыста болып келеді. Өйткені, 
стильтүзім сыртқы факторлардың нәтижесінде нақты сөйлеу 
үрдісінде пайда болады. Қарым-қатынастың қай жерде, кіммен 
өткені сөздің сипатына, тілдік элементтердің реңдеріне әсер 
етпей қоймайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   131




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет