Марал Зейнел-Ғабиқызы



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата30.12.2016
өлшемі4,59 Mb.
#750
1   2   3   4   5   6   7

 
Ӛсиетім 
 
Ӛлерімде жыламаңдар, ағайын. 
Алтын күндей арайланып батайын. 
Ӛткен бүткіл ғұмырыма разы боп
Ең соңғы рет дәм-тұзымды татайын. 
 
Ӛмір бар да ӛлмек бар ғой тегінде. 
Ұзақ ғұмыр тілеймін мен бәріңе. 
Менсіз жері кеңейсін тек күншілдің, 
Тынышталсын жан-жүрегім менің де. 
 
Ӛмір-қызық, қызығына тоймаймын. 
Ержетсе де балаларды ойлаймын. 
Асыл анам кейуананың жасында, 
Қартайсам да еркелеуді қоймаймын. 
 
Мен ӛлгенде қарамаңдар, ағайын. 
Ақ  шымылдық тасасында жатайын. 
«Жақсы ит те кӛрсетпеген ӛлігін» 
Күліп мәңгі естеріңде қалайын. 
Қазан, 2005 жыл. 

 
45 
Соңғы тілек 
 
Қазсын менің қабірімді 
Туған жердің тӛрінен. 
Табылайын әкем жатқан,  
Ауылымның ӛрінен. 
 
Ешбір қызға бұйырмаған, 
Ата-баба қорымы. 
Ӛзім айтқан жерде болсын, 
Сүйегімнің орыны. 
 
 
 
 
 
Арыма 
 
Құбылам менің, шұғылам сенсің ӛзімнің. 
Жырым да сенсің, нұры да сенсің кӛзімнің. 
Жаза бассам ӛзіңе ғана жүгінем, 
Жаным да таза, бұлақтай мӛлдір  кӛңілім. 
 
 
*** 
Біреудің алыстағы арманымын. 
Біреудің баға жетпес ардағымын. 
Тұңғиық түбіндегі жарқыраған,  
Әдемі, қолы жетпес маржанымын. 
 
Біреудің мың құбылған гауһарымын. 
Оқ жетпес асқар шыңның арқарымын. 
Қасиет, қадіріме жетер болса, 
Ер жігіттің лайланбас шалқарымын.  
 
 
 
 

 
46 
Ӛзім туралы 
 
Әлi де мен биіктерден кӛрінем, 
Әлі де мен ӛлең болып ӛрілем. 
Жүректерден табыламын іздесең, 
Кӛрінемін кӛңілдердің тӛрінен 
 
Кісілікке басымды иіп ӛтемін, 
Жақсылықтың дәнін жыйып ӛтемін. 
Әрбір жаннан сұлулықты табамын, 
Ғашық болып ӛмірден мен ӛтемін. 
 
Мұңайтпасын, жасытпасын Жаратқан, 
Тӛбемізде жарқырасын ақ аспан. 
Суымасын жастық жалын, ыстық қан. 
Келер күнге талпынамын талмастан. 
 
 
О, тіршілік! 
 
О, тіршілік, бәрімізге балдайсың. 
Жақсыға да, жаманға да шын байсың. 
Мың құбылып, жүз түрленіп, ӛзгеріп, 
Бір орында ешуақытта тұрмайсың. 
 
О, тіршілік,соныңмен сен қызықсың. 
Ӛтеді адам тек ӛзіңді сүйіп шын. 
Рахатына жұмақтағы жүз күнгі, 
Бермек емес жәй бір күнгі тірлігін. 
 

 
47 
Сырласу 
 
Отырам жиі ӛзіммен ӛзім мұңдасып, 
Ӛзіммен ӛзім ӛткенді шолып сырласып. 
Қиналған кезде кӛмекке келер ӛлең-жыр 
Қуантып шексіз, келгендей құрбы-құрдасым.  
 
Жылаған кезде шашымнан сипап жұбатар, 
Жанымда жан жоқ кӛзімнің жасын құрғатар. 
Ақ жүрегін жәйіп салып кіршіксіз, 
Жарқырап кӛзі, нұрланып реңі тіл қатар. 
 
                  
* * * 
Кӛңілімнің кӛкжиегі мұнартып, 
Келер күнге үмітімді мол артып, 
Соңғы кезде отырамын елеңдеп
Жақсы хабар естуге мен құмартып, 
 
Келер жылдар арманыма жетелер, 
Ел алдында қарызым кӛп ӛтелер. 
Қосақталып қайғы-мұң мен қуаныш, 
Болар сәттер күйінер де сүйінер... 
 
Бақ пен дарын бірге жүрсе болғаны. 
Кӛңілімнің әруақытта толғаны. 
Жүрек соғып, сезім шалқып, толқыса, 
Жыр «Аққұсы» қолыма кеп қонғаны. 
 
Басқа арман, ӛзге тілек әзір жоқ. 
Келемін мен ана тілін қадірлеп. 
Толғай білсем ӛз ойымды тереңнен, 
Сірә маған одан артық бақыт жоқ. 
 
Жарық кӛрер әлі талай кітабым, 
Қуанышқа толар талай құшағым. 
Аманат-жыр ұрпағыма қалдырар, 
Бұл ӛмірден тек қана сол ұтарым. 

 
48 
Ӛкінемін текке ӛткен күндер менен айларға, 
 
Ӛкінемін текке ӛткен күндер менен айларға, 
Таба алмаймын ешбір уаж, ешбір себеп айтарға. 
Жарты ғасыр ӛте шықты кӛз ілеспей зымырап. 
Жастық жігер, күш-қуатым енді маған қайтар ма? 
 
Арқадағы мен бір елік үйірінен адасқан, 
Тұрса дағы күн күлімдеп, шәйдай ашық ақ аспан. 
Болғаннан соң бұра тартқан бұралаң жол алдымда, 
Қалай ғана айтыңдаршы бұл жалғанда адаспан?. 
 
Ӛзім сүйген кӛркемсӛзден қалдым ұзақ кӛз жазып, 
Шалажансар арман қалды кете жаздап қоштасып. 
Орта жаста қайта түсіп тар жол тайғақ кешуге, 
Ұшса, шіркін, кӛк пырағым ақ аспанмен астасып. 
 
                             
 
Іздейтінім  - ізгілік 
 
Теңіздей толқып кеткенде,  
Толғанып ӛлең жазамын. 
Кӛңіліме демеу, сүйеніш 
Ӛлеңнен әр кез табамын. 
 
Жамандық кӛрсем егіліп, 
Күйзеліп жылап қаламын. 
Жақсыға жаным еліктеп, 
Қуанып маздап жанамын. 
 
Ӛзімнің тура жолымды 
Адасып кейде табамын. 
Шытырман ӛмір соқпағын 
Түсінбей кейде қаламын. 
 
Осынау қысқа ӛмірде 
Ренжіспей неге жүрмеске? 

 
49 
Біріңді-бірің шын сүйіп, 
Шаттанып неге күлмеске? 
 
 
Сыйласып жүрсек баршамыз 
Береке, бірлік болады. 
Татулық қонса үйіңе, 
Қуаныш бақыт сол әні. 
 
Бар адамның жүзінен 
Бақыт нұрын іздеймін. 
Тұнығынан кӛзінің 
Ізгілікті іздеймін. 
 
Кейбіреудің кӛзінен  
Кӛлгір күлкі кӛремін. 
Кейбіреудің сӛзінен 
Жалғандықты сеземін. 
 
Түлкі бұлаң заманда 
Қалай ӛмір сүремін? 
Шын жыламай, шын күлмей, 
Қалай ғана жүремін? 
 
 
 
Жыртысымды жыртпасын. 
 
Қайда жүрсем дос табуға тырыстым, 
Құрбылармен сырласып кӛп ұғыстым. 
Шын жүректен кӛмегімді ұсынып,  
Аямадым жан жылуын, қол ұшын. 
 
Ауырса да жандарынан табылдым, 
Ем жасадым жасағанға жалындым. 
Тілеп жүрдім ұзақ ғұмыр, жақсылық, 
Күюші еді достар үшін жаным шын. 
 
Жан-жүрегін үзіп берер дос қайда?!. 
Әркімдердің кӛздегені тек пайда. 

 
50 
Жалған «достар» жанымызда аз емес. 
Сатып кетер кездессе екі талайда 
 
Кеш түсініп опық жедім әрине,  
Жүрек мұздап, кӛңіл қалды бәріне. 
Жаны жүдеу адамдармен дос болсаң, 
Қалмайды екен бұл ӛмірдің сәні де. 
 
Соңғы тілек болары  шын адамда, 
Тіршіліктің ақыры - қаза бар да, 
Жалақтап мен ӛлгенде жалған  «достар» 
Жыртысымды жыртпасын жаназамда! 
 
 
 
 

 
51 
                                       Ӛтіпті отыз жеті кӛктем мен күз, 
Ағыпты қаншама су, еріп кӛк мұз. 
Жадыңда сақтап жүрдің қара қызды, 
Үмітпен кездесерміз әлі де біз. 
 
 
 
 
 
 
ІІІ БӚЛІМ 
 
Балалық шаққа саяхат, 
Ӛшпес махаббат 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
52 
Бала ғашық 
 
Балалық шаққа саяхат жасап қайтайық, 
Iштегi сырды ақтарып бiрден тастайық. 
Перiштедей құрбыларды еске алып, 
Бала-ғашық, сағыныш жырын бастайық. 
 
Балалық шаққа саяхат жасап қайтайық, 
Кӛрiктi жырды кӛңiлде жүрген айтайық. 
Ӛтсе де жылжып арманға толы талай жыл, 
Оралмас мәңгi ӛткендi шолып байқайық. 
 
Балалық шақты түсiмнен әр кез iздеймiн. 
Туған жердiң сағымынан iздеймiн. 
Анашымның мейiрiмдi жүзiнен, 
Бала-ғашықтың жүрегiнен iздеймiн. 
 
Балалық шағым, балауса шағым, бал шағым, 
Арайлы таңдар шуақты күндер аңсадым. 
Елiгiндей Сарыарқаның елеңдеп, 
Келер күнге зор үмiтпен аттадым. 
 
Жоғалтпай жүрсiң сезiмге толы жаныңды, 
Бұлқынып жүрек суытпай ыстық қаныңды. 
Жүре бершi жарысып ұзақ жылдармен, 
Бала-ғашық, арнадым осы әнiмдi. 
 
 
30.07.05ж. 
Алматы 

 
53 
Балалық шақты еске алу 
 
Кездескенде еске түстi балалық шақ базарлы, 
Күйдi кештiм бойжеткендей әдемi бiр ажарлы. 
Сен де кеттiң жас жiгiттей кӛз алдымда жасарып, 
Осындай да болады екен жасағанның ғажабы. 
 
Қанша жылдар қайрылмастан сырғып, жылжып кетiптi, 
Оқу, ӛнер, табыстарға қолдарымыз жетiптi. 
Арман, мақсат орындалып, асуларды алғанмен, 
Жүргендейсiң толтыра аламай кӛңiлдегi кетiктi. 
 
Жаның таза, жүрегiң ақ, аруақ қонған жiгiтсiң, 
Алатаудың ақ шыңына аппақ үйлер тiгiпсiң. 
Алла саған нәсiп етсiн ұзақ ӛмiр, шын бақыт, 
Сарыарқаның сары баласы, елiң үшiн туыпсың. 
 
 
Сені мен мен 
 
Ӛмір бойы болсаң егер шын ғашық, 
Кездесуге, сырласуға шын асық. 
Айтарым бар тек ӛзіңе жасырмай, 
Келсең кіріп есігімді сен ашып. 
 
Сенер едім, сенер едім мен саған, 
Күлімдейді кӛзің ғана тек маған. 
Қулық сақтап тұрсың-ау деп ойланам, 
Қиын екен шынайылық болмаған. 
 
Жүрегіңді жайып салшы сен маған, 
Арыңа сен, содан кейін сен маған. 
Кӛңіліме түсірмеші кӛлеңке, 
Сенемін ғой, сенгім келед мен саған. 
 
 
 
 

 
54 
Шынайылық сыйла маған 
 
Тұнып тұрған ойың болса, 
Тұншықтырмай ашшы маған. 
Жүрегіңде отың болса,  
Алаулатып жақшы маған. 
 
Кӛңіліңде әнің болса, 
Мың құбылтып салшы маған. 
Кӛкейіңде назың болса, 
Жасырмашы айтшы маған. 
 
Сыр қалмасын, жыр қалмасын, 
Ашылмаған, айтылмаған. 
Шынайылық шын жүректен, 
Сӛйтіп, жаным, сыйла маған. 
 
 
 
 
 
Мен сені бағалаймын 
 
Мен сені бағалаймын асылыма, 
Ұқсатам жаздың жарқыл жасынына. 
Ақ жаныңа ғашықпын, ақшақардай, 
Ханзададай тұлғаңа, ақылыңа. 
 
Бақытымсың, бағымсың шын ӛзімнің, 
Жанарысың жарқыраған кӛзімнің. 
Кӛңілімнің кӛгілдір нұр даласы
Мәні мен мағынасы әр сӛзімнің. 
 
 
 

 
55 
Ӛкпе 
 
Сен кеткен соң... 
Қуаныш емес,  
Кӛңілімде мұң қалды. 
Айтылмаған, 
Әдемі бір сыр қалды. 
Мойныңа асып, 
Ақ білегін еркелер, 
Бала кезде, 
Ӛзің сүйген қыз қалды. 
Жан дүнием, 
Дауыл соғып ӛткендей. 
Жүрегімде, 
Тоң боп қатып, мұз қалды. 
Қадалып сол, 
Жүрегімде мәңгілік, 
Алынбастай, 
Үшкір ине-біз қалды. 
 
 
 
 
 

 
56 
Досқа 
 
Аспандағы айды кӛрсем қуанам, 
Сәулесіне шомылып мен оянам. 
Жанымда сен болмаған соң әрине, 
Сұлулыққа сүйсінгенмен мұңаям. 
 
Жарқыраған жұлдыздарға қараймын, 
Жетпесем де есебіне санаймын. 
Ең жарығын жымыңдаған тӛбемде, 
Жақсы досым, мен ӛзіңе балаймын. 
 
Ай да алыс, жұлдыздар да тым алыс, 
Арман-мақсат, жетер меже ол да алыс. 
Шалыс басып, қалыс қалып жүрмеуге, 
Жетелейді мені әрқашан бір намыс. 
 
 
 
 
 
Іздедің бе 
 
Сен мені іздедің бе қуанғанда, 
Кӛңілің әлде неге жұбанғанда. 
Сәттерде жүрегіңді шаттық кернеп, 
Жас баладай алданып уанғанда. 
 
Сен мені іздедің бе қиналғанда, 
Тӛбеңе қайғы бұлты жиналғанда. 
Ренжіп, қажып, шаршап, шын мұңайып, 
Жалғызсырап бір мезгіл жылағанда. 
 
Сен мені аңсап кейде сағындың ба, 
Оралып қайталанбас сағым-жырға. 
Жүректе сақталды ма пәк сезімің, 
Тағдырға басқа түскен бағындың ба? 
 
Адамның ӛз тағдыры ӛз қолында. 
Кездесер неше сынақ ақ жолыңда. 
Достық пен махаббаттан айырылу, 
Кезігер ғұмыр атты жол барында... 
 

 
57 
Мен ӛзіңді... 
 
Мен ӛзіңді аспандағы, 
Қыран құсқа балайын. 
Жүрегіңе ӛз атымды, 
Ӛшпейтін ғып жазайын. 
 
Әнің болып әруақытта, 
Айтылмаған қалайын. 
Ақ жолыңа сәуле шашқан. 
Жалғыз шамдай жанайын… 
 
 
Түс 
 
Ӛзім екеу болғанмен 
Жаным жалғыз жүруші ед. 
Ішім жылап тұрса да, 
Сыртым ғана күлуші ед. 
Қаным жылы болғанмен, 
Жүрегім тоңып тұрушы ед. 
Шуақты күндер болғанмен, 
Қоңыржай ӛмір сүруші ек. 
Ӛзіңді кӛріп қуанып, 
Жүрегім аунап түсіп ед… 
Бақытты сәттер – құр бекер, 
Ӛңімде емес, түсімде ед. 

 
58 
Керуен басым 
Болса ӛмір-бір керуен жүк артқан,  
Ӛмір жүгі болады екен мың батпан. 
Алып жүру тауқыметін ӛмірдің, 
Күшке түсер жауырынға шын батқан. 
 
Керуен басым болғың келсе ӛмірде,  
Тосқауылдар толып жатыр жолыңда. 
Адастырмай алып жүрсең мен дайын, 
Ақылың мен парасатың молыңда. 
 
Керуен басым ӛзің болсаң арман жоқ, 
Баққұсымның тӛбеме кеп қонғаны. 
Кім біледі сәтсіз болып сапарым, 
Жүгім ауып қалмаса тек болғаны. 
 
 
 
 
Ӛмір жайлы ой 
 
Мағыналы ӛмір сүрсем арман жоқ
Мақсатыма жете берсем кӛңіл тоқ. 
Жақсы ісіме сүйсінетін ел болса, 
Шығар тауым, асуларым алар кӛп. 
 
Шаршатады күйкі тірлік күйбеңі, 
Ұсақ-түйек шаруалар үйдегі. 
Үнемі бір алаң болып жүргенім, 
Текке ойлап түкке тұрмас дүниені. 
 
Ӛмір қысқа, дүние жалған әуелден. 
Ӛтеу қиын ата-анаңның қарызын. 
Бар тілегім, ұмытпасын ұл мен қыз, 
Ел алдында азаматтық парызын. 
 
Ӛз басыңның қара қамын ойламай, 
Күйкі тірлік күйбеңіне бойламай, 
Биік мақсат асыл арман жолында, 
Жете бергін табыстарға толағай. 

 
59 
Сезім 
 
Сезімсіз ӛткен түндерім мені қинайды. 
Ықылассыз күндерім мені қинайды. 
Арнамаған асыл сӛзді жарыма, 
Салқын қанды сәттерім мені қинайды. 
 
Сарғайып, аңсап сағынғанға не жетсін! 
Қуанысып қауышқанға не жетсін. 
Адам болып туғаннан соң анадан, 
Шын ниетпен, жылағанға не жетсін! 
 
Қызығамын бірге жылап, күлгенге. 
Бірін-бірі шын ӛбектеп жүргенге. 
Қайғы мұңды тең бӛлісіп кӛтеріп, 
Жәй-күйіңді сұрамай-ақ білгенге. 
 
Бедірейген бетсіздерден қорқамын. 
Қасиетсіз тексіздерден қорқамын. 
Жүрегі мұз, жаны жүдеу, тас бауыр. 
Рухы тӛмен адамдардан қорқамын. 
 
Шалқиды сезім телегей-теңіз дәрия. 
Кӛңілім кӛркем шынайы жібек дүрия. 
Жарқылдап жәйдай ӛмірден ӛтсем арман жоқ, 
Із тастап артқа, болардай елге жәрия. 
 
 
 
 

 
60 
Тілегім 
 
Ойы тұнық, жаны таза, кӛзі ашық, 
Азаматқа болам әр кез мен ғашық. 
Парасатты, сымбаты сай келісті, 
Адамдармен жүздесуге мен асық. 
 
Жүрсем бүгін сау-сәлемат жер басып, 
Кемерімнен кетпек емен мен тасып. 
Жақсылықтың жолында мен шаршаман, 
Жамандықты кӛрсем қалам мен жасып. 
 
Жақсылыққа жаным құмар әрқашан. 
Дарқандықты күтемін мен баршадан. 
Топас, мекер, менмендікке шырмалып, 
Арыла алмай жүрген жоқ па қанша адам? 
 
Шын жүректен мен тілеймін бәріңе, 
Сәулесі мол нұрлы әсем шақтарды. 
Бұл ӛмірдің жоқ емес қой қалтарыс
Кӛлеңкелі тым кӛмескі жақтары. 
 
Ой-ӛрісі биік тұрса әркімнің, 
Ертеңіме қиналмас ем бәлкім мен? 
Ӛзін ғана ойлағандар болмаса, 
Кем қалмаспыз еш уақытта ешкімнен. 
 
Адам болып келгеннен соң ӛмірге, 
Адам болып ӛлу бізге парыз ғой. 
Азаматы болағаннан соң елімнің, 
Халқым үшін еңбек ету қарыз ғой. 
 
 
 
 
 
 
 

 
61 
Сыр 
 
Жылағанды жырларыммен  
жұбатсам, 
Еңсе түсіп езілгенді  
қуантсам, 
Жан жүрегін мазасыздың  
тербетсем, 
Жазылмайтын жараларын  
емдесем. 
 
Ақ қанатты армандарын  
жалғасам, 
Уақыт жүгін арқалаудан  
талмасам. 
Досым үшін алаулап бір 
жанбасам, 
Несі жақсы жүректерде  
қалмасам?! 
 
 
 
Құрбыларға 
 
Ӛмір ӛтіп барады қайтқан қаздай, 
Терістікте болатын қысқа жаздай. 
Кеше ғана қыз едім желкілдеген, 
Жаулық киер күн жақын ақша қардай. 
 
Мәз боламыз бәріміз мың жасардай, 
Кеше ӛткен соқпақты тың басардай. 
Жол қысқарып, аларға ажал келсе, 
Мұрша бермес пендеге тіл қатардай… 
 
Әр сәтін нұрлы ӛмірдің бағалайық, 
Мәңгілік жоқ. Ӛткенді саралайық. 
Ғұмырдың мағынасы адалдықта, 
Біз қонақ бұл жалғанға,  
шамалайық. 

 
62 
Әсемдікті қимаймын 
 
Мен сүйемін қырдың әсем гүлдерін. 
Жарқыраған айдын шалқар кӛлдерін. 
Толықсыған айды кӛрсем қуанам, 
Ұнатамын күркіреген күндерін. 
 
Табынамын, табиғатқа тасып тым. 
Кӛгендегі қозы-лаққа ғашықпын. 
Жас баланың иісіне ғашықпын. 
Жақсылармен жүздесуге асықпын. 
 
Ӛтеді ӛмір, дәм ӛлшеулі, ӛтемін. 
Мен де алланың сызығына жетемін. 
Бүкіл дүние тіршіліктің тынысын
Әсемдікті қалай қиып кетемін? 
 
 
 
 
Арман 
 
Арман, арман, қызыққа адам тойған ба? 
Шаршап, сірә, армандамай қойған ба? 
Таңданасың жүзге келіп ӛлгендер, 
«Арман-ай» деп соңғы демін алғанда. 
 
Ес білген соң армандаймыз ӛсуді, 
Сүйген жармен басымызды қосуды. 
Үй болуды армандаймыз іргелі, 
Немере мен шӛберені сүюді. 
 
Арман деген –адамның ғажап ойлары, 
Арман деген – қасиет, қадір бойдағы. 
Ӛмірге құштар ықыласы, ынтасы, 
Жігерін қайрар таптырмайтын қайрағы. 
 
 
 
 
 

 
63 
Асығамын 
 
Асығамын күн сайын  
келер таңға 
Асығамын қыс түссе,  
келер жазға 
Асығамын айтуға бар сырымды 
Мені танып, сезінер  
білер жанға. 
 
Қарсы аламын қуанып,  
қайтқан қазды. 
Тебіренем естісем,  
күйді сазды. 
Елеңдеймін еліктей еркелеймін, 
Асығамын кӛруге  
сүйген жарды. 
 
Қанша қалды аңсатқан,  
Ақ таңдарым. 
Жетелейтін арманға  
Бақ таңдарым. 
Үлгерермін жетуге бір белеске, 
Қонса менің басыма  
Бақ пен дарын. 
 
Алла, маған бере гӛр  
Ақ жолыңды 
Кӛтергізіп білекті,  
Жәй қолымды 
Алдым тұман, артым жар болмасыншы, 
Сәуле түсір басыма,  
бер жолымды. 
 
Мен аттайын алдағы  
жылдарыма. 
Ғұмыр берсін,  
Жаратқан, жырларыма 

 
64 
Мен кетсем де, жыл сайын кӛктемеде 
Сән берейін гүл болып,  
Қырларыма. 
 
 
 
Ӛмір  заңы 
 
Қартайып, бойдан қуат әл кеткенде, 
Кескін- кейіп, сымбаттан сән кеткенде, 
Қасиет пен кәдірден алыстарсың
Ұшқыр ой мен сӛзіңнен мән кеткенде. 
 
Кӛзбен шолып қарарсың айналаңа, 
Келді дерсің басыма қайдан нала? 
Еске түссе жігерлі жастық шағың, 
Сезінерсің қалғандай айдалада. 
 
Қартайғанда жұбыңнан айырмасын. 
Жаны ашып алдыңа ол қояр асын. 
Үйің толған ұл мен қыз болса –дағы 
Құдай қосқан қосақтай қайдан болсын?! 
 
Жарың сені мәпелеп еркелетер. 
Жаман қылық кӛрсетпес ӛкпелетер. 
Жалғыздық аллаға тән. Ер мен әйел  
Болса, шіркін, ӛмірден бірге ӛтер! 
 
Ӛмір қатал, ӛмірдің ӛз заңы бар. 
Ӛлшеулі әрбір күнің, атар таңдар. 
Аз ба, кӛп пе, жүргейсің шын сыйласып, 
Адалдық, пәк сезімнен аттамаңдар! 
 
 
 
 

 
65 
Кӛктем 
 
 
Кӛгілдір кӛктем, кӛгілдір кӛктем 
Күн нұрын тӛкті кӛгілжім кӛктен. 
Жауқазын гүлдер, жұпарын шашты. 
Қуанды халық ӛзіңді күткен. 
 
Қозы, лақ шықты, беттеді қырға, 
Бӛленді жер-кӛк әдемі жырға. 
Қыс бойы үйде ауырып жатқан, 
Қарттар да шықты ілігіп сыртқа. 
 
Кеудені керіп таза ауа жұтты. 
Кӛктемнен үлкен жақсылық күтті. 
Бусанып жатыр Жер- ана міне, 
Баршаның болсын, Кӛктемі құтты! 
 
 
 
 
 
Күз 
 
Далам менің қызыл күрең,  
Сарғылт-қошқыл түске еніп, 
Кигізгендей ала шапан  
Ӛзбек ағам күз келіп. 
Балаусасы балқұрағы  
Қоңыр тартып, қуарып, 
Айдын кӛлім мұңаяды, жетімсіреп құс кетіп. 
 
Қара суық жел еседі  
Ӛңменіңнен ӛтердей, 
Кеудеңдегі жылуыңды  
Суырып бір кетердей, 
Сұр аспанда бұлт кӛшеді,  
Түйіледі түнеріп. 
Жаңбыр жауып, сабалайды терезеңді тесердей. 
 

 
66 
Сонда да бар қоңыр күздің  
Қайталанбас шақтары, 
Естен кетпес маужыраған  
Сары алтындай бақтары. 
Сары күзде ғашық жандар  
Жас шаңырақ кӛтеріп, 
Арайланып алғаш рет  
Атқан бақыт таңдары. 
 
Алқаптарда егін басып,  
Комбайндар жосылған. 
Еңбек үні қамбаларда  
Ән мен жырға қосылған. 
Берекелі бейбіт ӛмір  
Нәсіп болып халқыма, 
Ел басына келмесін тек  
Жамандықтар тосыннан. 
 
Әлі талай  
Даламызға қоңыр сары күз келер 
Бұл ӛмірде таусылмасын  
Игі ырыс біз кӛрер. 
Күз суығы кӛп бӛгелмес,  
Ӛтер, кетер тоңдырып, 
Суымасын жан жылуы  
Адамдарға біз берер. 
 

 
67 
Қыс таяу 
 
Қорғасын сұрғылт бұлттар қаптады да
Жӛңкіді будақ-будақ аспанымда. 
Сілбіреп тоқтамайды, сұрғылт жауын, 
Ерте күзден хабаршы жетті мұнда. 
 
Кӛкжиек кӛрінбейді мұнартады. 
Балалар да ойнауға құмартады. 
Қабағы табиғаттың бір ашылмай, 
Кӛңілсіз әр күн сайын таң атады. 
 
Күз келді,  қыс та таяу, алыс емес. 
Жаз деген біз байғұсқа болды елес 
Піспей тұрған егінді кӛрген сайын, 
Әр түрлі кейіс ойлар маза бермес… 
 
 
 
 
 
Бакуге барғанда 
 
Кім ойлаған бұл Бакуге келем деп, 
Ескі қорған, музейлерін кӛрем деп, 
Сырлы сазды шығыс әнін елеңдеп, 
Тыңдаймын да тәнті болып қалам деп, 
Қарай бергің, қарай бергің келеді. 
 
«Қыз мұнара», «Ширваншахтың сарайы», 
Ескерткіші он екінші ғасырдың 
Құпия бір қасиетпен қарайды. 
Дуа жасап тастағандай жасырын. 
Талмай кӛзің, қарай бергің келеді. 
 
Есте қалар жарқыраған күндері, 
Қызыл, жасыл, әсем нәзік гүлдері. 
Асып-тасып қарт Каспийдің кемері, 
Кейде баяу, кейде қатты «норд» желі. 
Келе бергім, кӛре бергім келеді. 
 
 
 
 

 
68 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет