Марал Зейнел-Ғабиқызы



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата30.12.2016
өлшемі4,59 Mb.
#750
1   2   3   4   5   6   7

Шіркін-ай! 
 
Жақсы жанды кӛбіне кӛзге ілмейміз, 
Мазалап, тірісінде кӛп күндейміз. 
Кӛзден таса болғанда кӛңіл айтып, 
Кӛлгірсіп, кӛзді сулап, сӛз сӛйлейміз. 
 
Жаманды кӛріп әсте қорланамыз
Жақсыны «жақсы» деуге арланамыз. 
Қызғанып атақ, даңқты текті жаннан, 
Айрылып қалғанда тек ойланамыз. 
 
Жақсыны танытуды кӛздемейміз, 
Тәйірі ондай адам аз ба, – дейміз. 
Қазақтың қанға біткен іштарлығы 
Тұсау болып аяғын күрмелейміз. 
 
 
 
 
 
Кӛңілімнің кӛктемі 
 
Кім сүймейді кӛк желекті табиғаттың кӛктемін. 
Әкелетін ӛзіменен тіршіліктің от демін. 
Гүлжазира маужыраған осынау бір нұр дала, 
Еліктіріп іздетеді кӛңілімнің кӛктемін. 
 
Күтем оны жасыл қырды қызғалдақтар жапқанда, 
Күтем оны алма ағаштар аппақ гүлін ашқанда. 
Ойнағанда кӛк жиекте толқынданып ақ сағым, 
Арманымның ақ құсындай аққу кӛлге қайтқанда. 
 
Кей уақытта елегізіп, отыра алмай үйде мен, 
Дала кезіп, гүлдер теріп, сағым қуған күйдемін. 
Кең даланы құшағыма қиналмай-ақ сыйғызып, 
Құлазыған кӛңілімді толтырып бір келемін… 
 
 
 
 
 
 

 
69 
Жастық шақ 
 
Ӛзгеше ғой жастық шақта ӛміріңнің әр күні, 
Ӛзгеше ғой дірілдеген жас арудың кірпігі. 
Жарқылдаған жалын жанар жарқ етіп бір қараса, 
Жаңылысар жігіттердің жүрегінің лүпілі. 
 
Ӛзгеше ғой барша жастың мӛлдіреген кӛздері. 
Ӛзгеше ғой арман, мақсат, сырға толы сӛздері. 
Жеткізе алмай құрбысына нәзік, сәби сезімін, 
Ӛзгеше ғой жас жігіттің қиналған бір кездері. 
 
Кеудесінде әрбір жастың буырқанған теңізі. 
Жүрегінде, жігерінде бар сарқылмас сезімі. 
Ондайларға бұлтты күні, тұнжыраған аспаннан 
Күн күлімдеп, сәуле шашып, ай кӛрінген секілді... 
 
 
Ару  қыз 
 
Ақ тӛсекте аппақ ару іңкәр жүрек егілді. 
Қара шашы сусып тӛске тӛгілді. 
Дірілдейді демалысы, алқынады жиілеп, 
Кеудесіне сыйғыза алмай сезімді. 
 
Жас жүрегі махаббатты алыстағы аңсайды, 
Ару қызға таң да атып, жұлдыздар да батпайды. 
Кӛз алдына сұлу жігіт елестейді еркелеп, 
Ұмсынады, буыны бос, бірақ оны таппайды. 
 
Асықпашы, аққу сынды арман қуған, ару қыз! 
Сыңарыңды бұл ӛмірден, кӛп ұзамай  табарсың. 
Домбыраның қос шегіндей жарасып, 
Қосағыңмен қосылып ән саларсың… 
 
 
 
 

 
70 
 
Түсімде 
 
Түсімде ғана жымиып күліп,  
Сен мені неге қинайсың? 
Немесе кейде аймалап сүйіп, 
Қуаныш маған сыйлайсың. 
 
Әрине сонда ұмытып кетем, 
Мен үшін мәңгі жоғыңды. 
Гүл болып жайнап, күн болып жетем, 
Толтырып нұрға жанымды. 
 
Түс, неге сонша қатыгез едің? 
Алдайсың мені аяусыз. 
Түсіріп еске күндерді қызық, 
Шоқ болып қалған алаусыз. 
 
 
 
 
 
*** 
 
 
 
 
Сүюден адам егер жаратылса, 
Сүюімен әр пенде дара тұрса, 
Бар әлемнің адамзаты тек қана 
Сүйікті мен сүйгендерден жаратылса... 
 
 
Жүрекке мұң, кӛзге жас толмас еді. 
Жер бетінде жамандық қалмас еді. 
Жаныңды жаралайтын жарым ниет, 
Жайдақ мінез адамдар болмас еді… 
 
 
 
 

 
71 
Алдамшы сезім 
 
Жасырайын мен несін… 
Жалт етіп жылы қарайтын. 
Жанымның нәзік пернесін, 
Тербетіп нұры тарайтын. 
 
Кездесіп қалсам бейуақыт, 
Жүрегім қатты тулайтын. 
Сезуші ем сонда мол шаттық, 
Кеудемді кернеп симайтын. 
 
Білмеппін сол бір күндердің, 
Сағымдай бұлдыр екенін. 
Уақытша ғана жылытып, 
Тоңдырып мені кетерін… 
 
 
 
 
 
*** 
Сенсің жаным,  
Кӛкӛрім талы кӛктемнің. 
Қызғалдағы  
Кӛкорай шалғын бӛктердің. 
Кетпейді естен  
Кӛзіңді тігіп кӛзіме, 
Құшақтап белден,  
Абайлап беттен ӛпкенің. 
 
Сенсің жаным,  
Алыстап кеткен арманым. 
Ап-ашық күні  
Адасып қалған, іңкәрім. 
Қиялай ұшып,  
Құзар шыңға шыға алмай, 
Қанаты талған  
Құрыш қанат сұңқарым. 
 

 
72 
Алып ұшқан  
Ӛтті талай  түндерім. 
Сағыныштан  
Аңсауменен жүдедім. 
Кӛре алмаймын,  
Баса алмаймын кеудеме, 
Оралмайды  
Қуанышты күндерім. 
 
 
 
Білмеппін 
 
Білмеппін, жылжып ӛткен кӛңіл жазын, 
Білмеппін, тыңдамаппын жүрек назын. 
Кетіпті қайрылмасқа саумал шағым, 
Іздеймін тоқтаусыз сол сезім сазын. 
 
Аласұрып, іздеймін, шарқ ұрамын, 
Адалдық, махаббаттың бақ тұрағын. 
Қайдасың, оттан ыстық ынтызарым
Мәпелер бейне менің бал-құрағым? 
 
Жас жаным бақыт аңсап асығады, 
Жүрегім жиі шаншып басылады. 
Кей кезде кете жаздап қош айтысып, 
Қаламын жердің бетін басып әлі… 
 
 
 

 
73 
Сені іздедім 
 
 
Екеуміз ӛткен жерлерді кӛрсем қиналам, 
Түсімде кейде кездесіп, шексіз қуанам. 
Кӛргім келсе бірге жүрген бақ ішін, 
Сен тосқандай асыға мен жиналам. 
 
Кинозалға кірген, кейбір кезімде 
Орындығың кӛрінер ыстық кӛзіме. 
Қатарласа отырса біреу ӛзіме,  
Ұрланып қана қараймын оның жүзіне. 
 
Бейтаныс адам бұрылса маған сол сәтте, 
Назарымды тайдырып мен де мезетте, 
Ойлаймын сені, ой түбіне жете алмай, 
Жалғызсырап, қиналамын әлбетте. 
 
Думаны мол студенттік кештерде, 
Концерт, кино, бақ ішін бір кезгенде. 
Әлде қалай тілдессем бір жігітпен, 
Сенің бейнең биік тұрар әр кезде. 
 
Кешірімді кеш сұрадың сен неге? 
Кешер қуат таба алмадым мен неге? 
Бірін-бірі құлай сүйген қос жүрек, 
Қиналады екен, қиналмақшы мәңгіге. 
 
 
 
 
 

 
74 
Абайға 
 
Қасында науқас ӛткіздік жылдар жартысын, 
Күн сайын кӛрдік ӛлім мен ӛмір тартысын. 
Жаратқан құдай жар болып бізге бір ӛзі, 
Абыройменен ӛткердік  ӛмір талқысын. 
 
Науқаспен бірге ауырып, қатты қысылып, 
Олармен бірге қуарып, күйіп, ысынып. 
Ұйқысыз түндер жарысып бірге жүгірдік, 
Келгенде кезек, кӛмекті бірге ұсынып. 
 
Жатса да адам дәрменсіз мүлде, тым нашар, 
Үмітін үзбей дәрігер емін шын жасар. 
От болып жанған ӛміріне науқастың, 
Қарлығаштай қанатымен су шашар. 
 
Тәуірлеу болса, күлімдей қарар кӛздері. 
Жылытар жанды алғысқа толы сӛздері. 
Қоштасар сәттер саушылықпен үйіне, 
Дәрігерінің де  ең бақытты кездері. 
 
Екеулеп, Абай, елу жыл еңбек етіппіз, 
Белорта жасқа екпіндеп лезде жетіппіз. 
Зейнетін кӛріп, ӛткізген бастан бейнеттің 
Жүрсек-ау, шіркін, ақсақал жасқа жетіп біз!? 
 
Қуанар адам кӛгеріп ӛскен бұтаққа, 
Толтырса егер алқызыл гүлді құшаққа… 
Үйленіп ұлдар немере сүйсек – арман жоқ, 
Береке берсін, жаратқан құдай ошаққа. 
 
 
 
 
 
 

 
75 
Аймала мені 
 
Аймала мені, аймала жаным ынтығып. 
Қаның бір қызып, жүрегің қысып бұлқынып. 
Бір тұтамдай қалды ма менің ғұмырым
Аймала мені, аймала жаным, құлшынып. 
 
Махаббат сезім сыймайды ешбір ӛлшемге. 
Тек қана ғұмыр құдайдың берген ӛлшенген. 
Телегей-теңіз сезімге кетсем тұншығып,  
Айтпас ем менің арманым бар деп ӛртенген. 
 
 
 
 
 
 
Наз 
 
Жауап неге жазбадың хаттарыма, 
Тұнық ойдың түбіне батпадың ба? 
Сағынған шалғайдағы жан жарыңа 
Жылы сӛз жүрегіңнен таппадың ба? 
 
Күтемін мен ӛзіңнен жылылықты, 
Мәрт мінез, асыл сезім, ұлылықты. 
Күтемін адами кӛп қасиеттер, 
Сегіз қырлы бір ғана сырлылықты. 
 
Ӛмірде алдау, арбау болмаса екен, 
Жүрегім қаталдыққа тоңбаса екен, 
Шапағаттың аямай тӛгіп нұрын, 
Жасаған жақсылыққа оңдаса екен. 
 
Жақсыны әр уақытта ұлықтадым, 
Жамандықты діліме дарытпадым. 
Сүйемін нәзік сезім, сұлулықты, 
Сүйкімді адамның бір қылықтарын. 
 
 
 
 

 
76 
Бақыт деген… 
 
Бақыт деген - 
Татулықта бірлікте, 
Алға ұмтылған талпыныс пен тірлікте. 
Бақыт деген - 
Адастырмас ӛрлікте, 
Есте қалар елден асқан ерлікте. 
 
Бақыт деген - 
Ғашықтардың кӛзінде, 
Аялаған жан анаңның сӛзінде. 
Бақыт деген - 
Туған жердің тӛсінде, 
Сақталатын әрбір жанның есінде. 
 
Бақыт деген - 
Ақ некелі тӛсекте, 
Адал болу, ермей ешбір ӛсекке. 
Бақыт деген - 
Қасиетті бесікте, 
Келін болып алғаш түскен есікте. 
 
Бақыт деген - 
Жылуы мол жүректе, 
Қару асып ел қорғаған білекте. 
Бақыт деген - 
Аппақ таза ниетте, 
Арайлы күн кӛгілдір кӛкжиекте. 
 
 
 

 
77 
Қос қанатым 
 
Оң қанатым – тұңғыш ұлым Айбарым, 
Аңқылдаған, ақ кӛңілді, жайдарлым. 
Сол қанатым – қоңыр қозым Айдыным, 
Келсе кезек ел қорғайтын айбыным. 
 
Екеуі де сегіз қырлы, бір сырлы… 
Ән салады, күй тартады мың түрлі. 
Айбар шықса, сахнаға айдай боп, 
Айдын ӛзі үйреніп жүр үш тілді. 
 
 
 
 
  
Айбарға 
 
Айбарым менің,  
Алтын айдар бӛбегім. 
Құндақтап күймен,  
Әнменен сені бӛледім. 
Балдан тәтті қылығыңмен  
біздерді 
Қуанышқа,  
Қызыққа ғана бӛлегін. 
 
Ақ қанатты  
Кӛгершінім бӛбегім, 
Анаңды аңсап  
Алаңдайсың жүдедің, 
Аз ғана күн  
Кӛрмеп едім ӛзіңді, 
Сыздап тұр-ау  
Сағыныштан жүрегім. 
 
Кӛздеріңді  
Сағындырдың бӛбегім 
Құлағымда  
Былдырлаған ӛлеңің 
Күлкің күміс,  

 
78 
Кӛңілің еш қаяусыз, 
Тоқтық болсын,  
Талмасын тек ӛзегің. 
 
Айбарым менің,  
Асылым менің, жүрегім. 
Күн сайын ӛсіп,  
Құлпыра бер, түлегін. 
Ата-анаңның  
Аманында ер жетіп, 
Ақылды бол,  
Азамат бол, түлегім! 
 
 
 
Айдынға 
 
Қуанышым кӛзнұрым, 
Кішкентайым, Айдыным. 
Ел басына күн туса, 
Қалқан болар айбыным. 
 
Жақсылықтың қасынан, 
Табылғайсың, жан балам. 
Сергектік пен ақылға, 
Дархандыққа арқалан. 
 
Алыстарға қол созып, 
Арманыңа аса бер. 
Оңға басып әр ісің, 
Табыстармен таса бер! 
 
Ӛнер жолы – қиын  жол, 
Домбыраңа серік бол. 
Қиын жолды таңдасаң, 
Табанды бол, берік бол. 
 
 
 
 

 
79 
Әдеміге 
 
Құтты болсын босағаң, түскен мына. 
Үлкенді сыйла, әрқашан сӛзін тыңда. 
Ата-анаңның атына кір келтірме
Ақылыңа ақыл қос, тентек болма. 
 
Ӛмірің кӛктемедей кӛркем болсын. 
Отауыңның ішіне ұрпақ толсын. 
Қазаның әруақытта майлы болып, 
Береке, бірлік-тірлік ғұмыр болсын. 
 
 
 
 
 
Балапаным 
 
Балапаным, бауыр етім, балбӛбек, 
Ӛмірімнің мағынасы сенде тек. 
Азаматы, болып елдің ертеңі, 
Қиналғанға, қажығанға бер кӛмек. 
 
Сен туғанда бір жыладық, бір күлдік, 
Айтты бізге ғұмыры оның бір күндік. 
Жасағанға жалбарынып күн-түні, 
Жан жалындап, құса болып біз жүрдік. 
 
Анаңның сен тас емшегін жібіттің, 
Әз әкеңнің жан-жүрегін жылыттың. 
Адал туыс, ауыл-аймақ қуанды. 
Абысынды қалжа жеуге жүгірттің. 
 
Артта қалды ұйықтамаған түндерім 
Күйінген де, сүйінген де күндерім. 
Әсемдікке ғашық болып ӛс, балам! 
Қандай ғажап тартқан сенің күйлерің! 
 
Қуантасың қылығыңмен анаңды, 
Айыра біл жақсы менен жаманды. 

 
80 
Әр уақытта жақсыларға жақын жүр, 
Уламасын жаман әдет санаңды. 
 
Кӛз жанарым, қарашығым, жұлыным, 
Мӛлдір маржан, судай таза тұнығым. 
Азаматсың, жігіт болдың сен енді, 
Бақытты бол, ұзақ жаса, құлыным. 
 
Оқып, танып үйренуден жалықпа, 
Қыран құстай еркін ұшып қалықта, 
Қанат серме алыстарға, асқарға, 
Қиындыққа қайыспа да қамықпа. 
 
 
 
 
Келініме 
 
Келін боп түстің әпкемнің міне қолына, 
Арманым едің гүл бітсін сенің жолыңа. 
Құтты болсын аттаған алтын  босағаң,  
Ақ тілекпен келіп тұрмыз тойыңа. 
 
Келін болу үлкен сын ғой, әрине, 
Ізет етіп тұру қажет бәріне. 
Кішіпейілдік –кісіліктің белгісі, 
Сүйкімді бол үлкен-кіші, кәріге,                                                                
 
Иіліп нәзік сәлемдескін кӛргенде. 
Қабақ шытпай шәй бергейсің келгенде. 
Мақтанайық ӛзіңді айтып баршаға, 
Келініміз - кӛркем, деп және кӛргенді. 
 
Шынаржаным, айналайын, шырайлым, 
Берсін сенің тілегіңді тек құдайым. 
Кетті ғой атаң қызығыңды кӛре алмай, 
Енеңді енді сыйлағайсың ұдайы. 
 
 
 
 

 
81 
Айданаға 
 
Қарайсың сен таңдана, 
Жаңа туған, Айдана. 
Бұлтиясың таңдана, 
Айдай әсем Ай-бала. 
 
Ата-анаңды сыйлап ӛс! 
Желкілдеген гүлдей ӛс! 
Талпына бер, күн сайын 
Ақылыңа ақыл қос. 
 
Оқу оқып, білім ал. 
Кӛкірегіңе түйіп ал. 
Ізетті бол, ибалы, 
Жақсылықты жиып ал. 
 
Аллам саған бақ берсін, 
Таудай талап, тақ берсін. 
Сана, сезім, сергектік, 
Ұзақ ғұмыр, жас берсін! 
 
 
 
Әмин! 
 
 
 
 
 
 

 
82 
Айсара 
 
Кіп –кішкентай Айсара, 
Қозы-лақтан ықпайтын. 
Жақсы кӛріп, айналып, 
Маңайынан шықпайтын. 
Бір күні ол кӛршінің  
Қорасына кіріпті. 
Ұнап кетіп торайы 
Тұмсығынан сүйіпті. 
Үйге келіп мақтанып 
Айтқан екен баптанып, 
Әжесі оны шыбықпен 
«Харамсың» деп қуыпты. 
 
 
 
 
 
 
*** 
Аппақ дӛңнен шанамен, 
Құлдилайды құлыным, 
Екі беті алмадай 
Қызарған тәмпіш мұрыны. 
 
Шымыр болып ӛсесің,  
Шыныға бер  күн ұзақ. 
Ертең де бар есесі, 
Кетіп қалма тым ұзап. 
 
Алыс кетсең алаңдап, 
Қайда менің балам, деп. 
Анаң сені іздейді. 
Тоңды-ау қозым, панам, деп. 
 
 
 
 

 
83 
Қыз – қызыл гүл. 
 
Қыз туғанда қай қазақ шаттанбаған, 
Жігітті ел мақтаған , қыз жақтаған. 
Қызы бардың назы бар, қызың -ӛріс, 
Қазағым қыз баланы ардақтаған. 
 
Қыз бала-үйдің сәні, елдің кӛркі. 
Қызыл гүл, қырмызы гүл-жердің кӛркі. 
Оң жақта отырғанда ата-ананың, 
Талайды тамсандырған қыздың бӛркі. 
 
Қызыл гүл самал желге майысады
Қыз ӛссе толған айдай толысады. 
Ақ бата алып жат-жұртқа аттанарда, 
Ата-ана, туған-туыс қайысады. 
 
 
 
 
 
Кӛңіл тоқындары 
 
Мен сені ұмытпаймын, ұмытпаймын. 
Жақсы жанды үнемі ұлықтаймын. 
Сезім, сана толқыса да, теңіздей бір, 
Бұғалықтап, жусатып, құрықтаймын. 
 
 
 
 
* * * 
Еске салдың қызғалдақты қырларды 
Кестелі ӛрнек, әдемі бір жырларды 
Тербеттің-ау жүрегімді. Түкпірде  
Саған айтар саумал  сезім сыр бар-ды… 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
84 
* * * 
Сүйікті ісім болғанмен, 
Сүйікті кісім жоқ менің. 
Бақытты болғым келгенмен, 
Бақытсыз болып ӛтермін. 
Сыңарсыз аққу сияқты, 
Сұңқылдап жылап келемін, 
Ӛліп-ақ тегі қалар ем. 
Болмаса менің ӛлеңім. 
 
 
* * * 
Ӛкпелімін ӛмірге, ӛкпелімін. 
Оңтай жерін таба алмай ӛткелінің. 
Ӛлердей ӛкінемін кеш түсініп, 
Бақыттың мені айналып кеткенінін. 
 
 
 
 
*** 
Жан досым, амансың ба, қалың қалай? 
Кӛрерміз қуаныштар әлі талай. 
Мәртебең, абыройың аса берсін. 
Жүргейсің алшаң басып, сағың сынбай. 
 
 
* * * 
Сен менің жастығымсың алаулаған, 
Сезімім шаттығымсың азаймаған. 
Мың мәрте айтамын мен алғысымды, 
Тағдырға кездестірген сені маған. 
 
 
 
 
* * * 
Керегі жоқ алтын, күміс бергеннің. 
Қызғанышпен ӛсек жиып тергеннің. 
Тіршілікте шын сыйласып жүре алмай, 
Ӛлгеннен соң жылап-сықтап кӛмгеннің. 
 

 
85 
* * * 
Кемпір болды сүйген қызың кешегі, 
Бет-келбетім ӛзгермеген деседі. 
Ауылына бақытымның баруға, 
Асыққанмен жете алмаймын кеш енді. 
 
 
 
Алғашқы сезім 
 
Қас қағым  
Қайта оралмас іңкәр шағым
Жастығым  
Жұпар жұтқан жасыл бағым. 
Жүректе  
Сансыз перне діріл қағып, 
Жырақтан  
Іздейтін де сыңар сазын… 
 
Ӛзіңмен  
Алғашқы рет кездескенде, 
Сезді жаным жылылық 
Жүздескенде. 
Балқыдым,  
Қорғасындай ӛз-ӛзімнен 
Толқыдым,  
Тебірендім тілдескенде. 
 
Қиналдым  
Жан-дүнием ӛзгергендей 
Симадым 
Балалыққа бойжеткендей 
Келер күнге  
Еліктей елеңдедім, 
Алаңсыз кӛңіліме 
Мұң біткендей. 
 
Кӛрсем сені  
Қысылам, ұяламын 

 
86 
Естісем дауысыңды 
Нұрланамын. 
Жүрегім  
Тынши алмай лүпіл қағып, 
Күлемін 
Шексіз, шетсіз қуанамын. 
 
Тыңдашы  
Бір сәт тынып, айналайын. 
Ӛзіңе арнап,  
Құбылта ән салайын. 
Мен тентек 
Тау суындай буырқанған 
Бол сен тек 
Тосқауылым аймалайын. 
 
 
 
 
 
*** 
Жаным менің, мені неге ұмыттың? 
Неге үздің дәнекерін үміттің? 
Махаббатты аямадың, таптадың, 
Ісі ме еді сендей дегдар жігіттің? 
 
Айтшы маған, менен жақсы таптың ба? 
Жас жарыңнан рахат, ләззәт таттың ба? 
Әлде алданып жалған сезім, нәпсіге 
Ӛкініштен қайғы-мұңға баттың ба? 
 
О, дариға, соның бәрін білемін. 
Ӛмір бойы саған бақыт тіледім. 
Тікенектей, әттең, сол бір ӛкпемді 
Жүрегімнен суыра алмай келемін. 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
87 
Ӛлеңдерім – жүрегімнің лүпілі. 
Мың құбылған тамырымның бүлкілі. 
Ӛлеңдерім  -  ӛр мінезді ӛзімдей, 
Жаратпайды жеңіл мінез, күлкіні... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ІҮ БӚЛІМ 
 
Жырларым менің, 
Жүрегімнің лүпілі 

 
88 
Ӛлең жазсам … 
 
Ӛлең жазсам... 
Жан-дүнием жамандықтан арылар. 
Терең қазсам, 
Жүрегімнен сан құпия табылар. 
Ӛткен ғұмыр, 
Балғын кезім, жастық шағым оралар 
Жып-жылы бір  
Тәтті сезім ӛнбойыма таралар. 
 
Ӛлең жазсам... 
Ой- санамды басқа әлемге жетелер, 
Армандағы  
Ханзаданы кӛз алдыма әкелер. 
Қай-қайдағы  
Құпия күш шың басына кӛтерер. 
Аспандағы  
Ай-жұлдызды қиналмай-ақ әперер. 
 
Ӛлең жазсам... 
Бір серпіліп кӛтеріліп қалармын. 
Күн шуақты 
Шамшырақтай лаулап, маздап жанармын. 
Ӛлеңнен мен  
Сырласымды, қимасымды табармын. 
Тереңдерді,  
Қиын-қыстау, қызық жолды қалармын. 
 
 
 
 

 
89 
Жырларым 
 
Жырларым менің – жүрегім менің. 
Сүйенішім тірегім менің, 
Тұнып тұрған тілегім менің, 
Түлеп ұшқан түлегім менің. 
 
Қайғысы барды қуантсаң етті, 
Ұмыттырып жұбатсаң етті. 
Мұзы болса жанына батқан
Ерітіп мүлде уатсаң етті. 
 
Жырларым менің жазыла берсе, 
Жандардың бәрі жадырап күлсе. 
Бірінің бірі қадірін біліп, 
Кӛруге әсте сағынып жүрсе. 
 
 
 
 
Ақынға 
 
Кейбіреуге кӛрінер-ау - ӛлең жазу ойыншық. 
Жүрегіңе серік болсын - имандылық тек шындық. 
Ӛлең жазу - ерекше бір табиғаттың сыйлығы. 
Ақын жаны мӛлдір таза - гүл үстінде таңғы шық. 
 
Ӛлең жазып ой мен сана – аспандасын, ӛрлесін. 
Тұжырымды тың ойлармен жан – дүниең ӛзгерсін. 
Еркелетіп туған елің даналыққа теңгерсін. 
Кӛркем сӛзден қайталанбас жыр  ӛрнегін кӛрген соң. 
 
Ӛлеңдерің ӛмірге іңкәр жүректерге жол тапсын. 
Ақындарға ақиқат пен ӛмір – дастан болмақ сын. 
Әлде қалай ой тасқыны таба алмаса арнасын, 
Ақын жолы қияметтің қыл кӛпірі болмақ шын. 
 
Ой ұшқыны жанбай жатып, қапылыста сӛнбесін! 
Қара бұлты жамандықтың тӛбесіне тӛнбесін! 
Шабыт келіп маза бермей ағыл-тегіл селдесін. 
Жүрекжарды жыр ӛрімдей жатсын тауып үндесін. 

 
90 
Замандасқа 
 
Жақсы ӛлең жан азығы таптырмайтын 
Қайғының қара есігін аштырмайтын 
Кӛркем сӛз, ӛлең мен жыр, ой маржаны 
Әркімге оңайлықпен алдырмайтын. 
 
Ақынды үлкен кіші деп бӛлеміз, 
Бірін –кәрі, біреуін жас кӛреміз. 
Ақындық сатып алар пұл емес қой, 
Ақын болшы, егер де жетсе ӛреңіз! 
 
Ақындықтың ӛлшейтін мӛлшері жоқ, 
Мӛлшері жоқ, әрине, ӛлшемі кӛп. 
Кеш алып ӛз бағасын бұл ӛмірден 
Ақындардың жыламай ӛткені жоқ. 
 
Ӛкінбеймін танымал болмадым деп, 
Ӛзгелердей сыбаға алмадым деп.  
Қалтарысты, бұралаң, қиын-қыстау 
Тар жолын ақындықтың таңдадым тек. 
 
Қазақтың қарапайым қызымын мен, 
Ақынның тастап кеткен ізімін мен. 
Ешқашан қиындыққа мойымаған, 
Қайыспас қарағайдың тінімін мен. 
 
Замандас, дат, айтамын құлағың сал: 
Ғұмырым ӛтіп жатыр уақытым тар. 
Жанашырым табылса жырларыма 
Бағасын берер деген үмітім бар. 
 
 
 
 
 

 
91 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет