Марал Зейнел-Ғабиқызы



жүктеу 4.59 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата30.12.2016
өлшемі4.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Оқырманмен сырласу 
 
Орақ тілді, от жүректі, ақын болу оңай ма? 
Түпсіз терең ой түбіне бату деген оңай ма? 
 
Ақ қағазға ой тӛгемін, замандасым, сырласым. 
Кеудемдегі сандуғашым ӛзіңе арнап жырласын. 
 
Кӛңіліңе кӛлеңке, түн, орнамасын, құрдасым. 
Жас –жүректе сан қызыл гүл махаббатсыз 
солмасын. 
 
Ер-азамат ӛркендесе елдің жүгін кӛтерер. 
Аналардың алдындағы қарыздары ӛтелер. 
 
Асқар, асқақ ар-намысты аласартпай жүрейік 
Келе жатқан мың жылдықтан тек жақсылық тілейік. 
 
 
 
 
 
 
 
Ана тілі. 
 
Қазақ тілі – ана тілім, асылым. 
Түлеп ұшар келді сенің ғасырың. 
Шыңы болған шешендіктің бабалар
Мұрат еткен ұрпағына жан сырын. 
 
Ана тілім-құдыретті, Шын –пірім. 
Ана тілім-айтар әнім, Мың жырым. 
Ана тілім – сен бар жерде ӛлмек жоқ. 
Сен- жанысың, жүрегісің халқымның. 
 
Ана тілім тамырларға тараған 
Ақ сүтімен әлдилеген анамның. 
Жүрегіме жырларымен дарыған 
Абай, Мағжан, Жамбыл сынды дананың. 
 
Тӛнбесін бұлт ел-жұртымның басына. 
Шек келмесін абырой мен даңқыңа . 

 
92 
Ӛскен сайын ел байлығы күн санап, 
Тіл байлығы жете берсін нарқына. 
 
Ана тілім – ұлтымның жаны, жүрегі, 
Шаңырағын құлатпайтын тірегі. 
Ана тілім ғасырларға жалғасса, 
Орындалар бабалардың тілегі. 
 
 
Қазақ тілі 
 
Қорқамын мен намысы жоқ жастардан 
Қолдың кірі – байлығына мастанған. 
Ел тағдырын бәске қойып, ойламай 
Аруағын ата-баба тапталған. 
 
Табады әр кез жүйелі сӛз жүйесін, 
Жүйесіз сӛз ақылы жоқ иесін. 
Тіл мен дінге тиемін деп қозғама 
Қасиетті Жер-ананың киесін. 
 
Алаңдатып отыр мені інілер. 
Елдің мұңын құлағына кім ілер? 
Тәрк еткенше болашағын халқымның 
Азаматы болсаңдаршы ел білер. 
 
Қазағымның сақтаңдаршы елдігін. 
Батырлардың  шешпеңдерші белдігін. 
Елін сүйген, тілін сүйген  Қазақтың 
Кӛрсетпеңдер кӛз жасы мен кемдігін! 
 
 
 
 
 

 
93 
Сӛз қадірі 
 
Жалпақтағым, жалтақтағым келмейді. 
Жағымпаздық қолымнан еш келмейді. 
Турашыл жан туысына жақпаған, 
Жалған сӛйлеп кӛлгірсігім келмейді. 
 
Сӛз қадірін кей адамдар білмейді. 
Ойымды әсте іркіп қалғым келмейді. 
Қазағымның сӛзден ӛлсе атасы, 
Құдіретті Сӛз ешқашен ӛлмейді. 
 
Намысы жоқ адамдардан түршігем. 
Қуыс кеуде жанды кӛрсем күрсінем. 
Жанталасып ұпай жиған жылмыңдап, 
Шошимын мен мансапқордың түрінен. 
 
Кіп-кішкентай пайдам болса еліме, 
Еңбекпенен тамса терім жеріме, 
Қазақ Елі ӛсе берсе кӛркейіп, 
Шаттанамын, мақтанамын әрине. 
 
 
 
 
 
 
* * * 
Ӛлең жазу ермек емес, білемін. 
Мың ойланып, жүз толғанып жүремін. 
Ақын аға, дәптерімді оқысаң, 
Әрбір жолы -  соғып тұрған жүрегім. 
 
Ақын аға, беріңіз батаңызды, 
«Ел кӛгерер батамен» деген атамыз да. 
Талпынып анда-санда жазғанымды, 
Бастыра алмай қиырда жатамыз ба? 
 
Тұсау кесер, ағажан, мен берейін. 
Ӛзіңе арнап Арқадан гүл терейін. 
Құлыншақтай құлдырап желдей есіп, 
Қанатында шабыттың бір желейін. 

 
94 
Сусындаған  бұлағым 
 
Қазақ тілі сусындаған бұлағым
Әр сӛзіңе елеңдейді құлағым. 
Кӛрік берген кӛңіліме сен менің, 
Тербеп кетсе жүрегімді бір ағын. 
 
Қазақ тілі – анам менің үйреткен, 
Әкем жазып, жақсылықты жыр еткен. 
Атам менің әсем сазды ән салып, 
Әжем мені әлдилеген тербеткен. 
 
Қазақ тілі дәриядай аумақты 
Сом алтындай, сырбаз сұлу салмақты. 
Бір сӛзінен талай мағна табылар 
Толғандырар, ойландырар әруақта. 
 
 
*** 
 
Ӛлеңдерім – жүрегімнің лүпілі. 
Мың құбылған тамырымның бүлкілі. 
Ӛлеңдерім  -  ӛр мінезді ӛзімдей, 
Жаратпайды жеңіл мінез, күлкіні. 
 
Ӛлең жазам, ет жүрегім елжіреп, 
Шындық туы жыр жолында желбіреп, 
Шабыттансам, шаршамасам, тынбасам, 
Тоқтағанша, үзілгенше соңғы леп. 
 
 

 
95 
Шабыт 
 
Шабыт деген қыз мінезді 
Тез ӛкпелеп қалады. 
Сырбаз ғана, тереземді  
Түнде менің қағады… 
 
Шапшаң тұрып сол ӛлеңді  
Түсірмесем қағазға, 
Кӛпке дейін ӛкпелейді  
Келмей маған қалады. 
 
Маужырап бір жатқанымда, 
Енді ғана тыныстап. 
Алтын айдың батқанындай, 
Ӛте берер жылыстап… 
 
Осылайша  ертелі-кеш, 
Сӛз маржанын теремін. 
Қуат берсе құдірет күш, 
Гаухар тауып келемін. 
 
Қуанамын келсе шабыт, 
Аралаймын Сӛз елін. 
Олжалымын, қазына тауып, 
Ой әлемін кеземін. 
 
 
 
 
 
Кейбір  жан 
 
Қуыс кеуде, қауашақ, 
Жүрегі жоқ, жаны жоқ. 
Назары жоқ, назы жоқ. 
Еш нәрсеге халі жоқ. 
 
Суық қабақ, құнсыз сӛз, 
Еш жылусыз, нұрсыз кӛз. 

 
96 
Пендеге жоқ пайдасы 
Ынта жігер айласы. 
 
Жоқ мақсаты, мүддесі, 
Қалған бейне мүрдесі, 
Тірі ӛлік тәрізді, 
Сүйретілген сүлбесі. 
 
 
 
Азамат деп… 
 
 
 
 
Туған елін анасындай шын ниетпен сүймесе 
Азамат деп санамаймын мен оны. 
 
Ана тілін – қазақ тілін бір адамдай білмесе 
Азамат деп санамаймын мен оны. 
 
Жетім, жесір  назаланып жылағанын кӛрмесе 
Азамат деп санамаймын мен оны. 
 
Рәсуа  болып ел байлығы, шашылғанын сезбесе 
Азамат деп санамаймын мен оны. 
 
Ӛз ұлтына ашымаса жан-жүрегі ӛзгеше 
Азамат деп санамаймын мен оны. 
 
 
 

 
97 
                                             Бір жүргенде қадірлеп, қастерлеуге, 
Сараңбыз еркелетіп, мәпелеуге, 
Қалғанда орны босап, үңірейіп, 
Ӛзіңе шамаң жетер ӛкпелеуге... 
 
 
 
 
 
 
 
Ү БӚЛІМ 
 
АРНАУ, 
ЖОҚТАУ, 
ЕСКЕ АЛУ 

 
98 
Нұр – ағама 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
23.11.93ж. 
Президентпен ресми кездесу 
 кезіндегі сәлемдесуім 
 
Армысың, айналайын, асыл ағам! 
Тұлпарым мұқалмасын алтын тағаң. 
Қиналмай арқалағын елдің жүгін, 
Мәртебең үстем болсын, ӛссін бағың. 
 
Жұлдызым, жарқыраған маңдайдағы, 
Жырларым жазылмаған таңдайдағы. 
Халқыма егемендік алып берген, 
Ӛзіңсің  зиялының балқаймағы. 
 
Қазақтың теңдесі жоқ асыл ұлы, 
Жанары найзағайдай жасын ұлы. 
Тіл мен дінін қайтарып иесіне, 
Ғарышқа жетелеген ғасыр ұлы. 
 
Қалай ғана мен бүгін шаттанбаймын, 
Қуанып, кеуде керіп мақтанбаймын. 
Қарсы алып Президентін қазағымның, 
Қуаныштан жарылып жатқандаймын. 
 
Нұр-аға, құтты болсын, қадамыңыз, 
Табыстармен кӛркейсін талабыңыз. 
Денсаулық, бақыт тілеп шын жүректен 
Қолдайды қалың Елім, қазағыңыз! 
 
 

 
99 
Шешенстанға 
 
 
Имам Шәміл рухына арнадым 
 
Шешенстан, мен біргемін ӛзіңмен, 
Қайғы жұтып, қабырғасы сӛгілген. 
Алқызыл қан Азаттықтың жолында, 
Теке кетпес, теңіздей боп тӛгілген. 
 
Желеуімен «біртұтастық» Ресейдің, 
Шешендерді таптап, жаншып жеңерсің, 
Қанын судай ағызып сол халықтың, 
Тауларын да жермен жексен теңерсің. 
 
Тауда туып, тауда ӛскен ӛр халық, 
Елін, жерін, салтын сүйген ер халық. 
Азаттықтың туын тігер күн келер, 
Жақтар болса ӛздеріңді бар халық. 
 
Қайғырамын, мұңаямын, жылаймын, 
Қуат берсін, алла ӛзіңе ылайым. 
Жер бетінде болса шындық, ақиқат, 
Мен куәсі Еркіндіктің болайын. 
 
«Ӛз  жерім» деп арпалысқан Ресейдің, 
Кім біледі, масқара боп кетпесін?! 
Мәңгі бақи ұрпақтары шешеннің, 
Зұлымдықты-геноцидті кешпесін?! 
 
 
 

 
100 
Шешенстанға 
 
Сансыз ой мені мазалар кейде түрткілеп, 
Кӛңілде сонда найзағай ойнар күркіреп. 
Назаланып, қайғысына Шешеннің, 
Отырамын бейбіт ӛмір шын тілеп. 
 
Содыр ма, әлде еркіндік сүйген ел ме екен? 
Қаскүнем, әлде еліне адал ер ме екен? 
Себепсіз халық қолына қанжар ұстамас, 
Ӛзгелермен терезесі тең бе екен. 
 
Еркіндік теңдік, әуелден ыстық тәтті ұғым, 
Қол жетсе оған сезінер халық шаттығын. 
Кеудесін тосқан бораған оққа елі үшін, 
Табылар ерлер, кӛрсетер әлі мәрттігін. 
 
 
Бауырым әнші 
Алтын Иманбаеваға 
 
Ән 
 
Ән аспанда қыран құстай қалықтап, 
Бірде шырқап, қия шыңға шарықтап, 
Түйіледі қыран құстай сорғалап, 
Бебеулейді, баяулайды алыстап. 
 
Бірде ӛзіңді самал желдей желпиді, 
Қайғы-мұңсыз жан-жүрегің елтиді. 
Бірде егіліп, тебіреніп, тербеліп, 
Сезінесің мың құбылған бір күйді. 
 
Жүрек қылын шертер болса әсем жыр, 
Толқып кетер, санаңдағы сағым сыр. 
Жастық шағың еске түсіп, оралмас, 
Сағындырар саумал шақты тағы бір. 
 

 
101 
Әсерлі әнге тӛбе құйқаң шымырлар, 
Қағып жүрек, тоқсан тоғыз тамырлар. 
Кӛңіл босап, жүйкелерің жұмсарып, 
Қорғасындай балқып денең жалындар. 
 
Әдемі әнде тарқамаған құмар бар
Әлде кімге тағылмаған тұмар бар, 
Махаббат-шер, үзілмеген үміт бар 
Мӛлдір сезім, сарқылмайтын тұма бар. 
 
 
 
 
 
Алтынға 
 
Алтыным менің, айналайын, бауырым, 
Баға жетпес ӛнерпазым, аруым. 
Жаулап алдың асқақтаған әніңмен, 
Жан-жүрегін осы отырған қауымның. 
 
Домбыраны серік қылдың бес жастан, 
Жасқанбадың қиындықтан ешқашан. 
Қаршадайдан кӛзге түстің әніңмен, 
Жарасымды мінезіңмен, сәніңмен. 
 
Арман алға жетеледі қол бұлғап, 
Бойыңдағы сездің барын ән-бұлақ. 
Сарыарқадан Алатауға жол тарттың, 
Домбыраңның құлақ күйін сен бұрап. 
 
Алматыдан таптың ұстаз қарымды, 
Кӛре білген, бағалаған барыңды. 
Ӛн бойыңа ӛнер-білім дарытқан, 
Дүл-дүл әнші Жүсекеңдей дарынды. 
 
Отыз жылдай ӛнер қуып келесің, 
Ата-баба аруағы жебесін. 
Жүректерге ұялатып қуаныш, 
Айналаңа жан-шуағын себесің. 
 

 
102 
Тапқандайсың ӛміріңнің шын мәнін, 
Сезгендейсің бақытыңның бір барын. 
Жігеріңді қайрап алып, қажымай, 
Кӛрсете бер, бар екенін бір дарын. 
 
Халқымыздың дарынды бір қызысың, 
Әкеміздің артындағы ізісің. 
Ел аман боп, бағалансын еңбегің, 
Жарқырасын, маңдайдағы жұлдызың! 
 
 
 
 
 
 
Туған күн құтты болсын! 
      
 Жасыңа жасың қосылған сайын, 
 Кӛтерген жүгің кӛбейіп. 
 Алшақтап балғын балалық шағың, 
 Жылдарды қуып есейіп. 
 Келіпсің бүгін елу бес жасқа, 
 Ӛткен күнде белгі бар. 
 Жапырақ жайған бәйтеректей, 
 Кешегі бір нәзік тал. 
 Ӛмірдің әркез сәулелі жағын 
 Кӛруге жүрдің ынтығып, 
 Кісіліктің тұғырынан 
 Кӛрінуге ұмтылып. 
 Еселі еңбек, кемел табыс 
 Кеткен емес айналып. 
 Абыройлы азаматсың 
 Отырмаған жайланып. 
 Жан- жүрегің әруақытта 
 Елің үшін езіліп, 
 Жақсылыққа шын қуанып, 
 Жамандыққа егіліп, 
 Жүре берші жүз жыл бойы 
 Сезіміңді суытпай. 
 Бақытты бір шақтарыңды 
 Санаңдағы ұмытпай, 

 
103 
 Кісіліктің биігінен 
 Кӛріне бер, жақсы дос! 
 Ӛміріңнің сәні, мәні 
 Бағаласам екі «бес»!  
                                                    
                                                      16.10.2005.    
 
 
Әпкеме 
 
Ата-анамның тұңғышы ,Шәкем менің! 
Жол бастап бәрімізді жетеледің. 
Қамқор апа «аға» да ӛзің болдың, 
Қолыңнан келгенінше мәпеледің. 
 
Тіледік ылайық бір теңдесіңді, 
Тауып бердің Құрмандай жездешімді. 
Екеулеп құрақ ұшып біз келгенде, 
Аузыңнан жырып бердің бермесіңді. 
 
Ӛзіңнің кӛйлегіңді киіп ӛстік. 
Айтқаныңды кӛңілге түйіп ӛстік. 
Жүрсек те қай шетінде туған елдің, 
Жүрегіңнің жылуын жиып ӛстік. 
 
Зейнет жасқа жетіпсің, жан бауырым. 
Артқа тастап ғұмырыңның ауырын. 
Бақытты бол, қосағыңмен қоса ағар, 
Аман болсын отбасың мен қауымың.  
 
 

 
104 
Мансия Хамитқызына арнау 
 
Ел үшін еңбек етіп бірге жүрміз, 
Зейнет жаспен құттықтап келіп тұрмыз. 
Мансия Хамитқызы, шын жүректен, 
Тілейміз зор денсаулық, жақсы тұрмыс. 
 
Құт береке әкелсін зейнет жасың, 
Ӛрмелеп әр уақытта ӛрге тасың. 
Жақсылыққа жайылып ақ дастархан, 
Қоса бер, қуанышқа елдің басын. 
 
Асыл ана,  адал жар, білгір маман, 
Отбасы шаңырағың болсын аман. 
Қосағыңмен қоса ағар, бақытты бол, 
Қиындық, бейнеттерің болсын тәмәм. 
 
Тойлансын жүз жыл бойы туған күнің, 
Әруақыт жақсы болсын кӛңіл-күйің. 
Мерейің, абыройың үстем болып, 
Шат күлкіге сәбидің толсын үйің. 
 
Қайғы-қасірет кӛрмегей енді қайтып, 
Жүре бергін ұрпаққа ақыл айтып. 
Қыдыр баба ӛзіңді қолдап жүрсін, 
Алла қойсын жүзіңді жарқыратып! 
 
 
 

 
105 
Құрметті Сағындық! 
 
Құтты болсын, ашқан күн дүние есігін! 
Тербеткен аяулы анаң ақ бесігін. 
Пендеге береді екен туғанында, 
Хақ тағала ӛзінің нақ кесімін. 
 
Елу жас – ердің жасы, кемел шағы, 
Ӛсетін қадыр, қасиет, ӛнер бағы. 
Ел алдында асқақтап абыройы, 
Нұрланып әр күн сайын атар таңы. 
 
Десек те, жүзге келіп қартаймаңыз, 
Шалқып кӛңіл ешқашан ортаймаңыз. 
Бетке ұстар азаматы болып елдің, 
Адамдық адал жолдан еш таймаңыз. 
 
Кӛрер қызық қуаныштар кӛп болсын, 
От басында бала-шаға тоқ болсын. 
Ер азамат ӛзіңіздей аман боп, 
Баршамыздың кӛңіліміз хош болсын. 
 
Орта толсын ӛзіңізбен әрқашан, 
Бақыт, байлық алып келсін әрбір таң. 
Нәсіп етсін жаратқан күш ғұмыр жас, 
Кӛрініңіз азаматтық асқардан. 

 
106 
Айнұрға 
 
Туған күнің құтты болсын Айнұрым! 
Ботақаным, қошақаным кӛз нұрым. 
Ӛсе берші ата-анаңа еркелеп, 
Жақсы оқы, терең болсын білімің. 
 
Ақ қағаздай таза болсын кӛңілің, 
Сәулесі мол жарқын болсын ӛмірің. 
Ақылға бай саналы бол, сабырлы, 
Достарыңа үлгі болсын тәлімің. 
 
Қайратты бол мақсат, мүдде жолында, 
Ӛз тағдырың, ӛз бақытың қолыңда. 
Кіші пейіл, кеңпейіл бол атаңдай, 
Еш уақытта тартынба сен, тарылма. 
 
Кӛрсек екен ӛскеніңді бой жетіп, 
Жүргеніңді жақсылыққа қол жетіп. 
Ғұмыр жасың ұзақ болсын, құлыным, 
Кішкентайым, айналайын, Айнұрым. 
 

 
107 
Біздің кӛше 
 
Біздің кӛше әдемі бір күйге енді, 
Күні-түні әсемделді, әрленді. 
Киров болып жүдеп-жадап тұр еді, 
Атын алып Жамбыл ақын түрленді. 
 
Әрине бұл  - Тәуелсіздік нышаны, 
Сүйсіндіріп, қуантады баршаны. 
Жұпар шашқан гүлзарлары кӛз тартып, 
Гүлдестеге толған жастар құшағы. 
 
Қарттар да жүр кӛше бойлап қыдырып, 
Күйбең күйді бір сәт кейін ысырып. 
Дем алады әзілдері жарасып, 
Фонтандардың қасында сәл кідіріп. 
 
 
Қапыда қаза болған Нариманға 
Ағам Уәлиханның ұлының рухына арнаймын. 
 
Нариман, сен біз үшін нардай едің, 
Жас та болсаң бас болған дардай едің. 
Ақ кӛңіл, жаның таза аңқылдаған, 
Наурызда түскен ақ қардай едің. 
 
Нариман Иманбайдың шӛбересі, 
Үлгі алар әрбір жастың ӛнегесі. 
Еліне еңбек етіп жүре берсе, 
Халқымның кӛгерер ме еді кӛсегесі?! 
 
Алғыр едің қыранның баласындай, 
Кең едің қазағымның даласындай. 
Зиялы, зерделі де, бекзат едің, 
Бағасын ерте ме, кеш алатындай. 
 
Жарқ етіп, ерте сӛнген жұлдызым-ай, 
Жағамдағы сән берген құндызым-ай, 

 
108 
Алшаңдап ӛзгелердей жүре алмадың, 
Ғұмырың қысқа болды-ау, құлыным-ай. 
 
Кӛңілде тұрар мәңгі күдік-күмән, 
Қызғаныштан кеттің бе, болып құрбан? 
Жақсыны кӛре алмайтын жамандар бар, 
Құлагердей тұлпарды белден ұрған. 
 
Нариман, топырағың торқа болсын. 
Иманды бол, қабірің нұрға толсын. 
Жүргейсің ата-анаңды желеп-жебеп, 
Артында қалғандарға ғұмыр берсін. 
 
 
 
Ұстазым Ишанғали Қасымовтың қазасына 
 
Әкемнің жолдасы еді бірге ӛскен, 
Жастық шақ, қызық күндер бірге кешкен. 
Қалжыңдап, отырыста ән салатын, 
Кездері кӛңілді бір кетер ме естен. 
 
Зиялы ұстаздардың бірі еді
Ауылдың еркелеткен гүлі еді. 
Үлкенге іні, кішіге аға болып, 
Әрдайым сыйластықпен жүріп еді. 
 
Ел қорғап, үлесін де қосып еді, 
Қол ұшын ауылдасқа тосып еді. 
Ғашық қып әсемдікке шәкірттерін, 
Сыйқырлы саз әлемін ашып еді. 
 
Әз аға, нұрлы болсын қабіріңіз, 
Жәннәттан орын берсін Тәңіріміз. 
Бақидан желеп-жебеп арттағыны, 
Жалғассын ұрпақтармен ғұмырыңыз. 
 
 
 

 
109 
Дәрігер Амангелді Жақсылықұлын еске алу 
 
Кӛктем келді аққу қазы қаңқылдап, 
Кӛк аспанда қыран бүркіт саңқылдап. 
Арамызда Амангелді жоқ бүгін, 
Жүрмек емес ақ дидары жарқылдап. 
 
Сен кеткелі күндер ӛтті, жыл жетті. 
Үзілді үміт, кӛңіл суып жүдетті. 
Есте қалған естеліктер елестеп, 
Сыздатады жұдырықтай жүректі. 
 
Кӛктем келді ӛзің жақсы кӛретін, 
Шын қуанып, шат-шадыман күлетін. 
Бұл ӛмірдің қызығына тоя алмай, 
Алшаң басып, құрдастармен жүретін. 
 
Тірі болсаң ана сүтін ақтар ең, 
Қанша жанды періштедей сақтар ең. 
Қанша жанның алғысына бӛленіп, 
Қанша ананы бӛпесімен мақтар ең. 
 
Ата-анаң шақырса сен келмейсің, 
Түстеріне жиі-жиі кіргейсің. 
Жаның сенің жайлы болып жәннәтта, 
Бақидан тек желеп-жебеп жүргейсің. 
 
 
 
 
 
Сайлаубек Ысқақұлының рухына 
(Қызы Ләззәттің атынан) 
 
Асыл әке, сенсiз мiне жыл ӛттi. 
Сағынышпен, ойлауменен күн ӛттi. 
Сыңарынан айырылған аққудай, 
Қайран анам жылауменен күнелттi. 
 
Ақ дидарың, жарқын жүзiң елестеп, 
Келетiндей кейде тiптi елеңдеп, 

 
110 
Жүремiз бiз есiк жаққа кӛп қарап, 
Айқара ашып кенет кiрiп келер деп. 
 
Ал ӛзiңдi алып кеттi не шара, 
Жүректерде қалып қойды бiр жара. 
Ұлағатты ұстаз едiң зиялы, 
Сыйлаушы едi, сүюшi едi бар бала. 
 
Қырық жылдай еңбек етiп елiңе, 
Жүрушi едiң алшаң басып жерiңде. 
Иманды бол, нұрлы болсын қабiрiң! 
Табылғайсың тек жұмақтың тӛрiнде. 
 
 
 
 
 
 
23 қараша 2005 жыл 
 
 
Ананың зары 
 
Дина жаным, жалғыз қызым, құлыным, 
Кӛз алдымда желкілдеген тұлымың. 
Қас қағымда тастап кеттің сен мені, 
Кӛңіл қошым, кӛз жанарым жұлыным. 
 
Сенсіз жаным құлазиды күйеді, 
Кӛңілімнің жоқ ӛзіңсіз сүйеуі. 
Талшыбықтай таралып сен ӛскенде, 
Тұралатты-ау бақытымның күйреуі. 
 
Бағыштаймын дұға сенің атыңа, 
Мәрмәр тұғыр қойдым сенің басыңа. 
Ана шіркін ұмытар ма баласын
Келген сайын тұншығамын жасыма. 
 
Жалғыз қызым, жан жүрегім қызығым, 
Ойлап па едім, кӛре алмаймын қызығын? 
Күнде келіп қабіріңнің басына, 
Естимін тек соққан желдің ызыңын. 
 

 
111 
Қызыл гүлім, қызым менің, қимасым, 
Қайтейін мен ажалға аллам қиғасын. 
Иманды бол, нұрға толсын қабірің, 
Балапаным балдай тәтті, Динашым. 
 
 
Болатбектің қазасына 
 
Қайран Бӛкем, замандасым, құрдасым, 
Қымбат еді баршамызға бір басың. 
Азаматы едің, абзалы едің еліңнің, 
Қалап жүрген інжу-маржан бір тасын. 
 
Ел үшін сен еңбек еттің ерінбей. 
Қиындыққа еш уақытта берілмей. 
Жақсылыққа жақын едің, жақсы едің, 
Жарқылдап сен жүруші едің кейімей. 
 
Гүлзадаң мен Тахминаңды сүюші ең, 
Суығына тоңып, ыстығына күюші ең, 
Жиырма бес жыл отассаң да, жарыңмен, 
Күні кеше қосылғандай жүруші ең. 
 
Қатерлі ісік батса дағы жаныңа, 
Үмітпен сен қарадың әр таңыңа. 
Қайраттанып қарсы тұрып дертіңе, 
Сеніп жүрдің жақсылықтың барына. 
 
Тағдыр жүгі қаншама зор болса да, 
Қара түнек қақпанында қалсаң да, 
Соңғы демің таусылғанша күрестің, 
Сығырайған шырағдандай жансаң да. 
 
Жанып кеттің кӛз алдымда, жан досым. 
Иманды бол, қабіріңе нұр толсын! 
Тірі болсаң талай қызық кӛрер ме ең, 
Тӛрт мүшелді бірге тойлап жүрер ме ең? 
 

 
112 
Жасағанның ісіне бұл не шара! 
Жылай берме, берік бол сен, Гүлзада! 
Аман болып отау тіксін жалғызың, 
Емдейді уақыт, жазылар әлі жан жара. 
 
 
 
28.06.2000ж. 
Қызылжар қаласы. 
 
Болатбектің  жылына 
 
Бекзат Бӛкем, тірі болсаң не етер ең? 
Кӛрмеген бір қуанышқа жетер ең. 
Тахминаңның кішкентайын кӛтеріп, 
Мойныңа асып, кӛше аралап кетер ме ең? 
 
Абзал Бӛкем, тірі болсаң не етер ең? 
Қызметіңде табыстарға жетер ең. 
Гүлзадаңмен қол ұстасып, сырласып, 
Қосағыңмен қоса ағарып ӛтер ме ең? 
 
Алла сені қалап алды, қайтейік! 
Сен жетпеген жақсылыққа жетейік. 
Сенің жарқын азаматтық бейнеңді 
Ұмытпай біз еске сақтап ӛтейік. 
 
Оңала алмай жан жарың жүр қайғыдан, 
Арттағы ізің, жалғыз қызың Тахминаң. 
Заринаңды жаңа туған кішкентай
Желеп-жебеп жүргейсің сен бақидан. 
 
 
 
 
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет