«марат оспанов атындағы бқМУ» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы фармакология кафедрасы


III. Глюконеогенезді тежейтін және глюкозаның тіндерге түсуіне ықпал ететін дәрілер



бет8/10
Дата04.04.2023
өлшемі447,5 Kb.
#78998
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

III. Глюконеогенезді тежейтін және глюкозаның тіндерге түсуіне ықпал ететін дәрілер

  • Бигуанидтер
  • Метформин (Глюкофаг, Сиофор, Глиформин)
  • Қолдану көрсетілімі:
  • 2 типті қант диабеті («семіздер» диабеті)

Метформиннің әсер ету механизмі

  • Бауырда глюконеогенезді тежейді.
  • Глюкозаның қаңқа бұлшықетпен сіңірілуін. жоғарылатады, бірақ гликоген түзілуіне әкелмейді
  • Анаэробты гликолизді белсендіреді, бұлшықеттерде сүт қышқылы жиналады.
  • Глюкозаның май тіндерімен сіңірілуін күшейтеді.
  • Тамаққа тәбетті төмендетеді, дене массасын азайтады.
  • Қанда үшглицеридтер мен холестериннің мөлшерін азайтады.

Жағымсыз әсерлері

  • Жүрек айну, құсу, ауызда металл дәмі, іш өту, метеоризм, іштің шаншып ауруы
  • Лактатты ацидоз (анаэробты гликолиздің активтенуі нәтижесінде пайда болады, оның ақырғы өнімі - сүт қышқылы). Лактацидоздың белгілері: әлсіздік, ұйқышылдық, бұлшық еттер ауырсынуы, ентігу, гипотермия, гипотония, брадиаритмия.

IY. Тіндердің инсулинге сезімталдығын жоғарылататын дәрілер

  • Тиазолидиндиондар
  • - Розиглитазон
  • - Пиоглитазон (Актос)

Әсер ету механизмі

  • PPAR (peroxisome proliferator-activated receptors) (пероксисом пролифераторымен активтелген рецепторлар). Бұл ядродағы арнайы рецепторлар тобы, олар 3 типті болады: PPARα- бауырда, бүйректе, жүрек, бұлшықетте, майлы тіндерде экспрессияланады; PPARβ/δ – көбінесе бауырда, майлы тіндерде және теріде экспрессияланады; PPARγ – 3 түрде экспрессияланады:
  • PPARγ1 – барлық тіндерде экспрессияланады, соның ішінде жүрек, ұйқы безінде, талақта, тоқ ішекте.
  • PPARγ2 – адипоциттерде экспрессияланады.
  • PPARγ3 – макрофагтарда, тоқ ішекте, ақ майлы тінде синтезделеді.

Әсер ету механизмі

  • Тиазолидиндиондар PPARγ активтендіреді.
  • Ядродағы PPARγ рецепторларды активтендіріп, инсулинге сезімтал гендердің транскрипциясын арттырады.
  • Нәтижесінде тіндердің (майлы тіндер, бұлшықеттер, бауыр ) инсулинге сезімталдығы артады. Тиазолидиндиондар инсулиннің сенситайзерлеры. Майда адипоциттердің санын көбейтеді, глюкозаны тасымалдайтын GLUT-4-нің санын көбейтеді (майлы тінде, бұлшықеттерде орналасады); глюкозаның, майлы қышқылдардың тіндермен ұсталуын жоғарылатады, липогенезді жоғарылатады, глюконеогенезді тежейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет