Мақсаты: Қажу түсінігі, физиоллогиялық механизмдерін қорсетуНегізгі терминдер мен ұғымдар



бет1/2
Дата29.01.2022
өлшемі19,7 Kb.
#24535
  1   2

8 дәріс.Тақырыбы: Шаршаудың физиологиялық маханизмдері. Асыра машықтық (перетренированность) физиологиялық мінездемесі

Мақсаты: Қажу түсінігі, физиоллогиялық механизмдерін қорсетуНегізгі терминдер мен ұғымдар:Қажу, шаршау, вегетативтық жүйе, зат алмасу.

Дәрістің сұрақтары:

  1. Қажу түсінігі

  2. Қажу локализациясы (жинақталуы) жəне механизмдері

  3. Қажудың түрлері

Қажу үдерісі – дене жұмысын орындау кезеңінде түрлі мүшелер, жүйелер жəне тұтас организмде жүретін ақыр аяғында оны жалғастырудың мүмкін болмауына əкелетін өзгерістер жиынтығы. Қажу күйі жұмыс əсерінен шаршауды субъективті сезінумен көрінетін жұмысқа қабілеттіліктің уақытша төмендеуімен сипатталады. Адам қажу күйінде қажетті жұмыс қарқындылығы деңгейін жəне (немесе) сапасын (орындау техникасын) ұстап тұруға мүмкіндігі жетпейді немесе оны жалғастырудан бас тартуға тура келеді.Ол жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі реттеуші механизмдер мен жүйелердің, мүшелердің өзара əрекеттестігінің бұзылуы жəне шаршау түйсігі арқылы сипатталады. Қажу жұмыс кезінде организмді əлсіретпеу жəне оны əсіресе, стрестен сақтау əрекеттерін жасайды. Сонымен бірге ол организмнің қосалқымүмкіндіктерініске қосып, жұмысқа қабілеттілікті көтеретін қайта қалыптастыру үдерістеріне аса зор ықпалын тигізеді. Қажу күштің жəне төзімділіктің азаюымен, қозғалыс координациясының төмендеуімен, сол бір жұмысты орындау кезінде жұмсалатын энергияның артуымен, ақпаратты қайта өңдеу жылдамдығының баяулауымен, естің (зерденің) төмендеуімен жəне зейіннің шашырауымен, т.с.с. көрінеді. Қажу критерийі жұмыстың сандық жəне сапалық көрсеткіштерінің, сонымен қатар жұмыс кезіндегі дене қызметінің немесе арнайы қойылатын сынақтарға (тест) жауап берудегі өзгерістер болып табылады.

Шаршау – ұзақ немесе қарқынды жұмыс кезінде туындайтын физикалық, биохимиялық жəне психофизиологиялық қызметтер өзгерістерінің жиынтығымен көрінетін қажуды субъективті сезіну. Сол бір жүктемеге туындаған қажудың тереңдігі белгілі бір жұмыс түріне бейімделу мен спортшының жаттықтырылу дəрежесіне, физикалық пен психикалық күйіне, мотивация жəне жүйке-эмоциялық абыржу деңгейіне байланысты. Дене еңбегінде, кез келген ауырлықта (қарқындылықта) орындалатын жаттығуларда, сонымен қатар ой еңбегінде қажу дəрежесі жалпы дене жұмыс қабілеттілігінің деңгейі төмен болған сайын жоғары болады.



Қажудың негізгі себептерін қарастыру екі негізгі түсінікпен байланысты. 1-түсінік – қажу локализациясы (жинақталуы), яғни сол жетекші жүйелердің (немесе жүйенің) функциялық өзгерістері қажу күйінің туындауын анықтайды. 2-түсінік – қажу механизмдері, яғни жетекші физиологиялық жүйелер қызметіндегі сол нақты өзгерістер қажудың дамуын негіздейді. Қажудың жинақталуы бойынша кез келген жаттығудың орындалуын қамтамасыз ететін жүйелердің: 1. Реттеуші жүйелер – орталық жүйке жүйесі, вегетативтік жүйке жүйесі жəне гормондық-гуморалдық жүйе; 2. Бұлшық ет əрекетін вегетативтік қамтамасыз ету жүйелері – тыныс алу, қан жəне қан айналу жүйелері; 3. Орындаушы жүйе – қозғалыс (перифериялық немесе шеткі жүйке-бұлшық ет) аппараты сияқты 3 негізгі тобын қарастыруға болады.

Қажу физиологиясында кеңінен тараған нейрогендік қағиданың негізін И. М. Сеченов қалаған. Ол өзінің эргографиялық жұмыстары арқылы белсенді тынығу феноменін ашып, бұлшық ет жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі жүйке орталығына байланысты екендігін көрсетті. Оның бұл көзқарасы басқа физиологтардың еңбегінде одан əрі дамыды. И. П. Павлов қажу мен қалпына келуді бір үдерістің екі жағы деп түсіндіреді. Олардың қатынастары – тірі құрылымның əрекет күйі немесе төмен белсенділікке ауысуы негізі. И. П. Павлов идеяларын Г. Ф. Фольборт дамытып, қажуды түгесілу мен қалпына келу үдерістері арақатынастарына тəуелді күй ретінде қарастырудың принциптік дұрыстығын көрсетті. Н. Е. Введенский мен А. А. Ухтомскийдің зерттеулері бойынша, қажу орталық тежелуден жəне жұмыс əрекетінің үйлеспеушілігінен шығады. Л. А. Орбели жəне оның шəкірттері қажуды жүйке орталығына əсер ететін шашыраңқы вегетативтік əсерленістерден туады деп санады. Кез келген жаттығуды орындау кезінде бұлшық ет əрекетін жəне оның вегетативтік қамтамасыз етілуін реттейтін жүйке орталықтары күйінің функциялық өзгерістері жүреді. Мұнда қажуға неғұрлым «сезімтал» ми қыртысындағы жүйке орталықтары болып табылады. Орталық жүйкелік қажу қызметтердің, соның ішінде қызметтер (соның ішінде, қозғалыс) координациясының бұзылуымен, шаршау сезімінің туындауымен көрінеді. И. М. Сеченов (1903) өз еңбектерінде «шаршауды сезіну көзі кəдімгі жұмыс атқарушы бұлшық еттер болса, мен оны . . . ОЖЖ-не жатқызамын», – деп жазған. Орталық-жүйкелік қажу механизмдері көп қырынан əлі де ашылмаған. И. П. Павлов теориясына сəйкес жүйке жасушаларының қажуы – олардың қарқынды немесе ұзақ белсенділік əсерінен туындайтын қорғаныс тежелуінің көрінуі. Мұндай тежелу жұмыс кезінде ОЖЖ барлық деңгейіне, тіпті, ми қыртысына дейін жеткізілетін жұмысшы бұлшық ет, буын рецепторларынан қарқынды пропиоцептивті импульсация нəтижесінде туындайды. Тежелу – жүйке жүйесін сақтайтын, ал ол арқылы нəтижесі организмнің тіршілік қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін болатын барлық мүшелер мен ұлпаларды түгесілуден қорғайтын əмбебап механизм. Қажу вегетативтік жүйке жүйесі жəне ішкі секреция бездері қызметтерінің өзгерістерімен байланысты болуы ықтимал. А. А. Виру бойынша екіншісінің əсіресе, ұзақ жаттығулар кезінде маңызы зор. Бұл жүйелер қызметінің өзгерістері бұлшық ет əрекетінің энергиялық қамтамасыз етілуін, вегетативтік қызметін реттеудегі бұзылуларға əкелуі мүмкін. Қажудың туындау себептері вегетативтік қамтамасыз ету жүйелерінде, ең алдымен, тыныс алу жəне жүрек-тамыр жүйелерінде орын алған көптеген физиологиялық өзгерістері болуы мүмкін. Мұндай өзгерістердің басты салдары жұмыс атқарушы адам организмінің оттегі тасымалдау қызметтерінің төмендеуі болып табылады. Қажу орындаушы аппараттың, яғни жұмыс атқарушы бұлшық еттің өзінде жүретін өзгерістермен де байланысты болуы мүмкін. Мұнда бұлшық еттік (шеткі) қажу немесе бұлшық ет талшығы жиырылу аппаратының өзіндегі, немесежүйке-бұлшық ет синапсындағы, немесе бұлшық ет талшықтарының электрлік-механикалық байланыс жүйесіндегі туындайтын өзгерістер нəтижесі болып табылады. Кез келген осы локализациялар кезінде бұлшық еттік қажу бұлшық еттің жиырылу қабілетінің төмендеуімен көрінеді . Соңғы жылдары адам бұлшық етінің қажуын түсіндіру үшін ұсынылған ми қыртысы теориясы бойынша, қажуға орталық жүйке жүйесінің күйі (эмоция, сезу тітіркендіргіштері, белсенді тынығу, автоматты (дағдылы) қимылдар, т.б.) зор ықпалын тигізеді. Өйткені қажудың орталық механизмдері ми қыртысы деңгейінде тұйықталатындығы көрсетіледі. Қажу кезінде жұмыс қабілеттіліктің динамикасы қозғалыс талдағышының тежелуші элементтерімен байланысты. Жұмыстың бастапқы кезінде жоғары өрлейтін импульстер қозғалыс талдағышының орталығын сергітеді, оның қабілетін арттырады. А. А. Ухтомскийдің айтуынша, жүйке орталығының нəрленісі (трофикасы), ширақтығы көтеріледі, ол ырғаққа үйрену деп аталады. Жұмыс үстінде бұрынғы қалпына келу белсендіріледі, ол іс-əрекеттің физиологиялық ырғағын жеделдетеді.

Өткен ғасырдың өзінде бұлшық ет қажуының: 1. Энергиялық ресурстардың түгесілуі, əлсіреуі; 2. Энергиялық заттар ыдырау өнімдерінің жинақталуынан бітелу немесе улану; 3. Оттегінің жеткіліксіз түсуінен тұншығу сияқты 3 негізгі механизмі қалыптасқан. Қазіргі кезде түрлі жаттығуларды орындау кезінде қажудың пайда болуында бұл механизмдер рөлінің əр алуан екендігі анықталған. Қаңқа еті бірыңғай салалы бұлшық етке қарағанда тез қажиды. Бұлшық еттің қажу себебі толығынан зерттелмеген. И. Шифф бұлшық еттің қажуы оның энергия қорының əсіресе, гликогеннің азаюынан деп түсіндіреді («əлсіреу» теориясы). Бірақ қажыған бұлшық етте гликоген біржола жойылып кетпейді, оның деңгейі қажыған соң да əжептəуір болады. Е. Пфлюгер бұлшық еттің қажуы ұзақ жұмыс істеу салдарынан етте сүт, фосфор қышқылдарының жəне басқа да ыдырау өнімдерінің жиналуынан («улану» теориясы) деп санайды. Осыған байланысты бұлшық еттегі зат алмасу бұзылады. Фосфор қышқылы Ca²+ иондарымен əрекеттесіп, еттің қозу жəне жиырылу қасиеттерін төмендетеді жəне əрекет потенциалының тууын кешіктіреді. Тəжірибежүзінде денеден жекеленіп алынған бұлшық ет қажыған соң, оның қоректі ерітіндісін (Рингер сұйықтығын) төгіп, қайта жаңартса, бұлшық еттің жұмыс қабілеттілігі тез қалпына келетіні дəлелденген. Жекеленген бұлшық етте оттегі жоқ тек азотқа толған ауада сақтап тітіркендірсе ондай бұлшық ет тез қажиды («тұншығу» теориясы). Осы аталған пікірлер бұлшық еттің қажу сырын толық анықтамағанымен, оның жеке себептерін көрсете алады. Организмнен бөлінбеген бұлшық ет қажыған кезде, оның химиялық құрамындағы гликогеннің, АТФ қышқылының, креатинфосфаттың азаятыны жəне актиннің өзгеретіні анықталды. Актомиозиннің сульфогидрилдік тобы азаяды немесе ол басқа заттармен қосынды құрады. Сөйтіп, бұлшық ет қажығанда оның ферменттік қасиеті төмендейді. Мұндай химиялық өзгерістердің дəрежесі жекеленген бұлшық еттерде өте жоғары, ал организмнен бөлінбеген бұлшық еттерде өте төмен болады. Өйткені бұлшық етке қан арқылы оттегі, қоректік жаңа заттар жеткізіліп, ыдырау өнімдері уақытында шығарылып тұрады. Организмнен бөлініп алынбаған бұлшық етті жиырылуы тоқтағанша жүйке арқылы тітіркендіріп, одан соң бұлшық еттің өзін тітіркендірсе, бұлшық ет жиырылып қажығанын көрсетеді. Мұнда бұлшық еттен бұрынмионевралдық синапс қажиды (Н. Е. Введенский). Демек, организмде ет жұмысының тоқтауы онымен байланысты синапстардың, нейрондардың қажуынан да болуы мүмкін. Сайып келгенде, біртұтас организмде еттің қажуы көп себептер ықпал ететін үдеріс. Анаэробтық жаттығуларды, əсіресе, максималды жəне максималдыға жуық қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде, бұлшық еттік қажудың пайда болуында фосфагендердің бұлшық ет ішілік қорының түгесілуі маңызды рөл атқарады (32 А-сурет). Оларды орындау соңында бастапқы деңгейден АТФ мөлшері 30-50%-ға, ал КФ 80-90%-ға төмендейді. Бұл жаттығулар үшін фосфагендер жетекші энергиялық субстрат болып табылатындықтан олардың түгесілуі



Қажудың түрлері Қажу дене жəне ой еңбектерінде пайда болады. Ол жедел (қысқа мерзімде туады) жəне созылмалы (ұзақ мерзімде – айлар немесе жылдар бойы) əртүрлі физиологиялық жүйелер мен тұтас организмде байқалады. Қажу жалпы жəне жергілікті болып бөлінеді. Жалпы қажуда тұтас организмнің əрекеттері өзгереді, ал жергілікті қажуда кейбір бұлшық еттердің, жеке талдағыштардың, т.б. қызметтері төмендейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет