Мақсаты: Ақпараттық жүйелердің негізгі қасиеттерін қарастыру. Дəріс жоспары «Ақпараттық жүйелердің негіздері»



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата07.01.2022
өлшемі227,61 Kb.
#20203
  1   2   3   4   5   6


Мақсаты: Ақпараттық жүйелердің негізгі қасиеттерін қарастыру. 

Дəріс жоспары 

1. «Ақпараттық жүйелердің негіздері» курсының мақсаттары мен есептері 

2. Қазіргі ақпараттық жүйелердің сипатты ерекшеліктері 

Негізгі  түсініктер:  өндірісті  автоматтандыру,  жүйе,  жиын,  атқарымдық 

ықпалдасу, гетерогендік, ашық жүйелер 



Тақырыптың  мазмұны:  Есептеу  техникаларын  кеңінен  қолданбай  жəне 

əртүрлі  бағытта  ақпараттық  жүйелерді  құрусыз  қазіргі  кезеңдегі  адам 

қызметінің  əртүрлі  аяларының  дамуы  мүмкін  емес.  Осындай  жүйелерде 

ақпараттарды өңдеу дербес ғылыми-техникалық бағытқа айналды. 

Ғылыми-техникалық  революция  (ҒТР)  –  ғылымды  қоғамдық  өндірісті 

дамытудың  жетекші  факторына  айналдыру  негізінде  өндіргіш  күштерді 

түбегейлі, сапалық қайта құру. Бастауы ХХ ғасырдың ортасына келетін ҒТР 

барысында  қарқынды  дами  отырып,  ғылымның  тікелей  өндірістік  күшке 

айналу үдерісі аяқталады. 

Ғылыми-техникалық революция қоғамдық өндірістің бет-бейнесін, еңбек 

жағдайын, сипаты мен мазмұнын, өндіргіш күштердің құрылымын, қоғамдық 

еңбек бөлінісін өзгертеді, өндіргіш күштердің шапшаң өсуіне мүмкіндік 

береді, адамдардың мəдениетін, 

тұрмысын, психологиясын, қоғамның табиғатпен өзарақатынасын 

қоса алғанда, қоғамдық өмірдің барлық жақтарына ықпал етеді, 

ғылыми-техникалық ілгерілеуді (ҒТІ) күрт жеделдетуге əкеледі. 

ҒТІ-нің бастауы техникадағы революциямен байланысты. Жо- 

баланатын жүйелердің күрделенуі мемлекетті ірі ұлттық ғылыми- 

техникалық жобалар шеңберлерінде ғылым мен техниканың 

келісімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға «итермеледі». Ғылымға 

қаржы бөлу мен зерттеу мекемелері санының күрт өсуі басталды. 

Ғылыми қызмет жаппай кəсіпке айналды. 50-ші жылдардың екінші 

жартысында  елдердің  көпшілігінде  ғылыми  қызметті  жоспарлау  мен 

басқарудың жалпы мемлекеттік органдары құрыла бас- 

тады. Ғылыми жəне техникалық əзірлемелер арасындағы тікелей 

байланыстар күшейді, өндірісте ғылым жетістіктерін пайдалану 

жеделдетілді.  50-ші  жылдары  ғылыми  зерттеулерде,  өндірісте,  содан  кейін 

басқаруда,  ҒТІ  символына  айналған,  электрондық  есептеу  машиналары 

(ЭЕМ)  жасалып,  кеңінен  қолданыла  бастады.  Олардың  пайда  болуы  өндіріс 

үдерісіндегі  адамның  жағдайы  мен  рөлін  өзгертетін,  өндіріс  пен  басқаруды 

кешенді автоматтандыруға бірте-бірте көшудің басталуы мен байланысты. 

ҒТІ-нің  бірнеше  басты  ғылыми-техникалық  бағыттарын  бөліп  көрсетуге 

болады: 

- өндірісті, өндірісті бақылау мен басқаруды кешенді автоматтандыру; 

- энергияның жаңа түрлерін ашу жəне пайдалану;  

Өндірісті автоматтандыру – бұл бұрын адам орындаған басқару мен бақылау 

функцияларын аспаптарға жəне автоматы құрылғыларға беретін машиналық 

өндірісті дамытудағы үдеріс. 

Өндірісті автоматтандырудың мақсаты өндірістің бүкіл қорларын 



оңтайлы пайдалану үшін еңбек өнімділігін арттыру, шығарылатын 

өнімдердің сапасын жақсарту, жағдай жасау болып табылады. 

Аса күрделі (үлкен) жүйелердің пайда болуы қоғамды дамытудың 

сипатты үдерістерінің бірі болып саналады. Бұның негізгі себептері 

мыналар: халық шаруашылығында қолданылатын техникалық 

құралдардың үздіксіз ұлғая түсіп отырған күрделілігі; техникалық 

жəне сол сияқты ұйымдық жүйелердің (кəсіпорындар, сала, мем- 

лекет жəне т.б.) басқару сапасын арттыруға деген қажеттілігі; 

кəсіпорындардың мамандануы мен бірігуінің кеңейе түсуі – халық 

шаруашылығын дамытудың негізгі үдерістері. 

Жай жүйелерді жобалаудың дəстүрлі тəжірибесінен өзгешелігі 

- ірі автоматтандырылған, технологиялық, энергетикалық, 

аэроғарыштық, ақпараттық жəне өзге күрделі кешендерді əзірлеу 

кезінде, элементтердің атқарымдық функционалдану қасиеттері 

мен заңдарын қарастырумен байланысты – аздау, ал ең жақсы 

құрылымдарды таңдаумен, элементтердің өзара əрекетін оңтайлы 

ұйымдастырумен, олардың атқарылымының оңтайлы режимдерін 

анықтаумен, сыртқы ортаның əсерін ескерумен жəне т.б. байла- 

нысты  -  көбірек  проблемалар  туындайды.  Жүйелердің  күрделене  түсуімен 

байланысты осы кешенді жалпыжүйелік мəселелерге 

барған сайын маңыздырақ орын беріледі. 

ҒТІ қарқыны халық шаруашылығының барлық аялары мен 

салаларында жобалау, жоспарлау мен басқару үдерістерінің 

күрделенуін туғызады. Салалардың дамуы мен олардың бір-біріне 

өзара ықпалының күшеюі, кəсіпорынның, бірлестіктің, саланың 

жəне т.б. жобалау, өндіру жəне пайдалану, жоспарлау мен басқару 

кезінде шешімдер қабылдау жағдайларында қарастырылатын 

мүмкін нұсқалар санын арттыруға əкеледі. Осы нұсқаларды талдай 

отырып, əртүрлі білім салаларындағы мамандарды тарту, олардың 

арасындағы өзара іс-қимыл мен өзара түсіністікті ұйымдастыру 

қажет. 

Осылардың барлығы, үлкен жүйелерді талдауға жаңа, жүйелік 

көзқарастың пайда болуына əкелді. Олар көбінесе толық сипаттауға 

көне бермейді жəне олардың əрбірі сондай-ақ жекелеген атқарымдық 

ішкі жүйелер арасында көпқырлы байланыстарға ие болатын 

олардың əрбірі, сондай-ақ үлкен жүйе болып көрінуі мүмкін. Ар- 

найы теория – жалпы (абстрактылы) жүйелер теориясы – жүйелік 

көзқарастың негізі болып қаланған. 

«Жүйе» ұғымын пайдалануға деген қажеттілік өте ертедегі 

уақыттан əртүрлі физикалық табиғат объектілері үшін пайда болды: 

сол кездің өзінде-ақ Аристотель, тұтастық (яғни, жүйе – авт.) – оны 

құраушы бөліктердің қосындысы ғана еместігіне назар аударды. 

Нақтылай айтқанда, «жүйе» термині жəне онымен байланысты 

кешенді, жүйелік көзқарасты философтар, биологтар, психолог- 

тар, кибернетиктер, физиктер, математиктер, экономистер əртүрлі 



мамандықтардағы инженерлер зерттейді жəне солар ой елегінен 

өткізеді. Осы терминді пайдалануға деген қажеттілік математикалық 

өрнекпен əлденені көрсету, бейнелеу, көзге елестету мүмкін 

болмаған жағдайларда туындайды жəне бұл үлкен, күрделі, бірден 

толық түсінікті (анық емес) емес жəне тұтас, бірыңғай болады. 

Мысалы – «күн жүйесі», «станокты басқару жүйесі», кəсіпорынды 

(қаланы, өңірді жəне т.б.) ұйымдық басқару жүйесі, «экономикалық 

жүйе», «қан айналысы жүйесі» жəне т.б. 

Математикада жүйе термині математикалық өрнектер неме- 

се ережелер жиынтығы – «теңдеулер жүйесін», «санау жүйесін», 

«өлшемдер жүйесін» жəне т.б. бейнелеу үшін пайдаланылады. Осы 

жағдайларда «жиын» немесе «жиынтық» терминдерін пайдалануға 

болатын сияқты болып көрінеді. Бірақ жүйелер ұғымы реттілік, 

тұтастық, белгілі бір заңдылықтардың болуын атап көрсетеді. 

Жүйелік түсініктерге деген қызығушылық, ыңғайлы жинақтаушы 

ұғым ғана емес, сонымен бірге үлкен анықталмағандық пен 

есептердің қойылым құралы ретінде де көрінеді. 

Өндірістік үдерістердің күрделіленуі мен ғылымның дамуына 

қарай, дəстүрлі математикалық əдістердің көмегімен шешілмеген 

жəне есептердің қойылым үдерісінің өзі барған сайын көбірек 

орын ала бастаған есептер пайда болды, эвристикалық əдістердің 

рөлі өсті, формалды математикалық модельдердің бара-барлығын 

дəлелдейтін эксперимент күрделіленді. 

Осындай есептерді шешу үшін математиканың жаңа бөлімдері 

əзірлене бастады; практикалық есептерге жуықтатылған мате- 

матикалық əдістер дербес қолданбалы математика ретінде 

қалыптасты; есептердің қойылымын осы шешу кезеңіне тең деп та- 

нитын шешімдер қабылдау ұғымы содан кейін оның бағыты пайда 

болды. 

Бірақ есептерді қою құралдары жаңа бағытты қамтымады, өйткені 

дамудың көпғасырлық тарихы С. Лемнің бейнелеп айтуы бойынша 

«математиктер, мəнді қолдануды өз ойларының қарастыру шегінен 

шығарып тастады», яғни есептердің қойылу құралдарын əзірлеуді 

математиканың функциялары емес деп санады. 

Есептердің қойылу үдерістерін, күрделі жобаларды əзірлеу 

үдерісін зерттеу адамның негізгі рөліне назар аударуға мүмкіндік 

берді: адам тұтасты қабылдаушы, проблемаларды бөліктеу

жұмыстарды бөлу кезінде тұтастықты сақтаушы, шешімдер 

қабылдау өлшемдері, құндылықтары жүйесінің иесі болып санала- 

ды. Жобалау үдерісін ұйымдастыру үшін жобалауды ұйымдастыру 

жүйелері, əзірлемелерді басқару жүйелері жəне т.б. құрыла бастады. 

«Жүйе» ұғымы білімнің əртүрлі салаларында кеңінен пайдала- 

ныла бастады жəне ғылыми білімнің белгілі бір даму сатыларында 

жүйелер теориясы дербес ғылым болып қалыптасты. 




Оқулықта берілген ақпарат ақпараттық жүйелерді (АЖ) жо- 

балау жəне əзірлеу саласындағы мамандар – жүйелік талдау- 

шылар, жүйелік жобалаушылар мен интеграторлар, қолданбалы 

бағдарламалаушылар даярлау бағдарламаларының құрамына 

кіретін, «Ақпараттық жүйелердің негіздері» пəні бойынша 

оқитын студенттерге арналған. Өнеркəсіптік кəсіпорындардың, 

сауда фирмаларының, қаржы топтары мен холдингтердің

коммерциялық банктер мен ел экономикасының негізін құрайтын 

өзге де ұйымдардың корпоративтік АЖ жобалау объектілері болып 

ұйғарылады. Оған сондай-ақ кеден жəне салық қызметтері, құқық 

қорғау органдары жəне т.б. сол сияқты мемлекеттік құрылымдардың 

ақпараттық жүйелері жатады. 

Мəлім болғандай, осы жүйелерге, олардың атқарымдық жауап- 

кершілігімен, нарықтық экономикадағы бизнестің үздіксіз өзгермелі 

жағдайларына бейімделу қажеттілігімен, мемлекеттік органдар мен 

бизнес-серіктестердің шектес ақпараттық жүйелерімен ақпараттық 

өзара іс-қимыл жасаумен байланысты аса жоғары талаптар 

қойылады. 

Ықпалдастыруға (интеграция) деген үдерісті қазіргі АЖ 

дамытудың неғұрлым маңызды ерекшеліктерінің бірі деп са- 

нау қажет. Сөз, атқарымдық ықпалдасу, біртекті емес ақпараттық 

қорларды ықпалдастыру, ақпараттық жүйелерді пайдаланушы- 

лар үшін ақпараттар берудің əртүрлі тəсілдерін ықпалдастыру, 

ақпараттық жəне/немесе есептеу жүйелерін телекоммуникациялық 

жүйелермен ықпалдастыру туралы болып отыр. 

Қазіргі уақытта бұл үдеріс, сөзбе-сөз мағынасында АЖ архи- 

тектуралары мен құрылымдарының барлық құрамдас бөліктерінен 

көрінуде. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет