Мақсаты: Геометриядан алған теориялық білімдерін пайдаланып, есептердің түрлерін және оларды шешудің тәсілдерімен оқушыларды таныстыру. Оқушылардың есептеу мәдениетін қалыптастыру. Міндеттері



бет1/3
Дата19.10.2022
өлшемі37,7 Kb.
#44130
  1   2   3

Түсінік хат


Оқушылардың кеңістік жөніндегі математикалық ойлау қабілетін тәрбиелеуде орта мектеп геометриясының тигізер әсері мол.Әсіресе болашақта физика-математика және техника мамандығын алғысы келетін оқушылардың мектепте ойша түрлендіріп ,абстракциялы түрде сызылатын кеңістіктегі геометриялық фигураларға әртүрлі өлшеулер жүргізе білуінің айтарлықтай мәні бар.Геометрияны оқытудың аса маңызды міндеттерінің бірі- оқушылардың кеңістік жөніндегі түсінігін жан-жақты дамыту,сондай-ақ кеңістіктегі объектілерді ойша көз алдына елестетіп ,оларға әртүрлі амалдар қолдана білу дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Дайын формулалардың көмегімен кеңістіктегі фигуралардың толық бетін,көлемін оңай есептегенмен ,кейбір оқушылар кеңістіктегі жай фигуралар арасындағы қатыстарды анықтауда қиналады.Оқушылардың кеңістік жөніндегі түсінігін дамытуда геометриялық салу есептерінің маңызы зор. Осы ерекшеліктерді ескеріп жазылған « Геометриядан таңдамалы есептер» кеңістіктегі салу,есептеу,дәлелдеу есептері ,сондай-ақ қиындық дәрежесі жоғары есептер қарастырылған.
«Геометриядан таңдамалы есептер» курсы 2 бөлімнен тұрады. Біріншісі – «Планиметрия есептері»бөлімінде есептеу,дәлелдеу ,сан мәнін табуға берілген есептер және олардың шешулері келтірілді. Екіншісі – « Стереометрия есептері» бөлімінде кейбір есептердің ғана толық шешулері берілді.
Берілген курс 11 сыныпқа 34 сағатқа (аптасына 1 рет) есептелген.


Мақсаты: Геометриядан алған теориялық білімдерін пайдаланып, есептердің түрлерін және оларды шешудің тәсілдерімен оқушыларды таныстыру. Оқушылардың есептеу мәдениетін қалыптастыру.
Міндеттері:
• оқушылардың кеңістік жөніндегі түсінігін жан-жақты дамыту
• геометриялық есептердің түрлерін және оларды шешудің тәсілдерін таныстыру;
• қоршаған орта туралы көзқарастарын математикалық тұрғыдан дамыту;
• математикалық білімдерін экономикалық есептеуде қолдана алу;
• белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыру арқылы оқушылардың ойлауын толық тұжырымдай алуға тәрбиелеу;
экономика, өндірісті дамыту үшін ғылым прогресіне қажеттілік туралы түсініктерін қалыптастыру;
• экономикамен байланысты мамандыққа бағдар беру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет