Машанова Алмагуль Сериковна 1997 жылдан бастап осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеп, 2000 жылдан бастап тарих мамандығына байланысты тарих пәнінен сабақ



бет1/8
Дата26.05.2022
өлшемі169,23 Kb.
#35642
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8

«Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі


П і к і р
Машанова Алмагуль Сериковна 1997 жылдан бастап осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеп, 2000 жылдан бастап тарих мамандығына байланысты тарих пәнінен сабақ беріп келеді.. Әріптестері мен шәкірттері, ата-аналар арасында беделді. Машанова Алмагуль алдына қойған келелі мәселесі «Тарих сабақтарындаіздене білім алуға қалыптастыра отырып, оқушылардың танымдық-қызығушылығын қабілеттерін қалыптастыру» осы келелі мәселесі бойынша бірнеше жылдар бойы жемісті жұмыс істеп келеді.
Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. 
Сабақ беретін сыныптарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп сабақтарында сыни тұрғыда оқыту, топтық жұмысты пайдаланып, оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге ой-өрістерін дамытуларына көп көңіл бөледі. Мұғалім өз іс-тәжірибесіне интербелсенді тақтаны пайдаланып, ізденіс, шығармашылық сабақтарын жиі өткізеді.
Ұстаз әрбір баланың интеллектуалды- шығармашылық қабілетінің дамуына , оның қызығушылығы мен дарындығын көрсетуге , алған білімдерін өз бетінше қолдана білу дағдысын қалыптастыру мақсатында жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесінде оқушылары мектепішілік , аудандық, республикалық жарыстарда жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ:

реті

Байқау түрі

Қатысушының аты-жөні

Алған орны

1

2014ж. «Золотое руно» халықаралық конкурс

Ахметбаева Диана
Көшімбаев Мирас

І дәрежелі диплом

2

«Зерде» оқушылардың зерттеу жұмыстар мен шығармашылық жобасы

Оралбаева Ділназ

І дәрежелі диплом

Алмагуль Сериковна- өз ісіне адал, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, іскер және білікті де білімді ұстаз. Мектептегі әдістемелік жұмыстарға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.


Мұғалім қай жұмыста болсын іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті мен ерекшеленіп, әріптестеріне кез келген уақытта қол ұшын беріп дұрыс бағыт-бағдар көрсете алатын беделді ұстаз.
Машанова Алмагуль Сериковна жоғары біліктілік санатына лайық деп ойлаймын .
Мектеп директоры Р.Е. Мендыбаева


«Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Машанова Алмагуль Сериковнаның оқу әдістемелік іс – әрекетінде мұғалімнің өзіндік талдау параметрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет