Математика 4-сынып



Дата20.02.2022
өлшемі239,14 Kb.
#25986

Математика 4-сынып

Логикалық есептер

Оқу мақсаты: Кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық есептерді шығаруды үйрену.


Анықтама:

Есептеуді қажет етпейтін есептер де болады. Оларды шығару үшін саған ойлау зеректігің және логикаң қажет болады. Олар логикалық есептер деп аталады. Бұл – нағыз «ақылойға арналған жаттығу».



1-тапсырма

Сурет неше текшеден құрастырылғанын табу керек.

1-тапсырма

Шешуі: Текшелерді астыңғы қатардан бастап санауға болады. Бірінші қатардың 1 жолында 3 текше, 2 жолында 3 текше, барлығы 6 текше бар. Екінші қатардың 1 жолында 1 текше, 2 жолында 3 текше, барлығы 4 текше бар. Үшінші қатардың 2 жолында 3 текшеден бар.

Жалпы 6 + 4 + 3 = 13 текше

Жауабы: 13 текше

2-тапсырма

Қай фигураны бұрып қойды?

2-тапсырма

Жауабы:


а) 2

ә) 2


3-тапсырма.

Зерттеуді талап етеді.

Түйе мен жылқыға жүк артып келе жатқан жолаушы: Егер жылқының үстіндегі бір қапты түйеге ауыстырсам, онда түйенің үстіндегі жүк жылқының үстіндегі жүктен екі есе ауыр болады. Ал егер түйедегі бір қапты жылқыға ауыстырсам, онда екеуінің жүгі теңеседі», – деді. Әр жануардың үстіндегі қаптың саны 10-нан кем. Бастапқыда әрбір жануардың үстінде қанша жүк болған?

3-тапсырма. Шешуі:

Жауабы: жылқының үстінде бес қап, түйенің үстінде жеті қап.

4-тапсырма

Әлия үш шаршы және үш үшбұрыш қиып алды. Ол параққа пішіндерді бірінің үстіне бірін желімдеді. Әлия төртінші желімдеген фигура қандай?



Жауабы: төртінші фигура қызыл түсті тіктөртбұрыш

4-тапсырма. Жауабы:

5-тапсырма.

Болат кітапханаға сағат 12-де келді. Одан екі сағаттан кейін Әлия, ал одан бір жарым сағаттан кейін Нұрлан келді. Болат төрт сағат, Әлия үш сағат, ал Нұрлан екі сағат кітапханада болды. Әлия мен Нұрлан екеуі бірге кітапханада қаншалықты ұзақ болды және әрқайсысы қай уақытта кетті?



5-тапсырма.

Оқушылар

келді

кетті

Болат

12.00

16.00

Әлия

14.00

17.00

Нұрлан

15.30

17.30

Жауабы: Әлия мен Нұрлан екеуі бірге кітапханада 1сағ 30 мин болды және 15.30 –17.00 аралығында болды

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет