Математика ғылымының ең ежелгі салаларының бірі геометрия. Геометрия, математика тарихында үлкен орын алады және геометриялық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, призма, пирамида, және т б. туралы ғылым



бет1/27
Дата11.09.2022
өлшемі2,51 Mb.
#38830
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Кіріспе

Математика ғылымының ең ежелгі салаларының бірі геометрия. Геометрия, математика тарихында үлкен орын алады және геометриялық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, призма, пирамида, және т.б. туралы ғылым. Геометрия ғылымы, бізді қоршаған табиғи заттың сапасын емес, оның түрін зерттеп, өлшемдерінің өзара байланыстарын қарастырады. Геометриялық денелердің сыртқы кескіндерін анықтап, олардың пішіндерінің өлшемдерін табу қажеттілігі тұрмыста жиі кездеседі.


Осы жұмысымда үшбұрыштардың әр алуан түрлерін, олардың қасиеттерін жаңа технологиялар көмегімен оқушыларға қалай және терең түсіндіруге болатындығын айтып өткім келеді. Бүгінгі күні педагогикалық процестің бір маңызды бөлігі болып педагогтің оқушылармен өзара қарым-катынас жасауының жеке тұлғаға бағытталған түрі саналады. Қазіргі кезде адамды калыптастырып және оны жетілдіру, дамыту керек, тәрбиеленушінің өмірлік және кәсіби түрде өз орнын анықтауын жүзеге асыруына көмекгесу қажет.
Соңғы кезде жас өспірімдер сабақта жай ғана тындаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын, дайын рецептерді жазып алу қызықгырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс істеп, ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді.
«Ешбір адамға білім алу мен жетілу жай беріле салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен, өз күшімен ұмтылуы тиіс»,- деп Дистервег айткан болатын.
Сондыкган жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл керек, жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет, педагог рөлін арттыратын процесс жүргізілуі тиіс, бұрынғы педагог-информатордан қазіргі кездегі оқушыларға арналған технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы педагог дәрежесіне көтерілу керек.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда, бүгінгі күні білім беру технологияларының көптеген жетістіктерін игермей, сауатты маман болу мүмкін емес.
К.Д.Ушинский: «Бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді»,- деген болатын. Яғни әр сабақты, әр тақырыпты үнемі жаңа көрнекі құралдарды қолдана отырып түсіндіру қажет. Тек сонда ғана бұл оқушылардың санасында терең әрі ұзаққа қалады. Қазіргі уақытта компьютердің көмегімен көптеген нәрселер жасауға болады. Оқушыларға математика тарихынан, сандардың пайда болуынан бастап, ұлы ғалымдардың өмірлері , шығарған еңбектері мен дәлелдеулеріне дейін қарап шығуымызға болады. Сол материалдарды қолдана отырып компьютердің көмегімен түрлі есептер, тапсырмалар, электронды оқулықтар әзірлеуге болады. Бұл тек кітапты оқып отырғаннан әлде қайда қызығырақ.
Геометрияны оқытудың басты мақсаттарының бірі оның теориялық негіздерінің білу және оларды практикада қолдану дағдыларын меңгеруде. Сонымен қатар оқушылардың логикалық ойлауын, дәлелдеу қабілетін, талқылауларды себептеу, ойды дәл және анық тұжырымдай білу мәселелері де маңызды міндеттер болып табылады. Геометрияың мектептік курсын оқытуда бұдан басқа да мәселелер шешіледі. Олар: оқушылардың кеңістік түсiнiгi мен елестете бiлуiн дамыту, қоршаған ортаны геометриялық тұрғыдан көре білу және т.б.
Жұмысымыздың педагогикалық жағын ашып көрсетуде әдебиеттерді пайдаланып, талдаулар жасау арқылы оқушыға пәндік тәрбие, адамгершілік тәрбие, эстетикалық тәрбие және т.б. іскерліктерін қалыптастыру мақсатында жұмыс жасалған.
Жұмысымыздың методикалық жағын ашып көрсету барысында оқу үрдісіне қойылатын талаптар мен мақсаттарды және оларды жүзеге асыру жолдарын басшылыққа алдым.
Мектеп курсындағы математикадан оның ішінде геометрия оқу үрдісі және сабаққа қойылатын мақсаттарды жүзеге асыру барысында кейбір қиындықтар кездесіп жүргенін практикада дәлелдеп отыр. Сондықтан бұл үзілісті толықтыру үшін ұсыныс қажет.
Осы саланы қарастырғанда біздің зерттеу тақырыбымыздың актуалдылығы анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет