Математика ғылымының ең ежелгі салаларының бірі геометрия. Геометрия, математика тарихында үлкен орын алады және геометриялық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, призма, пирамида, және т б. туралы ғылым


II - деңгей (сары түсті карточкалар)



бет24/27
Дата11.09.2022
өлшемі2,51 Mb.
#38830
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
II - деңгей (сары түсті карточкалар)
1. Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы............. екі қабырғасы ........... тең болса , онда мұндай үшбұрыштар тең болады.
2. Егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы.............. бір қабырғасы..........тең болса , онда мұндай үшбұрыштар тең болады.
3. Тең бүйірлі үшбұрыштың ............ тең болады.
4. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген медианасы оның әрі ..........,...........болады.
5. Тік бұрышты үшбұрыштың................гипотенузасы деп,..............катеті деп аталады.


ІІІ-деңгей (қызыл түсті карточкалар).
1. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 12 см. Катеттерінің бірі екіншісінен 2 см қысқа. Үшбұрыштың периметрі 26 см. Катетгерін тап.
2. АВС үшбұрышының медианасы -ВD. ВD=2 см. ВD медианасы АС қабырғасының жартысына тең. АВ=3 см. ВС қабырғасы АВ-дан 1 см ұзын. АВС үшбұрышының периметрін тап.
3. АВС үшбұрышының медианасы - BD. ВD=3 см. ВD медианасы АС қабырғасының жартысына тең. АВ=3 см. ВС кабырғасы АВ-дан 1 см ұзын. АВС үшбұрышының периметрін тап.


ІІІ. «Сакина салу» ойыны.
Ойынның шарты: Бұл ойынға қатысушылар екі-екіден қатарлап отырады.
Ойын бастаушы адамның қолында сақина болады. Ол сол сақинаны қолдан қолға жүгіртіп, отырғандардың біреуінің қолына салу керек.
Алақанына сақина түскен адам мұны қасындығы көршісіне білдірмей орнынан шапшаң ұшып тұруы керек. Егер ол тұра алмай қалса айып төлейді.
-Ал, біз айып ретінде білім және еңбек туралы мақал-мәтелдер айтамыз.


ІV. «Ақ сүйек» ойыны.
Ойын шарты: Ақсүйек ойыны айлы ашық түндер - де ойналады. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ойынның негізгі құралы қойдың немесе ешкінің тоқпақ жілігі. Ойыншылар екі топқа бөлінгеннен кейін өздері тұратын үйлерін белгілеп, жеребе бойынша қай топтың сүйекті лақтыруға тиісті екенін анықтайды. Сонан кейін сүйекті құлаштап лақтырады. Қалғандары сүйектің түскен жерін бағдарлап қарап тұрады. Сүйек жерге түскенде ойыншылар жүгіре жүріп ақсүйекті іздейді. Тапқан ойыншы «сүйек менде» деп айқайлайды, өз «ордасына» жүгіре жөнеледі. Егер оны біреу қуып жетсе ол сүйекті соған береді . Осылайша ақ - сүйек ауысып отырады. Егер қашкан адам шаршаса , аксүйекті өзінің жанкүйер жолдасына береді. Бірақ ешқашан лақтырып тастауға болмайды. Онда сүйек қарсы топтың ойыншысына көшеді. Қай топтың ойыншысы өз «ордасына» бұрын жетсе, сол топ жеңіске жетеді.
-Ал, біз сүйек секілді қырқылып алынған бірнеше карточкалардың біреуіне есеп жасырамыз. Есепті кім бұрын тапса сол оқушы шығарады (ойынды бірнеше рет қайталауға болады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет