Математика пәнінің жаңа бағдарламасында «кез келген адам өз өмірінде кездесетін күрделі есептерді орындау: кесте, диаграмма, график түріндегі ақпаратты оқи алуы қажет» делінген



бет1/22
Дата09.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#33097
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


Кіріспе
Қазіргі қоғамдағы ғылым мен техниканың, әсіресе, компьютерлік техника мен технологиялардың даму деңгейі «біліммен қаруланған адам» даярлау қағидасынан «іс-әрекет жасауға үйретілген маман» даярлау қағидасына көшуді қажет етуде. Осы қажеттіліктің іс жүзіне ауысуы қазіргі педагогика ғылымы саласындағы кейбір мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Математика пәнінің жаңа бағдарламасында «кез келген адам өз өмірінде кездесетін күрделі есептерді орындау: кесте, диаграмма, график түріндегі ақпаратты оқи алуы қажет» делінген.

Математикалық ұғымдардың ішіндегі ең іргелі де, негізгілерінің бірі функционалдық (функция) тәуелділік ұғымы. Бұл ұғымның басқа ұғымдардан басты ерекшелігі ― ол басқа оқу пәндерінде де жиі қолданылады. Функционалдық тәуелділік ― қоршаған ортаны оқып үйренуге негізделген математикалық модель. Осы модель арқылы дүниенің біртұтас ғылыми бейнесі оқып-игеріледі. Функционалдық тәуелділікті оқып-үйрену кезінде зерттелетін құбылыстардың мәні көрнекі түрде айқындалады, ұғымды оқушылардың меңгеруі басқа ұғымдардың дұрыс қалыптасуына тікелей әсерін тигізеді. Функциялық тәуелділіктің дербес жағдайы, яғни функцияның дербес жағдайы ― сандық тізбек. Туынды ұғымы математикалық анализдің негізгі ұғымдарының бірі және математикалық анализдің негізгі тұжырымдарының барлығы дерлік осы ұғым арқылы анықталатынын ескерсек, бұл ұғымның математикалық талдауға арналған кез келген оқулықтан ойып тұрып орын алатынына оңай көз жеткізуге болады. Ана тілімізде жарық көрген және өз мезгілінде университеттер мен педагогикалық институттардың физика, математика, механика факультеттері, жоғары білімді техникалық мамандар және экономика саласының мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарының студенттерінің математикалық анализ бен жоғары математика саласынан сапалы білім алуына үлкен жағдай жасаған О.Ә.Жәутіков /1/, Х.И.Ибрашев пен Ш.Т.Еркеғұлов /2/, Б.Т.Төлегенов /3/, Н.Темірғалиев /4/ сияқты математик-ғалымдардың еңбектерінде туынды тақырыбы терең қарастырылған. Жалпы орта білім беретін мектептерге арналған математика оқулықтарының ішінен Кеңес Одағы кезінен бері пайдаланылып келе жатқан А.Н.Колмогоровтың /5/, ал отандық соңғы буын оқулықтардың ішінен Ә.Н.Шыныбековтың /6/ және Қ.Д.Шойынбеков бастаған авторлық ұжымның еңбектерін /7/ атауға болады. 1935 жылы қазақтың тұңғыш жоғары математика оқулығын жазып шығарған Әлімхан Әбеуұлы Ермековтің еңбегінің «Сызықтық функция» тарауының «Түзу сызықтың бұрыштық коэффициентті теңдеуі. Сызықтық функцияның негізгі қасиеттері» параграфында сызықтық функцияның туындысы мен дифференциалы және туынды арқылы бұрыштық коэффициентті табу қарастырылған /8/.

Туындыға қатысты теориялық материалдар мен есептерді қамтитын және сәйкесінше жоғары оқу орындарында /9-15/ және жалпы орта білім беретін мектептерде қосымша ретінде және факультативтік сабақтар мен түрлі деңгейлердегі математикалық сайыс, конкурс, олимпиадаларға дайындық кезінде қолданылып жүрген /16-25/ оқулықтар мен оқу құралдарын атауға болады. Функцияның туындысы ұғымына қатысты және оның қолданылуларына байланысты ғылыми және ғылыми-әдістемелік журналдар мен газет беттерінде жарияланған /26-29/ мақалаларды атап кетеміз. Біз олардың барлығын дипломдық жұмысты орындау барысында жан-жақты талқылап, қажет материалдарды қолданып отырдық. Кез келген ғылымның негізін үйрену танымның нәтижелері жинақтаған ғылыми ұғымдар мен категориялардың жүйесін меңгеру болып табылады.

Педагогика ғылыми ұғымдарды олардың таным үрдісіндегі гнесеологиялық және психологиялық маңызына сүйене отырып, білім мазмұнының басты құрылымдық бірлігі ретінде анықтайды.

Ғылыми ұғымдарды саналы да, терең меңгергенде ғана оқушылардың қоршаған дүниені толық, бүтін қабылдауларына жағдай туғызуға болады, жан-жақты өз бетінше және белсенді ойлайтын адам етіп қалыптастыруға болады.

Дүние таным өкілдері ұғым-мидың, материяның жоғарғы жемісі деп атап көрсеткен. Әр ғылым саласы бойынша пайда болған ұғым өзінің даму кезеңдерінде өзгеріссіз қалып қоймайды. Заттар мен құбылыстардың жаңа қасиеттер мен белгілерге ие болуы нәтижесінде ұғым мазмұны қоюланып, молая түседі, көлемі кеңиді, олардың қатыстары мен байланыстары толығырақ айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет