Математикалық сауаттылық 10 11 класс



Дата06.01.2022
өлшемі174,94 Kb.
#11616

Математикалық сауаттылық

10 - 11 класс
1. Көрермендер залында 30 қатар, әр қатарда 40 орын бар. 855-ші орын қай қатарда?

А) 21 В) 22* С) 23 D) 40 E) 19


2. Футбол жарысына Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда командалары қатысты. Барлық команда әрқайсысымен бір реттен ойнады. Әр жеңіс үшін 2 ұпай, тең түссе 1 ұпай, жеңіліске 0 ұпай беріледі. Астана командасы 2 орын алды, бірақ Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда үшеуінің ұпайына қарағанда ұпай саны көп болды. Осыдан қандай тұжырым жасауға болады?

А) Алматы 1 орын В) Алматы Астанадан жеңілді С) Астана Қарағандыдан жеңілді

D) Алматы Астанадан тең түсті E) бұндай жауап мүмкін емес*
3. Көркем әдеби кітаптың парағын нөмерлеу үшін 963 цифр қажет. Кітапта қанша бет бар?

А) 258 В) 267 С) 357* D) 451 E) 481


4. Футбол алаңындағы бір команданың ойыншыларының орташа жасы 29 жыл. Бір ойыншыны ойыннан шеттеткеннен кейін қалған он ойыншының орташа жасы 30 жас болды. Шығып қалған ойыншының жасы нешеде?

А) 19* В) 20 С) 29 D) 30 E) 21


5. Жүгіру жарысында 2009 адам қатысқан Едіге ұтқан қатысушылар саны Едігені ұтқан қатысушылар санынан 3 есе артық. Бұл жарыста Едіге нешінші орын алды?

А) 503* В) 501 С) 500 D) 1503 E) 1507


6. Бір газет парағында 4 бет болады. Өткенде газеттің бір парағында 11-ші және 20-шы беттерінің болғанын көрдім. Газетте неше бет бар?

А) 25 В) 20 С) 30* D) 44 E) 24


7. Он қабатты үйде 250 пәтер және 5 подъезд бар. Әр этаждағы пәтер саны бірдей болса, № 219 пәтер қай этажда орналасқан?

А) 7 этаж В) 1 этаж С) 5 этаж D)10 этаж E) 4 этаж*


8. Футбол біріншілігінде 420 ойын «өз алаңында, сырт алаңында) ойын өткізілді. Біріншілікке неше команда қатысты?

А) 30 В) 24 С) 12 D) 20 E) 21*


9. Қала ішіндегі автобустың бір бағытының құны 90 тг. Жексенбіден өзге күндері Жеңіс мектепке барып кері қайтады. Аптасына екі рет автобуспен кітапханаға барады және кері қайтады. Жеңістің бір апта ішінде автобусқа жұмсаған төлем ақысы:

А) 1440 тг * В) 1530 тг С) 1350 тг D) 1620 тг E) 1710 тг


10. Кітап беттері 559 цифрмен нөмірленген. Егер кітап беттері оның үшінші бетінен бастап нөмірленсе, кітапта барлығы неше бет болғаны?

А) 222 В) 225 С) 224 D) 221 E) 223*


11. Кестеде интернет желісінің түрі мен төлемі берілген. Тұтынушы интернет желісінде айына 700 мб интернет желісін пайдаланғанда ең арзан тарифте ең аз дегенде қанша теңге төлеу керек?



А) 6300 тг В) 5750 тг С) 5300 тг* D) 4750 тг E) 7200 тг

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет