Математикалық –статистикалық әдістердің педагогикалық зерттеу жұмыстарында қолданылуы



бет1/4
Дата09.12.2022
өлшемі36,48 Kb.
#56160
  1   2   3   4

Математикалық –статистикалық әдістердің педагогикалық зерттеу жұмыстарында қолданылуы

Педагогикалық құбылыстар мен үдерістерге математикалық статистиканың, ықтималдық теорияның әдістерін қолданудың өз ерекшеліктері бар. Болып жатқан педагогикалық үдерістерді, құбылыстарды кездейсоқ шамалар арқылы өлшеп, өңдеу әдістері зерттелу, даму үстінде. Педагогикалық үдерістерді сипаттайтын кездейсоқтық шамалар арқылы ықтималдық заңдылықтарды айқындау мүмкіндігінің келешегі зор. Бірақ та статистикалық әдістерді педагогикада, дидактикада қолдану дәрежесі басқа ғылым салаларындағы қолдану деңгейіне әлі де жеткен жоқ. Соңғы кезде математиканың кейбір әдістері педагогикалық зерттеулерде қолданыла басталды. Педагогика ғылым саласы ретінде өте күрделі, құбылмалы, көпмүшелі шамалармен сипатталады. Педагогика – ғылым ретінде көп ғылымдардың тоғысқан жері. Мәселен, әдебиет, физика, биология, химия, т.б. пәндердің оқытушысы осы ғылымдардың негіздерімен қатар, психологияны, физиологияны, информатиканы, оқыту әдістерін жетік білуге міндетті. Атақты Нобель сыйлығының иегері, салыстырмалы теориясының негізін қалаушы, алғашқы атом бомбасының авторы, кванттық механиканың теоретигі А. Эйнштейн педагогика ғылымын сипаттай келе былай деген: «Балалардың ойынымен салыстырғанда кванттық механика ойыншық болып келеді». Кез келген ғылым фактілердің жиынтығына, олардың даму бағыттарына негізделеді. «Деректер – ғылымның наны» деп орыстың ұлы ғалымы Д.И. Менделеев бекер айтпаған болу керек. Педагогикалық фактілер жылдар бойы жинақталып, өңделіп, жүйеленіп, бағаланып, классификацияланады, содан кейін жалпыламаланып ғылыми түйінділерге, қорытындыларға, ережелерге айналады, бара-бара ғылыми заңдылықтарға, теорияға ұласады. Фактілер объективті, ғылыми деңгейі жоғары болу үшін субъективті, авторитарлық көзқарастан таза болуы шарт. Ғылыми фактілер өмірден, педагогикалық құбылыстардан, оқу-тәрбие үдерісінен алынуы керек. Оқутәрбие үдерісін ғылыми фактілер арқылы зерттеп, оның себеп-салдарын анықтау ұстаз-зерттеушінің кәсіби біліктілігі болуы шарт. Фактілердің пайда 6 Кіріспе болу, өзгеру, даму себептерін түсіну, түсіндіру – педагогикалық ғылымның міндеті. Мұндай мәселелердің шешілуі педагогикалық эксперимент жүргізу арқылы іс жүзіне асады. Педагогика ғылымында қолданылатын математикалық статистиканың ең негізгі ұғымы – көпмүшелік жиынтық. Көпмүшелік жиынтықтан бір-бірімен өлшемдес шамалар ғана сыналады, сарапталады. Егер ұстаз-зерттеуші оқушылардың үлгерімін сынаса, басқа сипаттары есепке алынбайды. Математикалық статистиканың негізінде шешімін тапқан проблемаға педагогикадағы статистикалық болжамдар жатады. Педагогикаға қатысты емес статистикалық болжамдар М. Дж. Кендалл, М. Стьюарт еңбектерінде қарастырылған. Статистикалық әдісті педагогикада қолдану арнайы кәсіби бағытталған даярлықты қажет етеді. Мәселен, болашақ мұғалімдер «Ықтималдық теорияны», «Математикалық статистиканы» оқып-үйренгенде, мәтіндері педагогикалық құбылыстармен байланыстырылмайды, мысал келтірілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет