Математиканы оқыту әдістемесі ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет2/58
Дата27.04.2022
өлшемі5.56 Mb.
#32529
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты: Болашақ математика бакалаврына «Математиканы оқытудың әдістемесі» пәнін үйрену арқылы орта мектептегі математиканы оқытудың әдіс-тәсілдері мен білік, дағдыларын меңгерту. «Математика» пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесі жайлы түсінік беру.


«Математиканы оқытудың әдістемесі» бағдарламасының маңызды міндеттері:

  1. жалпы және бейіндік білім беруде математика пәнінің мәнін ашу;

  2. пәнді меңгерудің психологиялық-педагогикалық аспектілерінің мәнін ашу;

  3. математиканы оқыту әдістемесінің курсын қоғамдық, психоло-педагогиклық және математикалық циклдармен интеграциясын ашу, элементарлық математикамен, информатикамен, математиканы оқыту әдістемесінің байланысын ашу;

  4. студенттердің мектеп бағдарламасы, оқулықтары мен оқу құралдарын үйренуін және терең талдай білуі мен олардағы әдістемелік қағидаларды түсіне білуін қамтамасыз ету;

  5. студенттердің математиканы оқыту проблемасын шеше алуға тәрбиелеу және өз бетінше оқу үрдісін таңдай алуы, әдістемелік проблемаларды зерттеуі, ғылыми ізденіс жасауы мен өзінің жұмысын жетілдіруге қажетті қолайлы жағдайларды тудыру;

  6. студенттерде негізгі оқу тәрбие жұмысын жүргізуге оны жалпы мектеп пен арнайы мектептердегі талаптар деңгейінде жүргізе алуы туралы білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

Практикалық сабақтарда:



  • барлық мектепке арналған бағдарламаны, оқулықты, оқу құралын үйрену, мектеп курсының нақты тақырыбын үйрену әдістемесін талдау: әр түрлі инновациялық әдістерді қолданудың мүмкіндіктері қарастырылады, ол оқушылардың интеллектуалдық шығармашылық қызметтерінің дамуына бағытталады. Бір ғана тақырыптың әр түрлі оқу құралдарында баяндалуына салыстырмалы талдау жасалады; оқушылардың кездесетін қиындықтары мен ескертулері типтік қателерді жою үйретіледі.

  • оқу материалын жоспарлау, оқытушы басқару жүйесін жасақтайды.

  • есеп шешудің стандартты және стандартты емес әдістері талданады және сабақ конспектісі талқыланады.

  • математика бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстың тақырыбы, мазмұны, өткізу әдістемесі талқыланады.

Математиканы үйрену үрдісінде ғылыми-дидактикалық принциптер іске асады. Бұл лекциялық, практикалық сабақтарда және арнайы әдістемеде іске асады. Студенттердің әдістеме бойынша өз бетінше жұмысы жоспарлы түрде болады. Тұрақты түрде тексеріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет