Математиканы оқыту әдістемесі ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен



бет25/58
Дата27.04.2022
өлшемі5.56 Mb.
#32529
түріСеминар
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58
4.4 Эвристикалық әдіс.

Оқытудағы эвристикалық әдіс деп - әдістемеде негізін диалогтық (сұрақ-жауап) формасынадғы эвристикалық әңгімені түсіндіреді. Мұнда мұғалім оқушыға білімді, ұғымды бірден дайын түрде бермей, өз орнымен қойылған сұрақтар арқылы оларда бұрын қалыптасқан білімдерімен бақылаулары және өмір тәжірибесіне сүйеніп, жаңа ұғымға ережелермен дәлелдеуге және есептеудің шешімін өзгертіп келтіру керек.

Лекция5. Математиканы оқытудың әдістері

5.1.Бағдарламалық оқыту.

 5.2.Практикалық-зертханалық жұмыстар.



5.3.Оқушылардың өзіндік жұмысы.

 5.1.Математиканы оқыту әдістері  кез-келген  басқа  білім салалары сияқты  үнемі даму, жетілу үстіндегі  ғылым. Бұл әсіресе оқыту  әдістемесіндегі  орын  алып отырған  өзгерістерден  анық  байқалады. Математиканы  оқытудың    қазіргі кездегі  ең басты  ерекшеліктері  мынадай:

1.Оқытудың барлық кезеңдерінде шәкірттердің  білім алу  белсенділігін арттыру. Мұнда  мұғалімнің  жәрдемімен  шәкірттердің  өздігінен білім ашуына аса  көңіл бөлінеді.

2.Оқу үрдісінде оқушылардың  математикалық  ойлау  интенсивтендіру, яғни оларды  математика  саласы  бойыншатеориялық  білім алу және рационал ойлаудың  негізгі  интенсивті  әдістерін  игеруге баулу.

Оқыту  мұғалім  тарапынан, үйрету, ал шәкірт тарапынан  оқу, үйренуді қамтитын екі жақты үрдіс. Сондықтан да  оқыту  жемісі болу үшін бұлар арасында  әрқашанда  тура  және  кері байланыс болу  керек.

Оқытушы оқу  үрдісінің  жүруін  басқарып  отыру  үшін шәкіртте мұғалімге  ол  жөнінде  ақпарат  дер  кезінде жетіп  отыруы шарт. Тек  осындай  ақпаратты  ескере  отырып,  мұғалім  сабақ  үстінде  әр оқушының  оқуына білікті түрде  араласа алады. Бұл бағдарламалық  оқыту  идеясын туғызады.

Жалпы педагогикалық  тұрғыда  бағдарламалық оқыту деп- оқу материалын  арнайы  бағдарлама  бойынша  мұғалім шағын  бөліктерге  бөлшектейтін және  әрбір оқушының  іс-әрекетінің  сипаты мен  ретін анықтайтын  сондай-ақ   оқытылатын  материалды  меңгеру  барысын  ұдайы  бақылауға  көмектесетін  дидактикалық  жүйені  түсінеміз. Бағдарламалық  оқыту  әсіресе  білімді  компьютердің  көмегімен  бақылау  бүгінгі  таңда  барлық  оқу  орындарында  кеңінен  пайдаланады.

Бағдарламалап  оқыту  мына  принциптерді  басшылыққа  алады:

1)Оқушылар меңгеруге  және есте сақтауға  тиісті оқу материалын   ұқыпты іріктеу;

2)Оқу материалын  берудің  қатаң  логикалық  жүйелілігін  жақтау;

3)Оқу  материалын  шағын  аяқталған  үлестерге мүшелеу;

4)Оқушының оқу  қызметі сатылап  бақылау  әдісі  мен басқару  және  кері бағытта жүзеге асыру;

5)Бағдарламаланған  материалдар   мен   жұмыс  кезінде  оқушылардың  дербестігі мен  белсенділігі;

6)Оқытудың  жекеше  қарқыны;

Бағдарламалап  оқыту  принциптерін  неғұрлым  толық   бейнелейтін құрал  оқыту бағдарламасы  болып  табылады.

Оқыту  бағдарламаларын  жасау  әдістемесі  бірнеше  саты  құралады.Атап  айтқанда:

1.Оқу  бағдарламаларын  іріктеу  бұл  өте  ұқыпты  таңдап  алынып  оқушыларға  түсінікті  тілмен  және  терминдермен   баяндалуы  тиіс.

2.Оқу материалын   баяндаудың  логикалық   жүйелігін  мұқият  тексеру  бұл  үшін кейде арнайы арнайы материалды қолданады.

3. Материалды жеке үлестерге мүшелейді.Мұнда әрбір үлес мағанасы аяқталған информацияның ( жаңа материалдардың ) шағын бөлігін қамтиды және әр үлес информацияның күрделілігінен оқушылардың жас ерекшеліктеріне және басқа себептерге байланысты құбылмалы болуы мүмкін.

4. Информацияны игеру деңгейін тексеру үшін арнайы сұрақтар, есептер, жаттығулар т.б. тапсырмалар беріледі.Бұл тапсырмалардың  сипаты меңгеруге тиісті информацияға байланысты.

5. «Мұғалім – оқушы» кері байланысын қамтамасыз етеді.Оқытудың бағдарламасын жасаудың бұл сатысында даралап оқыту әдістерін пайдалану мұғалімнен ерекше талап етіледі.

Соңғы жылдары оқу процесіне бағдарламалап оқытумен бірге оқытуды алгоритмдеу кеңірек пайдаланыла бастады. Оқытуды алгоритмдеу деп – белгілі бір есепті шығаруға ( теореманы дәлелдеуге) қажетті амалдардың ретпен орындалуын көрсететін нұсқаулар тізімін айтамыз.

Мектеп математикасы арифметикалық төрт амал алгоритмінен бастап көлемдерді интегралдау арқылы есептеу алгоритмінде әр алуан алгоритмдерге толы. Сондықтан математиканы барлық сатыларды, оқыту алгоритмдерді қамтуы тиіс.

Алгоритмдерді 4-5 – кластарда фигураларды айыра білуге қолданады. Мәселен, биссектрисаның бұрыштарының төбесінен бастап айыру үшін алгоритмдерді пайдаланған жөн.

Оқу материалын пысықтауға да алгоритмдерді пайдалануға болады. Оқушыларды алгоритмдеуге үйрету математиканың ұғымдарын игеруге ойды жалпылауға соның нәтижесінде басқа жағдайларға қолдануға машықтанады. Алгоритмге ойлау процесін тәртіпке келтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет