Математиканы оқыту әдістемесі ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


Оқушылардың өзіндік жұмысы



бет27/58
Дата27.04.2022
өлшемі5,56 Mb.
#32529
түріСеминар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58
5.3.Оқушылардың өзіндік жұмысы.

Өзіндік жұмыс оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерінің формаларының бірі болып табылады. Сондықтан бұл жұмыстың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекетті дұрыс жоспарлау біліктілігіне байланысты болады. Белсенді оқу-танымдық іс-әрекет оқушылардың ой еңбегі мен практикалық әрекеттерінің қызметін болжайды.

Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап – оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Ол біріншіден, тек дайын  ақпаратты деректер, заңдар, ережелер күйінде ғана беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді.

Екіншіден, оқушылардың іс-әрекетіне деген мұғалімнің іс-әрекетінің көз-қарасын өзгертуді талап етеді.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің нәтижесі – олардың алған білімді өз бетінше талдап және бір жүйеге келтіре алатын шығармашылық тапсырмаларды орындауы болып табылады.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде оқушылардың өзіндік жұмыстарының әртүрлі жіктеулері көрсетіледі. Олардың ішінде оқыту теориясы мен практикада жиірек кездесетіндері мыналар:

1.Дидактикалық мақсаттары бойынша: оқып үйренетін тексеретін, диагноздық, алынған білімді баянды ететін және т.б.

2.Даралау дәрежесі бойынша: мазмұны әртүрлі бірақ бірдей тәсілмен орындалған; мазмұндары бірдей, бірақ әртүрлі  тәсілдермен орындалады; мазмұндары әртүрлі және әртүрлі тәсілдермен орындалады.

3.Білім материалдары бойынша: оқулықпен жұмыс, есептерді шешу және салыстыру, лабораториялық және сызбалық жұмыстар.

4.Оқушылардың ізденімпаздық дәрежесіне байланысты жұмыс және т.б. Оқушылардың өз бетінше іздену жұмыстарының жіктеуін қарастырайық. Осы жіктеуге сәйкес оқу үрдісінде өзіндік жұмыстардың 4 түрі қарастырылады.

а) үлгі бойынша орындылады;

б) реконсруктивті-вариативті;

в) эврикалық (ішінара ізденуді талап етеді);

г) шығармашылық (ізденуді талап етеітін) жұмыстар;

Математика сабақтарында оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстарды былай жіктеуге болады: оқулықпен, оқу құралымен, анықтама әдебиетпен, есептер жинағымен жұмыс, әр түрлі үлестірмелі материалмен, жолдастарының жауабын толықтыру, талдау, математикалық конференцияларда жасалған баяндамаларға немесе әр түрлі танымдық мәні бар хабарларға пікір айту, жеке және топтық тапсырмаларды (пікір айту) орындау. Рефераттар жазу, көрнекі құралдар жасау, экскурсия кезінде өлшеуге немесе есептеуге байланысты практикалық жұмыстар орындау.

Математика сабақтарында оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың ауызша және жазбаша, сыныптағы не үйдегі жалпы топтық ... Мұғалім оқу процесінде өздігінен орындайтын жұмыстың әр түрін және олардың үйлесімділерін қолдануды жоспарлайды.

Оқушыларға өздігінен орындауға берілетін тапсырмалар айқын мақсатты көздеуі және олардың ынтасын арттыру үшін берілетін тапсырмалардың мазмұны терең, практикалық қолдануы анық зерттеу сипатында болғаны орынды.

Сонымен бірге, оқушыларға тапсырма бергенде материалды біртіндеп күрделендіру, олардың творчестволық белсенділігі, жеке бас ерекшеліктері, жалпы математикалық мәдениеті тәрізді факторларға назар аударған дұрыс.

Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинетінде дидактикалық материалды, үлестірмелі карточкалар, баспадан шыққан дәптерлер, т.б. оқу құралдары жинастырылып, бір жүйеге келу керек. Оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны бөлек.

Барлық білімнің көзі оқулық, интернет т.с.с., оған оқушының назарын аудару, математика оқулығы туралы.



  1. 5-7 дидактикалық материалдар.

  2. Тестер жинағы.

  3. Ауызша жаттығулар.

  4. Дайын сызбалар арқылы оқыту, өздігінен жұмыс.

  5. Сызбаларды, кестедегі заңдылықтарды оқи білуге үйрету.

  6. Текстің жоспарын құру.

  7. Формуланы еске сақтау (көп рет қолдану).

  8. Формулаларды есептер шешуге қолдану.

  9. Параллель оқулықтар қолдану.

10)Оқушылар түсінбегенде, оқушылар оқулықтан қайталайды

Өзіміз игеріп жүргізген өзіндік жұмыстардың ең жоғары сатысы тақырыпаралық және пәнаралық зерттеу жұмыстарын орындау болып табылады. Мұндай өзіндік жұмыстарды орындау үшін оқушылар өзінің игерген білімдері негізінде есептер шығару тәсілдерін түрлендіріп, басқа жағдайға ауыстыруы, өз бетінше жаңаша шығару жолдарын көрсетуі оның мазмұнын, мақсатын, шығару жоспарын дайындауы керек.

 Математикадан өздігінен шығармашылық жұмыс орындау оқушылардың пәнге ынтасын арттырып, ізденгіштік қасиеттерін тәрбиелейді, математикалық ой-өрісін дамытады. Шығармашылық жұмыстарды орындау барысында оқушы оқып үйренген теорияның не есептің жаңа қырларын ашады, өзіндік пікірін айтады, табылған мәліметтер бойынша байсалды қорытынды жасауға үйренеді.

Оқушылардың шығармашылық жұмысына мыналар жатады:

1) Үйреншікті тәсілдерді қолданбай есеп шығару немесе теорияны дәлелдеу.

2) Бір есепті бірнеше тәсімен шығару.

3) Есептер құрастырып, шеше білу.

4) математикалық шығарма жазу.

5) Оқушыларға баяндама не тапқыр реферат жазу.

Егер оқушы математикалық шығарма жазғанда ізденгіштік қабілет танытса, қайсыбір фигураның қасиеттерін анықтап, математикалық сөйлемдерді өздігінен дәлелдесе, онда оның еңбегі соғұрлым құнды, әрі қызықты болмақ.

Математикалық шығарма жазу оқушылардан:


  1. Қосымша әдебиеттер оқуды;

  2. Оқыған материалды қорытуды;

  3. Жаза білу қаблетінің қалыптасуы;

  4. Жазғандарын көркемдеуді талап етеді.

Сондықтан мұғалім қажетті әдебиет тізімін оқушыларға берумен қатар, олардағы басты мәселелерге назар аудару, оқыған мазмұнды өз сөздерімен конспектілеуге, түйінді жерін бөліп алуға, оларды ретімен жазбаша баяндауға баулыған жөн.

Оқушыларға мынадай тапсырмалар ұсынуға болады:

1) Жай сандар. 2) Симметриялы фигуралар. 3) Квадрат теңдеулерді шешу тәсілдері. 4) Табиғаттағы симметрия т.с.с.

2) Бір есепті бірнеше тәсілмен шығаруға мысал ретінде:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет