Математиканы оқытуда жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру



бет1/12
Дата06.01.2022
өлшемі254,58 Kb.
#12084
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті,

«А.Пушкин атындағы №3 ЖОМ» КММ



МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ





Математика пәнінің мұғалімі: Омарбекова Сара Есіркепқызы.

Орта білім беру  жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген  танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға  негізделген тәсіл кең тараған.   Қазіргі сындарлы оқытудың мақсаты –оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді қолдана білуді көздейді.

ҚР «Білім туралы» заңында айтылған «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектісін дамыту» деген сөздерін басшылыққа ала отырып, бүгінгі білім беру саласының алдында жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс жасай алатын, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілеттерімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Оқытуда жаңа идеялар мен  әдіс-тәсілдерді  енгізу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттырудың өзектілігі сонда.

Тақырыпты таңдаудағы мақсатым:

Оқушыларымның шығармашылық ойлау әдісін, дүниетанымын  қалыптастырып, бір  проблеманың  бірнеше шешімін іздеуді,  өз бетінше ізденуін, өз ойымен өзгелердің ойын  сыни қарап, естігенін, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп тұжырым  жасауға бағыттау, ойлау қабілетін  жетілдіру өз бетімен шығармашылық ойлауға, үйретуді көздеу.

Міндеттері:



  • оқытуды жаңаша ұйымдастыру;

  • оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • жүйелі ойлап, қорытынды жасауға, өз ойын дәлелмен жеткізуге  мүмкіндік  жасау.

Күтілетін нәтиже: оқытуда жаңа идеялар мен  әдіс-тәсілдерді  енгізу арқылы, оқушылардың ойлау қабілетін арттырады, жеке тұлғаның өздігінен ізденіп, ой-өрісінің жан-жақты дамуына жағдай туғызылады, білім сапасы артады. Қазіргі кездегі қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген екен. Қазіргі  таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Тәжірибеме өзгеріс енгізу арқылы менің де оқушымен қарым-қатынас жасауым жеңілдеді. Бұрын оқушыларым маған өз ойын ашық айтуға ұялатын болса, енді мен оларға серіктес ретінде сеніммен қарауды үйрендім.

Сабақтарымда топқа бөлудің әртүрлі әдістерін қолданамын, бұл әдіс оқушыларыма өте ұнайды.  Жақсы қарым — қатынастардың кілті өзара түсіністік пен  бірлескен  жұмыста жататындығын ұғынып, «Бәріміз үшін біріміз, біріміз үшін бәріміз» деген ұранды басшылыққа алады. Математика сабағында  келесі тәсілдерді қолданған кезде  оқушылардың белсенділігі артып, сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет етулері жақсара түскендігі анықталды.
Оқытуда жиі қолданатын әдіс-тәсілдер:


  • оқушылардың идеяларын зерттеу үшін кейбір «ашық» сұрақтар пайдаланамын.

  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында сабақтарымда кемі төрт логикалық есептер шығартамын.

  • оқушылардың ойлары мен сөздері арқылы білімін көрсету кезінде  «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, оқушыларды көтермелей отырып, жаңа идеялар ойлап табу үшін жаңа сөздік қорларын ұсынамын.

  • оқушылардың материалды өңдеуіне және өз көзқарастарын білдіруіне ықпал жасау арқылы, мысалы, «Сіз бұл туралы қалай білдіңіз?», «Неліктен?», «Сіздің тағы бірдеме айтқыңыз келе ме?» деген сұрақтарға жауап алу арқылы ойлаудың жоғарғы сатысына шығуға көмектесемін.

  • Оқушыларға көбіне визуалды әдіспен тапсырмалар беріледі, яғни оларға сурет, кесте, графика, қағазда жазылған формулалар, т.б ұсыну. Визуал ақпараттарды көру арқылы қабылдайды және елестетіп сипаттайды немесе сәйкестендіріп қорғайды

  • Тақырыпты зерделеу міндеті мен мақсатын оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылауды пайдаланамын.

Мен бүгін өзімнің 8 сыныпта өткізілген қысқа мерзімді сабақ жоспарымды ұсынамын. 8 сыныптың геометрия пәнінің «Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары» тақырыбында тиімді әдіс- тәсілдер қолдандым деп ойлаймын.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет